Сынып: 6 Пән:әдебиет | Тақырып: Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы» әңгімесі («Қанмен жазылған кітап» жинағынан үзінді) |
Қызығушылықты ояту | 26.12.2014. Алматы қаласында өткен «Бауыржан Момышұлының рухани-адамгершілік және әскери мұрасы» атты І республикалық оқуларына қатысқан Исжанов Арсеннің әсерін тыңдау. |
Деңгей | Берілген деңгей бойынша сұрақ-тапсырмалар | Оқушының іс-әрекеті |
Білім | 1.Бауыржан Момышұлының әскери адам, әскери жазушы екендігін таныту. 2. Қазақ мақалының күшін түсіндіру. 3.Оқушыларды сөз тереңдігін түсінуге, елін, жерін сүюге, азаматтық парыздарын түсінуге тәрбиелеу. |
Түсіну | 1.Бауыржан Момышұлының «Жауынгердің тұлғасы» әңгімесінде қай жерді қорғау кезіндегі ұрыс туралы айтылған? 2.Генералдың қай жер болса сол жерге жұмсап, шаша беретін командирлерім жоқ дегенін қалай түсінесің? 3. «К» стансасы үшін ерегіс соғыстың мәні неде? | Мәскеу түбіндегі қысылтаяң шақта Б.Момышұлы: «Крюковадан шығысқа қарай жер жоқ!»-деп картаның жартысын пышақпен кесіп тастаған. Себебі Крюкованы жау алып қойса, Москваға қауіп төнеді. Генерал Б.Момышұлының осындай жаужүректігін бағалаған. |
Қолдану | Мәтінге сүйене отырып, Бауыржан Момышұлының моделін жаса. | Бауыржан Момышұлы 1.Аға лейтенант шеніндегі батальон командирі. 2.Жиырма жеті рет жаумен бетпе-бет ұрыс жүргізген. 3.Бес рет батальонын дұшпан қоршауынан қақ жарып алып шыққан. 4. Аға лейтенант шеніндегі полк командирі. 5.Ұлттық тәрбиені шеберлікпен қолдана білетін білімді, білікті әскери педогог. |
Талдау | Мәтінде кездесетін мақал-мәтелдерді теріп жаз. Бауыржан Момышұлы оларды қандай жағдайда қолданғанына тоқтал. Бауыржан Момышұлының тіл шеберлігіне мысал келтір | «Мың қабат торқаңнан тоқтышағымның терісі артық», «Түсі жақсыдан түңілме», «Төртеу түгел болса, төбедегіні алады», «Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді», «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады». Мысал: Ресейдің қылшылдаған қысы малдас құрып, өз тағына түнере мелшиіп отырған. |
Жинақтау | Жауынгердің тұлғасы қандай болуы керек? | 1.Жаудың әрекетін мұқият бақылаушы. 2.Жерді азат ету жолында күн-түнмен есептеспейтін ел қорғаушы. 3.Батыр, батыл. 4.Бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін күресуші. 5.Отбасын, Отанын сүйетін адам. |
Бағалау | «Соғыстағы ерлік», «Бейбіт өмірдегі батырлық» (өз қалаулары бойынша шығарма, эссе) | Б.Момышұлы: -Ерлік дегеніміз – адамға туа біткен емес, дұрыс жүргізілген әскери тәрбиенің жемісі... ...Бейбіт өмірде ерлік жасауға бола ма? Әрине, болады. Ерлік білекте емес, жүректе. Адам ерлікке ойланбастан барады. Ерліктің серігі - сабырлылық. |
Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Маханбетова Б.Ж.