Дені сау жан -жа?ты дамы?ан жаны с?лу адам м?нді де салауатты ??мыр кешеді. Адам ?з денсаулы?ын са?тап, ішкі жан д?ниесін дамыту ?шін ?мір бойы белсенділік танытуы ?ажет. ?з ?міріне жауапкершілікпен ?арайтын адам жаман ?деттен аула? болады. Бізді? ба?ытымызды? оннан то?ызы денсаулы??а байланысты. Салауаттылы? ?р адамны? сол сия?ты б?кіл ?о?амны? ?те ??нды жетістігі. Ол ?здігінен ?алыптаспайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Денсаулы? мені? та?дауым »
Денсаулық менің таңдауым
Дені сау жан -жақты дамыған жаны сұлу адам мәнді де салауатты ғұмыр кешеді. Адам өз денсаулығын сақтап, ішкі жан дүниесін дамыту үшін өмір бойы белсенділік танытуы қажет. Өз өміріне жауапкершілікпен қарайтын адам жаман әдеттен аулақ болады. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулыққа байланысты. Салауаттылық әр адамның сол сияқты бүкіл қоғамның өте құнды жетістігі. Ол өздігінен қалыптаспайды. Әр адам өз өмір салтын өзі таңдап алуға құқылы. Денсаулық дегеніміз тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық. Жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуы мен бүкіл дене қызметтерінің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн. Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі, сондықтан есірткі, темекі, зиянды заттардан аулақ болғанымыз жөн. Егер адам ақылға салып, табиғаттың берген сыйын дұрыс пайдаланса, есірткіге жоламай одан аулақ жүріп гигиеналық тәртіпті бұзбай жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей ұзақ өмір сүрген болар еді. Әрбір азық-түлікті тұтынар алдында құрамы туралы жазылған ақпаратты назар салып оқу керек. Төменде берілген жазуларды оқып, мән беру керек. Қай ақпарат адамның денсаулығын сақтауға, нығайтуға көмектеседі. Чипсы, кока-кола, кирешки осылар секілді көптеген өнімдерде зиянды. Бұдан басқада зиянды заттар бар. Есірткі- бұл адамның көңіл-күйін, сана сезімін, мінез-құлқын бұзатын тыйым салынған химиялық зат. Ол адам есіне алып, қауіпті ауру мен нашақорсыз өмір сүре алмайтын халге жетеді. Бір рет қолданған адамның одан құтылуы оңайға соқпайды. Біреу қызық көріп, біреу алдауға түсіп, ал біреулер ықпалмен барады. Одан шығатын жол біреу ол – салаутты өмір салтын ұстану. Өз сеніміңе берік болу.
Қамшының сабындай қысқа ғана өмірде есірткіге жоламай, арақ ішпей, темекі тартпай салауатты өмір салтын ұстанып өтейік достар!
Уа достар, назар аудар денсаулыққа
Жаныңның саулық рухын аман сақта
Өмірде бақыттысың денің сауда
Өмірдің қарбалаңы жай бір қауға
Жан мен тәннің құпиясын аша білсең
Сол сенің шыққаның ғой биік тауға.
Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты.Адамға денсаулықтан не бар қымбат. Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ,-дегендей, өкінішке орай, қымбат байлығымызға кереғар әсерін тигізетін зиянды нәрселер де баршылық.
Жаңа ғасыр табалдырығынан аттанған болашақтың тағдыры – оның денсаулығында. Ұлы Абай атамыздың «Бес нәрсеге ғашық бол, бес нәрседен қашық бол» қағидасын берік ұстап, ертедегі ата-бабаларымыздың әскерлі сөз мәйектерімен жеткізе білген денсаулық жайлы ойларының қадірін түсіне білу керек.
Сау дене, азат ақыл, адам көңіл,
Үшеуімен бақытты болады өмір,- дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан.
Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі.
Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты. Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер!
Есірткі, нашақорлық – азаматты жұтатын аждаһа екенін бір сәт естен шығармайық!
Өміріміз - өз қолымызда. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал!