kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?дебиет к?шбасшысы» зияткерлік сайысы 9-11- сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:   О?ушыларды?   ?дебиет п?нінен  ?тілген материалдарды ме?геруін,  білім  де?гейін  тексеру.

Міндеттері:  1. О?ушыларды? білім-білік да?дыларын ?алыптастыру, ?дебиет п?ніне  ?ызы?у-шылы?ын арттыру

                      2. Ана тілін с?юге, ??рметтеуге т?рбие-леу, ізденімпазды??а баулу.

                      3. О?улы? пен ?осымша материалдар деректерін  пайдаланып, ?ылыми   танымды? ?рекеттерін жетілдіру.    

?йымдастыру  формасы:   зияткерлік сайыс

К?рнекілігі:   ?ажетті с?здер, санды? белгі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?дебиет к?шбасшысы» зияткерлік сайысы 9-11- сынып »

«Әдебиет көшбасшысы» зияткерлік сайысы

9-11- сынып



Мақсаты: Оқушылардың әдебиет пәнінен өтілген материалдарды меңгеруін, білім деңгейін тексеру.

Міндеттері: 1. Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру, әдебиет пәніне қызығу-шылығын арттыру

2. Ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбие-леу, ізденімпаздыққа баулу.

3. Оқулық пен қосымша материалдар деректерін пайдаланып, ғылыми танымдық әрекеттерін жетілдіру.

Ұйымдастыру формасы: зияткерлік сайыс

Көрнекілігі: қажетті сөздер, сандық белгі.

Сайыстың барысы:

- Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 9-11- сынып оқушыларымен өткізілгелі отырған «Әдебиет көшбасшысы» сайысына қош келдіңіздер!


- Әдебиет- сөз өнері. Сөз өнері –халық даналығының жемісі. Әдебиет –халқымыздың рухани өмірінің айнасы, ана тіліміздің өміршеңдігінің, ұлттығымыздың, халықтығымыздың белгісі.


- Олай болса, бүгінгі сайыс барысында осы әдебиет пәні бойынша оқушыларымыздың ой-өрісін,білімдерін,ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.


-Біреу озса сайыста,біреу артта қалады,

Ренжімей тараса,озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол-еңбектену,жалықпау,-

Ендеше ортамызға әдебиет пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызды шақырайық: ... (6 оқушы қатысады)


-Әділ қазы, ақ қазыға сәлем бер,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар, сайыстарда неше бір

Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар: ... (әділқазылармен таныстырады)



-Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан жеткізер,-деп сайысымыздың алғашқы шарты «Бәйге» кезеңін бастаймыз.

-«Бәйге» кезеңінде 10 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 4 жауап берілген. Дұрыс жауапты бірінші болып айтқан оқушыға 10 ұпайдан беріледі. Ең төмен ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.




І кезең «Бәйге»

  1. «Мен-қазақпын» атты поэманың авторы

1)Қабдеш Жұмаділов

2)Сұлтанмахмұт Торайғыров

3)Жұбан Молдағалиев

4)Жүсіпбек Аймауытов


2. Мұқағали Мақатаевтың өлеңі.

1) «Фантазия»

2) «Отырар»

3) «Сен ақылда болсаң екен»

4) «Қазағым менің»


3. Әдеби ертегіні тап.

1) «Қырық өтірік»

2) «Ер Төстік»

3) «Аяз би»

4) «Толағай»


4. Ахмет Байтұрсынұлының туған жылы.

1) 1893 жыл

2) 1873 жыл

3) 1846 жыл

4) 1889 жыл


5. Жамбыл Жабаевтың «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі кімге арналған?

1) Немересіне

2) Әйеліне

3) Баласына

4) Келініне


6. Мұхтар Әуезовтың туған жылы.

1) 1897 жыл

2) 1900 жыл

3) 1911 жыл

4) 1894 жыл


7. «Бандыны қуған Хамит» әңгімесінің авторы кім?

1) Мұхтар Әуезов

2) Мағжан Жұмабаев

3) Сәбит Мұқанов

4) Сәкен Сейфуллин


8. Абай Құнанбаевтың туған жері.

1) Қостанай облысы

2) Семей облысы

3) Қызылорда облысы

4) Ақтөбе облысы


9. «Күй аңызы» әңгіменің авторы кім?

1) Ілияс Жансүгіров

2) Ақан сері Қорамсаұлы

3) Тахауи Ахтанов

4) Шерхан Мұртаза


10. «Диуани хикмет» кітабының авторы

1) Ахмет Йассауи

2) Сайф Сараи

3) Махмұт Қашқари

4) Жүсіп Баласағұни


ІІ кезең «Дода»

-«Білекті-бірді жығар, білімді –мыңды жығар» деп дана халқымыз айтқандай, қай кезеңде де білімдінің өрісі кең екені даусыз.


-Сайысымыздың келесі «Дода» кезеңінде 4 тақырып 5 сұрақтан әзірленген.

Оқушы таңдаған тақырыбының 5 сұрағына жауап беруі керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан ұпай беріледі. Ең төмен ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады. Шарт бойынша ең ұпайы төмен оқушы тақырып таңдайды.

1. Халық ауыз әдебиеті.




2. ХІХ ғасыр әдебиеті.




3. ХХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет





4. ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиет





1. Халық ауыз әдебиеті.

1 . «Әке-шешесі: «Осы біздің баламызға не болды екен?» деп бір күні баласмынан сұрайды. Баласы көрген түсін айтып береді. Әке-шешесі мұны естіп, қатты қорқып, жан-жақтан түс жоритын сәуегей адам іздейді...» Қай шығармадан алынған үзінді?

(Сырттандар)


2.«Ұшарымды жел біледі, қонарымды сай біледі» Кімнің сөзі және әңгіменің аты

(қаңбақтың сөзі, «Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?»)

3. «Керқұла атты Кендебай» ертегінің түрі?

( Қиял-ғажайып ертегі)

4. Шындыққа жанасымды, көбіне тіпті өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалы шығармалар.

(Аңыздар)

5. «Күңке, Бапыхан, Желаяқ, Шойынқұлақ, Жалмауыз кемпір, перінің қызы Бекторы» деген кейіпкерлер қайдан алынған?

(«Ер Төстік»)


2. ХІХ ғасыр әдебиеті.

1. «Зар заман» Кімнің шығармасы?

(Шортанбай Қанайұлы)

2. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңінің авторы кім ?

(Сүйінбай Аронұлы)

3. Қайрат пен ақыл жол табар

Қашқанға да қуғанға.

Әділет, шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға!

Кімнің өлеңі?

(А. Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге»)

4. Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қазтуған» тәрізді торлғаулары неге арналған?

(Ескілікті дәріптеуге)

5. «Бұл дүниеде не жетім?» өлеңінің авторы кім?

(Қашаған Күржіманұлы)


3. ХХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет

1. «Шәкірт ойы » өлеңінің авторы кім ?

(С. Торайғыров)

2. «Жиған-терген» өлеңінің авторы?

(А. Байтұрсынұлы)

3. «Күркіреп, күңіреніп, ұласып аспан,

Сіркіреп, бұлт тұмшалап, жауар жаңбыр.

Дүркіреп жауқазындар, жарар гүлің,

Үлбіреп өнер шөптер, құлпырар қыр.

Жалтылдап жүнін тастар тай-тайлағы,

Бақылдап көлде қиқу-шағала, қаз.

Былқылдап малға толар қырдың қойны,

Сылқылдап әзілдесер, күлер сылқ-сылқ»

Кімнің өлеңі ?

(І.Жансүгіров«Жазға салым»)

4. Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі кім туралы жазылған

(Әміре Қашаубаев)

5. «Өтеген батыр» дастанының авторы кім ?

(Ж. Жабаев)


4. ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиет

1. «Ананың анасы» әңгімесінің авторы кім ?

(Ғ. Мүсірепов)

2. «Даңқың қайда төске өрлеген

Екі жүз мың әскерменен

Алты ай бойы кіп-кішкентай Отырарды ала алмау...

... Тек жеңіспен көзін ашқан

Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба ...» Кімнің өлеңі ? (М. Шаханов)

3. «Сен ақылды болсаң екен» өлеңінің авторы кім? (Жұмекен Нәжімеденов)

4. Сәбит Мұқановтың автобиографиялық романын ата. ( «Өмір мектебі»)

5. «Білем сені, сүйем сені

Сыр сұлуы қарт анам

Сенсің мені әлдилеген

Туған сенен- мен балаң. » Кімнің өлеңі?

(Ә. Тәжібаев)

ІІІ кезең: «Жорға»

-Асыл-тастан,өнер-жастан,

Шығады деп дарынды

Халық айтса, қалт айтпайды,

Әрқашанда нанымды,- дей отырып, келесі «Жорға » кезеңін бастаймыз.


«Жорға» кезеңінде 3 тақырып беріледі. Әр тақырыпта 20,30,40 ұпайлық 3 сұрақтан бар. Оқушы өзі қалаған сұрағына жауап береді. Сайыс соңында ең көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз болып саналады.

30

40

20

Әдебиет теориясы




Өлең- сөздің патшасы



20

30

40



30

20

40

Кейіпкерлер әлемі.






1. Әдебиет теориясы

1. 20 ұпай Белгілі бір өлшеммен, қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі қалай аталады? (Өлең)

2. 30 ұпай Суреттелетін затты немесе құбылысты шамадан тыс асырып айту арқылы тілдің бейнелігін, әсерлігін арттыратын көркемдік тәсілдің бірі

(Әсірелеу -гипербола)мысалы: «Көп түкірсе-көл»

3. 40 ұпай Әдеби шығарма сюжетіндегі өз мәні бар жеке оқиға немесе шығарманың бас-аяғы тиянақты бір бөлшегі

(Эпизод)

2. Өлең- сөздің патшасы

1. 20 ұпай.

Қараңғы түн, сар дала,

Көрінбейді айнала.

Боран соғып тұр борап,

Жолды басқан құр сорап.

Астымдағы жануар

Құлағын қайшыландырып,

Зорға борт-борт желеді,

Ызғарлы жел долданып,

Екі иінінен дем алып,

Ішін тартып осқырып,

Аңдай ұлып бір мезгіл,

Екі санын шапақтап,

Біресе сақ-сақ күледі...

Кімнің, қандай өлеңінен үзінді?

/ М.жұмабаев «Қысқы жолда»/

2. 30 ұпай

Өзге емес, өзім айтам өз жайымды,

Жүрегім, жалын атқан сөз дайында.

Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді

Тербетіп, тулатып бір қозғайын да...

Кімнің, қандай өлеңінен үзінді?

(Қасым Аманжолов «Өзім туралы»)

3. 40 ұпай

Бір үйде жиюлы екен қазына мал,

Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:

«Бұрынғы атамызға сыйға берген,

Біздерде мынадай бар, мынадай бар !...»

Кімнің, қандай өлеңінен үзінді?

( Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға»)

3. Кейіпкерлер әлемі.

1. 20 ұпай

«Бақтығұл өзі де кесек, балуан денелі, иықты, кеуделі келген де, інісі Тектіғұл бұдан бойға биік, бар сүйегі балғын болатын.»

Қай шығарма кейіпкерлері және авторы?

(«Қараш-Қараш оқиғасы»М.Әуезов )

2. 30 ұпай

«Сұлтанмен жолдастық қарым-қатынасым бұдан былай үзіледі. Ол екеуміздің сертіміз бүгіннен бастап күшін жояды. О дүниедегі қызыл ошақ жайына келетін болсақ,... мені дозақ оты да сескендіре алмайды».

Кімнің, қай шығармасындағы кейіпкердің сөзі?

(Б. Соқпақбаев «Менің атым-Қожа» Қожаның сөзі )

3. 40 ұпай.

«Биыл оның жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала-бозбаланың қалпына бейімделген. Бірақ әлі сол мүсінде, үлкендік жоқ.»

Кімнің, қандай шығармасындағы қандай кейіпкердің портреті?

(М. Әуезов «Ақын қонақтар» Абайдың портреті)


1- жүргізуші:

Міне, біз «мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан озық ойлы оқушымызды анықтайтын кезге де жеттік.Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына берсек. (Сайыс жеңімпазы мен сайысқа қатысушыларды марапаттау.)


2- жүргізуші:

- «Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік,

Білікке сенер заманда қапы қалып жүрмейік»,-деп даналарымыз айтқандай,

«Келешек-білімді ұрпақ қолында» екендігін Елбасымыз халқына Жолдауында атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашанда еңкеймек емес. Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне бер деген ізгі ниетпен біз сайысыиызды тәмамдаймыз. Біздің білімдегі жеткен биіктеріміз бен қуаныштарымызға ортақ болған барлығыңызға да тек қана сәттілік тілейміз!


№1 Қазанбасы орта мектебі








(9-11 сыныптар аралығындағы сайыс)




















Өткізген: Сыздықова Ғалия Амагелдіқызы


2012-2013 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«?дебиет к?шбасшысы» зияткерлік сайысы 9-11- сынып

Автор: Сыздыкова Галия Амангельдиевна

Дата: 11.02.2015

Номер свидетельства: 171293


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства