Ашық сабақ жоспары.
Тақырыбы:
«Ғабит Мүсірепов.
Автобиографиялық әңгіме»
(2 сабақ)
7 сынып
Сұлтанова А.Ә
Тайынша қаласы № 2 орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов. «Автобиографиялық әңгіме» .(1 сабақ)
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Ғ. Мүсіреповтің өмір жолы, шығармашылығы туралы әңгімелеп, үзіндінің бірінші бөлімін оқу, аудару, алған білімдерін сұрақтар мен тапсырмалар арқылы бекіту, жазушының өмірі туралы қосымша мағұлмат беру.
2. Дамытушылық: Үзіндінің тақырыбын анықтай отырып, кейіпкердің сипатын ашу, сұрақтар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу әрекетін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: жазушының өмір жолын үлгі ете отырып, мейірімділікке, ерлікке, елін, жерін сүюге, қадірлеуге, ізгілік, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру, мәтінмен жұмыс.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, ойын, білімдерін жинақтау, талдау.
Көрнектілік: Ғ. Мүсіреповтің портреті, слайдтар, цитата жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу.Сабақтың мақсатын түсіндіру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Қазақ халқының белгілі ақын-жазушылары туралы алған білімдерін еске түсіру, сұрақ қою:
А) Біз сабақта қандай ақын-жазушылар туралы өттік?
Ә) Сол жазушылардың ішінде М. Әуезов туралы не білеміз?
Б) Ол қайда туды?
В) Жазушының қандай шығармалары бар?
Г) М. Әуезовтің қандай белгілі романы бар? Роман кім туралы?
ІІІ. Жаңа тақырып.
Б: 84 Жазушының өмірі туралы мәтінді оқу, аудару, сұрақтарға жауап беру.
Ғ. Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы туралы қосымша мәлімет беру, дәптерлеріне жаздырту. (Слайдтар көрсету) :
Ғ. Мүсірепов Солтүстік Қазақстан облысында Жамбыл ауданында туған. Ауыл молдасынан хат таныған ол, кейін екі сыныптық орыс мектебін бітіреді. 1926 жылы Орынбордағы жұмысшы факультетін, содан соң Омбыдағы ауылшаруашылық институтын бітіреді. Осы жылдары оның жазушылық дарыны оянып, ол алғаш рет өзінің «Тулаған толқында» атты повесін жазады. Кейін көптеген шығармалары дүниеге келді. Жазушы қоғамдық жұмысқа белсене араласып, әртүрлі қызметтер атқарды.
Қазақ әдебиетінде алғаш рет қазақ әйелі - Ана туралы жазған Ғ. Мүсірепов еді. Оның «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы»,т.б. әңгімелері, «Ұлпан» атты романы бар. « Шұғыла», «Талпақ танау» т. б. шығармалары колхоздастыру, ұжымдық тақырыбына арналған. Қазақстанда жұмысшы табының пайда болуы, өндірістің дамуы туралы «Оянған өлке» романы сыр шертеді. « Қазақ солдаты» романында Ұлы Отан соғысындағы қазақ жауынгері Қайрош, оның достары, әр ұлт өкілдерінің Отан қорғаудағы ұйымшылдығы, достығы туралы айтылған. Драматургия саласында да жазушы өз қолтаңбасын қалдырды. Халық ауыз әдебиетінің түрі- лиро-эпостық жырлар негізінде «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш- Баян сұлу»пьесалары, тарихи тұлғалар туралы «Амангелді», «Ақан сері – Ақтоқты», т.б. драмалық шығармалары бар.
Халқымыз ұлы жазушының еңбегін жоғары бағалады. Жазушы екі мәрте Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды, Социалистік Еңбек Ері деген атаққа ие болды. Оның атымен біздің облыста аудан, Алматы қаласында Балалар мен Жасөспірімдер театры, көшелер бар. Биыл Ғ. Мүсіреповтің туғанына 110 жыл толып отыр. Осы мерейтойға байланысты қазір мектептерде әртүрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Маусым айында туған жерінде үлкен мерейтой өтеді. Бұған белгі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері қатысады
.
IV. Бекіту.
1. Б: 85 « Автобиографиялық әңгіме» мәтінінің 1 бөлімін оқу, аудару.
2. Б: 86 Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
V.Сабақты қорытындылау.
1. Б: 86,87 Тапсырмаларды орындау.
2-тапсырма. «Наурыз күні» деген сөз тіркесін түсіндіру, сұрақ қою: Бұл қандай күн? Бұл күні не болады? Бұл қандай мереке? Қазір бұл мереке қалай тойланады?
3-тапсырма. «Жер де сілкінбеген, күн түгіл ай да тұтылмаған, есте қаларлық боран да болмаған» деген сөйлемнің мағынасын түсіндіру.
4-тапсырма. «Ең аяғы қалжа сүйегіне иттер де таласа алмаған» деген сөйлемді түсіндіру, сұрақ қою: «Қалжа» деген не? Тағы қандай балаға байланысты салт-дәстүрді білесіңдер?
5-тапсырма. «Енжар болған сияқтымын» деген тіркесті түсіндіру, яғни «бала кішкентай кезінде жылауық болмаған, тыныш болған, анасының мазасын алып, жыламаған» деген ұғымды білдіреді.
2. Жазушы мен оның шығармалары туралы сұрақтар қою.
VI. Үйге тапсырма.
1 бөлім бойынша сурет салу, сұрақтарға жауап беру.
Сабақты бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов. «Автобиографиялық әңгіме» .(2 сабақ)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Ғ. Мүсіреповтің өмір жолын еске түсіре отырып , шығармашылығын, өзіндік шеберлігін таныту, алған білімдерін тиянақтап, сұрақтар мен тапсырмалар арқылы бекіту.
2. Дамытушылық: Үзіндінің тақырыбын анықтай отырып, кейіпкердің сипатын ашу, тірек-схема арқылы оқушылардың сөйлеу әрекетін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: жазушының өмір жолын үлгі ете отырып, мейірімділікке, ерлікке, елін, жерін сүюге, қадірлеуге, ізгілік, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру, мәтінмен жұмыс.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, ойын, білімдерін жинақтау, талдау.
Көрнектілік: Ғ. Мүсіреповтің портреті, слайдтар, цитата жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1. Ғ.Мүсіреповтің өмір жолы туралы сұрақтар қою:
А) Ғ. Мүсірепов кім?
Ә) Ол қайда туған?
Б) Қандай оқу оқыды?
В) Жазушының қандай шығармалары бар?
Г) Шығармаларының тақырыбы қандай?
Сұрақтар бойынша оқушылар тірек-схема құрады, әңгімелейді. (Слайдтар көрсету)
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында туған
Ауыл молдасынан оқиды, орыс мектебін, жұмысшы факультетін, ауылшаруашылық академиясын бітірді
Белгілі жазушы, қоғам қайраткері, академик, Социалистік Еңбек Ері
«Тулаған толқында», «Қос Шалқар», «Ұлпан», «Ақлима», «Қазақ солдаты», «Қыз Жібек», «Амангелді».
Тақырыбы: колхоздастыру, ұжым құру, Ана, ерлік, махаббат, тарихи тақырыптар
Ғабит Мүсірепов
(1902 – 1985)
2. «Автобиографиялық әңгіме» мәтіні туралы өткенді сұрақтар қою арқылы еске түсіру.
ІІІ. Жаңа тақырып.
Б: 87-89. «Автобиографиялық әңгіме»
Сыныпты екі топқа бөліп, әңгімені аударамыз: І топ – 2 бөлім
ІІ топ - 3 бөлім
IV. Бекіту.
Әр топ өз бөлімдері бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындайды. Әр топтың жауабын оқушылар өздері бағалайды: І топ- ІІ топты,
ІІ топ – І топты бағалайды.
І топ. Б: 88. 1-10 сұрақтарға жауап беру. 2,4,5,6 тапсырмаларды орындау.
2-тапсырма. «Балалардың тілін сындыру» деген ұғым - балалардың сауатын ашу, оқыту.
3-тапсырма (Жазбаша) Молданың оқу үшін алатын жалақысы туралы мәтіннен тауып алып жазу.
4-тапсырма. «Аузының салымына қарай» тіркесі - ауыл өлім-жітімсіз болмайтынын, соған байланысты молда қосымша тағы мал, бітір-садақа алатыны туралы айтылады.
5-тапсырма. Мәтіннен сұрақтың жауабын тауып, оқу.
6 –тапсырма. Мәтін бойынша ауыл мектебі туралы айту, өз пікірлерін ортаға салу.
ІІ топ. Б:90,91. 1-12 сұрақтарға жауап беру. 2,3, 4, 5,7, 8 тапсырмаларды орындау.
2-тапсырма. «Оқуға» деген сөздің неге тырнақшаға алынып тұрғанын түсіндіру, себебі ол кезде мектеп жоқ, кім оқығысы ,әке-шешесінің жағдайы келсе, сол адам қай уақытта болса да, оқуға бара берген. Әрі оқытуда белгілі бір жүйе, бағдарлама болмаған.
3-тапсырма. Сұрақты түсіндіру, өздерінен сұрау. Сол кездегі оқытудың әдісін айту, қазіргі кездегімен салыстыру.
4-тапсырма. «Оны көріп отырған балалардың оқымауына да болмайды, бірақ үйренуіне де болмайды» деген сөйлемді түсіндіру: сабақ оқымаған баланы молда жас шыбықпен ұрып отырған, балалар не оқитынын түсінбесе де молдадан қорыққанынан олар оқуға тырысқан.
5-тапсырма. « Қорқыту еш нәрсе үйретпейді» деген сөйлемді түсіндіру. Қорқыту, үркіту арқылы балаға білім беруге болмайды. Балаға оқудың болашақта керек екенін түсіндіріп, оқуға деген қызығушылығын ояту керек. Баланың «өзім оқимын» деген ниеті болуы керек. Сонда ғана ол нәтиже береді.
6-тапсырма. Балалар оқитын жер - «мектеп» туралы мәтіннен оқу, түсіндіру.
7-тапсырма. «Балалар неге оқығанын аңдай алмай қалғаны» туралы айту, себебі балалар не оқитынын, жаттайтынының мағынасын түсінбейді.
8-тапсырма. «Бітір-садақа» , «жаназа» сөздерінің мағынасын түсіндіру. Бұл діни тұрғыдағы ұғым «қайтқан адамды қойғанда, жаназа шығарып, садақа беруі, әр адам өзінің амандығы үшін бітір беру керек» дегенді білдіреді.
Әр топ тапсырманы орындағанда мұғалім қысқаша мәлімет беріп отырады.
« Лото» ойыны.
Әр топтан екі оқушы шығып, үстел үстіндегі кесте қағаздарды бір-бірден алады, жауаптарын оқып отырады. Мұғалім кеспе қағаздарды араластырып, бір-бірден алып оқиды. Ойынға қатысушы оқушылар дың қайсысының қолында сол сұрақтың жауабы болса, сол оқушы қол көтереді. Мұғалім жауапты көріп, дұрыс болса, кеспе қағазды оқушыға береді. Ойын осылайша жалғасады. Ойынның соңында оқушы қолындағы кеспе қағаздарының саны есептелініп, өз тобына ұпай қосылады.
Кеспе қағаздағы сұрақтар: 1. «Автобиографиялық әңгіме» кім туралы?
2. «Наурыз» деген сөз қандай ұғымды білдіреді?
3. Ғ. Мүсіреповтің Ұлы Отан соғысы туралы қандай романы бар?
4. Ауыл балалары қай тілде сабақ оқыған?
5. Ғ. Мүсірепов қай жерде туған?
6. «Балалардың тілін сындыру» деген ұғымды қалай түсінесің? т.б.
Кесте қағаздағы сөздер: Өзінің балалық шағы туралы; «жаңа күн, Жаңа жыл» деген ұғым; «Қазақ солдаты» романы; мұсылманша- араб тілінде;
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылында; балалардың сауатын ашу, оқыту; т. б.
V.Сабақты қорытындылау.
1. Қазақ халқының белгілі адамдарының Ғ. Мүсірепов туралы айтқан сөздерін оқу, аудару, түсіндіру.
2. Тест сұрақтарына жауап беру ( 5 сұрақ), бірін-бірі тексеру.
Ғ. Мүсірепов қай облыста туған?
А) Қостанай Ә) Солтүстік Қазақстан Б) Павлодар
2. Ғ. Мүсіреповтің әңгімесін тап:
А) «Тулаған толқында» Ә) «Шұғыла» Б) «Оянған өлке»
3. «Қыз Жібек» фильмінің сценарийін кім жазды?
А) Ғ. Мүсірепов Ә) А. Құнанбаев Б) А. Байтұрсынов
4. «Ұлпан» романының бас кейіпкері кім?
А) Қайрош Ә) Баян сұлу Б) Ұлпан
5. Ғ. Мүсіреповтің туғанына биыл неше жыл толады?
А) 100 жыл Ә) 110 жыл Б) 105 жыл
VI. Үйге тапсырма.
Мәтін бойынша сурет салу, тірек –схема бойынша жазушының өмірі туралы әңгімелеу.
VII. Сабақты бағалау.