Ма?саты: О?ушылар?а а?ынны? ?мірі мен шы?армашылы?ы туралы ?ыс?аша м?лімет беріп, ?ле?ні? та?ырыбы мен идеясын аш?ызу. ?ле? жолдарын м?нерлеп о?у, талдау, ?з жанынан ?ыс?аша шума?тар жазу?а да?дыландыру. Ту?ан жерге деген с?йіспеншілік т?рбиелеу.
Мотивация. Ма?алды жал?астыр. Ту?ан жерді? т?тіні. ; Ту?ан жердей жер болмас,. Отан ?шін. ; Ит той?ан жеріне, ер. Балалар, ?алай ойлайсы?дар, б?гін не туралы с?йлесеміз? Ба?алау критерийлерімен танысу. Ба?алау пара?тарын тарату.
?й тапсырмасын тексеру. Ту?ан жер туралы ?ле? жазу.
Жа?а та?ырып.
?. Т?жібаевті? ?мірбаяны. О?ушыларды? ?здеріне м?тінмен ж?мыс ар?ылы таныту. ?бділда Т?жібаев 1909 жылы А?мешітте (?азіргі ?ызылорда ?аласында) д?ниеге келген. ?кесі Т?жібай 1915 жылы ?айтыс болады да, шешесі Айманк?лді? ?олында ?ал?ан. Жа?дайына байланысты алты жасар ?бділданы ?ала сыртында?ы ?ара?зек деген жерде т?ратын т?ркініне алып кетеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?бділда Т?жібаев "Сырдария"»
Тақырыбы: Әбділда Тәжібаев «Сырдария»
Мақсаты: Оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беріп, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашқызу. Өлең жолдарын мәнерлеп оқу, талдау, өз жанынан қысқаша шумақтар жазуға дағдыландыру. Туған жерге деген сүйіспеншілік тәрбиелеу.
Мотивация. Мақалды жалғастыр. Туған жердің түтіні ... ; Туған жердей жер болмас, ... Отан үшін ... ; Ит тойған жеріне, ер ... Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгін не туралы сөйлесеміз? Бағалау критерийлерімен танысу. Бағалау парақтарын тарату.
Үй тапсырмасын тексеру. Туған жер туралы өлең жазу.
Жаңа тақырып.
Ә. Тәжібаевтің өмірбаяны. Оқушылардың өздеріне мәтінмен жұмыс арқылы таныту. Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Ақмешітте (қазіргі Қызылорда қаласында) дүниеге келген. Әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, шешесі Айманкүлдің қолында қалған. Жағдайына байланысты алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан болашақ ақын он үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан да өз анасы мен нағашы атасы болады. Айманкүл араб, парсы тілдерін жақсы білетін сауатты, көзі ашық, көңілі сара кісі екен, Әбділдаға өзі хат танытып, әдебиет үлгілерін оқытып үйретеді. Кейін белгілі халық ақыны болып, өлеңдер жинағы да жарық көрген Әбділдаға шешесі Айманкүл, ол кезде әкесі Далдабай қарттың өтінішімен ауыл адамдарына Шығыстың қиссалары мен қазақтың неше алуан жыр-дастандарын оқып беріп отырған. Соларды қыбыр етпей, құмарта, үнсіз тыңдаушыларының бірі – Әбділда болған. Кейінірек үйлеріне келген қонақтары мен ауыл адамдарына, кішігірім жиын-топта әлгі қисса, дастандарды атасының айтуымен Әбділда оқып беретін болған. Оның үстіне бұл ауылға, әсіресе осы нағашы атасының үйіне Сыр елінің атақты ақын-жыршылары жиі келіп тұрған. Бір жолы Әбділда ауылдарына келген атақты ақын әрі әнші Нартай Бегежановпен Айманкүлдің ұзақ айтысын тыңдап, шешесінің айтқыштық, ақындығына қуанып, тапқыр сөздерін есінде ұстап қалған. Анасы жастай дүниеден қайтқан күйеуін байырғы қазақ салтымен жыл бойы жоқтағаны, шешесінің өзі шығарған ұзақ жоқтау поэмасын дауыстап жатқа айтқанын төсекте жатып тыңдап, мұңды-шерлі әуеніне іштей үн қосатын болған. Ал ақылды, мейірбан нағашы атасы 1919 жылдың қысында сүзектен қайтыс болғанша Әбділданы қасынан тастамай, қайда барса да бірге алып жүрген. Әбділда атасына көмектесіп, ау жайысып, тарысын суғарысқан. Той-томалаққа да бірге барып, атасының жанында төрде отырып, үлкендерден қазақтың ескілікті қызық әңгімелеріне қаныққан. Неше түрлі аңыз, ертегілерді көп білетін атасы да тыңдауға құмар жиеніне айтып беруден жалықпайды екен. Ол 1922 жылы Қызылорда қаласында жаңадан ашылған жетім балаларға арналған интернатқа қабылданып, сауаттылығының арқасында бірден интернат жанындағы бастауыш мектептің 3-сыныбынан бастап оқып кетеді. Әбділданың алғашқы өлеңдері осы интернаттың қабырға газетінде жарияланады. Одан кейін Шымкенттегі жеті жылдық мектепте, 1929-1932 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында оқиды, 1953-1956 жылдары Мәскеудегі жоғары әдебиет курсын бітіреді.
Еңбек жолын "Еңбекші қазақ" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде алдымен пошта тасушы (1926), содан кейін корректор болып істеген (1927-1928) ол небары 4-5 жылда "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газеті редакторының орынбасары (1932-1934) дәрежесіне дейін көтеріледі. Әбділданың "Жұмысшының гудогі" өлеңі 1926 жылы "Жұмысшы" газетінде басылады. Бұл – оның баспа бетін көрген тұңғыш туындысы. Әрі қарай өлеңдері "Жұмысшы" және "Еңбекші қазақ" газеттерінде шығып тұрады. Жиырма бес жастағы Әбділда 1934 жылы Қазақстан жазушылар одағының хатшылығына, ал 1939 жылы оның төрағалығына сайланады. 30-жылдары ақын көп оқу, тынымсыз іздену үстінде өндіре де жазады, шығармаларының көркемдік сапасы жағынан да айтарлықтай биікке көтеріледі. "Жаңа ұрпақ" (1935), "Лирикалар" (1936) деп аталған жинақтары бірінен соң бірі жарық көреді. Белгілі "Оркестр", "Абыл", "Толағай" сынды романтикалық поэмалары мен М.Әуезовпен бірігіп жазған "Ақ қайың" деп аталатын тұңғыш пьесасы да сол жылдардың жемісі. Қазақ әдебиетінің сол кездегі маңдай алды таланттарының біріне айналған Әбділданы дарын сырын танығыш көреген М.Әуезов: "Қазақ поэзиясына әсерлі, сапалы көркем бір ағым кіргізіп келе жатқан ақын" деп (1939) бағалайды. Ә.Тәжібаев 1945-1948 жылдары Қазақ ҚСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының Жамбыл бөлімін басқарады. "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болады. 1998 жылы 90-ға қараған шағында дүние салды.
Ә.Тәжібаев туралы слайд.
Сырдария өзені туралы слайд
«Сырдария» өлеңін мәнерлеп оқуды тыңдау.
Өлеңге сатылай-кешенді талдау жасау.
Сырдария
Авторы –
Тақырыбы –
Жанр түрі –
Идеясы –
Шумақ –
Тармақ –
Бунақ –
Буын саны –
Ұйқас түрі – (сергіту сәті) Ән тыңдау.
Әдеби-териялық ұғымдар:
Троп – кейіптеу туралы ұғым. Карточкамен жұмыс.
Фигура -
Түсіндірме сөздік – Рейн, Гейне, Днепр, Тарас сөздері бойынша интернеттен мәлімет іздеу.
Тәрбиелік мәні – ой толғау жазу.
Карточкамен жұмыс. Кейіптеу туралы түсінік.
Кейіптеу. Алексей Максимович Горький: «Дауылпаз біресе қанатымен толқынды жанап, біресе оқтай зымырап бұлтқа еніп, саңқ-саңқ етіп дауыстайды, құстың бұл даусынан бұлттар шаттық үнін естиді... Бәрі түнек қараңғы, бұлттар төмен сусап теңізге қонақтайды, ән салады, жоғарыдағы жарқылдаған жалынды нажағайға қарай толқындар шапшиды... Әуе дауылы толқындар тобын балуан құшағына қысып алып, айбарлы ашумен құшақтап жартасқа лақтырады, тау тұлғалы асқар толқындарды шаңдай шашып, тозаңдай тоздырады», - деп суреттейді.
Бұл үзіндідегі теңіз, дауылдар - жансыз нәрселер. Әйтсе де бәрі жанды нәрседей қимылдайды. Міне, осылар сықылды, жаратылыстың жансыз нәрселерін тап жанды нәрселердей етіп, жандылардың істейтін амалдарын істеткізіп суреттеуді кейіптеу деп атайды. Кейіптеу арқылы автор жансызға жан беріп, тілсізге тіл бітіреді, не қайғылы, не қуанышты оқиғаны суреттегенде, оған және табиғат қосылады да, оны бұрынғыдан да күшейте түседі. Шығармадағы оқиғаға табиғатты қатыстырып, не қайғыртып, не қуантып суреттелген жерлер өте әдемі, оқушыны еріткендей әсерлі және күшті боп келеді.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
(Абай)
Аптығып асау інің келді, ақсақал,
Тау, тасқа, адамзатқа салып жанжал.
Дем алайын деп келдім аш қойныңды,
Сәлем-сауқат ап келдім қош көріп ал!..
(Абай)
Қоңыр қаз балапанын жайып жүрген,
Біріне-бірі неге сыбырлайды?
Күн жадырап, жайылып өз-өзінен
Не жақсылық жұмысты ырымдайды?
Өсімдік жел тынғанда иіп басын
Қалайша себебі жоқ қыбырлайды?
(Сәбит)
Толқын мен толқын сырласып, Сырларын еппен ұрласып. Толқынға толқын еркелеп, Меруерт көбікке оранып. Жыландай жүзге бұралып, Жарға жетер ентелеп. М. Жұмабаев