Сабақтың тақырыбы: Ырыс- Сыр (аңыз).
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: аңызды оқып, мазмұнын түсінуге, оның идеясын ашуға мүмкіндік беру.
Дамытушылық: мәтін бойынша туған жер мен адам арасындағы байланысты ашу арқылы оқушының шығармашылық дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: жерді, елді сүю рақылы оның бағасын түсіну, азаттық пен еркіндік адамзат баласының арманы екенін сезінуге жағдай туғызу.
Сабақтың көрнекілігі мен қолданылатын құралдар: Қазақстан картасы, интер белсенді тақта, плакат, бор, маркер.
Сабақтың формасы: жеке, жұптық, топтық.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Амандасу.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
2.Үйжұмысын тексеру.Интербелсенді тақта арқылы.
1. Каспий алабындағы өзендер қалай аталады?
Ембі және Жем өзендері.
2.Қостанай облысындағы басты өзен қалай аталады?
Тобыл өзені.
3.Қарағанды облысындағы басты өзен қалай аталады?
Нұра өзені.
3. Жаңа тақырып:
1. - Жаңа тақырыпқа байланысты эссе жазу.
«Қойын дәптер» үйден мектеп аралығындағы табиғат көріністері жөнінде не көргендерін әр оқушы жеке 5 минут «Менің ауылым» тақырыбында орындайды.
2. Орындаған жұмыстарын жұбымен ауысып оқу.
3. Топпен жұмыс ең үздігін таңдау.
4. Автор орындығы стратегиясы бойынша үлкен топиа ең үздігін қорғау.
5. Эссе бойынша сұрақ қою, топтар бір- біріне.
6. Қошамет көрсету.
3.Қызығушылығын ояту.
1.Ырыс деген не?
Құт, береке, байлық.
2.Ырыс қалай келеді?
Еңбек, бірілік, ынтымақ.
3. Осы ырыс қайда деп ойлайсыңдар?
өз ойларын айту.
4. Оқулық пен жұмыс жасау.
78- беттегі «Ырыс - Сыр» аңызын оқып беремін.
- «Аңыз» туралы түсінік беру.
( Аңыз халықтың өзі айтып берген ауызекі сөзі. Аңыз әңгімелер –фольклор жанырының бір саласы. Тарихта болған адамдардың басынан өткен оқиғалары, ауыздан ауызға тарап бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.)
- «Ырыс – Сыр » аңызын әр топқа абзатыс арқылы бөліп беру және топ бойынша өздері іштей оқу.
4.Топтарға сұрақ беру.
1- топ «Тұлпар»
1. Мәтіндегі өз басының еркіндігі жоқ адамдар кімдер?
2. Аңыз бен ертегінің айырмашылығы қандай?
2- топ «Сұңқар»
1.Жас ұрпаққа ақылшы бейнесіндегі кейіпкер кім?
2.Қарияны сипатта.
3- топ «Ұлар»
1. Ақылшы қармяның олар үшін ең маңызды сөзін (сөйлемін) тауып оқы.
2. Ағыбай мен Арнабайға мінездеме бер.
Сергіту сәті.
« Жерім менің»
Байлығы қазағымның кең даласы,
Ырыстың ұясындай сай- саласы.
Туған жер қасиетіңнен айналайын,
таусылмас ұрпағымның қазынасы.
О, о, о- жерім менің,
Бабамнан қалған кең далам.
Аннам сенсің мен балаң,
Беу кең далам, аманатым қорғаған.
4. Аңыз кейіпкерлерін тпотпстыру.
5. түсініксіз сөздермен жұмыс жасау.
Мал малданып, жан- жандану- үй болып, отбасын құру.
6. Сұрақ – тапсырмалар мен жұмыс.
1. Ағайынды екі жігіт неге жаңа қоныс іздеуге мәжбүр болды?
2.Сыр өңіріндегі халық тіршілігін сипатта.
3. Ағайынды екі жігіт Сыр өңірін қоныстанғанда, нені кәсіп етті?
7. Ойтолғау.
Аңыздағы жағымсыз кейіпкерлер қайсысы?
2. Олардың әділетсіздігінен қалай құтылу керек деп ойлайсың?
8. «Айдаһар мен айқас» ертегісін жалғастыру.
«Ел қатарлы өмір сүріп, Ағыбай мен Арнабай да есейді. Бірақ оларды «Қатыгез айдаһардан халықты қалай құтқару керек » деген ой мазалай берді» деп бастап, ертегіні жалғастыру.
9. Мақал –мәтел.
Еңбек туралы.
Туған жер туралы.
10. Сабақты қорытындылау:
- Балалар неліктен біз айдаһарды бағындырдық?
Бұл сұрақ арқылы адамның еркіндікке ұмтылуы- өмірдегі басты мұраты екенін аңғарту. Осы сұрақ арқылы сабақ қорытындылады. Себебі жері бар болсада ағайынды екі жігіт еркін өмір сүре алмады.Ал бүгінгі егемен еліміздің тіршілігі мен бақыты еркіндікте екенін меңзеу.
11. Бағалау:
Оқушылардың өз бағалауы мен келісе отырып бағалау.
12. Үйге тапсырма:
Мақал – мәтел жинақтау.