kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Балаларды? атасы-Ыбырай"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Открытый урок по казахской литературе для шестого класса. Тему переводится как "Отец детей Ыбырай" Ыбырай Алтынсарин занимает почетное место в истории казахской литературы. он является первооткрывателем школ с русским языком обучения в Казахстане. Данный урок, открытй урок разработан для учащихся шестого класса. Различные задания презентации, дети работают со словами и с текстом.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Балаларды? атасы-Ыбырай" »

«№5 орта мектеп» КММ

Мұғалім: Тюляева Бактылы Төлепқызы

Ашық сабақтың өтілетін сыныбы: 6 «а»

Пән: қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, алған білімдерін жинақтау, жүйелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ізденпаздық, байқампаздық қасиеттерін қалыптастыру; Тапқырлыққа, ой еркіндігіне , зерделікке баулу. Тіл байлығын тереңдету, өз ойларын айта білуге дағдыландыру, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: оқушылардың адамгершілік қасиетін қалыптастыру. Білімге қызығушылығын арттыру,еңбек етуге, туған елін, Отанын сүюге баулу.

Түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: ыбырайдың портреті, суреттер, тұсаукесер (презентация), тірек сызбалар, тест, көрініс, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабақтың тақырыбымен таныстыру.

- Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Балалар әдебиетінің атасы -Ыбырай». Алтынсариннің шығармашылығымен танысып, алған білімімізді тиянақтаймыз, жинақтаймыз. Ыбырай туралы не білеміз? Не білгіміз келеді? Нені білдік?

-Біз Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянын, шығармаларын білеміз, оқулықта берілмеген, өміріндегі маңызды жағдайлар жайында білгіміз келеді.

І. Ыбырай Алтынсарин қашан , қайда дүниеге келген? Ол кім? Ол қашан , қайда білім алған? Оның атасы кім? Қандай адам болған? Орыс әдебиетімен кім арқылы танысады? Ыбырай неліктен балаларды өз үйіне оқытады? Торғай мектебі қашан ашылды?

Өлеңдері: «Кел, балалар оқылық», «Өзен», «Жаз», «Өнер, білім бар жұрттар», Әңгімелері: «Бір уыс мақта», «Талаптың пайдасы», «Өрмекші, құмырсқа , қарлығаш», «түлкі мен ешкі», «Бай баласы мен жарлы бала», «Таза бұлақ», «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейітқұл », «Киіз үй мен ағаш үй», «Китайская царевна Силичи», «Әке мен бала» , «Бақша ағштары», «Сараңдық». Т.б

«Кел, балалар, оқылық » өлеңі оқылады.

ІІ. Жарасқан Әбдірашевтың өлеңі :



Жалықпастан қыс жазы

Ұлы Ыбырай атамыз

Ұстаздардың ұстазы.

Ұран тастап көп елге:

«Кел, балалар, оқылық»

Деген сөзін көңілге

Ықылыспен тоқыдық.

ІІІ. Презентация (Тұсаукесер)

Ыбырай Алтынсарин өмірі, шығармашылығы. Әкесі алтынсары Орта жүз, қыпшақ тайпасынан, анасы Айман арғын, Шеген бидің қызы. 1844 жылы әкесі Кенесары қозғалысында қайтыс болған, сонда бесікте жатқан Ыбырайды Жетібай Өтемісов деген азамат аман алып қалған.

ІY. «Жаз», және «Өзен», өлеңдерінен үзінді оқылады.

Y. Жазушының қысқа әңгімелерінен көріністер көрсетіледі.

«Әке мен бала» көрінісі.

Автор: бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу қайтып келе жатса жолда бір ескі тағаны көріп баласына:

Анау тағаны , балам ала жүр.

Баласы : Сынып қалған ескі тағаны не қылайын?

Автор: Әкесі үндмей , өзі тағаны көтеріп, қала сыртына барып, үш тиынға сатады.

Автор: ыбырай Алтынсарин балалардың жалқау болмауына, еңбекқор болуына ерекше мін беоген.

«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш»ү Интерактивті тақтадан осы жәндіктердің суреті бар слайд көрінісі көрсетіледі.

Автор: Атасы он жасар ұлымен далада келе жатқан баласынан сұрады.

Атасы: анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?

Баласы: Көремін, өрмек тоқып жүр.

Атасы: Анау құмырсқаны көремісің?

Баласы: Көремін, аузында нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады.

Атасы: Жоғары қара, көкте не көресің?

Баласы: жоғарыда қарлығаш ұшып жүр. Аузында тістеген шөбі бар.

Атасы: ола йболса, балам, осы жәндіктер саған үлгі. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Қарлығаш , өрмекші, ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа. Жұмыс істеуге әдеттен.

\\\Балалар , еңбек туралы қандай мақал мәтел білесіңдер?

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

Еңбектік наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Бақыт кіліт еңбекте.

«Бақша ағаштары», «Түлкі мен ешкі» әңгімелерінен слайд және көрініс көрсетіледі. Табиғат туралы, ақыл, білім туралы қандай мақалдарды білесіңдер?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Балаларды? атасы-Ыбырай"

Автор: Тюляева Бактылы Тулеповна

Дата: 27.01.2015

Номер свидетельства: 162287


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства