Просмотр содержимого документа
«Бабадан ?ал?ан асыл м?ра»
Тақырыбы: «Бабадан қалған асыл мұра.»
Мақсаты: Ауыз әдебиеті түрлерінен өткенді қайталата отырып, оның тәрбиелік мән-мазмұнын түсіндірі; өзіндік көз қарасын, пікірін айта білуге үйрету; ойын дәлелді, жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.
Түрі: Түсіндірмелі
Барысы: Ұйымдастыру бөлімі.
Мазмұны:
Адамгершілік сапаларын жетілдіре отырып, ұлтжандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу болды.
Сұрақ:
Күйді кім шығарды?
Жауап:
Күйді халық шығарады. Қазақ халқы ежелден ән-күй өнерін жақсы көрген. Ата-бабамыз домбыраның көмейінен төгілген небір-небір керемет күйлерді шығарып, кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырды.
Сұрақ:
Қазақ халқы тағы нені құрметтеп, қадірлеген?
Жауап:
Біздің ата-бабамыз өнердің ішіндегі ең басты сөз өнері деп санаған. Сөз өнерін құрметтеп өткен. Оған мысал ретінде ауыз әдебиетін алуға болдаы т.б.
Ата-бабамыз баланың белі бесіктен шықпай жатып–ақ оны тәрбиелеген. Кішкентай сәбиін тербетіп, бесік жырын айтып, әлдилеп отырған ананың бейнесін көз алдымызға елестетіп көрейікші. Ол күні бойы жұмыс істеп, күш-қуаты азайып, әлсіреп қалғанына қарамастан:
“Әлди, әлди, бөпем-ай,
Ақ бесікке жата ғой.
Тәтті ұйқыға бата ғой” – деп, бесік жырын айтады. Ананың махаббатынан туған ән адамның әсірегенін басып, бойына қуат береді. Ал, ананың әлдиінен сәби санасына ән өнерінің ағашқы тамшылары құйыла бастайды.
Сұрақ:
Ертегідегі қандай жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
Жауап:
Мыстан кемпір, Жезтырнақ, Қара дәу, Сиқыршы т.б.
Сұрақ:
Олардың адамдарға деген көз қарасы қандай?
Жауап:
Олар ешқашан жақсылық ойламайды. Ойы қара,өздеріде сұрықсыз болып келеді. Мыстан кемпірдің шашы жалбырап, тістері сояудай-сояудай болып,үстіне батпан-батпан кір арқалап жүреді. Бәтеңкенің бауын апа мен папа байлап беріп, қасықпен аузымызға тамақ салмайды. Ересек ұл мен қыз екендеріңді өздеріңде сезінесіңдер. Адам ер жеткен сайын, ақылы толып, кемелдене бастайды. Ақылды болуымыз үшін тереің ойлай білуіміз қажет.
Сұрақ:
“Алпамыс батыр” қандай сусын ішкен?
Жауап:
“Алпамыс батыр” шарап ішкен.
Сұрақ:
Мақал-мәтелдерді кімдер көп біледі?
Жауап:
Ақындар мен шешендер.
Ақындық мен шешендік егіз өнер. Қазақтың ақыны шешен, шешені – ақын. Қазақ әдебиетінің классиктері Бұқар Қалмақанұлы, Маханбет Өтемісұлы, Абай Құнанбаев т.б. әрі ақын әрі шешен болған.
Қазақ ақындары мен шешендерінің алғашқы ұстаздары - әкесі мен шешесі, атасы мен әжесі, асқан ақыл білімділігімен, шешендігімен елге танылған ауылдас, рулас қариялар, халық даналары. Көпті көрген, көпті жасаған қазақ қариялары оқымасада көкейге тоқғандарын, одан жасаған қорытындыларын құйма құлақ жастарға үйретуден жалықпаған.
Талапты жастар үлкендерден өнер білім үйренуді өздеріне міндет, мұрат тұтқан, жақсының атын ерттеп, қасына еріп үлгі өнеге алуды ар-намыс санамаған. Сосын, үлгі алып, ұстаз тұтқан адамына әрқашан келіп сәлем беріп, ақыл кеңес сұрап, құрметтеп тұруды да ұмытпаған.