kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Боралдайдың бәйтерегі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның оқушы жастарына, алдымызда жас ұрпақтың бойына отаншылдық, ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру. Оқушыларға рухани адамгершілік  тәрбие беру, аталар дәстүрін меңгерту. Оқушылардың бойына туған еліне,жеріне және халқына деген патриоттық сезімді қалыптастыру. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Боралдайдың бәйтерегі»


Шымкент қаласы, Хамид Әлімжан атындағы №85 жалпы орта мектеп

Пәні: Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті

Мұғалімі: Турсынбаева Жанат Аманкуловна

Сыныбы: 7 «Ә»

24.11.2016ж



Сабақтың тақырыбы: Боралдайдың бәйтерегі

Сабақтың мақсаты: Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның оқушы жастарына, алдымызда жас ұрпақтың бойына отаншылдық, ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру.Оқушыларға рухани адамгершілік тәрбие беру, аталар дәстүрін меңгерту.Оқушылардың бойына туған еліне ,жеріне және халқына деген патриоттық сезімді қалыптастыру. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, буклет, жазушы суреттері, ақын өлеңдерінен үзінді, кітап көрмесі ,ақын шығармашылығына байланысты слайдтар, қазақтың ұлттық аспабы қобыз бен домбыра.

Сабақтың барысы.

1. «Ұстазым» әні хор .Баянда сүйемелдеуші: Қасымова Құралай

3. 1-бөлім. Өмірбаяны

1-оқушы: Дияр

Иманәлі Бегалыұлы 1943жылы 15 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Боралдай ауыл округі, Қаратас ауылында дүниеге келген. Боралдай өзенінің бойында,асып-тасқан байлығы болмаса да өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген.

2-оқушы:Айгерім (арнау)

Көп жасаған қария

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі-соқпақ,сөзі нәр

Ата-салты ардақты,

Әрбір сөзісалмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.


Топпен жұмыс



1-топ:Қаратас тобы.

2-топ: Ағабек тоба.

3-топ: Тұраш тобы.

4-топ: Есен тобы.

5-топ: Өнерпаздар тобы.



ІІ-бөлім: Туған жер,туған ауыл, қымбат маған

Мұғалім сөзі

Осы аталған төрт топ, автордың шығармаларынан алған білімдерін «Жазушы»,»Байланыстырушы»,»Баяндаушы»,»Мінездеме беруші» болып әр топта,жеке жұмыс жүргізіледі.

Туған жер,туған ауыл қымбат маған,

Ешкімге бұл сезімді былғатпағам.

Мен оның өзім ғана сезінетін

Қастерлі қасиетін жырлап бағам.

Ол жерге деген менде сезім бөлек,

Жатпасын келгеніме өзімді елек!

Ал оның қасиетін сезу үшін

Тек менің жүрегім мен көзім керек!

ІІІ-бөлім: Балалық шаққа саяхат

Көрініс: »Дүниеге Бегалының келуі»

3-оқушы: Қуаныш

Иә,кәрілік дегенің ,бажайлап көрсең,қуанышы аз кезең сыңайлы.Дегенмен өлі арыстаннан тірі тышқан артық дегендей,бір-бірімізге ұзақ ғұмыр тілеп,»Жүз жаса»,»Жағың түскенше ,жаманшылық көрме,»»Шөбереңнің қолынан су іш» деп жатамыз.Ата-анаға не істесең , алдыңа сол келеді.Дүние кезек.Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың.Сен ата-анаңды сыйласаң,сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп,бағып-қағатын болады.





4-оқушы: Досмахан

Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған.Бірақ кәріліктің өзінің сәні-мәні бар.Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді,ешкім мың жасамайды,тек өсіп-өнген ұрпағымен мың жасайды.Ия, ұрпағының өсіп,жетіліп,айналасына үйіріп отырған көреген ұстаз қарияда не арман бар?.Қазақтың басқа халықтардан айырмашылығы –«Ұрпағым» деп шыр-пыр болатыны.Ол үшін көзсіз көбелектей отқа түсетіні.Бұл-біздің ең ұлы ұлттық қасиеттеріміздің бірі.Ал ұрпақтың ата-ана алдындағы борышын өтеу үшін жасап жатқан ынта-жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып,зейнеткерлерге жағдай жасау.Президентіміздің жыл сайынғы халыққа жолдауында арнайы қаралып,оларға қамқорлық ел эканомикасының өсімімен өсіп келеді.

Көрініс: Бағбаншы Ағабек

5-оқушы: Диана

Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «Қонағы»болса,ол-үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламаған,егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап,қамқорлық жасаса,қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.Қарт кісіні құт береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі.Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

ІV-бөлім.Сұрақ-жауап әдісі арқылы авторға сұрақ қояды.

«Қаратастың күні де ыстық,түні де ыстық» с

1-оқушы: Диярбек. туылған ауылыңыздың «Қаратас»болып аталуының себебі неде?

2-оқушы:Аяжан. Бәйдібек би мен Домалақ ана кесенесі сіздің ауылыңызда екен гой?,ол кісілер туралы өз ойыңыз?

3-оқушы: Надира »Мұрынтас» деген қазіргі демалыс орны туралы айтып бересіз бе?

4-оқушы: Гүлдана. Үш ағаш болмаса, Қазбамбет жотасы туралы қандай деректер білесіз және осы төбеден Боралдай өзеніне дейінгі жер асты жолдың тарихын білесіз бе аталуына не себеп?

5-оқушы: Абылайхан. Сіздің білім алған және еңбек еткен «Қаратас»атындағы мектептің қазіргі таңда Нағашыбек Арапов атындағы жалпы орта мектеп болып өзгеруіне не себеп болды?

6-оқушы: Шұғыла. «Теректі» әулие мен Садырқамал туралы айтып бересіз бе?

V-бөлім: »Есте қалар естелік» төрт топтағы,жазушылар эссе жазады.

VІ-бөлім: »Өнерің өрге-бассын» Өнерпаздар тобы өз өнерін көрсетеді.

6-оқушы: Нұрдаулет.Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Зымырап сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз.Неткен шіркін уақыт десеңші,осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі,халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады.Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарияларға үлкен мән беріп,қамқорлық жасалуда.

VІІ-бөлім.Қорытындылау «Алғабасым» әні. Жазушы Б.Абдуәліұлына сөз беріледі.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Боралдайдың бәйтерегі

Автор: Турсынбаева Жанат Аманкуловна

Дата: 30.11.2016

Номер свидетельства: 364209


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства