kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? С.Сейфуллин "Сыр санды?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

С?кен Сейфуллинні? ?мірі мен шы?армашылы?ы жайлы т?сініктерін ке?ейту, ?ле?ні? та?ырыбы мен идеясын ашу ар?ылы с?з ?неріні? ??пия сырын таныту. 1. М?тінмен ж?мыс жасай отырып «Сыр санды?» ?ле?іні? мазм?нын ме?герту; 2. ?ле? м?тіні ар?ылы о?ушыларды? адамгершілік ?асиеттеріні? к?зін аша отырып, рухани ба?дар беру; 3. О?ушыны? тіл байлы?ы мен д?ниетанымын дамытып, шы?армашылы? ?абілеттерін ?штау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? С.Сейфуллин "Сыр санды?"»

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сыныбы 7 Әдебиет

Күні 22.12.15

Сабақ тақырыбы:

С.Сейфуллин «Сыр сандық»

Сілтеме:

Күнтізбелік жоспар, оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы

Мақсаты

Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы түсініктерін кеңейту, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу арқылы сөз өнерінің құпия сырын таныту.

Міндеттері

1. Мәтінмен жұмыс жасай отырып «Сыр сандық» өлеңінің мазмұнын меңгерту;

2. Өлең мәтіні арқылы оқушылардың адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып, рухани бағдар беру;

3. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық қабілеттерін ұштау.


Күтілетін нәтиже

- Өлең бойынша өз көзқарасын қалыптастырады;
- Өлеңді оқи отырып өзінше ой қорытады,өмірмен байланыстырады;
- Жаңа ұғымды өзі іздеп табады;

- Ақын шығармаларында көтерілген адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген тұлға дайындалады;

Оқыту нәтижелері

Сыни тұрғыдан ойлануға.өз ойын сенімді түрде айтуға,өзін бағалауға,топтық жұмыс барысында әділ бағалауға және өзін-өзі реттеуге дағдылануға мүмкіндік алады.
Мәнерлеп оқу шеберлігі тереңдетіледі.
Шығармашылық қабілеті артады.
Тіл байлықтары дамиды, сөздік қорлары толығады..
Әдебиет теориясы туралы білімдері дамиды.

Негізгі мақсаттар

•Сыныптағы оқушыладың өзара әрекеттесу дағдыларын топтық жұмыс жүргізу стратегиялары арқылы жүзеге асыру
•Топта бірлесіп отыру арқылы оқушылардың білімділігін дамыту
•Оқушыларға арналған кеңейтілген тапсырмалардың ортадағы тиімділігін жүзеге асыру

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Ұжымдық, топтық оқыту. 7 модуль технологиясын пайдаланып, сабақ барысында модуль элементтерін қолдану.

Мұғалімнің орындайтын іс-әрекеттері

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

І.Ұйымдастыру.
2. Психологиялық дайындық. «Ақ тілектер»



Білу

 І. Ой қозғау:
Мен үйге ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысып,оқып келіңдер деп алдын-ала тапсырма бергенмін.Олай болса,ақын өмірімен таныстық па?

I.Не біліп келдік? «Мен Сәкен туралы не білемін?»

1.Сәкен қай жылы,қай жерде дүниеге келді?

2.Сәкеннің ата-анасы кімдер?Сейфолла қандай әке?Сәкенге қандай істері үлгі болды?Анасының ертегілерін тыңдап өскен Сәкен білім алуда қандай деңгейге жетті?

3.Ақынның ең алғашқы жинағы қай жылы,қай жерде басылып шықты?
4.Қандай шығармаларын білесіңдер?

5.Сәкен кім? Топтастыру.

Естеліктер сыр шертеді.
М.Әуезов,Г.Серебрякова естеліктерінен үзінді.



Түсіну

Нені білгіміз келеді? Балалар, жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?
«Сыр сандық » сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
«Сыр» деген не?
«Сандық» деген не? Оған қандай заттар саламыз?

Ал, «адамның сыр сандығы» дегенді қалай түсінесіңдер?
Олай болса, Сәкен ағаның айтайын деген сыр сандығы не туралы екен?

Бұл «Сыр сандық» өлеңі 1926 жылы жазылған.Ақын өлеңін «Досқа жазылған хат» деп атаған.Ақын өміріндегі 1923 жылы Қызылжар қаласында болған жағдайға байланысты туған.Халық комиссары Сәкенді бір сапарында вокзалдан күткен досы Шәріпжан Тотоев аяғын сындырып алады.Бірақ кейінгі бір кездесуге Сәкенді танымайды,шақыртқанға келмепті.Сонда көңілі қалған Сәкен ақын: «Үлкен шенділерге табынғыш,жарамсақ.Былтыр күтіп,аяғын сындырған доссымағым ұлық болсам шырқ айналар соқыр тауық болғаныма?» дегенді ойлапты.Әрине,бұл дерек Сәкен туралы естеліктерде(фил.ғыл.докторы С.Талжанов) осылай сақталғанымен,Сәкен бұл өлеңінде шынайы адал достықты тілге тиек еткен.Өмір,достық туралы терең толғанған ақынның жаны таза,ешкімге қиянаты жоқ.Адалдық пен арамдық,мансап пен ар-ұждан,достық пен қастықтың ара жігін аша жазып,адам үшін құнды байлық-достықты жырлайды.Дос көңілін шыңдағы қоймаға,алтын сарайға балайды.Лирикалық кейіпкер ақынның өзі достық сезімін құзды шыңға,нулы шатқалға,мөлдір суға,қымбат жасауға ұқсатады.Жанама,жағымсыз достарды қаламайды.Алтын сарай- шын достыққа нағыз дос ие болады дегенді айтады.Сұлу пернелер-адам бойындағы жақсы,жағымды қасиеттер.Адамдағы асыл қасиеттер шын достыққа жеткізетінін ақын тебірене жырлайды.

Қолдану

Оқулықпен жұмыс. «Сыр сандық» өлеңін мәнерлеп оқу.
Сынып оқушылары топпен жұмыс жасайды. Әр топ өлеңді композициялық, сюжеттік құрылымына сәйкес оқып, мазмұндайды. Топ мүшелері толықтырады. (Өлеңді топтың оқу жүйесі: І топ- 1,2, 3,4,5,6,7; ІІ топ- 8,9,10,11,12,13,14; ІІІ топ- 15,16, 17, 18, 19, 20, 21 шумақтары).

Талдау





Топпен жұмыс.
І топ. Өлеңнің тақырыбын, идеясын, жанрын анықтайды; Өлең не туралы? Лирикалық кейіпкер кім?
ІІ топ. Өлеңді құрылысына қарай талдайды;
ІІІ топ. Өлеңнен айшықты сөздерді табады;

Жинақтау

І топ. «Достық » топтастырады.
ІІ топ. Өлең шығарады.
ІІІ топ. Хат жазады.

Сергіту

1. Ән айту. «Жан досым»
2. Ұйқасын тап,ойлан.

  1. Достықты берік сақта

Дос сенімін .......

2. Болмасын амал достық

Болсыншы .......... достық

3. Шын достықты жасайық

Дұшпандықтан ............

4. Достық үшін ...............

Саған тиген үлес

5. Сыр сандыққа шын достықты сыйғызған,

Сәкен ақын неткен ғажап,..............................


Сыр сандық” өлеңі желісімен психологиялық тренинг тапсырмалар.

  • Достық деген не?

  • Жақсы досты қалай табамыз?

  • Нағыз достықты жасауға бола ма?

  • Дос қатесін кешіруге, түзеуге бола ма?


Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Бағалау

Топ басшылары бағалайды. Бағалау парақшалары

Үйге тапсырма

1.Өлеңді жаттау;
2. Ақынға ашық хат

“Ардағы ауылымның – Сәкен аға” ойтолғау жазу 

Тексерген ------------------------------






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашы? саба? С.Сейфуллин "Сыр санды?"

Автор: Мусаева Бибигуль Омархановна

Дата: 14.02.2016

Номер свидетельства: 293423


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства