Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Шығарма кейіпкерлері бойынша топқа бөлу. Ой қозғау сұрақтары Сенім деген не? Сенімді ақтау дегенді қалай түсінесіңдер? 1-тапсырма. (Топтық жұмыс). Әр топқа бір образды ашу тапсырмасы беріледі.Оқушылар повестегі басты кейіпкерлерді сызбаға орналастырып, олардың образын сипаттайды (Қожа, Жантас, Майқанова, Жанар.) Бағалау критерийі | Дескриптор | 1.Басты кейіпкерлердің образын ашу | 1.Кейіпкерлер портретін сипаттай алады. | 2.Кейіпкерлерді салыстыру, суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу. | 1.Кейіпкерлердің іс-әрекеттерін салыстыра алады. 2.Қарама-қарсы суреттеулерді табады. | Бағалау. Оқушылар бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды. 2-тапсырма. «Крестиктер - нөлдіктер» әдісі. Ережесі:1. 1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды. 2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды. 3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды. 4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады. Бердібек Соқпақбаев қай жылы дүниеге келді? Бердібек Соқпақбаев атамыздың қандай шығармалары бар? «Менің атым Қожа» повесіндегі кейіпкерлерді атап бер? Анфиса Михайловна үйге қандай тапсырма берген еді? Жанардың фамилиясы кім? Қожа Анфиса Михайлованың сабақ сұрау тәсілін кіммен салыстырады және ол мұғалім сабақты қалай сұрайтын еді? – Қадыров, немене, ұйықтап қалғансың ба? Тоқта, галстугыңды түзе,- деп айтқан қай пән мұғалімі? «Менің атым Қожа» фильмі қай жылы көрсетілді? «Менің атым Қожа» фильмінің режиссері кім? Бағалау. Оқушылар бір-бірін «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды. Рефлексия. Оқушылар смайликтер арқылы сабақты бағалайды. «Бала шақтан-болашаққа» атты эссе жазу |