kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Б.Сокбакбаев "Менің атым Қожа" 6 сынып әдебиет

Нажмите, чтобы узнать подробности

сабақ жоспары. 6 сынып қазақ әдебиеті пәнінен

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Б.Сокбакбаев "Менің атым Қожа" 6 сынып әдебиет»

Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылы

Әбдір Сағынтаев атындағы орта мектеп












Ашық сабақ тақырыбы:



Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі,

«Түбінде адам болатын бала»









Пән: әдебиет

Сынып: 6

Мұғалім: Бердібаева Дамира Кенжебекқызы























2016-2017 оқу жылы

Сынып: 6 « пән атауы: қазақ әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаевтың «Менің атым- Қожа» повесі, «Түбінде адам болатын бала»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларды оқыған повесть бойынша мазмұнын меңгере отыра, кейіпкерге мінездеме беруге, салыстыруға, олардың бейнесін аша білуге алған білімін қолдана білуге үйрету.

2.Дамытушылық: Әр баланың сезіміне ерік бере отырып, іздену, хат жазу, түрлі жағдаяттарды шешу арқылы шығармашылық қабілетін арттыру.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды өзінің және өзгенің бойындағы жағымды –жағымсыз жақтарын көре отырып, ажырата отырып, ұстаз еңбегін бағалап, айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста бола білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: талдау, шығармашылық сабақ Сабақтың әдісі: іздену, сұрақ-жауап, ой шақыру, салыстыру, шығармашылық жұмыс.

Қолданылатын көрінекіліктер: Интерактивті псевдоголографиялық тақта, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, Абдолла Қарсақбаевтың “Менің атым Қожа және Еркін Рахышевтің “Менің де атым Қожа” фильмінен үзінді, слайд арқылы кесте, тірек сызба.

Сабақтың барысы

І.Қызығушылықты ояту: Сергіту сәті «Сезмді ояту»

ІІ.Мағынаны тану:

1. Бұл қай сәт?

2. Ой тастау

3. Іздену

4. Салыстыру

ІІІ.Ой толғаныс:

1. Тест

2. Ой толғау. Шығармашылық жұмыс

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа ынталандыру, кітап, дәптер, қажетті құрал-жабдықтарын дайындату, бағалау парағын тарату.

Кіріспе сөз: Өткен сабағымызда Бердібек Соқпақбаевтың балалардың мектеп өмірімен тығыз байланысты «Менің атым-Қожа» атты повесін оқыған болатынбыз. Негізінен автор 8 жасынан шешесінен айырылып жетім қалады. Балалық шағы колхоздастырудың алғашқы қиын жолдарында өткенін біз білеміз. Кейін шығармашылықпен айналысып, көптеген еңбектерін бізге мұра етті. Соның бірі-«Менің атым- Қожа» повесі. 1963 жылы бұл шығарма желісімен түсірілген «Менің атым Қожа» Абдолла Қарсақбаевтың алғашқы көркем фильмі еді. Бұл туынды сол кезде 37 жаста болған режиссерді әлемге танытты. 1967 жылы Францияның атақты Канн халықаралық фестивалінде режиссерлік шеберлігі үшін бас жүлдені жеңіп алды. Бұл қазақ киносының сол кездегі үлкен жетістігі болды.

І.Қызығушылықты ояту: Сергіту сәті «Сезмді ояту»

Сезімді ояту

Елестету

Қожаны қандай бала деп елестетесің? Портреті


Сүйсіну

Кімдердің қандай қылығына сүйсіндің?


Жек көру

Кімдердің қандай әрекеті ұнамады?


Жаны ашу

Қай жерінде өзіңде жаны ашу сезімі пайда болды?


Өкініш

Өкініш сезімі пайда болды ма, қашан?


Таңдану

Таңғалып, риза болған сәтің ше?


ІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі:

ІІ.Мағынаны тану:

1.Бұл қай сәт?

1.“Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!”

2.“Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін”

3.“Маңдайымнан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма? ”

3. Ой тастау

Экраннан «Менің атым Қожа» филімінен үзінді көрсетіледі. Эпизодтар бойынша сұрақтар қойылады. «Ойтастау». Тапсырма әр топқа беріледі.

1.«Екі қолын кеңінен сермеп, ара-тұра жұдырығымен үстелді сермеп қояды.Басын біресе оңға, біресе солға бұрып сөйледі.» Бұл кім? Қожа директордың не айтып жатқанын анық біле ме? Сенің ойыңша ол не айтып жатыр?

2. Педкеңесте Майқанова сөз алды. Оның не айтып жатқаны Қожаға белгілі. Ал сенің ойыңша Сәбира Майқанова қалай сөйлеп жатыр?

3.Осы кезде Анфиса Михайловна өзгелерден гөрі ерекше мәз болып отырды, неліктен? Ол кісінің қандай ойда отырғанын айта аласың ба?

Ой тастау «Жаңа өмірге қадам» Қожаның өсуіне себеп болған кімдер? Қалай ойлайсыздар, әдепті жолға түсуіне не себепкер болды?

- Анасын аяуы ма, Сәйбек қарт айтқан естеліктер ме, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме ?

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:

3.Іздену.

Абдолла Қарсақбаевтың “Менің атым Қожа” фильміне түскен Қожа, Жанар, Жантас, Майқанова және т.б. кейіпкерлер бейнесін сомдаған актерлер туралы іздеген деректерін ортаға салады.

4. Салыстыру.

Абдолла Қарсақбаевтың “Менің атым Қожа” фильмі мен Еркін Рахышевтің “Менің де атым Қожа” фильмін салыстырып, ұқсастықтарын табу. Венн диаграммасы

ІV. Жаңа білімді бекіту кезеңі:

1. «Бұл кім?» тест

1.Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш

А)Қожа

Ә)Сұлтан

Б)Жантас

2.Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз.

А)Алмас

Ә)Сұлтан

Б)Қожа

3. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін?

А)Анфиса Михайловна

Ә) Сабира Майқанова

Б)Оспанов

4. Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың ?

А) Анфиса Михайловна

Ә) Сабира Майқанова

Б)Ахметов

5. Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр.

А) Әубәкір шал

Ә) Сәйбек қарт

Б)Ахметов 6. Келесі сабаққа қайыссың бақа ұстап әкелесіңдер ?

А) Зоология пәні мұғалімі Оспанов

Ә)Қазақ тілі пәні мұғалімі Майқанова

Б)Орыс тілі пәні мұғалімі Михайловна

7. Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай бақыт жоқ-деген кім?

А) Әжесі

Ә)Миллат анасы

Б)Сынып жетекшісі

8. –Саламат бол, балам! Сен менене, жападан-жалғыз есікті іліп алып отырсың?

А)Әубәкір шал

Ә)Сәйбек қарт

Б)Нұри кемпір

9. –Қадыров, ұйықтап қалғансың ба? Тоқта галстугіңді түзе!

А)Сабира Майқанов

Ә)Анфиса Михайловна

Б)Директор Ахметов

10. Сабаққа дайындалмай келуші ме еді. Бастады да сыдыртып тоқтамай айтып шықты.

А)Балабекова Жанар

Ә)Тұрсынбаев Жантас

Б) Жақанов

V. Қорытындылау кезеңі:

2.Ойтолғау. Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс «Қожаға хат»

Құрметті Қожа!-----------------------------------------------

VІ. Бағалау кезеңі: Бағалау парақтары арқылы әр топ басшысы бағалап шығады.

Аты-жөні

«Сезмді ояту»

Бұл қай сәт?

Ой тастау

Іздену

Салыстыру

Тест

Ойтолғау

Баға




























Рефлексия

Нені білмедім?

Нені үйрендім?

Нені білгім келеді?




VІІ. Үйге тапсырма: «Нағыз адам болу-адамның өзіне байланысты» тақырыбында эссе жазу
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Б.Сокбакбаев "Менің атым Қожа" 6 сынып әдебиет

Автор: Бердибаева Дамира Кенжебековна

Дата: 15.03.2017

Номер свидетельства: 400600


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства