А.Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру, ертегінің мазмұнын ұғындыру мақсатында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар топтық жұмыс, жеке жұмыс жасады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ А.Сейдімбек Әйел-ана»
Күні: 15.12.2016 ж Пәні: Әдебиет Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: А.Сейдімбек Әйел-ана
Сабақтың мақсаты: 1. Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы туралы түсініктерін кеңейту. «Әйел-Ана» ертегісінің мазмұнын меңгерту.
2 Ертегі бойынша алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
3) Оқушыларды адамгершілікке, ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, топтық жұмыс жеке жұмыс т.б. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих Көрнекілігі: слайд Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу. Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру. Сыныпты топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Қызығушылығын ояту
Жоспарға сай ертегіні мазмұндау
1.Күншуақ еліне жаудың тұтқиылдан шабуыл жасауы.
2.Әміршінің жарлығы.
3.Ақ шашты Ананың тапқырлығы.
Пысықтау сұрақтары
1. «Әйел-ана» ертегінің қандай түріне жатады?
2.Әдеби ертегінің халық ертегілерінен айырмашылығы неде?
3.А.Сейдімбек туралы не білеміз?
1. Жаудың Күншуақ елін жаулап алуының себебі неде?
2. Жау Күншуақ елін неге жаппай қырмады? ІІ.Мағынаны тану
- Бүінгі сабағымыз Ақселеу ағамыздың «Әйел- ана» ертегісінің екінші сағаты «Күншуақ елінің Әйел- анаға деген құрметі» деген тақырыпта сөз қозғаймыз. Күншуақ елі құрып кете жаздаған қиын шақта Әйел- ананың ақыл- парасатының арқасында аман қалыпты. Әйелді бұрын да қадір тұтатын Күншуақ елінің осы оқиғадан кейін Әйел- анаға деген сый- құрметі тіпті ерекше болыпты. Содан бастап бұл елде әйелдер ерлерінің оң жағына отыратын болыпты. Ұрпақтарға үлгі болсын деп Күншуақ еліндегі іргелі руларды, олардың ұрандарын әйелдердің атымен атай бастапты. Елдегі ең әсем қалаға, ең биік тауға, ең мөлдір көлге әйелдердің есімін қойыпты. Тіпті, халықтың асыл мұрасы, қымбат ескерткіші- тіл болса, оны да «Ана тілі» деп әйел- ананың ақ сүтінен даритын құдірет- қасиетке балапты. Әйел- ананы айрықша қадір тұтатын Күншуақ елі бүгінге дейін бақытты ғұмыр кешіп келе жатқан көрінеді.
Топтық жұмыс айдары І топ Әйел- ана бейнесін ашу ІІ топ Ана туралы мақал-мәтелдер жазу ІІІ топ Ертегідегі тауға, далаға, орманға, көлге қатысты сипаттау сөздерді тауып, мына үлгі бойынша жазу:
…. ….. таулары
….. …… далалары
….. …… орманы
….. …. өзен-көлдері
Жеке жұмыс
Ертегі желісі бойынша суреттерді орналастыру (Мейірбек,Әліби, Нұрлыбек)
-Аналарың сендерді қалай еркелетеді?
ІІІ.Толғаныс
-Қазіргі таңда ел үшін еңбек етіп жүрген қандай аналарды білесіңдер?
- Анаға тілек жазу
Сабақты бекіту Ертегі мазмұны бойынша жазушының айтпақ ойы қандай?
(Әйел- ана сияқты халықтың таудай үмітін арқалап, таудай іс атқарып жүрген, ақыл парасатты аналарымызды қадірлеп, құрметтеу) Бағалау Үйге тапсырма беру. «Ана – сарқылмас бұлақ» тақырыбында ой толғау Қорытынды. Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі - Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз.