«Дарынды және талантты балаларды оқыту» тaқырыбы бойыншa коучинг жоcпaры |
Сабақ тақырыбы: | Дарынды және талантты балаларды оқыту |
Жалпы мақсат: | дарынды және талантты балалармен жұмыстың өзектілігін айқындау,дарынды балалардың қабілетін дамытуға мұғалімдерді жігерлендіру. |
Коучинг сабағымның міндеті: | Қабілетті және дарынды балаларды тәрбиелеуге көмек көрсету үшін жұмыс жасауды ұйымдастыру жолдарын қарастыру. Дарынды балалармен жұмыс істеуде әріптестерді заманауи әдістермен таныстыру. Дарынды балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың біліктілігін арттыру, дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесін жасай білуге ықпал ету. |
Түйінді идеялар: | Қабілеттілік әлеуетін іске асыруда оқушыларға құзырлы көмек көрсету үшін мұғалімдерге бай әрі көп аспектілі тәжірибе қажет |
Күтіліетін нәтиже: | 1.Талантты және дарынды баланы анықтау әдістерін үйренеді. 2.Талантты және дарынды баламен жұмыс жолдарын меңгереді. |
Caбaқтa қолдaнылaтынмaтериaлдaр: | Интерактивті тақта, стикерлер, маркерлер, түрлі-түсті жапырақшалар, ақ қағаздар (А3), плакат, оқулық , таратпа материалдар. |
Дереккөздері: | МАН ІІ деңгей, интернет ресурстар. |
Тапсырмалар: | Пікірталас, бақылау сұрақтары, моделін құру, мәселе көтеру, Рефлексия |
Caбaқ бойыншa коуч пен мұғaлімдердің іc-әрекеті: |
Кезеңдері: | Коуч әрекеті | Қатысушылардың іс-әрекеті |
Білу ТҮСІНУ ҚОЛДАНУ | Мұғалімдермен жылы сәлемдесіп, - «Маугли қандай бала?» бейнефильм көрсету /2.24с/ - Ең ұлы дарындарды да жалқаулық құртады. Монтень «Дарынды», «Талантты», «Қабілетті» «Шығармашыл» деген сөздерді тарата отырып топқа бөлінеді. -Бұл қасиеттер өз оқушыларынызда бар ма? Мысал келтір /2 мин/ Қатысушыларға сұрақ қояды: -Сіздің ойыңызша, бүгін біз қандай тақырыпқа әңгіме қозғаймыз? - Бүгінгі біздің кездесуіміздің тақырыбы «Дарынды және талантты балалармен жұмыс» Слайд 3-4 б | Коучтың сұрағына жауап береді Топпен шешімге келу сұрағына топтаса отырып жауап береді. Мақсатын айтуға итермелеу. -Дарынды және талантты балалармен жұмыстың өзектілігін айқындау |
1-тапсырма. /3мин/ Дарындылық туралы екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Сіздің ойыңыз... Балалардың барлығы да дарынды болады... Дарынды балалар сирек кездеседі... Слайд 6-7 түсіндіру | Топтық жұмыс Пікірталас 1-2 топ 1-пікірді қолдайды 3-4 топ 2-пікірді қолдайды Топтаса отырып қорғау, ортаға шғару |
«Дарынды балалар» бейнефильмі слайд бойынша өз ойларымен бөлісуге шақырады /3 мин/ | Қатысушылар өз ойларымен бөліседі |
ТАЛДАУ | Тапсырма № 2. Слайд 8-11 Қожа қандай бала? «Дарындылықты анықтайтын бақылау сұрақтары» /2мин/ Слайд 12- 20 | Топпен жұмыс: Берілген тізімнен Қожаға тән қасиеттерді белгілейді, атайды, нәтиже шығарады |
| Тапсырма № 3. Дарынды балаға педагогикалық қызмет көрсету моделі /10мин/ Слайд 21-25 СЕРГІТУ «Дарынды бала қалай дүниеге келеді?» | Постер қорғау /топпен/ Кері байланыс Көршіне көзқарасын қандай? |
БАҒАЛАУ | Тапсырма № 4. /5мин/ Үш түсті негізінде мектептегі дарынды балалармен жұмыс мәселесін көрсетуді сұрайды: 1.Орта жалпы білім беретін мектептердегі дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың формасын анықтаңыз(жасыл жапырақ) 2.Мектепте бұл бағытта не істелді, не істелу керек?(сары) 3.Мектепте дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар бағытында қандай шешілмей келе жатқан мәселелер бар?(қызыл) | Топтар сұрақты талдап, қағаздарға жазып, Гүлге әкеп жабыстырады Өз ойларымен бөліседі. |
Рефлексия | Үш түсті жемісті аялы алақанға әкеліп іледі./1 мин/ | Жасыл- түсіндім Сары – шамалы түсіндім Қызыл – ештеңе ұқпадым |