kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Б.Со?па?баев "Мені? атым- ?ожа"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б.Со?па?баевты? "Мені? атым- ?ожа" повестіне 6 класта 3 са?ат берілген. атал?ан саба? жоспары осы повесті ?айталау?а арнал?ан, я?ни, со??ы 3- са?аты.  О?ушылар повесті? мазм?нын пысы?тайды. Сын т?р?ысынан ойлау технологиясы бойынша ж?мысты жан- жа?ты талдайды. салыстырады, ?з ойларын айтады, к?ркем фильммен байланыстыра ??гімелейді. бір- бірлеріне с?ра?тар дайындап, солар?а жауаптар береді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Б.Со?па?баев "Мені? атым- ?ожа"»

№ Күні: 12.02.16. пәні: әдебиет класс: 6а


Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» хикаяты
2. Сабақ мақсаты:а) Білімділік: Жазушының «Менің атым - Қожа» повестіндегі өзіндік қолтаңбасы мен Қожа бейнесін берудегі шеберлігін анықтау; ә) Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, өзіндік ойын, сөз саптау ерекшеліктерін дамыту;
б) Тәрбиелік: Тазалыққа, адалдыққа, әділдікке, балалықтың бал дәуренін түсіне білуге, адами тұлғалық ерекшеліктерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: Баяндау, салыстыру, талқылау, ой қозғау, топтастыру стратегиясы, «Алты қалпақ» әдісі.
Сабақ көрнекілігі: Интербелсенді тақта (суретті топтама, арнайы дайындалған мәтіндер),
Пәнаралық байланыс: Тарих, тіл.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу;
ә) Оқу құралдарын реттеу;
б) Оқушы зейінін сабаққа аудару:

«Менің атым кім?»

«Ат қою дәстүрі» дегенді немесе өздеріңе берілген есімдер туралы не айтар едіңдер? (Бірнеше оқушы өзінің есімінің туу тарихымен таныстырады). (Бір оқушы «Ат қою дәстүрі» туралы мағлұмат береді). Өте жақсы, енді ат қою дәстүрінің бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар?
ІІ. Өткенді еске түсіру:

1.Повесть қалай басталады?
2. Қожа өз әкесіне деген сағынышын қалай білдіреді?
3. Майқанова мен Қожаның арасындағы кикілжің неден басталған еді?
4. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Анфиса Михайловнаның сабағында Жантас не үшін сөгіс алды және бұл жайтқа Қожаның көзқарасы қандай?
5. Қай оқиғадан кейін сынып жетекшісі Майқанова сабаққа екі күн келмей қалды?
6. Тәртіпсіздігінен кейін анасы Қожаға өз ренішін қалай білдірді?
ІII. Жаңа сабақ.

А) Мәтінмен жұмыс.

«Алты қалпақ» әдісі

Ақ қалпақ.  «Менің атым Қожа» повесінің авторы және повесть  жайлы нақты деректер келтіріңіздер.

Сары қалпақ.  «Менің атым Қожа»  повесіндегі  бас кейіпкер сіздерге ұнады ма? Қожаның бойынан  қандай  жақсы қасиеттерді байқадыңыз?

Жасыл қалпақ. Қожаны қазіргі балалармен салыстыруға бола ма?  Осындай балалар арамызда бар ма?

Қара қалпақ.  Қожаның  қандай  қылықтары  ұнамады?

Қызыл қалпақ. Әңгімені  оқи отырып қандай сезімде болдыңыздар?

Көк қалпақ. Болашақта кейіпкердің қандай жақсы  қасиетін бойымызға сіңіреміз?

Ә) Семантикалық картадан,

Кейіпкер сөзін тауып айт,

Белсене шығып партадан

Кейіпкелері


Оқиғалар

Қожа

Неге шақырдың Қожатай?

С.Майханова

Қара Көже, мынаның не екенін білесің бе?

Әжесі

Қадыров түбінде адам болатын бала!

Жантас


Жолама, мама деуші болма мені!

Анасы

Кешіріңіздер, енді қайталамаймын!

Б) Кейіпкерлермен жұмыс :

Енді, балалар, осы әңгімедегі ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлерді тауып алайық (ауызша).

В) Дәптермен жұмыс:

Ендеше, балалар, осы кейіпкерлерге мінездеме беріп өтелік...

(Қожа, Жантас, Сәбира).

Г) Ой тастау:

1.Қожаның өзгеруіне не болды? Анасын аяуы ма,  Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме ?

2. Сен Қожаның орнында болсаң, не істер едің?

Ғ) Пікірталас

Жақтаушы топ : «Жақсы бала жеткізеді мұратқа»

Даттаушы: «Тентек бүлдіреді, ата-ананы күйдіреді»

Д) «Менің атым- Қожа» фильмі туралы

Жанр: комедия,

Мемлекет : Қазақстан

Шыққан жылы : 1963
Режиссер: Абдолла Қарсақбаев, әңгіме авторы : Бердібек Соқпақбаев Сценарий: Б. Соқпақбаев, Н. Зелеранский

Сазгер : Нұрғиса Тілендиев
Кейіпкерлерді сомдаған

Қожа - Н. Сегізбаев

Сұлтан - М. Көкенов

Жанар - Г. Қурабаева

Жантас - Е. Құрмашев

Миллат (Қожаның шешесі) - Б. Римова

Рахманов - Қ. Қожабеков

Майқанова - Р. Мухамедьярова

Қожаның әжесі - З. Құрманбаева

Е) Венн диаграммасы

Кино мен шығарманы салыстыру.

Ж) «Бес жолды өлең» әдісі

1- қатар: Қожа

2- қатар: Жантас

ІҮ.Қорытынды:

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Бұл шығарма – нағыз балалықтың дәмі бар тәтті торт секілді. Кинофильмі ретінде болсын, көркем шығарма ретінде болсын дәл осы шығармадан алар ойлардың, түйер түйсікттің болғаны дұрыс. Өздеріңіздің азан шақырып қойған есімдеріңізге кінә артпаңыздар. Есім – сіздердің төлқұжаттарыңыз, бойтұмарларыңыз...

Ү.Үйге тапсырма:

«Бақытты балалық шақ» ойтолғау.

ҮІ.Бағалау.









«Бекітемін»: «Келісемін»:

Әлімбет орта мектеп- директордың ОІЖЖ

балабақшасының директоры: орынбасары:

________ Р.А.Мултыкбаева ________Ж.П.Исаева

12 ақпан 2016 жыл 12 ақпан 2016 жыл





Ашық сабақ тақырыбы:

Б.Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» повесті

(қазақ әдебиеті)





Пән мұғалімі: Өміртаева Т.Ө.





















Әлімбет орта мектеп- балабақшасы

2015- 2016 оқу жылы



«Алты қалпақ» әдісі


Ақ қалпақ.  «Менің атым Қожа» повесінің авторы және повесть  жайлы нақты деректер келтіріңіздер.


Сары қалпақ.  «Менің атым Қожа»  повесіндегі  бас кейіпкер сіздерге ұнады ма? Қожаның бойынан  қандай  жақсы қасиеттерді байқадыңыз?


Жасыл қалпақ. Қожаны қазіргі балалармен салыстыруға бола ма?  Осындай балалар арамызда бар ма?


Қара қалпақ.  Қожаның  қандай  қылықтары  ұнамады?


Қызыл қалпақ. Әңгімені  оқи отырып қандай сезімде болдыңыздар?


Көк қалпақ. Болашақта кейіпкердің қандай жақсы  қасиетін бойымызға сіңіреміз?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Б.Со?па?баев "Мені? атым- ?ожа"

Автор: ?міртаева Т?рсынкул ?міртай?ызы

Дата: 18.03.2016

Номер свидетельства: 307426


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства