kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? та?ырыбы: "К?й а?ызы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен Ахметов Нуржан Сагиевич бір мы? то?ыз ж?з жетпіс ?шінші жылды? ?шінші ?а?тарында Батыс ?аза?стан облысы ?арат?бе ауданы Ханк?л елді мекені?де д?ниеге келдім. Бір мы? то?ыз ж?з сексен бірінші жылды? бірінші ?ырк?йегінде ?оск?л орта мектебіні? бірінші сыныбына ?абылдандым. Мы? то?ыз ж?з то?саныншы жылы мектепті ая?тап, сол жылы Орал ?аласында?ы н?мері он екінші к?сіптік техникалы? училишені бітірдім. Мы? то?ыз ж?з то?сан ?ш - то?сан жетінші жылдар аралы?ында Батыс ?аза?стан Гуманитарлы? университетінде о?ыдым. 1997 жылдан бастап ?оск?л орта мектебінде ж?мыс жасап келемін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? та?ырыбы: "К?й а?ызы"»

Сабақтың тақыырыбы:Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесі.

Мақсаты:Жазушы шығармашылығының тарихи негіздері туралы оқушы білімдерін бір жүйеге келтіру,мазмұнын ашу,адамгершілік құндылықтар туралы әңгімелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:СТО стратегиялары.

Сабақтың көрнекілігі:автор шығармалары,кестелер,суреттер

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгендеу,сабаққа назар аударту.

II.Үй тапсырмасын пысықтауға арналған сұрақтар:

1.Қазақ халқының қандай ұлттық аспаптарын білесіңдер?

2.Күй дегеніміз не? 3.Күйдің қандай түрі бар? 4.Күйші дегеніміз кім?

5.Қазақтың қандай күйшілерін білесіңдер? 6.Жаңа күйдің толық аяқталып,жарыққа шығуына не әсер етті? 8.Күй құдіреті қандай ғажаптар жасады? 9.Қарт күйші неге домбырасын жас күйшіге берді? 10.Әңгімеден өзіңе қандай сабақ алдың?

III.Жаңа сабақ.

Жоспары:

1.Көкпар (сұрақ-жауап )

2.Біле бергім келеді,біле бергім.

3.Семантикалық карта.

4.Сахналық көрініс.

5.Білімді бекіту,қорыту.

6.Бағалау.

Көкпар.(Сұрақ-жауап )

1-ұяшық:1Тахауи Ахтанов кім?Аңыз дегеніміз не,оның қандай түрлері бар? Әңгімеден шешендік сөздерді тап. Естеміс күйші бейнесінің моделін жаса. Әңгімеде махаббат мәселесі қалай көтерілген?

2-ұяшық:Мәтіннің мазмұнын баянда.Мәтіннен түсініксіз көнерген сөздерді табу,мағынасын ашу.Жаңылға мінездеме бер. «Кейіпкерге хат» әдісі бойынша өзіңе ұнаған кейіпкерге хат жаз.Түйені не себепті киелі жануарға жатқызады?

3-ұяшық:Әңгімені сен қалай аяқтар едің?Оразымбет моделін жаса.Түйе туралы мақал-мәтел айт.Әңгімеден көрініс келтір. «Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің қандай мәні бар?

Сен білесің бе?

Түйе малына байланысты сөздер:

Қом-түйе өркешінің тәтті майы.Мұрындық-жетектеу үшін түйе мұрнына көлденең өткізілген кішкене ағаш.Шуда-түйенің балақ жүні,мойын қылы.

Төлі-бота,ботақан,тайлақ,көшек,буыршын.Атан-кестірілген түйе.

Түйе туралы мақал-мәтел,тұрақты тіркес:

Нар жолында жүк қалмас.Көрмес түйені де көрмес.Ақ түйенің қарыны ақтарылды.Нар маяның шұбаты – Нардай ердің қуаты.Ботасы бар түйелер боздамай от жемейді.

Біле бергім келеді,біле бергім...

Қазақтың саз аспаптары –ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра.Халық өз өмірінде болған оқиғалар мен тіршілік тынысына,табиғат сұлулығына тебірене,көңілінен жарып шыққан төл туындыларын саз аспаптары арқылы бейнелеп отырған.Күй жанрында халықтың өткендегі өмірі,тұрмыс тіршілігі,салт-санасы,әдет-ғұрыпы,дүние танудағы көзқарасы,арман-тілегі қамтылады.Домбыраны халқымыз қастерлеген,домбыраны серік еткен өнер адамдарына ерекше құрмет көрсеткен.Домбырамен орындалатын күй өнерінде табиғат құбылыстары,аңыз-ертегілер,тарихи оқиғалар суреттеледі.

Қазақ халық аспаптық музыкасының ішінде күй жанры ерекше феномен деп саналады.Ол Қорқыт,Тәттімбет,Құрманғазы,Дина,Дәулеткерей,Ықылас,Абыл,байсерке,Махамбет,Сейтектердің ғажайып күйлерінен бастап,Нұрғиса,Секендердің тамаша күйлеріне дейін ұзақ эволюциялық жолдан өтіп,қазақ халқының сан-салалы тыныс-тіршілігі мен өмірін домбыра мен қобыздың сиқырлы тілімен жеткізе білді.Күйші композиторлар өз туындыларында қазақ халқының ішкі психологиялық жан дүниесін,дүниеге көзқарасын бейнелейді.

Сюжеттік-композициялық құрылысы.

Басталуы:Күйшілердің жалғыз нарды көруі.

Дамуы:Жалғыз отырған үйге кездесу.

Байланысуы:Жаңа күйді тарту.

Шиеленісуі:Қарияның қолқасы.

Шарықтау шегі:Інгеннің иуі.

Шешімі:Қыз таңдауы.

Қорытынды: «Нар идірген»күйінің тууы.

Түсініктеме күнделігін толтыру.

Шығарма

Кейіпкерлер

Желісі

Не суреттелген

Түйінді ой

Қазіргі заманмен салыстыр.









Концептуалдық кесте.

Кейіпкер

Өмірге көзқарасы

Адамгершілік қасиеттері

Сенің берер бағаң

Естемес




Оразымбет




Жаңыл






Салыстыр

Басты қасиеттері.

Мінездері,істеріндегі ұқсастық,өзіндік ерекшеліктері

Естемес

Оразымбет




Кейіпкерлер портреті


Оразымбет


Естемес


Нар


Жаңыл

Әдемі дөңгелек қара сақалды,тарамыс денелі,биік,дөңес мұрынды,кішілеу өткір қоңыр көзді,қатқыл өңді,қағылез кісі





Түрі жүдеу,бүйірі солған,өркеші қисайған,тамыры қураған ағаштай семген,ірі тұлғалы,жас толы үлкен мөлдір көзді мүсәпір бейне.





Қою қара қасты,мөлдіреген қара көзді,дөңгелек жүзді,қара торы,талдырмаш денелі.








Қорытынды.

Шығарма неге «Күй аңызы» аталған? Шығарманың идеясы не?Жазушы қарт тағдырын дұрыс шешекен бе?

Бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Ашы? саба? та?ырыбы: "К?й а?ызы"

Автор: Ахметов Нуржан Сагиевич

Дата: 19.03.2016

Номер свидетельства: 307556


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства