kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім. Жуан ж?не жі?ішке айтылатын с?здер. 1 сынып.?ыс?а мерзімді жоспар

Нажмите, чтобы узнать подробности

- Балалар, б?гін біз ?тебай Т?рманжановты? «Білім» атты ?ле?імен танысамыз.

Т?рманжанов ?тебай (15 желто?сан 1905, О?т?стік ?аза?стан облысы Б?ген ауданы Жал?ыза?аш ауылында д?ниеге келген. 1978 жылы ?айтыс бол?ан.) – жазушы. Балалар?а арнал?ан ?рт?рлі та?ырыпта ??гімелері мен ?ле?дері бар. Соны? бірі «Білім» атты ?ле?і.

а) ?ле?ді м?нерлеп о?ып беру.

?) Мазм?нын т?сіндіру.

Адам ?мір бойы ?зіне ??пия, сыры бейм?лім  н?рселерді білуге ??штар болады. Білімді  мектептен немесе о?у орындарынан алу?а болады. 1?ырк?йек – Білім к?ні. Б?л к?ні барлы?ымыз Білім к?нін мерекелейміз. Ал?аш?ы ?о?ырау со?ылып, жа?а ?мірге ?адам басамыз. Сонымен ?атар кітап, газет, журнал, о?у а?парат ??ралдарын ты?дап ?з білімін тере?детеді.

О?ушылар жуан ж?не жі?ішке айтылатын с?здермен  танысады, ?ле?ді т?сініп о?у?а, дыбыстарды ажырата білуге ?йренеді;
 С?здерге дыбысты? талдау жасау?а жатты?ады. О?ушыларды? тіл байлы?ын, ой – ?рісін, сын т?р?ысынан ойлау ?абілетін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім. Жуан ж?не жі?ішке айтылатын с?здер. 1 сынып.?ыс?а мерзімді жоспар»

Сабақтың тақырыбы: : Білім. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер.

Мектеп: №17

Күні:

Мұғалімнің есімі: Муканова М.Е.

Сынып: 1 «А»

Қатысқандар:

Қатыспағандар :

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушылар жуан және жіңішке айтылатын сөздермен танысады, өлеңді түсініп оқуға, дыбыстарды ажырата білуге үйренеді;
Сөздерге дыбыстық талдау жасауға жаттығады. Оқушылардың тіл байлығын, ой – өрісін, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Өлеңді мәнерлеп,түсініп оқиды.Жуан және жіңішке айтылатын сөздерді ажыратады

Оқушылардың басым бөлігі

Сөздерге буындық,дыбыстық талдау жасайды.

Кейбір оқушылар

  • А) Суретке және сызбаға сүйеніп сөйлем құрап жазады.

  • -В)Өлеңді оқу арқылы талдау-жинақтау жұмысын жасайды

Тілдік мақсаттары

  • Оқушылар: Диалогтік қарым-қатынасқа түсе алады. Сұрақтарға жауап беріп, өз ойын ашық айтады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:Берілген сөздердің мағынасын ашу.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Шығармашылық тапсырмалар орындау


Алдыңғы оқу


«Жылыжайда» мәтінін түсініп,мәнерлеп оқу

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Бастал

уы

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Психологиялық дайындық.

Қайырлы таң деп айтамыз,

Күнде бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

Жақсы балалар, осындай жақсы сөздермен сабағымызды бастайық.

Балалар қазір қандай сабақ? (Ана тілі)

Қазір қай мезгіл? (қыс мезгілі)

Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан)

Ауа райы қалай? (күн аязды, суық)

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге қандай тапсырма берілді? (Жылыжайда)

Мәтінді оқыту.

Көрініс көрсету.

Мазмұнын әңгімелеу.

а) Жылыжай деген не? Қалай түсінесің?

ә) Тірі табиғатты ата.

б) Оларға қажетті жағдайларды ата.

в) Жылыжайда нелерді өсіруге болады?

Дауысты және дауыссыз дыбыстардың түрлері, сызбалар, суреттер.


Электронды

оқулық

Орта

сы

III. Мақсат қою кезеңі. «Ой шақыру»

Балалар қазір тақтаға орны ауыстырылып берілген сөздер ілемін. Ал сендер олардың ретін тауып орналастырыңдар. Сонда өте мағыналы бір сөйлемді оқи аласындар.

болашағы

қолында

білімдінің

ұлт



Кәне дайынбыз ба?

«Ұлт – болашағы білімдінің қолында »

- Біздің ұлтымыз -

- Тіліміз -

- Ел басымыз кім?

- Қайда тұрамыз?

Жеріміз өте кең. Жер көлемі жөнінде дүние жүзі бойынша 9 орында тұрмыз. Бұл жерге бірнеше мемлекет сиып кетеді екен. (картамен жұмыс)

Презентация арқылы Қазақстанның табиғатын тамашалау. Ендеше осындай кең байтақ еліміздің ертеңі сендердің яғни білімді ұрпақтың қолында.

Ендеше мына көріністі тамашалайық. (көрініс «Байлық, бақыт, ақыл»)

Ақылды адам терең ойлап, дұрыс шешім қабылдай біледі. Ақылды болу үшін оқу, іздену, үйрену қажет.Яғни адамға білім қажет екен.

IV.Жаңа сабақты меңгерту.

- Балалар, бүгін біз Өтебай Тұрманжановтың «Білім» атты өлеңімен танысамыз.

Тұрманжанов Өтебай (15 желтоқсан 1905, Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылында дүниеге келген. 1978 жылы қайтыс болған.) – жазушы. Балаларға арналған әртүрлі тақырыпта әңгімелері мен өлеңдері бар. Соның бірі «Білім» атты өлеңі.

а) Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

ә) Мазмұнын түсіндіру.

Адам өмір бойы өзіне құпия, сыры беймәлім нәрселерді білуге құштар болады. Білімді мектептен немесе оқу орындарынан алуға болады. 1қыркүйек – Білім күні. Бұл күні барлығымыз Білім күнін мерекелейміз. Алғашқы қоңырау соғылып, жаңа өмірге қадам басамыз. Сонымен қатар кітап, газет, журнал, оқу ақпарат құралдарын тыңдап өз білімін тереңдетеді.

Балаларға өлеңді оқыту .

Білім, байлық сөзіне дыбыстық талдау жасау.

a) Дыбыстар нешеге бөлінеді?

ә) Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

б) Жуан дауысты дыбыстарды ата.

в) Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.

Мысалы: ұры, жалқау, өрт, оқу, ине, құдық. Жуан ба, жіңішке ме?

V.Сергіту сәті.

Бір, екі, үш,

Біз жинаймыз күш.

Қолға қалам аламыз

Әдемі етіп жазамыз.

VI.Дәптермен жұмыс.

43-жаттығу. Мақалды көшіріп жазу.

Жуан айтылатын сөздерді тап. Айтылу себебін түсіндір.

VII. Миға шабуыл.

Балалар сендерге таңдау береміз. Байлық қажет пе, білім қажет пе? Әрқайсысың өз ойларыңды айтыңдар.


Білім Байлық

сені бағады сен бағасың

досыңды көбейтеді жауыңды көбейтеді

таусылмайды жұмсасаң азаяды

көпке жетеді жоғалады, өледі

ел құрметтейді мақтаншақ болады

есеп жүргізбейсің күнде есептейсің

X. Ойын. «Кімнің жұлдызы биік».

Білім туралы мақал-мәтелдер айту.

Тақпақтар айту.

Қазақстан картасы, туған жерге арналған суреттер, кеспе қағаздар,

Аяқта

луы

XI. Қорытындылау.

Біз нені ұқтық? Білімді болу қажеттігін ұқтық.

Білімді болу үшін не қажет?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев : «Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімізбен ғана бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл», - деп атап өтті. Бұл тұста Ел Президентінің әрбір айтқан сөздері білім ордамыздың әрбір ұстазына, оқушыға артар жүгі ауыр, жауапкершілігі мен сенімі зор болмақ. Ендеше балалар еліміздің ертеңі, болашағы сендердің қолдарыңда. Сендердің білімді де, білікті азамат болып өсетіндеріңе сенеміз.

XI. Үйге тапсырма.

1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

2. 44-жаттығуды орындау.


Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Оқу,білім туралы мақалдар жаттау әже

1) өзін-өзі бағалау

2) бағдаршам арқылы

3) топтық бағалау

Дүниетану,математика

РЕФЛЕКСИЯ

Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз





Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуда да, оқуда да)

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алар еді? (оқытуда да, оқуда да)

1.

2.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Білім. Жуан ж?не жі?ішке айтылатын с?здер. 1 сынып.?ыс?а мерзімді жоспар

Автор: Муканова Майра Ерпарашевна

Дата: 25.03.2016

Номер свидетельства: 310061


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства