kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім беру ?дерісіндегі ?згерістер- о?ушы ізденісіні? кепілі

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Білім беру ?дерісіндегі ?згерістер- о?ушы ізденісіні? кепілі

     ?азіргі білім беру саласында заман а?ымына орай жа?аша білім беруді? ?р т?рлі жолдары іздестірілуде. "Педагогикалы? ??рамны? сапасын к?теру, мектеп м??алімдеріні? біліктілігін арттыру талаптарын к?шейту ?ажет" деген елбасы жолдауына орай мемлекетімізде ?ол?а алын?ан  ?Р  педагог ?ызметкерлеріні? ?шінші де?гей ба?дарламасы бойынша біліктілік арттыру курсын ая?тап,  білім беру саласында бір?атар о? ?згерістерді енгізуге болатынын бай?а?ан  едім.  Б?л о?ыту ж?йесі бойынша жеке т?л?а б?рын білімді ?абылдаушы, жина?таушы болса, ал жа?а талап бойынша ?здігінен білім алушы, ?йрене білуші ретінде танылады.

 «Б?секеге ?абілетті дамы?ан мемлекет болу ?шін біз сауаттылы?ы жо?ары елге айналуымыз керек» деп биыл?ы жолдауында елбасымыз атап к?рсеткен болатын. Б?гінгі та?да білім беру мен т?рбиелеуге байланысты ?ойылатын талаптар да арта т?суде.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім беру ?дерісіндегі ?згерістер- о?ушы ізденісіні? кепілі »

Білім беру үдерісіндегі өзгерістер- оқушы ізденісінің кепілі

Қазіргі білім беру саласында заман ағымына орай жаңаша білім берудің әр түрлі жолдары іздестірілуде. "Педагогикалық құрамның сапасын көтеру, мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру талаптарын күшейту қажет" деген елбасы жолдауына орай мемлекетімізде қолға алынған ҚР педагог қызметкерлерінің үшінші деңгей бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курсын аяқтап, білім беру саласында бірқатар оң өзгерістерді енгізуге болатынын байқаған едім. Бұл оқыту жүйесі бойынша жеке тұлға бұрын білімді қабылдаушы, жинақтаушы болса, ал жаңа талап бойынша өздігінен білім алушы, үйрене білуші ретінде танылады.

«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деп биылғы жолдауында елбасымыз атап көрсеткен болатын. Бүгінгі таңда білім беру мен тәрбиелеуге байланысты қойылатын талаптар да арта түсуде.

Қазіргі кезде жоғары білім беру жүйесін реформалаудың басты мақсаты- білімді игеру кезінде күтілетін нәтижелерге қол жеткізу. Мұнда басты назар оқытушыдан жеке тұлғаға ауысыды. Жеке адамның дамуы белгілі қоғамдық қолдау мен әлеуметтік қажетсінуді керек етеді. Бұл бағытта американ ғалымы А. Маслоудың идеяларына жүгінеміз. Яғни оқушы өз ақылына, сезіміне сүйене отырып, шешім қабылдауға үйрену керек. Сондықтан ұстаздар қауымы білім берудің жаңа талаптарымен келісе отырып, өзгеруге талпыныс жасауы тиіс. Біз неліктен өзгеруге тиіспіз?

  • Әлемдегі барлық адамдардың ішінен-мұғалімдер ғана үздіксіз оқудың бағасын түсінгендіктен сіз өзгересіз.

  • Басқа балаға істеген істеріңіз арқылы өз балаңызға мұра қылып қалдыруға мүдделі болғандықтан, сіз өзгересіз.

  • Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін тек сіз түсінетіндіктен өзгересіз.

Сіз балаларды сүйесіз және олардың сізді қажет ететіндігін білесіз.

Сондықтан да сіз де, олар да өзгеруі қажет!!!

Әдебиет пәнінің басты мақсаты - оқушыларды сөйлету, ой-қиялын жетілдіру, өзіндік ой-пікір қалыптастыру болса, әр сабағымда оқушыларды сыни ойлауға дағдыландыруға тырыстым. Осы модульді пайдалану барысында оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып топпен жұмыс істеу кезінде бірін - бірі тыңдай отырып, өзіндік дербес ой пікірлерінің қалыптасатындығын аңғардым. Себебі белгілі ғалым Дайана Халперн "Сыни ойлау-ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану. Сыни ойлау-белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап, оларды қайта ой елегінен өткізумен және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс" екенін атап көрсеткен. Бұрын оқулық көлемінен шықпай, оқушының ойлануына шектеу қойып келсек, сыни ойлаудың нәтижесінде тың пікірлер мен идеяларға жол салдық. Сыни ойлау дегеннің өзі ойлау туралы ойлану. "Сұрақтардың толассыздығы аса маңызды болып табылады. Әуесқойлықтың қолданылуының себебі бар. Өмірдің , мәңгіліктің құпияларын немесе таңғажайып шындықтың құрылымын пайымдаған кезде шаттанбауға болмайды. Тек әр күн сайын, ең болмаса, осы құпиялардың сәл ғана бөлігін түсінуге әрекет жасау жеткілікті. Ешқашан әуесқойлықтың ұлы сезімін жоғалтпаңдар" деп Альберт Эйнштейн атап көрсеткендей сабақтың өн бойында баланың сыни тұрғыдан ойлауына жағдай жасап, өмірмен байланысты құнды сұрақтармен ой тастап отыруға баса мән беру керек. Сабақ барысында оқушыларға сұрақ қою, негіздеу, болжам жасау мен үлгілеу дағдыларын жаттықтыру қажет. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту мақсатында/қай тапсырма болса да/ мынадай үш негізгі сұрақ төңірегінде жұмыстануды жөн деп таптым. "Қалай? Қашан? Қандай?" Сонымен қоса ойластырылған тапсырмаларды оқушыларға қалай берем, қашан берем, қандай тапсырма берем деген сұрақтың төңірегінде жұмыстану айтарлықтай нәтиже береді деп айта аламын. Беретін сабағыңыздың соңында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізем деп талпынсаңыз оқушымен бірге сіз де бір шыңды бірге бағындырасыз. Ол үшін талмай ізденіс пен шынайы құлшыныс қажет. Бала жүрегіне жол таба білу үшін сіз де оқушы бейнесіне еніп, оның жан қалауын ұғынуға тиіссіз. Мұғалім мен оқушының бір-бірін түсініп, қолдап, бағалап отыруы - жетістікке жетудің сара жолы.

Ахмет Байтұрсынұлы: «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау.Айта білетін адам табылса, тіл пайдалануға әрқашан жарайды. Тек айта білетін адам табылуы қиын», – деген екен. Сыни ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген әр жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп, қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады.Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.

Оқушы жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтастыру”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Галереяда ой шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған.  Басты мақсат – оқушының белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өзі білетінін еске түсіреді, саралайды, жұбымен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни өз ойын айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте алғашқы саты қалана бастайды. Оқушы жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны бұрынғы бар білетін білімімен ұштастырады. Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны ашу (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Оқушылар білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыланады. Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, пікір таластыру , өз үйрену жолын қалыптастыру мақсатында басқалардың әр түрлі пікірлерін, болжамдарын саралап үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой таластыру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.

Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Еркін жазу”, “Семантикалық кесте”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.

Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын оятуы керек. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің басты мақсаты- балаларға терең білім беру. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.

Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды,, сын көзбен қарайды,пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін – өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылықты дамытады, қызығушылықты артырады, кез – келген сабақты меңгертеді, оқушы өзін – өзі тәрбиелейді.

Сыни ойлауды дамыту мақсатында жұмыстана отырып, белгілі бір нәтижнге қол жеткізуге болатындығын аңғардым. Блум таксаномиясы бойынша қүрылған бір сабақты талдағанды жөн көрдім. Жалпы оқушы шығармашылығын дамыту - менің басты мақсатым. Әрине бұл ретте тіл - басты қару.

Блум танымдық салада алты деңгейді бөлді, атап айтқанда ол ең төменгі деңгей ретінде фактілерді қарапайым қабылдау мен танудан бастап анағұрлым күрделі деңгейлерге қарай жылжи отырып, ең күрделісі бағалау деп жіктеді.

Сабақтың тақырыбы: "Өгіз бен бақа"

Сыныбы: 5-сынып

Мақсаты: Ахметтің халқы үшін жасаған еңбектерінің мәнінің жоғары екендігін ұғындыру;

Мысалдағы айтпақ ойды анықтауға жетелеу;

Көрсеқызарлықтан, көре алмаушылықтан аулақ болуға тәрбиелеу;

Адам атына лайықты азамат болуға баулу;

Күтілетін нәтиже: 1.Мысалдың мәнін жете ұғынады;

2. Ізденеді. Әр түрлі жайттардан сабақ алуға талпынады. .

3. Пікірлерін ұтымды жеткізе біледі.

Түйінді идеялар: "Әлін білмес әлек"

Сабақтың формасы: топтық жұмыс, жұптық, жеке жұмыс

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау

Ұйымдастыру кезеңі: І. Оқушылармен амандасу

Аманбысың, айналайын шырақтарым,

Көздің қарашығындай құрақтарым.

Тағы да өздерің сүйетін әдебиет қой,

Бармысыңдар жүзден жүйрік, пырақтарым

Бірің айтып, бірің қалып қоймаңыздар

Әдебиеттің қызығына тоймаңыздар

Ахметтей сыршыл, ойшыл ақынның

Поэзиясына тереңірек бойлаңыздар.

ІІ.Психологиялық дайындық. Оқушылардың бойында өз-өзіне деген сенімділікті қалыптастыру мақсатында психологиялық дайындық жасап, балалардың сабаққа деген құлшыныстарын арттыру. Ол үшін оқушылардың барлығы "Шаттық шеңберіне" тұрып, көздерін жұмып, қолдарын кеуделеріне қойып мына сөйлемдерді іштерінен қайталауы тиіс. "Мен бүгінгі сабақта өз-өзімді көрсете аламын", "Мен өзіме сенімдімін", "Мен шын ынталансам көздеген мақсатыма жете аламын". Іштерінен қайталап болғаннан кейін қолдарын төмен түсіріп, терең дем алуы керек.

ІІІ. Оқушыларды топқа бөле отырып сабақтың тақырыбын айқындау. Ол үшін өгіз, бақа, А. Байтұрсынұлының суреттері таңдап алынады. Оқушы өзі қалаған суретті ала отырып топқа бөлінеді. Өгіздің суретін алған оқушылар мүйіздің сұлбасын көрсетсе, бақаның суреті түскен оқушылар аузын қимылдатады. Ал А. Байтұрсынұлының суретін алған оқушылар "Әдебиет - асыл сөз" деген сөйлемді айта жүріп бір-бірін іздеп табады. Осылайша сыныптан үш топ жасақталып шығады. Осыдан соң оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтауға түрткі болатындай сұрақтар бересіз.

- Демек бүгінгі сабағымыздың авторы - ....../оқушы жауабы/

- А. Байтұрсынұлының мысалының аты- ...../оқушы жауабы/

Сабақ Блум жүйесі бойынша құрылды.

Білу деңгейінде алдын ала оқушыларға үй жұмысы ретінде

А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет жинстыруға тапсырма бересіз. Қалай орындайтындығы оқушының еркіне беріледі, дегенмен таныстырылым түрінде дайындап келуге де болатындығын баса айтып өтесіз. Таныстырылымда мына жайттар ескерілуі тиіс:


























Осы арқылы оқушы Ахметтің сан қырлы талант иесі екендігін түсініп, аударма саласында көп еңбек сіңіргендігін байқауы тиіс. Айтылмай қалған тың мәліметтерді қалған оқушылар толықтырып, жан-жақты мәлімет алмасады. Аудармалары адамгершілікке, ынтымақ-бірлікке, жаман әдеттерден арылуға шақыратындығын оқушылар түйсінуі тиіс. Бір-біріне қошемет көрсету арқылы бағаланады.

Түсіну деңгейінде электронды оқулықтан А. Байтұрсынұлының "Өгіз бен бақа" мысалы көрсетілімімен қоса тыңдатылады. Тыңдап болған соң топ мүшелерімен бірлесе отырып талқылауға 3 минут уақыт беріледі. Оқулықтағы 127-беттегі мысал туралы түсінікті оқуға қоса ұсынасыз. Жетекші сұрақтар арқылы нені түсінгендігін білуге болады.

- Мысал дегеніміз не?

- Аллегория дегеніміз не?

- "Өгіз бен бақа" мысалынан қандай адамның бейнесін көруге болады?

- Бақа бойынан қандай жағымсыз мінездерді байқадың?

Топ басшысы топ мүшелерінің жұмыстануына қарай критериалды бағалауды жүзеге асырып отырады. Бағалау парақшалары таратылып беріледі.

Қолдану деңгейінде мысал жанрына жататындығын дәлелдетесіз: /топ ішінде жұппен жұмыстану/

Мысал жанрына тән белгілер

"Өгіз бен бақа"

Белгілі бір кейіпкерлер арасындағы оқиғаға құрылады.


Мысалда аң, хайуанат, құс, өсімдік туралы сөз болады.


Мысал өлеңмен де, қара сөзбен де беріледі.


Мысалда өсиет сөз, үгіт – насихат айтылады.



Талдау деңгейінде шығарманың композициялық құрылымын сәйкестендіреді. Топ басшылары критериалды бағалап отырады. Дискрипторы: Барлығы дұрыс болса - 5 ұпай, 1 қате болса - 4 ұпай, 2 қате болса - 0 ұпай беріледі.

Оқиғаның басталуы: Бақаның өгіз сияқты болуға тырысуы

Байланысуы: Бақаның ісініп-қабынуы

Дамуы: Өгіздің көлге келуі

Шиеленісуі: Бақаның өгізді күндеуі

Шарықтау шегі: Бақаның жарылып өлуі

Шешімі: Мақтаншақ бақаның жолдасымен пікірлесуі

Автордың түйіні: "Әлін білмес әлек"

Сергіту сәтінде оқушыларға шырша биі ұсынылады.

Жинақтау деңгейінде үш топқа үш түрлі тапсырма ұсынылады. Топ басшылары бағалап отырады.

І топ: Мысалға сатылай кешенді талдау жасау.

Үлгі:

Авторы:

Тақырып:

Жанр түрі:

Идеясы:

Шумақ

Тармақ

Бунақ

Буын

Ұйқас

Әдеби теориялық ұғымдар

Түсіндірме сөздік

Тәрбиелік мәні

ІІ топ: “Мысал кейіпкерлерінің бейнесі...” /ойтолғау жазу/

ІІІ топ: “Мысалдағы айтылмақ ой...” /плакатқа бейнелеу және қорғау/

Бағалау деңгейінде үш топқа мынадай тапсырмалар беріледі:

І топ: Сен бақа секілді адамдарға қандай кеңес берер едің? Топтың әр мүшесінің пікірін тыңдау.

ІІ топ: "Синкуэн" әдісі

Зат есім: Бақа

Сын есім: өзімшіл, көрсеқызар

Етістік: күндеді

Сөз тіркесі: әлін білмеді

Сөйлем: Әлін білмеген әлек /оқушы жауабы қоса ұсынылды/

ІІІ топ: "Тақырып бойынша сұрағым бар" /тілші мен жүргізуші бейнесіне ену/ Топ мүшелері тақырып бойынша кезбе тілші бейнесіне еніп, қалаған адамға сұрақ қоя алады. Мысалы: - Мен "Теректі жаңалығы" газетінің тілшісімін. Сізге қояр сұрағым бар еді. Өзімшіл адамдар өмірде жиі кездесе ме?

Үй жұмысы:

І топ: “Болмасаң да ұқсап бақ...”/Мысал құрастыру/

ІІ топ: “Жақсы адам болу үшін алдыма қойған жеті мақсат” /Қазақта жеті саны киелі деп есептелетіндігі оқушы қаперіне салынады/

ІІІ топ: А. Байтұрсынұлының мысал өлеңдерінің тақырыбын іздестіру.

Теренинг: "Жақсы адам болу - мәртебе"

Оқушылар шеңбер жасап айнала тұрады. Оқушыларға: - Жақсы адам болу үшін не істеуім керек?- деген сұрақ ұсынылады. Әр оқушы өз ойын айтып, қолдарын алға қарай созады. Соңында барлығы қолдарын жоғары көтерген кезде шаңырақтың бейнесі шығады. Балаларға ой тастай отырып, барлығымыз жақсы адам болу үшін бірлесе жұмыстанайық деген ой түйесіз.

Оқушылармен кері байланыс жасау мақсатында төмендегі сұрақтар ұсынылады:

  1. Бүгінгі сабақ ұнады ма?

  2. Сабақта қандай қиыншылықтар кездесті?

  3. Қиыншылықты кімнің көмегімен жеңдің?

  4. Қай топтың жауабы сәтті шықты?

5. Бүгінгі ең үздік топ басшысы деп кімді атар едің?

Оқушылар парақшаларға өз ойларын жазып, "Ғажайып саябаққа" орналастырады. Сіз осыдан сабақтың қандай деңгейде өткендігін бағамдауға мүмкіндік аласыз.

Сабақ соңында топ басшылары тобындағы оқушылардың жауабын талқылап, ұпай сандары бойынша бағалайтын болады.






Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Шаған ЖОББМ

Жолдасқалиева Гүлбарам Жолдасқалиқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Білім беру ?дерісіндегі ?згерістер- о?ушы ізденісіні? кепілі

Автор: Жолдас?алиева Г?лбарам Жолдас?али?ызы

Дата: 05.01.2015

Номер свидетельства: 150425


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства