kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балдәурен бастауыш онкүндігінің қорытындысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балдәурен бастауыш онкүндігінің қорытындысы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балдәурен бастауыш онкүндігінің қорытындысы»


«Балдәурен» бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің

«Бабалардың ізімен мәңгілікке нық қадам» атты

онкүндіктің қорытынды есебі


Алимова Ильмира Абдуллаевна

Қайназар ауылындағы №1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Қайназар ауылы, Жерұйық 2 «А»

E-mail:AlimovaIlmira@mail.ru


Бүгінгі жас ұрпақ- ертеңгі ел тірегі. Ендеше сапалы білім мен саналы тәрбие ұштасқанда ғана ұлт тілегі, мемлекет пен халық мүддесі орындалмақ.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Білім және ғылым қызметкерінің ІІ сьезінде сөйлеген сөзінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр»- дегенін естен шығармауымыз керек Жаңа ғасыр ерекше кезең. Бұл кезеңде ғасырлар бойы жинақталған іс-тәжірибелерімізге,бай мұраларымызға

талдау жасалынып,жіктеліп,ойларымыз қорытылып,нәтижесінде белгілі бір жүйеге келу-өмір талабы «Адам ұрпағымен мың жасайды», «Не ексең соны орасың»-дейді қазақ нақылы. Замана ағымына лайықты қазіргі кезде алдымызда тұрған міндет халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып,еліміздің барынша қабілетті елу елдің қатарына қосу.Сол өркениетті елдер санатына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңі болашағы-жастарға білім мен тәрбие беретін-мектеп болады.Қазақтың дарынды ұстазы А.Байтұрсынов «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек.»-деген екен.Ертең осы елге ие болып,тізгінін ұстар азаматтар-бүгінгі мектеп оқушылары.Бүгінгі бастауыш сынып балаларына арналған жаңа буын оқулықтары жаңаша оқытуды,баланың оқуына ықпал ететін оқыту әрекетін ұйымдастыруды талап етеді.Баланың жеке басын дамытудың басты кепілі-сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс.

«Қайназар ауылындағы №1 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 16.01.2016-30.01.2016 аралығындағы «Балдәурен» бастауыш сынып бірлестігінің «Бабалардың ізімен мәңгілікке нық қадам» тақырыбында мектебімізде бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі өткізілді.

Апталықтың мақсаты: «Жаңа инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушыларды өз отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, отанға деген құрмет, елін, жерін қорғайтын ер азамат болуға тәрбиелеу».

Бастауыш сынып мұғалімдері оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отыра, рухани-адамгершілік, эмоционалдық және дене дамуын қамтамасыз ету керек. Сол себепті де бастауыш сынып жетекшілері апталық жоспарын құра отыра, алдына келесі міндеттер қойды:

- оқушының оқуға деген оң мотивациясын қалыптастыру;

- сабақ және сыныптан тыс шараларды қызықты өткізу формаларын қолдана отыра, барлық балаларды оқу және тәрбие үдерісіне тарту.


Өткізу принциптері: әрбір бала апталықтың барлық шараларына белсене қатысушы болып табылуы керек.

Апталық мынадай жоспарда құрылды:


Атқарылатын іс-шаралар

Пәні

Сыныбы

Мерзімі

Уақыты

Жауапты

1

«Бабалардың ізімен мәңгілік елге нық қадам»


1-4

18.01.16

12.00

Сынып жетекшілер

2

«Мен бақытты баламын!»

Сурет көрмесі

1-4

19.01.16

12.00

Сынып жетекшілер

3

«Мен әдемі жазамын»

Көркем жазу

1А, Ә, Б, В.

19.01.16

12.00

1- сынып жетекшілері

4

«Сөз мерген»

Сыныптан тыс

3 «Б»

20.01.16

12.00

Нурниязова И

5

«Менің Отаным-Қазақстан!»

Сыныптан тыс

2 «Ә»

21.01.16

12.00

Ерболқызы З

6

Үлгілі сабақ: Түбірлес сөздер

Қазақ тілі

3 «Ә»

21.01.16

14.00

Абилтаева А

7

Үлгілі сабақ: Көксерек

Әдебиеттік оқу

4 «А»

21.01.16

14.50

Қурманғалиева Ж

9

Үлгілі сабақ: Куб текше және оның көлемі

Математика

3 «Б»

22.01.16

8.45

Нурниязова И

10

Үлгілі сабақ: Жылқы

Ана тілі

1 «В»

23.01.16

12.00

Сапарова Р

11

Толағай. «Әкем,шешем және мен»

Сыныптан тыс

1 «Б»

23.01.16

12.00

Әуесхан Г

13

Үлгілі сабақ: 4 санын қосу және азайту

Математика

1 «Ә»

27.01.16

11.00

Хавлап Г

14

«Тапқыр болсаң,озып көр»

Зияткерлік ойын

2 «А»

28.01.16

12:00

Алимова И

15

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Сыныптан тыс

1 «А»

26.01.16

14.00

Сембаева Ш

16

«Пайдалы қазбалардың түрлері»


3 «А»

26.01.16

12.00

Агинбаева Г

17

«Мәңгілік ел болашағымыз»

Математика пәнінен интеллектуалды ойын

Сыныптан тыс

3 «Ә»

26.01.16

8.50

Абилтаева А

18

Үлгілі сабақ: Сиыр. Жуан дауысты дыбыстар

Ана тілі

1 «Б»

27.01.16

8.50

Әуесхан Г

19

Үлгілі сабақ: Қосу және азайту

Математика

2 «Ә»

27.01.16

12.00

Хавлап Г

20

«Ертеңгі болашақ-бүгінгі білімді ұрпақ»

Сыныптан тыс

4 «А»

27.01.16

11.00

Қурманғалиева Ж


«Білімділер сайысы»

Сыныптан тыс

1 «Ә»

28.01.16

11:00

Хавлап Г

21

Үлгілі сабақ: Жазбаша қосу және азайту

Математика

2 «А»

29.01.16

14:50

Алимова И

23

Үздік бастауыш -2016 байқауы



30.01.16


Сынып жетекшілер

Барлық  өткізілген ашық сабақтарда, сынып сағаттарында бастауыш сынып оқушылары белсене ат салысты.

Құрылған жоспарға сай мұғалімдердің ашық сабақтарына тоқталсақ:

Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды.Сабақтарға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшілік қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді.

Мұғалімдер сабақ өткізудің түрлі формаларымен практика жүзінде танысты.

Келесі мұғалімдердің ашық сабақтары жоғары әдістемелік формада өткізілді:

әдебиеттік оқу– 4 «А» сыныпта – мұғалімі Қурманғалиева Ж.Т,

математика – 2 «Ә» сыныпта - мұғалімі Ерболқызы З,

математика 1 «Ә» сыныпта мұғалімі Хавлап Г,

қазақ тілі- 3 «Ә» мұғалімі Абилтаева А.

Интелектуалды сайыс «Тапқыр болсаң өзып көр» 2 «А» мұғалімі Алимова И.

18 қаңтар күні ашылу салтанаты болып өтті. «Бабалардың ізімен мәңгілік елге нық қадам» тақырыбында 1-4 сынып оқушыларының арасында мәнерлеп оқу бойынша сайыс өткізілді. Ашылу салтанатына барлық бастауыш сынып оқушылары қатысып, өнерлерін көрсетті. 1 сынып оқушылары оқу-білім туралы жаттаған өлең жолдарын айтып, апталықты бірінші болып ашты, 2 сынып пен 3 сынып оқушылары ән айтты, 4 сынып оқушылары Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына орай өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.

19 қаңтар күні 1-4 сынып оқушыларының арасында «Мен бақытты баламын!» атты сурет көрмесі болып болып өтті. .Бұл сайыстың мақсаты: оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашу, білімді де өнерлі ұл-қыздар тәрбиелеу.Сурет көрмесінде барлық сынып оқушылары белсене қатысты.Бұл көрмеде «Қылқалам шебері» атты дипломмен 1 «Ә» сынып оқушысы Мырзабек Бекарыс, 4 «А» сынып оқушысы Керімбай Алихан, 4 «Ә» Бейсен Мәрмәр, 2 «А» сынып оқушысы Нажимов Ахмет, 2 «Ә» Мәмен Әсет марапатталды.

19 қаңтар күні өткізілген 1- сыныптар оқушыларының арасында «Мен әдемі жазамын» көркем жазу бойынша жарыс ұйымдастырылды. Мақсаты:оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру.

«Қыс қызығы» атты тақырыптың әдемі, көркем жазған оқушылар мақтау қағазымен марапатталды. Олар:

1 «А» сыныптан : 5 (өте жақсы) бағасына жазған оқушылар:

Абдуманап А, Тлеугабыл А, Байқоңыр И, Өмірсерік М, Қутбаева А.

1 «Ә» сыныптан 5 (өте жақсы) бағасына жазған оқушылар:

Мырзабек Б,Долқынұлы М, Әбдірайым А, Алибек К, Абдірахим К, Тураев А.

1 «Б» сыныптан 5 (өте жақсы) бағасына жазған оқушылар:

Жанболат А, Шорабай Ж, Оралқызы К, Бейсен А.

20 қаңтар күні Нурниязова Илимхан 3 «Б» сыныбында сыныптан тыс «Сөз мерген» сайысын өткізді.Сабақтың мақсаты:Оқушыларды халық ауыз әдебиеті шығармасының түрлері жұмбақ , жаңылтпаш, мақал-мәтелдермен таныстыру.Халық шығармасының бұл түрлерін бір-бірінен ажырата білуін, мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуін және оқушылардың ойлау қабілетін тілін дамыту.Оқушылар үш топқа бөлініп, білік-дағдыларын сынады. Мақал –мәтелдер,Жаңылтпаштар,Жұмбақтар.

Оқушылар үлкен қызығушылық танытып, ойынға белсене қатысты. Сабақ ұйымдамстыру сәтінен басталды. Сайыс сабақ басталғаннан тартысты өтті.Сынып топқа бөлінді. Әр топ өздеріне бөлінген тапсырма бойынша жедел, ұтымды, тиянақты жауабымен ұстаз арасындағы жақын байланыс көрінді .Ұстаз еңбегі осындай ашық сабақтарда қөрінсе,оның еңбегін көрсететін әрине оқушы. Қызықты бірнеше әдістерді қолдану арқылы оқушыны сабаққа тарту,қалайда оқушыны білдірту талабы ұстаздың басты мақсаты Іс-шара тақырыбына сай презентация көрсетіліп, балалар тапсырманы слайдтан қарап таңдап отырды. Әділ-қазылар алқасы бағалағаннан кейін топтардың жинаған балдары бойынша жеңімпаз топ анықталды. Ойын соңында екі топ та мадақтамалармен марапатталды.

Ұсыныстар: мұғалім екі топқа дайындаған сұрақтары кейбірі тым жеңіл, кейбірі  қиын болды. Екі топқа бірдей деңгейлі сұрақтар берілген жоқ. Мұғалім оқушылардың дұрыс не бұрыс жауаптарын талдаған жоқ. Дұрыс бұрысын оқушыларға айтпай әділ-қазылар алқасына бағалауға беріп отырды.

21 қаңтар күніАбилтаева Арайлым 3 «Ә» сыныпта қазақ тілі пәнінен «Түбірлес сөздер» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.. Оқушыларды «Мен қандаймын?» атты психологиялық тренингпен ұйымдастыра білді.Әрбір оқушы өз есімінің бас әрпінен басталатын жақсы қасиет айтып,сабақты жақсы көңіл-күймен бастады.Әр топқа ерекше тапсырмалар беріп,сабақта оқушыларды қызықтыра білді. Топтар өз жауапкершілігін біле алды . Ұстаз әдістің 8 түрін қолданды. Ол әрқайсысы өз орнында тиянақты қолдана алды. Ұстаздың оқушымен қарым –қатынасы, сабаққа топтастыруы, тапсырманы беруі , тақтамен жұмысы жан-жақтылығын көрсете алды. Ашық сабақтан үйренетін әр түрлі тәсілдер де болды. Абилтаева Арайлым сабақ барысында ойын түрлерін де енгізіп, оқушының қызығушылығын таныта алды.

Ұсыныстар:Оқушының жауабын аяғына дейін тыңдай білу керектігі ұсыныс ретінде айтылды.

21 қаңтар күні Қурманғалиева Жулдыз өзі жетекшілік ететін 4 «А» сыныбымен «Көксерек»тақырыбында үлгілі сабақ өткізді. Қызықты бірнеше әдістерді қолдану арқылы оқушыны сабаққа тарту,қалайда оқушыны білдірту талабы ұстаздың басты мақсаты. «Асық ату», «Семантикалық карта» ,«Бес жолды өлең», «Буриме» ,«Кім тез табады?» әдістері арқылы ұйымдастырылған сабақ оқушыға қызықты болды, әрі әрбір оқушы ізденіспен жұмыс жасай білді.Сыныптағы барлық оқушы сабаққа қамтылды. Мұғалім сұрақты қоя да білді,ұтымды жауап ала да білді.Мұғалім жан-жақты дайындалған. Жаңа технологияны сабақта тиімді пайдалана білді. Сабақ соңында кері байланыс жүргізіп,оқушы-мұғалім арасында ынтымақтастықты ұйымдастыра білді.Сабақ өте тартымды өтті.



Ұсыныстар:Мұғалім оқушының өз ойын айтуына мүмкіндік беруі ұсыныс ретінде айтылды.

22 қаңтар күні Нурниязова Илимхан 3 «Б» сынбында математика пәнінен «Куб текше және оның көлемі» үлгілі сабақ өткізді.

Мақсаты: Оқушыларды текшемен және оның көлемімен таныстыру. Текшенің көлемін табудың әр түрлі тәсілдерін қарастыру.

Логикалық ойларын, танымдық қабілеттерін зейінін шығармашылық белсенділіктерін дамыту.Өз ойын дұрыс жеткізе білуге, жылдамдыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу болып табылады.

Сабақты оқушылардың психологиялық дайындығымен бастады.

Математика сабағы,

Біздің келер шамамыз.

Көбейтуге данамыз,

Төрт амалды тең білер

Өте зерек баламыз. Ұйымдастыру кезеңі жинақы өтті. Жедел сұрақ қойылып, оқушыларды жинақтап алды..

Сабақ барысында оқушыларды Өте жақсы- , жақсы-

орташа- -пен бағалап отырды.Бұл сабақта сәйкестендіруді оқушылар өте жақсы орындады.Арифметикалық диктантты жүргізу арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятты.Оқушылар сабақ барысында үш топқа бөлініп,«Біліміңді сына», «Ұшқыр ойлы топ», «Біліктілігіңді тексер» атты әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,өзіне баурап алды.Әсіресе оқушылар сабақтан алған өз әсерлерін смайликтер арқылы жеткізе білді.Бұл сабақта ерекше көзге түскен оқушыларды мақтап-мадақтауды ұмытпады. Сабақ өте тартымды өтті.

Ұсыныстар:Мұғалімнің дауыс интонациясына көп мән беру керектігі, уақытты үнемді пайдалану ұсыныс ретінде айтылды.

23 қаңтар күні Әуесхан Гулмарал «Әкем,шешем және мен»  атты спорттық іс-шара өткізді. Мақсаты: Оқушыларды ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Төзімділік, жылдамдық, ептілік деңгейін дамыта отырып, дененің жалпы даму сапасының артуына, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
Түрі: жарыс. Көрнекілігі: жіп, доп, сыпырғыш
Сайыстың бағдарламасы.
1 «Кенгуру»
2. «Секірмек»
3. «Фут баскет»
4. «Сенбілік»

«Кенгуру» допты аяқ арасына қыстыра отырып, секіру арқылы белгілі мәреге барып, кері қайтады. Ең соңғы ойыншы ойынды аяқтайды.
2. «Секірмек». Қатысушы топтар скакалкамен жүгіреді.
3. Фут. баскет. Бірінші ойыншы допты қолымен айдап әкеліп, екінші ойыншыға береді. Ал, екінші ойыншы допты аяғымен кезек-кезек айдап әкеледі. Үшінші және төртінші ойыншы допты қолмен айдап, алтыншы ойыншы аяқпен орындайды.
4. «Сенбілік» Шеңбер ішіндегі сыпырғыш бөліктерін ойыншы бір-бірлеп әкеліп келесі ойыншыға береді. Сайысқа түскен топтар өз топтарын таныстырып,өз ұстанымдарын айтып,сайысқа белсене қатысты.

«Тұлпар» тобы. Топ ұстанымы: Жүзден жүйрік танылады сайыста,
Ұмтыламыз біз ешкімнен қалыспай.

«Жас қыран» тобы. Топ ұстанымы: Қыран болып самғаймыз,
Жарыстан еш қалмаймыз.

«Барыс» тобы.Топ ұстанымы: Мақсаты бірдің – рухы бір

«Батыр» тобы.Топ ұстанымы: Батыр туса-ел ырысы

Оқушылар өз ата-аналарымен топқа бөлініп, бір-бірімен күш сынасты. Іс-шара кезінде оқушылардың тек спорттық икемділіктері ғана емес, сонымен қатар білімдері де сыналды. Іс-шара балалар үшін өте қызықты өтті. Ойын соңында оқушылар мадақтамалармен марапатталды.Сайыс нәтижесі бойынша «Батыр» тобы бас жүлдеге ие болды.

23 қаңтар күні Сапарова Рахима 1 «В» сыныпта ана тілі пәнінен «Жылқы. Қазақ алфавиті» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты:

а) Оқушыларға қазақ алфавиті туралы түсінік беру.Төрт

түліктің бірі-жылқы туралы түсініктерін кеңейту.

ә) Сөйлеу тілдерін,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздік

қорларын молайту.Оқу жылдамдықтарын дамыту.

б) Әдемі жазуға,тазалыққа, тыңдай білуге үйрету.Төрт түлікті

күте білуге үйрету.Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылған. Сабақта түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік әдістері барынша қолданылды. Сабақтың тақырыбын ашар алдында сабақ «Бал жинау» ойыны арқылы өткізілетіндігін түсіндіріп,бағалау үшін әр топқа арнайы гүл жинайтын ыдыстар таратты. Сыныпты «Алғырлар», «Білгірлер»,«Тапқырлар» деп үш топқа бөлді.Кейін өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып,төрт түлік туралы білімдерін тексерді. Өрнектің мәнін табу арқылы  жаңа тақырыпты ашты.Оқушылар оқу, сөйлеу дағдыларын көрсетті. Мұғалім оқушыларды 3 топқа бөліп тапсырмаларды орындатты. Сабақ барысында 3 топты сабаққа қатысушы мұғалім гулдермен бағалап,әр топтың өз ыдысына салып отырды. Сабақ соңында әр топтың жинаған ұпай сандарымен бағалады. 


Ұсыныстар: сергіту сәті кеш өткізілді, мұғалім сабақ жоспарына сай кейбір ойындарды өткізуге үлгермеді,мұғалім үй тапсырмасына көп уақыт бөлді.Уақытты дұрыс пайдалану керек деген ұсыныс айтылды.

26 қаңтар күні Агинбаева Гулмарал 3 «А» сыныбында дүниетану пәнінен «Пайдалы қазбалардың түрлері» атты тақырыпта үлгілі сабақ өткізді. Пайдалы қазбалардың  түрлерімен  таныстыру. Адам өміріндегі маңызына, алыну жолдарына тоқталу. Өз ойларын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге,

өздігінен ізденуін, шығармашылығын, танымдық қабілетін дамыту.

Табиғатты аялай білуге, ел байлығын үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақты оқушылардың психологиялық дайындығымен бастады. Сабақты өлең жолдарымен бастады. Шаттық шеңберін әр оқушы өзінің мақал-мәтелін айтып, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» -деген сөзді барлық оқушылар бірге айтып,жақсы көңіл күймен сабақты бастады.Сыныпты үш топқа бөлді. «Тау жыныстары», «Тығыз тау жыныстары», «Бос тау жыныстары» Оқушылар өз топтарының атаулары туралы өз ойларын сұрақ-жауап арқылы түсіндірді.Жаңа сабақты «Жұмбақтар» шешу арқылы ашып,оқушылардың қызығушылығын оята білді. Қазақтың тұңғыш геологі Отанымызға, елімізге, халқымызға, табиғи байлықтарымызға тіреу де, сүйеу де, қорған да бола білген академик, ғалым, қоғам қайраткері, Жезқазған мыс рудасын ашуға көп еңбек сіңірген осы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев туралы тыңдалым болып өтті. Дәптермен жұмыс барысында 3 топқа пайдалы қазбалардың атын жазу, шартты белгілердің суретін салуды тапсырды.Сабақты қорытындылау мақсатында «Менің ойымша, пайдалы қазбалар бітіп қалса,не болар еді?» сұрағына әрбір оқушының пікірін тыңдап,әр топтан жақсы жауап берген оқушыны мақтап,мадақтады Әр түрлі әдістерді пайдаланып, сонымен оқушы жұмыс жасауы үшін оқушыны жан-жақты танытуға мән бере алды.

Ұсыныстар: Әрбір пайдалы қазбаның өзіне тән шартты белгілері бар екендігін түсіндіру керектігі,суреттен нақты көрсетіп беру,уақытты үнемді пайдалану керектігі ұсыныс ретінде айтылды.

26 қаңтар күні Сембаева Шолпан 1 «А» сыныбында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сыныптан тыс сабақ өткізді. Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.

Сыныпты 3 топқа бөліп өткізді1-тур: «Кім көп біледі?» Қатысушы топтар мақал – мәтел айтудан жарысты.

(1 минут уақыт берілді) Бұл турда 2-топ өз епшілдігін көрсетті.

 2-тур: Мақал – сөздің мәйегі

(тақтада мақал-мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырды)

1. Жақсы кісі байқап сөйлер, ...(жаман кісі шайқап сөйлер)

2. Ер еліне, ...(итиесіне)

3. Балапанұяда не көрсе ... (ұшқандасоныіледі)

4. Өнер - ағыпжатқанбұлақ, ...(Білім – жаныптұрғаншырақ)

 3 – тур: Кім тапқыр?Шарты: Мұғалім жұмбақ жасырды,сол жұмбақтың жауабын тауып айтқан оқушы жауабына сәйкес мақал айтты.

1.Жұмбақ:

Шыңдары шырқау,

Көшіп жүр бір тау. (Түйе)

Мақал: Көрмес түйені де көрмес.

Бұл сайыста ерекше көзге түскен оқушыларды мақтап-мадақтауды ұмытпады. Сабақ өте тартымды өтті. Сайыс нәтижесі бойынша 2- топ жеңімпаз атанып,мақтау қағазымен марапатталды.

26 қаңтар күні Абилтаева Арайлым математика пәнінен «Мәңгілік ел болашағымыз» атты интеллектуалды ойын өткізді. Мақсаты: Білім сайысы арқылы оқушылардың білімін шыңдай түсу, логикалық шапшаң ойлау дағдысын арттыру, дарынды, білімді оқушыны анықтай білу, жеңімпаз, озат болуға тәрбиелеу. Жаңа технологияны жақсы меңгерген жас ұстаз оқушылармен толық қарым- қатынаста болып, берген тапсырмаларына талап қоя білді.Сабақ ойын түрінде өткізілген соң,оқушылар белсенділік таныта білді. Сайыс барысында сынып ішіндегі оқушылар бойында көшбасшылық қасиетін дамыта білді. Мұғалім оқушыларын әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,өзіне баурап алды

Сайыс нәтижесі бойынша «Өркендеу» тобы жеңімпаз атанды

27 қаңтар күні Хавлап Гулжазира 1 «Ә» сыныбында математика пәнінен

«4 санын қосу және азайту» үлгілі сабақ өткізді.Сабақтың құрылымы өте жақсы.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне лайықтап алынған «Қай топ жылдам?», «Балық аулау» ойын түрлері оқушылардың пәнге болған қызығушылығын арттыра түсті.Сабақ барысында Кембридж бағдарламасы бойынша жеті модулде қарастырылған идеяларды сабақта өзара байланыстырып, тиімді қолдана білді.Оқушылар топта бірлесе отырып берілген тапсырманы орындауға, ортақ шешімге келуге, өз ойларын дәлелді түрде жеткізуге төселген.Әсіресе қорытындылау мақсатында жүргізілен «Балық аулау» ойыны өте қызықты өтті.Сабақ тартымды болды. Үлгілі сабақ «өте жақсы» деген бағамен бағаланды.

27 қаңтар күні Ерболқыз Заида 2 «Ә» сыныбында «Қосу және азайту» тақырыбында үлгілі сабақ өткізді.Мақсаты:Қосу мен азайту амалдарын баған түрінде орындалуын қайталау;Бір және екі амалмен шығарылатын есептерді талдау,теңдеу шығару.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту,түрлі тапсырмалар орындау барысында шығармашылық ,іскерлік қабілеттерін , математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру. Сабақты психологиялық сәттен бастап, сынпты 3 топқа бөлді.Сабақ саяхат сабақ түрінде өткізіліп,оқушылар сабақтың барлық кезеңінде өте белсенді қатысты. Қызығушылықты ояту мақсатында жүргізілген математикалық диктантты оқушылар өте қызығушылықпен орындады.Жаңа сабақтың саяхат сабақ болатынын,сабақ барысында оқушыларды жұлдызшамен бағалайтынын айтып өтті.

Тапсырмалар баланың жас ерекшелігін ескеріп жасалынғандығы тапсырмаларды орындау барысында анық көрінді. Тапсырмалар төмендегіше аталып,оқушының қызығушылығын арттыра білді.
Таңбалар елінің тапсырмасы, «Математикалық жұмбақтар» елінде, Математикалық амалдар елінде, «Логика әлемінде»

Сабақ соңында кері байланыс жүргізіп,оқушы-мұғалім арасында ынтымақтастықты ұйымдастыра білді.Сабақ өте тартымды өтті.


Ұсыныстар: Сабақта оқушы жауабын аяғына тыңдау және сыныпты топқа бөлген соң,топтық жұмыс ұйымдастыруы тиіс екендігі ұсыныс ретінде айтылды.

27 қаңтар күні Қурманғалиева Жулдыз «Ертеңгі болашақ-бүгінгі білімді ұрпақ» атты сынып сағатын өткізді. Мақсаты:Оқушыларды ұйымшылдыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету. Сайыс түрінде өтілген сабақ оқушыларды ұйымшылдыққа жетеледі.Жан-жақты қамтылған сұрақтар мен ұтымды жауаптар оқушылардың ізденіске жеткенін көрсете алды.

Бұл тек білімді ғана тексермей, оқушылардың жан-жақтылығына да мән беріліп,күрделенген сұрақтар слайд түрінде көрсетіліп, олардың жылдамдығына мән берді.Сайыс нәтижесінде «Болашақ» тобы өз білімдерін көрсетіп,жеңіс биігінен көрінді.

28 қаңтар күні Хавлап Гулжазира 1 «Ә» сыныбында «Білімділер сайысын»өткізді. Мақсаты: Оқушылардың білім-білік дағдыларын байқау, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, ойлау қабілетін, сөз байлығын дамыту, оқушылардың белсенділігін арттыру. Мұғалім сайыстың шарттарымен таныстырып,сыныпты 2 топқа бөлді.Сайыс кезеңдері төмендегіше болды:Таныстыру, Жасырынған сөзді табу, Кім көп алма тереді? Ребус шешу,Бәйге ,Метаграмма шешу, Тапқыр болсаң тауып көр,Топ басшылар сайысы,Ән байқауы.9 кезеңнен өткен бұл сайыс өте тартысты өтті. Оқушылар барлық кезеңдерде өздерінің белсенділіктерін көрсете білді.

Әсіресе 1-бөлім – Таныстыру өте қызықты болды.Топ басшысы:Мырзабек Бекарысөз тобын таныстыруда өз шеберлігін көрсетіп, барлық бөлім бойынша өздерінің алғырлығымен «Білімділер» тобы жеңіп, мақтау қағазымен марапатталды.

28 қаңтар күні Алимова Ильмира 2 «А» сыныбында «Тапқыр болсаң,озып көр» атты интелектуалдық сайыс өткізді. Мақсаты: Оқушылардың білім-білік дағдыларын байқау, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, ойлау қабілетін, сөз байлығын дамыту, оқушылардың белсенділігін арттыру.Оқушыларды тапқырлыққа, ұжымшылыққа баулу.Отансүйгіштікке тәрбиелеу,шапшаңдыққа, алғырлыққа баулу. Оқушыларды 2 топқа бөлді.«Талай сынды бағындырар Қырандар» тобы, «Биікте самғайтын Сұңқарлар» тобы атты топтарға бөліп 10 кезеңнен тұратын сайыс өткізді.

1. Таныстыру

2. Бәйге Сұрақ-жауап

3. Сиқырлы ұяшықтар

4. 3 тұғырлы тіл «Мақалда жасырынған сөзді тап»

5.Ұшқыр ой Бұл кім туралы айтылған?

6. Кім жылдам?

7.Логикалық сұрақтар

8.Жұмбақтың шешуін табу «Бұл қандай зат?»

9. Топ басшылар сайысы «Кім жылдам?»

10. Актерлік шеберлік

10 кезеңнен тұратын бұл сайыста оқушылар өз білімдерін жан-жақты көрсете білді.

Оқушылар 4- 3 тұғырлы тіл «Мақалда жасырынған сөзді тап» кезеңінде өздерінің ағылшын,орыс тілдерін өте жақсы меңгергендіктерін көрсете білді.Сайыс нәтижесі бойынша «Сұңқарлар» тобы жеңіп,мақтау қағазымен марапатталды.


27 қаңтар күні Әуесхан Гулмарал 1 «Б» сыныбында үлгілі сабақ өткізді.Сабақтың тақырыбы: Сиыр. Жуан дауысты дыбыстар Мұғалім сабақ жоспарын оқушылардың жас ерекшелігіне сай, қызығушылығы мен білім деңгейлеріне сай құрды. Оқушылар сабаққа үлкен қызығушылық танытып, белсене қатысты. Мұғалімнің сабаққа дайындаған көрнекі құралдары эстетикалық талғамға сай болды. Мұғалім сабақты түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік әдістеріне сүйене отырып жүргізді. Сабақ кезінде ойын элементтері орынды қолданылды. Оқушылар дыбыстық талдау жасап, өз ойларын, үй жануарлары туралы білетіндерін айтумен болды. Сабақ үй жануарларының суреттерін бояумен қорытындыланды. Бағалау кезеңінде мұғалім жұлдызшаларды қолданды. Ұсыныстар: сергіту сәті кеш өткізілді, балалар сабақта жинақы отырмады, мұғалім сабақ жоспарына сай кейбір ойындарды өткізуге үлгермеді, оқушылардың орындықта дұрыс отыру дағдылары мұғалімнің қадағалауынсыз қалды.Мұғалім сабақта оқушыларды өзіне баурай алмады.

27 қаңтар күні сағат Іс-шара балалар үшін өте қызықты өтті. Ойын соңында оқушылар мадақтамалармен марапатталды

30 қаңтар күні Бастауыш онкүндігінің жабылуына орай директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Үміт Мамыркулованың басшылығымен ұйымдастырылған бастауыш сынып жетекшілері арасында мектебімізде «Үздік бастауыш сынып-2016» байқауы болып өтті. Сайыс 4 кезеңнен тұрады.1 кезең-сырттай,яғни мұғалімнің портфолиосын белгіленген критерийлермен бағалау жүргізілді.Сайысқа қатысқан 8 мұғалімнің де портфолиосы «өте жақсы»деген бағамен бағаланды. «Сегіз қырлы,бір сырлы» демекші ұстаздарымыз әр кезеңде өздерін әр қырынан көрсете білді. Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен,тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй,-деп Абай атамыз жырлағандай, өнерлі ұстаздарымыз 2- Таныстыру кезеңінде өздерін музыканың сүйемелдеуімен өте тартымды таныстыра білді.

3-кезең: Жаңа үлгідегі сабақтың презентациясын қорғауда бастауыш сынып мұғалімдері өз шеберліктерін көрсете білді. Бұл кезеңде ұстаздар өз сабақтарының кезеңдеріне тоқталып,сайысқа қатысқан қонақтармен сабақтың бір кезеңін өткізді. Сабақ беруде пәндерді оқыту жаңа технологиясын жан-жақты қолдану- ұстаз білігі мен шеберлігі. Яғни, тәуелсіз елдің талапты ұрпағын тәрбиелеудегі жауапкершілік болып табылады. Сайыс нәтижесін қорытындылай келе әрбір қатысқан мұғалім мақтау қағазымен марапатталды. «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2016» байқауында Сапарова Рахима «Зерделі ұстаз»,Сембаева Шолпан «Ізденмпаз ұстаз»,Агинбаева Гулнара «Жаңашыл ұстаз» номинациясымен марапатталса, Ерболқызы Заида жаңа үлгідегі сабақта ұтымды әдіс-тәсіл көрсеткені үшін жүлделі 3-орынды жеңіп алды. Хавлап Гулжазира және Абилтаева Арайлым өзіндік ізденісімен ерекше көзге түскені үшін жүлделі 2-орынды жеңіп алды.Бұл байқауда өзіндік жаңашылдығымен Қурманғалиева Жулдыз 1-орынды жеңіп алса, барлық кезеңдерде өте жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін Алимова Ильмира бас жүлдені бастауыш сынып жеңіп алды.

Бастауыш сынып онкүндігі барысында бастауыш сынып оқушылары әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін,тапқырлықтарын көрсете білді.Барлық сабақтар «өте жақсы» деңгейде өткізілді.Онкүндік барысында әрбір оқушы өз білімі мен логикалық ойлау қабілетін дамытуғамүмкіндік алды.





Ұсыныстар:




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Балдәурен бастауыш онкүндігінің қорытындысы

Автор: Алимова Ильмира Абдуллаевна

Дата: 14.01.2017

Номер свидетельства: 379209


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства