kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Б?гін мені? ту?ан к?нім!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашы? саба?  ?тілген модульді? та?ырыптар бойынша о?ушыларды? ал?ан білімдерін одан ?рі дамыту, грамматикалы? та?ырып бойынша ал?ан білімдерін пысы?тау, о?ушыларды? ойлау, с?йлеу да?дысын ?алыптастыру, ?з ойын шебер жеткізе білуге, ізденуге баулу ба?ыттарын к?здеді, Осы ма?сатта о?ылым, тілдесім, айтылым іс-?рекеттері ар?ылы таным ?абілеттерін дамыту, с?здік ?орын ке?ейту бойынша ж?мыстар ж?ргізілді. Ж?мыс келесі т?рбиелік ма?сатты к?здеді: хал?ымызды? салт-д?ст?рлерін д?ріптеуге, ?астерлеуге баулу. М?дени, сыпайы с?йлей білуге да?дыландыру. О?ушыларды сауапттылы??а, ??ыптылы??а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Б?гін мені? ту?ан к?нім!»

Сабақтың тақырыбы: «Бүгін менің туған күнім»

Грамматикалық тақырып: Сын есімнің салыстырмалы шырайы, «Ілгерінді ықпал, кейінді ықпал.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: өтілген модульдің тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту, грамматикалық тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын қалыптастыру, өз ойын шебер жеткізе білуге, ізденуге баулу. Оқылым, тілдесім, айтылым іс-әрекеттері арқылы таным қабілеттерін дамыту, сөздік қорын кеңейту.

Тәрбиелік: халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеуге, қастерлеуге баулу. Мәдени, сыпайы сөйлей білуге дағдыландыру. Оқушыларды сауапттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: дәстүрлі.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, слайд топтамасы, көрнекіліктер, практикалық.

Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, компьютер, слайдтар, постерлер, кеспелер, стикерлер, фломастерлер, түрлі-түсті қағаз, интерактивті тақта.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: мазмұндау, түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) оқушылармен сәлемдесу. – Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше сабақ. Өйткені бізге құрметті қонақтар келіп отыр. Өздеріңнің жақсы білімдерің мен тәртіптеріңді көрсетесіңдер деген сенімдемін.

Оқушылар топтарға бөлінеді. Бұл қызыл я көк жетон таңдау арқылы жүргізіледі. Сол бойынша оқушылар орындарға жайғасады.

Ә) «достық» шеңберін ұйымдастыру.

Топ ережесімен таныстырылады. Ереже:

1. Өз ойыңды дұрыс айта білу.

2. Тақырыптан ауытқымау.

3. Белсенді жұмыс істеу.

4. Топпен бірлесе жұмыс істеу.

5. Оппонентіңді дұрыс тыңдай білу.

6. Тәртіп ережелерін сақтау.

ІІ. Үй тапсырмасы сұралады.

Мұғалім сөзі:

- Балалар, бүгін қарашаның нешесі? Аптаның қай күні? Қай жыл?

Жақсы, 2015 жыл. Бір жылда неше ай бар? Ал, бір жылда неше күн бар? Дұрыс, бір жылда үш жүз алпыс бес күн бар. Енді осы күндер ішінде адам үшін ерекше ыстық, жыл сайын асыға күтетін күн бар екен. Ол қандай күн деп ойлайсыңдар? Әрине – бұл адамның өмірге келген күні – туған күн! Осыдан келіп, біздің сабағымыздың тақырыбы шығады. Сабақ тақырыбы - «Бүгін менің туған күнім».

1 слайд.

Слайдта туған күнге анықтама берілген:

Туған күн – кімге де болса аса қымбат, қуанышты күн. Бұл күн ағайын-туыстан, жақын жолдастан жылы сөз естіп, ақ тілек қабылдап, сый-сыяпат алу жүрегімізге жылу ұялатады.

1 тапсырма. Топ басшыларына – спикерлерге тапсырма беріледі. Олар топ мүшелеріне қағаз таратады. Оқушылар ақ қағазға өзінің туған күнін, атын жазулары қажет. Мысалы: Мерей. Туған күнім 30 тамызда.

Мұғалім сөзі: - Осы күні отбасыларыңда не істейсіңдер?

Оқушылар жауабы:

- Отбасымызбен тойлаймыз; сыйлық қабылдаймыз; көңіл көтереміз.

Мұғалім сөзі: - Үйге кімдер келеді?

Оқушылар жауабы:

- Туысқандар, достарымыз.

Мұғалім сөзі: - Адамның жасында қандай өзгеріс болады?

Оқушылар жауабы:

- Бір жылға өсеміз, есейеміз.

Мұғалім сөзі: - Келген қонақтар сендерге не тілейді?

Оқушылар жауабы:

- Достарымыз тілек тілейді, үлкендер тілек-бата тілейді.

2 тапсырма.

Мұғалім сөзі:

Жазбаша жұмыс жүргізу.

Бірінші топ оқушылары тілектер жазады, екінші топ оқушылары бата жазады.

Оқушылардың жауабы тыңдалады.

Мұғалім сөзі:

- Жақсы, балалар. Өте жақсы жауап бердіңдер.

- Енді тілек пен батаның айырмашылығын айтып көріңдерші.

Оқушылар жауабы тыңдалады.

- Тілекті достар, ата-ана, туысқандар айтады.

- Батаны жасы үлкен адам береді.

(дұрыс жауап айтқан топқа жетон беріліп отырылады).

3 тапсырма.

Мұғалім сөзі:

Келесі тапсырма – «Ойлан, тап» деп аталады. «Елнұрдың сыйлығы» мәтіні бойынша жұмыс істеу. Шарты: конверт ішіндегі сұрақтарға жауап беру.

№1 сұрақ. Елнұрдың қарындасының аты кім?

№2 сұрақ. Арайлымның туған күнінде асты кім әзірледі?

№3 сұрақ. Елнұр кіммен базарға барды?

№4 сұрақ. Елнұр әкесімен қандай сыйлық әкелді?

№5 сұрақ. Көрші апай қанай сыйлық сыйлады?

№6 сұрақ. Оған кім іштей қуанды?

Мұғалім сөзі:

- Сұрақ. Сендер кішкентай қарындастарыңа, інілеріңе туған күніне қандай сыйлық сыйлар едіңдер?

Балалардың жауабы тыңдалады.

- Доп, кітап және т.б.

- Жақсы, балалар. Ең қымбат сыйлық қандай сыйлық деп ойлайсыңдар?

Балалардың жауабы тыңдалады.

- Ең жақсы сыйлық – қолмен жасалған сыйлық.

2 слайд.

Слайдта «әдемі, жақсы, көк, биік» сөздері берілген. Тапсырма – осы сын есімдерден салыстырмалы шырай жасау.

№5 тапсырма. Тақтамен жұмыс. Берілген сөздерді қандай ықпал арқылы өзгеретінін көрсету. Сөздер:

Сыйлық, кітап.

№6 тапсырма. Мәтін бойынша жұмыс. 61-бет. Балалар мәтінді оқып, бір-біріне әңгімелейді. «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі қолданылады.

№7 тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу.

2. Түсініксіз сөздерді аудару.

3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

- Еркін қандай үйірмеге қатысатын?

- Еркін қалалық жарыстан қандай жүлде алды?

- Ол қандай күн еді?

- Оның отбасы нені атап өтпекші болды?

- Оған туған күніне кімдер келді?

- Қонақтар қандай тілектер айтты?

- Еркіннің досы қандай үйірмеге баратын болды?

- Еркіннің арманы не?

Сабақ пысықталады. Сұрақтар қойылады.

Мұғалім сөзі:

- Сонымен, балалар. Туған күн дегеніміз не? – Сенің туған күнің қашан? – Туған күніңді жыл сайын қалай қарсы аласың? – Туған күніңе үйге кімдер келеді?

Үй тапсырмасы беріледі:

1. «Туған күн» тақырыбына әңгіме жазып келу.

Оқушылар еңбегі бағаланады.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Б?гін мені? ту?ан к?нім!

Автор: Каимова Айнур Дауреновна

Дата: 19.02.2016

Номер свидетельства: 296053


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства