kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Асыл с?зді іздесе? Абайды о?ы ерінбе

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: « Асыл с?зді іздесе?, Абайды о?ы ерінбе»

Саба?ты? ма?саты:

Білімділігі: С?з ?нері - Абай шы?армашылы?ынан  ал?ан білімдерін тексеру, о?ушы бойына  ?ле?дері мен ?ара с?здеріні?  мазм?н бірлігін, саба?тасты?ын т?сіндіру.

Дамытушылы?: ?р о?ушыны? ?зіндік ой-?иялына ерік беріп, ?зінше ой ?орыту?а, ой т?юге баулу, шы?армашылы? ж?мыс?а ж?мылдыру ар?ылы  таным-т?сініктерін дамыту.

Т?рбиелік :  О?ушыларды адами ?асиеттерге  баулу, о?ушыны?  азаматты? бейнесін ?алыптастыру.

К?рнекілік: Слайдттар, Абай портреті, кітаптары, буклеттер.

Т?рі: ?айталау саба?ы.

?діс-т?сілдері: Топты? ж?мыс, ой дамыту, ой ?орыту, талдау, м?нерлеп о?у, іздендіру, зерттеу,бес жолды ?ле?.

П?наралы? байланыс: тарих, а?ылшын, музыка, орыс ?дбиеті.

О?ыту формасы: бірлескен ?жымды? іс –?рекет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Асыл с?зді іздесе? Абайды о?ы ерінбе »

Сабақтың тақырыбы: « Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Сөз өнері - Абай шығармашылығынан алған білімдерін тексеру , оқушы бойына өлеңдері мен қара сөздерінің мазмұн бірлігін , сабақтастығын түсіндіру.

Дамытушылық: Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік беріп, өзінше ой қорытуға , ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.

Тәрбиелік : Оқушыларды адами қасиеттерге баулу , оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.

Көрнекілік: Слайдттар, Абай портреті, кітаптары, буклеттер.

Түрі: Қайталау сабағы.

Әдіс-тәсілдері: Топтық жұмыс, ой дамыту, ой қорыту, талдау , мәнерлеп оқу, іздендіру, зерттеу,бес жолды өлең.

Пәнаралық байланыс: тарих, ағылшын, музыка, орыс әдбиеті.

Оқыту формасы: бірлескен ұжымдық іс –әрекет.

Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу. Оқушы зейінін тұрақтандыру. Оқушыларды екі топқа бөліп алам. Ол үшін Абайдың екі өлеңін алып әр жолын қағазға шығарып араластырып тастаймын, содан кейін әр оқушы өлеңнің бір жолын алып өз тобын табады. Бірінші топ «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін әнімен орындап өз топтарын «Ізденушілер» деп атады.

Екінші топ «Айттым сәлем Қаламқас» өлеңін әнімен орындап өз топтарын «Зерттеушілер» деп атады.

Бүгінгі сабағымыздың эпиграфы: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деп елбасымаз Н.Ә.Назарбаев айтқандай Абай атамыз жарқын бейнесімен де ,жалынды жырымен де , бізбен бірге жасап келеді. Ұлы атамыздың бізге берген еншісі ,қалдырған аманаты- асыл сөздері. Бүгінгі сабағымыздың таұырыбы «Асыл сөзді іздесең , Абайды оқы ерінбе» деп аталуы тегін емес. Аз өмір сүріп , азаппен өткен Абай бүгін бізбен мәңгі жасайды.

1-тапсырма: 1-топ «Ізденушілер» Ақын өмірбаянын хронологиялық таблица бойынша әңгімелеу.

2-топ «Зерттеушілер» Әр жылдары жазылған еңбектерімен таныстыру.

Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыстанып өз жұмыстарын жоба түрінде қорғайды.

2-тапсырма: 1-топ «Ізденушілер» « Абай сазгер»

«Ұйықтап жатқан көңілді ән оятар» дегендей Абай ақындық өнермен қоса әншілік, сазгерлік өнерді де аса жоғары бағалаған. Абайдың өзі шығарған 20 шақты өлең –әндері бар. Енді назарларыңызға бір өлеңін әнімен орындап берейік.

Көзімнің қарасы,

Көңлімнің санасы.

Бітпейді іштегі ,

Ғашықтық жарасы.

2-топ «Зерттеушілер» Абай аудармашы. Гете – Лермонтов - Абай. Бұл Ұлылардың үндестігі неде. 1780 жылы Гете күзде Кикельхан шыңына жаяу сапар шегеді. Шың түбіндегі аңшының үйінің қабырғасына небәрі сегіз жол өлең жазады. Бұл кейін дүние жүзіне танымал болған , сан алуан тілдерге аударылған әйгілі жолаушының түнгі жыры еді. Бұл кейін дүние жүзіне танымал болды , сан алуан тілдерге аударылды . Бұл жырдың алпыс жыл өткен соң Лермонтовта « Горные вершины» деген атпен аудармасы жарық көрді. Ал елу жылдан астам уақыттан кейін Абай оны «Қараңғы түнде тау қалғып» деп аударды.

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт дел сал қып,

Түн басады салбырап.

Горные вершины

Спят во тьме ночной

Тихие домны

Полны снежной милой


At the night fast asleep

Mountains se dreaming so deep

So silent duite is the wood

The night comes to us thank you

3-тапсырма: «РАФТ» әдісі

«Ізденушілер» Р-Абай

А-оқушылар

Ф- хат

Т- Абайдың қара сөздері.


«Зерттеушілер» Р- Абай

А- оқушылар

Ф- хат

Т- Абайдың поэмалары.

4- тапсырма: Дыбыстар сөйлейді стретегиясы. Екі топқа да тапсырма бірдей.

И- иманды
Б- байыпты
Р- рақымды
А- ақын
Һ- Һәм
И- инабатты
М- мәмілегер

5-тапсырма: Қорытынды ойды жалғастыр.

Екі топқа бірдей тапсырма.

Абайды оқыңыз...

Жақсылық пен жамандықты ,әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе , Абайды оқыңыз.

Адамгершілік пен арлылық, махаббат пен зұлымдық туралы білгіңіз келсе Абайды оқыңыз.

Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстары мен сырлары туралы білгіңіз келсе , Абайды оқыңыз.

Тіршіліктің мәңгі сауалдарына жауап іздеп , он сегіз мың ғаламның құпиясын білгіңіз келсе , Абайды оқыңыз.

Бағалау. Оқушыларды бағалау парағы арқылы бағалаймын.

Үйге тапсырма: Ой –толғаныс «Абай- дара тұлға»







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Асыл с?зді іздесе? Абайды о?ы ерінбе

Автор: Ахметкалиева Орынг?л Ас?ар?ызы

Дата: 25.04.2015

Номер свидетельства: 205611


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства