Қазақ әдебиеті | Уақыты:13.10 |
Сабақтың атауы | «Керқұла атты Кендебай»ертегісі |
Сілтеме | Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі |
Сабақтың жабдығы | Тақта,суреттер,кеспе қағаздар |
Жалпы мақсаттар | 1. «Керқұла атты Кендебай" ертегісін қаншалықты меңгергенін анықтап, Кендебай бейнесін аша отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытып, ой шақыра білуге, жеке жұптасып, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру. Күтілетін нәтижелер: А. -«Керқұла атты Кендебай" ертегісінен толық мағлұмат алады; В.-Кендебай бейнесін ашып, талдау жасайды, жоспар құрады; С.-Берілген материалдарды өз беттерімен меңгереді, ойлау, сөйлеу мәдениеті дамиды, Жұптаса, топтаса жұмыс жасауға үйренед, бірін-бірі бағалауға , тыңдауға үйренеді. Сабақ түрі: Қайталау сабақ Сабақтың формасы: Жұптық, топтық, жеке, ұжымдық. Керекті жабдықтар Бейнепроектр, плакаттар, маркер, суреттер, жұмыс дәптері , ертегілер жинағы, оқулық, интерактивті тақта |
Оқыту нәтижесі |
Топқа бөлу | Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді. |
Ынтымақтастық атмосферасы | Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық: Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік. |
Үй тапсырмасын сұрау | а)"Аяз би" ертегісі б) Ертегі жазып келу Сұрақтар: 1. Уәзірлер құстың, шөптің, адамның жаманын қалай таңдады? 2. Жаманның таңдауы ханға қалай әсер етті? 3. Меңдісұлу Жаманды басқалардан неге артық санады? 4. Хан Жаманды "Барсакелмеске" не үшін жұмсады? Оған ой салған кімдер? 5. әзірлерінің қылықтары сендерге ұнады ма? Неліктен? 6. Ханның шалмен жұмбағын түсіндіріп айта аласыздар ма? 7. Аяз би өзі хан болғаннан кейін өзіне қандай сөздер айтып отырады? 8. "Жаман" туралы ертегі жазып, кім сурет салып келеді? 9. Ертегіде қандай мақал - мәтелдер бар? Ертегінің бізге тәрбиелік әсері бар ма? Актуалдау: Балалар, осы "Аяз би" ертегісі ертегінің қай түріне жатады? Ертегілер неше түрге бөлінеді? |
Мағынаны тану | "Керқұла атты Кендебай". Жақсы, олай болса біз бүгін тағы да бір ғажайып ертегіге жататын - "Керқұла атты Кендебай" ертегісімен танысамыз. - Балалар, ертегілер қалай басталатын еді? - Иә, "Кендебай" ертегісі де осылай басталады екен. (шамалы бастап беру) - Иә, балалар, ертегінің негізгі кейіпкері кімдер екен? Жоспар. 1. Кендебайдың дүниеге келуі 2. Кендебайдың Керқұла аты 3. Мергенбай батырдық баласы 4. Керқұла атқа тіл бітуі 5. Хан ауылынан келген Кендебай 6. Теңселіп келе жатқан тау 7. Ақырған арыстанды жеңуі 8. Тұтқыннан босанған Ергенбай батыр 9. Ел қуанышы 10. "Керқұла атты Кендебай батырдың елі" Дамыту: 1 - қатар: Кендебайға мінездеме 2 - қатар: Керқұлаға мінездеме 3 - қатар: Қойшы баланың Кендебайға берген жауабын түсіндіріп, ата - ана туралы мақал - мәтел айту: 2) 1 - қатар: Кендебай мен Төстік бейнесінде ұқсастық бар ма? 2 - қатар: Кендебай орнында сен болсаң, қойшы балаға қандай жақсылық жасар едің? 3 - қатар: Кендебай бойында үлгі боларлық қандай қасиеттер бар? 3)"Дат" сөзінің мағынасын түсіндіру |
Сергіту сәті | Сергіту сәті. Жұмбақтар шешіп антонимді табу. Асты тас, үсті тас, От астында піскен ас. (таба нан) Бүгін киген ақ тоным, Ертең болар қара тон. (жер) | Оқушылар денелерін жатықтырады |
Ой толғаныс | 4) ас, ат, қыз, көр, той сөздерінің мағынасын түсіндіріп, қандай сөз болатынын айт. 5) төбелері көкке жету, құралайды көзінен тигізген, көз жасын көл қылу сияқты тіркестердің мағынасын ашу 6) Бұл ертегі неліктен қиял - ғажайып ертегіге жатады?(өз ойыңды дәлелде) Қорыту: Иә, балалар, қазіргі кезде де әрбір ұрпақ өз елін қорғау үшін, өз елін көркейту үшін тынымсыз тер төгіп, Кендебай сияқты ер тұлғалы, мейірімді ұл - қызы болуы тиіс. Ел осындай перзенттерімен ғана мақтана алады. "Елдің атын ер шығарады" дегендей, біз де өз еліміздің Тоқтар, Талғат, М. Шаханов сияқты тұлғаларымен мақтана аламыз. Мейірбандық, ораза айы, мұсылмандық шарттарын орындау |
Үй тапсырмасы | а)"Керқұла атты Кендебай" ертегісі (мазмұны) ә) Сурет салу; б) Кендебайдың жеті басты дәумен, арыстанмен шайқасынан қызықты әңгіме жазу. еңбекқор жалқау намысшыл Кендебай Хан балалары өтірікші адал, мейірбан еріншек | Күнделіктеріне жазады |
Бағалау | Бағалау парақшаларын тарату | Парақшаларды толтырады |
Кері байланыс |