kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Буын т?рлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:
Білімділігі: О?ушылар?а фонетиканы? бір б?лшегі - буын ж?не оны? т?рлері туралы т?сінік беріп, ме?герту. Буынны? ?зіне т?н ерекшеліктерін, жасалу жолдарын бірнеше мысалдар ар?ылы д?лелдеу.
Дамытушылы?ы: Интербелсенді та?таны? м?мкіншілігін пайдалана отырып, математикалы? т?сілмен фонетикалы? талдау да?дысын одан ?рі жетілдіру, с?йлеу м?нерін, ойлау ?абілетін, белсенділігін ойын ар?ылы п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру.
Т?рбиелігі: ?нерді? ??діретін, ана тіліні? байлы?ын сезініп, ??рметтеуге т?рбиелеу. Ана?а деген с?йіспеншілік махаббатты арттыру.
Саба?ты? т?рі: Жа?а білімді ?алыптастыру.(Аналар ?леміне саяхат саба?)
Саба?ты? ?дісі: Т?сіндіру, талдау, д?лелдеу, м?нерлеп о?у, ойын т?рлері.
Саба?ты? к?рнекілігі: Интербелсенді та?та, видео - клип, та?та, Ана туралы ?анатты с?здер, дидактикалы? материалдар т. б.
П?наралы? байланыс:  ?дебиет. Саз ?нері. Бейнелеу ?нері.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«буын т?рлері »

Қазақ тілі 5 сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Буын және оның түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға фонетиканың бір бөлшегі - буын және оның түрлері туралы түсінік беріп, меңгерту. Буынның өзіне тән ерекшеліктерін, жасалу жолдарын бірнеше мысалдар арқылы дәлелдеу.
Дамытушылығы: Интербелсенді тақтаның мүмкіншілігін пайдалана отырып, математикалық тәсілмен фонетикалық талдау дағдысын одан әрі жетілдіру, сөйлеу мәнерін, ойлау қабілетін, белсенділігін ойын арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: Өнердің құдіретін, ана тілінің байлығын сезініп, құрметтеуге тәрбиелеу. Анаға деген сүйіспеншілік махаббатты арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру.(Аналар әлеміне саяхат сабақ)
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, дәлелдеу, мәнерлеп оқу, ойын түрлері...
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, видео - клип, тақта, Ана туралы қанатты сөздер, дидактикалық материалдар т. б.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет. Саз өнері. Бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушылармен амандасу, түгендеу, жинақтау.

Ә) Психологиялық дайындық

Б) Оқушыларды топқа бөлу (Ана туралы мақал мәтелдер арқылы оқушыларды екі топқа бөлу)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
"Ана - ардақты есім"тақырыбында эссе жазу.("Анашым"- клип тыңдау)

ІІІ. Жаңа сабақ
Түсіндіру әдісі бойынша жаңа сабақ материалдары түсіндіріледі.
Фонетика саласының бір түрі - буын. Сөз бірнеше фонетикалық бөліктерге бөлінеді. Мысалы:"А - на - ең ә - де - мі ә - уез - ді сөз"деген қанатты сөйлемде алты сөз бар. Бұл сөйлемдегі сөздер естілуі жағынан бірнеше шағын дыбыс тобына жіктеліп тұр. Әрбір фонетикалық бөлшек буын не бірнеше дыбыстан құралады.
Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.
Буынға тән белгілер:
1. Дауысты дыбыссыз буын болмайды.
2. Дауысты дыбыстың бір өзі буын құрай алады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
3. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
4. Буында мағына болмайды.
5. Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай - ақ буындар қатар келген екі дауыссыздан басталмайды.(Сқақ - Ысқақ, Сланов - Сыланов)
Буынның түрлері: Ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.
Ашық буын деп - жалғыз дауысты дыбыстан құралған буын. Мысалы: А - та, и - не, а - ға, е - ре, о - ра, а - па т. б. Дауыссыздан басталып, дауыстыға бітеді. Мысалы: ке - ме, да - на, ба - ға, же - бе, са - ры, кө - ше - де, ме - ре - ке т. б.
Тұйық буын деп - дауыстыдан басталып, дауыссызға бітеді. Мысалы: ел, от, ер, ит, ар, ес, ұлт, ау, өрт, өс, ін, оқ, ор, ақ, іс, аш т. б.
Бітеу буын деп - дауыссыздан басталып, дауыссызға бітеді. Мысалы: серт, тон, мек - теп, төрт, сый - лық, нау - рыз, бай - лық, Бек - сұл - тан, Сұл - тан - мах - мұт т. б

Топтық тапсырма

І топ: Буын дегеніміз не? (постер қорғау)

ІІ топ: Буынның түрлері (көрсетілім дайындау)

Топтық тапсырманы бағалау әдісі:

І топ: екінші топты стикерлер арқылы бағалау

ІІ топ: бірінші топты « екі жұлдыз бір ұсыныс» арқылы бағалау

Жеке тапсырма

Ана - дүниедегі бірден - бір құдірет. Әдемі сөздердің барлығы да аналарға арналған. Ендеше, Ана тақырыбында қандай қанатты сөздер мен жыр шумақтарын білеміз?
Анамыз - сөзіне математикалық тәсілмен қысқаша дыбыстық мінездеме беру.
Анамыз-сөзіне математикалық тәсілмен қысқаша дыбыстық мінездеме беру. 
А-на-мыз – жуын буынды сөз
Берілгені: Анамыз
Шешуі: Анамыз сөзінде алты дыбыс бар. Оның үшеуі – олар: екі а, ы дауысты дыбыстар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады. Үшеуі – олар: т, м, з дауыссыз дыбыстар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады. Ол былай өрнектеледі:

Оқулықпен жұмыс. Жаттығу жұмыстарын орындау.

"Жұлдызды сәт алаңы"Адасқан әріптерді орналастыра отырып, шыққан қанатты сөздердің мағынасын түсіндіру.
1. Бала ата - ананың алтын бағанасы.
2. Анамның тілі - аяулы үні.

Бүгінгі сабақтан түйгенім...
Төмендегі сөздерден буын түрлерін ажырату;
Алаша, ант, дос, оймақ, тенге, жебе, буда, өкіл, етене, жапқышжаба, жастықтай, ибалы, наурыз, үрт(тез, кілт)

Сабақты қорытындылау
Анасыздар - Ақ Еділ, Жайықсыздар,
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын жүректе от лаулатып
Әр үйдің күні десе, лайықсыздар.("Ана туралы жыр"хормен орындау)
Үйге тапсырма: 1. Ереже жаттау. 2. Аналарға тілек арнау, құрамынан ашық, тұйық, бітеу буын сөздерді талдау.
Оқушы білімін бағалау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
буын т?рлері

Автор: Утегалиева Мираш Спортовна

Дата: 14.05.2015

Номер свидетельства: 211194


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства