kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бейімбет Майлинні? «Ш??аны? белгісі» повесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? ?аза? ?дебиетіні? ірі т?л?асы Бейімбет Майлинні? шы?армаларымен таныстыра отырып білімдерін ке?ейту,шы?арманы? мазм?нын толы? білу,идеясын ашу;

Жазушыны? жанр шеберлігінде жеткен жетістіктерін таныту,шы?арманы о?ыта отырып іздендіру;

Адамгершілікке,сыйласты??а,мейрімділікке т?рбиелеу,бауырмалды??а баулу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бейімбет Майлинні? «Ш??аны? белгісі» повесі »

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі – оқушылардың қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы Бейімбет Майлиннің шығармаларымен таныстыра отырып білімдерін кеңейту,шығарманың мазмұнын толық білу,идеясын ашу;

Дамытушылығы – жазушының жанр шеберлігінде жеткен жетістіктерін таныту,шығарманы оқыта отырып іздендіру;

Тәрбиелігі – адамгершілікке,сыйластыққа,мейрімділікке тәрбиелеу,бауырмалдыққа баулу.

Сабақтың әдісі: пікіралысу,әңгімелесу,ойтолғау,іздендіру.

Пайдаланылатын көрнекілік: компьютер,слайд,кеспе қағаздар,жазушы жайында жазылған пікірлер,Бейімбет Майлин шығармалар жинағы,портреті,әдебиет теориясынан кестелер.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру.

Кіріспе сөз.

Оқушыларға сабақтың мақсаты мен жоспарын таныстыру (слайдтан көрсетіледі).

Жоспар

І.Тақырыпты аша білу (мазмұндау,идеясын ашу)

ІІ.Оқушының сөйлеу тілі (тапсырмалар арқылы сөйлеу)

ІІІ.Әдебиет теориясы (көркемдегіш сөздерге талдау)

IV.!зденіс (проблемалық сұрақтар,қосымша іздену).

Б.Майлин туралы білетіндерін сұрай отырып жаңа сабақты бастау.

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Оқушылар Бейімбет Майлин

Туралы өз білетіндерін жазды.

Шығарманы талдап болғаннан кейін оқиғаның сюжетін,кейіпкерлерден білгенін жазады.

Б.Майлин туралы қосымша мәліметтер оқып,екінші сабаққа шығармалары туралы ізденіп келу тапсырылады.


Мұғалім сөзі. Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылық жолдары,әлеуметтік көзқарасы туралы баяндалады.Қостанай уезі, Дамбар болысы,Таран ауданы,Әйет өзенінің бойындағы Ақтөбе деген жерде дүниеге келгенін,Троицкіде «Уазифа» мектебінде,Уфа қаласында оқығаны, «Шұғаның белгісі» әңгімесінің алғаш «Садақ» атты журналда жарық көргені айтылады. «Шұғаның белгісі» шығармасы проза жанрындағы тұңғыш көлемді туындысы екені түсіндіріледі.

Хрестоматиядан алғашқы абзац оқытылады.

Сұрақ.

1.Проза дегеніміз не? 2.Хикаят дегеніміз не? 3.Шығарма кімнің атынан баяндалған? 4.Оқиға немен басталды?

Оқушыларға шығарманы талдау барысында үш түрлі сауал тасталады.

1.Оқиғадағы кейіпкерлер кімдер? 2.Оқиғаның сюжеті қалай өрбиді? 3.Оқиға шешімін қалай тапты?

I.Тақырыпты аша білу

«Шұғаның белгісі» хикаятының әр бөліміне ат қою,негізгі оқиғаларға түсінік беру

1.Қос жолаушы

2.Сұлу қыз – Шұға

3.Кездесу

4.Учитель Әбдірахман

5.Ғашық жүректер

6.Хат.

7.Жабылған жала

8.Қоштасу

9.Айықпас дерт

10.Соңғы хат

11.Белгі.

Шығарма мазмұнын білгеннен кейін сюжетті-композициялық жоспар құрылды.

1.Оқиғаның басталуы (экспозиция).

Әдемі табиғат,әсем пейзаж.Алыстан көрінген обашық.

2.Оқиғаның дамуы. «тарғыл өгіз сойған» оқиғасы. «шұғаның белгісі» қалай аталады?

3.Оқиғаның шиеленісуі. Сықырлауықтан сығалаған сұлу сезім.

4.Оқиғаның шарықтау шегі.(кульминация).Шұғаның Әбдірахманыд тұңғыш көруі.

5.Оқиғаның шешімі.Үзілген үміт.Соңғы хат.

ІІ.Оқушының сөйлеу тілі

Жазушының тіл шеберлігін байқау,мәтінмен жұмыс жүргізе отырып оқиғадағы негізгі ой,шарықтау шегі Шұғаның Әбдірахманмен таныс болып,араларындағы қатынастың өрбуін суреттеуімен құрылғанын түсіндіру.

Үлестірмелі тапсырма

Берілген үзіндіден оқиғаның тірек болған сөзді тауып түсіндір.


  • Мынау аттан түсіп жатқан кім? – деді Шұға.

  • Әбдірахман ғой.

  • Әбдірахманың кім?

  • Қазақбайдың баласы.

  • Ия,әлгі учитель баласы ма?

  • Ия.

  • Жап-жас жігіт екен ғой, - деп бірер қарайды да,Шұға отауға кіріп кетеді.

  • Жазушы алғаш Әбдірахманды көрген Шұғаның « ...жап-жас жігіт екен ғой» деп үйіне кіріп кетуін оқиғаның өрбуіне тірек етіп алған деп ойлаймын.Себебі сұлу қыздың ішкі сезімі бір көргеннен-ақ жігітті ұнатты және оның оқыған учитель екендігіне ерекше назар аударды.Сол кезден бастап екеуінің арасындағы сүйіспеншілік,үздіксіз хаттар жалғасын тапты деп түйіндеймін.

Оқулықпен жұмыс

1.Ғашық жүректердің арасындағы жазылған сырлы да мұңды хаттарға назар аударту (Оқушыларға мәнерлетіп оқыту).

2.Хаттың жазылу стиліне көңіл бөлу.

3.Сөздік жұмыс (дәптерлеріне слайдта жазылған сөздерді оқи отырып жазу,мағынасына назар аудару)

Обашық – тастан,топырақтан үйіп жасалынған белгі Ақсүйек – қазақтың ұлттық ойыны.Құндақ –зат сынбау,бүлінбеу үшін жасалған қажетті қорап,сауыт.Басқұр – керегелердің бастарын тартып,үйді айналдыра байлайтын өрнектелген жалпақ бау.Бешпет – жеңі бар,қысқалау келген сырттан киетін жеңіл киім.Жосыған – қан,су сияқты сұйық заттардың көп мөлшерде тез ағуы,сорғалай жөнелуі.










ІІІ. Әдебиет теориясы

Шығарма мәтінінен троптың түрлерін,тұрақты тіркестерід,мақал-мәтелдерді,көнерген сөздерді тауып дәптерлеріне жазу.

Шығармада кездескен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіру.

Көнерген сөздер

Дуан,болыс,көшір,песір,тілмаш,нәшәндік,стражник т.б.

Кім жылдам?

Жүрегім тас төбеме шықты қорқу

Төбесі көкке тигендей қуану

Суық суды төбемнен құйып жібергендей тітіркену

Көпке топырақ шашу жала жабу

Тілім байланды сөйлей алмай қалу

Олжамнан қақты пайдаланып кету

Шаңымды аспанға шығарды ұрысты











Тақтамен жұмыс

1.Портрет жасау 2.Мінездеме беру

Шұға Қандай? Кім? Күлзипа

Әбдірахман Зәйкүл

Базарбай Айнабай

IV.Ізденіс

Проблемалық сұрақтар

1.Шұғаның өліміне кім кінәлі?

1-оқушы: Менің ойымша Шұғаның өліміне сол кездегі қоғам кінәлі.

2.Жазушының шешімімен келісесің бе?

2-оқушы: Мен жазушының шешімімен келіспеймін.Соншалықты әдемі,сымбатты,сұлу Шұғаны азапты жолмен өлтіргеніне қарсымын.Шұға - өз сүйгеніне қосылып,бақытты болатын кейіпкер.

3.Бұл күнде Шұға сияқты қыздар бар ма?

3-оқушы: Бұл күнде Шұға сияқты қыздар бар деп айта алмаймын.Сыртқы сұлулықтары ұқсайтын шығар,бірақ ішкі жан дүниесі тура Шұғадай махаббатына берік қыздар бар деп айта алмаймын.Әлде қазір заман басқа болған соң ба?Мен өз ата-анама қарап,олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін,сыйластығын көріп олар да осы заманда өмір сүріп жатыр ғой деп те ойланамын. «Бес саусақ бірдей емес қой»,сондықтан көпке топырақ шашудан аулақпын.

4.Жазушы шығармасын « ... Шұға десе,Шұға еді-ау!» деген өкінішпен аяқтайды,сен болсаң қалай жазар едің?

4-оқушы: Мен де Шұғаның әдемілігіне,абройына,беделіне орай «Шұға десе,Шұға еді» деп аяқтайтын едім,бірақ өкінішпен емес,мақтанышпен.Қазақта осындай,жігіттердің бәрі ғашық болған,сұлулығына ақылы сай қыздардың бақытты болуын қалаймын.Сондықтан сүйгені Әбдірахманға қосып,балалы-шағалы бақытты жанұя қылып басқа жастарға үлгі етер едім.

5.Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романындағы Жамал тағдырымен ұқсастығын салыстыру

Сабақты бекіту: Сабақты мақалмен,қанатты сөздермен тұжырымдау

Үйге тапсырма: «Арман болып өткен махаббат» атты «Шұғаның белгісі» хикаятының мазмұнынан сценари құру (9-10 минуттық)

Бағалау. 17-20 ұпай жинаған оқушыға «5» (көк түсті)

14-16 ұпай жинаған оқушыға «4» (қызыл түсті)

9-13 ұпай жинаған оқушыға «3» (сары түсті).

Рефлексия.

Сабақтың жеке өзіңе берері болды ма?





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бейімбет Майлинні? «Ш??аны? белгісі» повесі

Автор: Тагудретова Ботагоз Бейбитовна

Дата: 16.02.2015

Номер свидетельства: 173899


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства