kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сынып?а арнал?ан іс-шара "?арттарым аман-сау ж?рші"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Іс-шара "Ке? байта? ?аза?станым" бастауыш сыныптар?а арнал?ан. іс шара ?те тартымды ?тті. іс- шара?а ауыл адамдары ж?не мектеп о?ушылары сондай-а? сынып жетекшілер ?атысты. Іс- шара Т?уелсіздікті? 25 жылды?ына арнал?ан болатын. к?рермендерге ?те ?ызы?ты болды. Іс-шара?а ?атыс?ан ата-аналар да ?з ойларын орта?а салып Т?уелсіздікті? о?ойлы?пен келмегендігін ар?ау етті. о?ушылар жа?сы к??іл к?ймен тар?асты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сынып?а арнал?ан іс-шара "?арттарым аман-сау ж?рші"»

Үлкенді сыйласаң- қызналы боласың...

Алтын дала ауылы шағын ғана ауыл. Ауылда жастар да бар. Қариялар да бар. Ауылда мәдениет үйі жұмыс жасайды. Түрлі іс –шаралар өтіп тұрады. Ауылдың тұрғындарына арнап бір игілікті іс –шараны клуб меңгершісі Темиргалиева Оразгүл Салаватқызы ұйымдастырды. Мақсаты: үлкендердің көңілін көтеру, ақ батасын алу. Сол күн бір той секілді болды.

Мен қарапайым қарттарды сүйемін

Не деген керім еді.

Не біледі осы жұрт не біледі

Бабалардың баласы қариялар

Сиреп бара жатқандай көрінеді ...,-деп Мұқағали ағамыз жырға қосқандай Алтын дала ауылының самайларын ақ шалған ақ жаулықты аналары мен алпыстан асқан ақсақалдары ауылдағы мәдениет ошағында бас қосты. Осы іс-шараны өткізуге Алтын дала ауылында туып өскен жергілікті кәсіпкер ,аудандық маслихаттың депутаты Есментаев Сағындық Байданұлы және ұлты орыс болса да, қазақтай боп кеткен «қамқоршы жігіт ағасы» Брихачев Василий Иванович қаржылай көмек көрсетті.

Иә, ауылымыздың қазынасы саналатын қарттарымызды құрметтеу - үлкен парыз. Осыны түсінген мектептің мұғалімдері Бесжанова Роза ,Жұмабаева Оразгүл, Төлегенова Жанат, Темиргалиева Бимаржан деген ұстаздар өз үлестерін қосты. Ұстаздардың шырқата салған әндері қарттарға үлкен сый құрмет болды. Осы іс-шараға ауылдық әкім Кускадамов Мейрам Тұрғынбайұлы да келді. Сағындық ағамыз да үлкендерге ақ тілек айтты. Жас өскелең ұрпақтың атынан және мұғалімдер ұжымынан сөз сөйлеген мектеп директоры Мухамеджанов Марат Байғонысұлы өз сөзінің соңында қазақтың қасиетті домбырасын алып «Барып қайт балам, ауылға » әнін айтқанда үлкен кісілер қолдарын шапалақтап, алғыстарын жаудырып жатты. Осы мерекенің сәнін келтірген 10 сынып оқушысы Санай Айжан болды. Айжан- облыс көлеміне танымал талантты жастардың бірі. Айжан айтқан ән үлкендердің жүрегіне жол тауып көңілдерін бір көтеріп тастады. Ал 8-сынып оқушысы Байдулетова Альбина нақышына келтіріп көркемсөз тарту етті.

Бәрін айт та бірін айт, демекші , 3 жасар Болат Аяжан мен 5 жасар Айбол салған әндер тіпті ерекше болды. Балалардың өнеріне риза болған Сағындық ағамыз екі бүлдіршінге ән «байғазысын да » ұсатты.

Иә, бар өмірлерін еліміздің гүлденуіне арнаған, әр салада еңбек еткен ата-әжелеміріз бір- бірімен шүйіркелесіп жатты. Сахна төріне шығып,ән де айтты. Ерлі –зайыпты Сақина әжеміз бен Таңатқан атамыз бірнеше әнді «попури» түрінде айтты. Ал Маусымбаева Күлдірайхан апамыз айтқан ән мүлде басқа. Кәдімгі кәсіпқой әнші секілді. Ән де апама жарасып тұр. Керемет дауыс.

Дастархан басында отырған аналарымыз да әнге кезек алды. Алтын дала ауылының ажары,жастарға ақылшы, сөз өнерінің мәнін жақсы түсінетін Доскеева Асылкүл анамыз салған ән де жүректен-жүрекке жетіп жатты. Тіпті қарттарымыз би билеп көңілдерін көтеріп бір рахаттанып қалды.

Ал, Сабила апай Қостанай қласында тұрады. Мен осы Алтын дала ауылына көшіп келгелі Сабила апамызды ауылдың мәдени іс-шараларында жиі көремін. Болмаса іздеп тұрамыз. Өйткені апам - осы ауылдағы үлкендердің ішінде бір төбе ерекше жан. Өзі қалада тұрса да ауылға жиі ат басын бұрады. Себебі осы ауылда бар өмірін өткізіп ,жастық шағына куә болған құрдастары да, сырластары да осы Алтын далада. Апама туған жер қашан да құшағын айқара ашып тұрады. Міне, бүгін апамыз да осы мерекенің сәні болды. Ән айтқан қыздарына аналық ақ алғысын жаудырып та жатты.

Ал ,аудан түгіл ,облыс көлеміне өнерлі жан ретінде танылған Жамал әжеміз Едірес атамыздың қасында бүгін ерекше боп көрінді. Өзіне жарасқан киімі де көз тартады. Жамал әжеміз Алтын дала ауылының кішкентай баласына да үлкеніне де ақылын айтып, жөн сілтеп отыратын жан. Бүгінгі жиылысқа көңілі толып , «бәрімізге алланың нұры жаусын» деп ішкі қуанышын жасыра алмады.

Міне осылай шағын ауылда көреген көзді қарияларымызды құрметтеп түрлі іс-шаралар өткізіп тұрамыз. . Ылайым елде амандық болсын, ал қарттарымызға қатарларыңыз азаймасын, сіздерге темірдей мықты денсаулық берсін деп тіледік.

Алтын дала ауылының мұғалімі

Нұрсейітова Жұмабике Сейілғазымқызы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Бастауыш сынып?а арнал?ан іс-шара "?арттарым аман-сау ж?рші"

Автор: Ж?мабаева Оразг?л Есен?ызы

Дата: 20.01.2016

Номер свидетельства: 279730


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства