kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? та?ырыбы: "Кейіпкерлер бейнесі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен Ахметов Нуржан Сагиевич бір мы? то?ыз ж?з жетпіс ?шінші жылды? ?шінші ?а?тарында Батыс ?аза?стан облысы ?арат?бе ауданы Ханк?л елді мекені?де д?ниеге келдім. Бір мы? то?ыз ж?з сексен бірінші жылды? бірінші ?ырк?йегінде ?оск?л орта мектебіні? бірінші сыныбына ?абылдандым. Мы? то?ыз ж?з то?саныншы жылы мектепті ая?тап, сол жылы Орал ?аласында?ы н?мері он екінші к?сіптік техникалы? училишені бітірдім. Мы? то?ыз ж?з то?сан ?ш - то?сан жетінші жылдар аралы?ында Батыс ?аза?стан Гуманитарлы? университетінде о?ыдым. 1997 жылдан бастап ?оск?л орта мектебінде ж?мыс жасап келемін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? та?ырыбы: "Кейіпкерлер бейнесі"»

Пәні ;

Күні : 30.04.2013ж

Тақырыбы ;

Д. Исабеков «Ата үміті» Кейіпкерлер бейнесі.

Мақсаты ;

Әңгімедегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау

Күтілетін нәтиже;

Кейіпкерлер бейнесін ашады.

Іс-ірекет,мінез-құлықтарын сипаттайды.

Салыстыра отырып баға береді.

Керекті жабдықтар;

Оқулық,маркер,флипчарт,интербелсенді тақта.









Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе ;

Амандасу, сергіту,топқа бөлу.Үй тапсырмасы тексеріледі.

I топ.Тоқсанбай.

II топ.Омаш.

III топ.Ергешбай.

Топтағы оқушыларға бағалау парақтары беріледі. «Егер мен Омаш болсам» тақырыбындағы эссені тексеру.

Мұғаліммен амандасады,тренинг ойнайды,топтарға бөлінеді,үй тапсырмасын оқиды.

Тұсаукесер:

Интербелсенді тақтадан кесте көрсетіледіКейіпкерлер(Тоқсанбай,Омаш,Ергешбай)

Жазушы суреттеуі оқылады.Менің ойым.

Кейіпкерлерін атайды,өз ойларын жазады,болжам айтады.Бірін-бірі бағалайды.

Негізгі бөлім:

Оқулықпен жұмыс.1-тапсырма.Венн диаграммасын құр.Омаш пен Тоқсанбай қартты салыстыр.

2-тапсырма.Кейіпкерлер бейнесін ашатындай мақал-мәтелдер тауып жаз.

3-тапсырма.Обал ұғымы туралы кесте толтыру.(Табиғатқа,тағамдарға,адамдарға қатысты)

4-тапсырма.Кейіпкерлер бейнесін аш.(Постер қорғау)

Топтық талқыға салады, ойланады. Түсіндіреді,пікірлерін байланыстырады, салыстырады, ізденеді,жазады,постер қорғайды.

Бағалайды (сэндвич) арқылы,

Екі жұлдыз,бір тілек арқылы

Қорытынды:

Тақтадан Ж.Молдағалиевтің өлеңінен үзінді оқиды.Осы үзінді арқылы кімге не айтуға болады?

Ұят та –зор парыз,зор сүндет,

Секілді биіктік қиялы

Бөбегі ғұмырлы болсын деп,

Ата-ана құлаққа құяды.

Өлгендер өлсін тек ажалдан,

Өлмесін тірілей ұяттан.

Тыңдайды,оқиды,қорытындылайды.




Үй тапсырмасы:

«Обал және сауап» тақырыбында эссе жазу


Ойланады,жазады.

Сабақтың талдауы

Сабақ кіріспе, тұсаукесер, негізгі бөлім, қортынды,үй тапсырмасы бөлімдерінен тұрды.Бұл сабаққа қойған мақсатым: шығарма кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау болса,оған жету жолында ең әуелі сергітіп алып яғни билетіп алып,содан соң оқушыларды топқа бөлдім.Топқа бөлуде шығарма кейіпкерлерінің аттарын алдым. I топ.Тоқсанбай.

II топ.Омаш.

III топ.Ергешбай.

Топтағы оқушыларға бағалау парақтары беріледі. Үй тапсырмасы «Егер мен Омаш болсам» тақырыбындағы эссені тексеру.Эссені тексерген кезде оқушылардың біршама сыни ойлайтынына көз жеткіздім. Мысалы бір оқушы «Егер мен Омаш болсам күш қуатымды пайдалы да дұрыс мақсатқа қолданар едім»,-десе екіншісі «Мен Омаш болсам бүкіл дермене жинаушыларды біріктіріп,бір орталықтан басқарып, бірігіп еңбек етсе, әлдеқайда мол өнім түсірер еді және көңілді болып табысқа кенелер еді.»-деген жауаптар болды.Әрине балалардың кейбірі. « Омаш болсам ұрламас едім, Тоқсанбайларға көмектесер едім.»-деп қысқа қайырғандар болды.Оқушыларға бағалау парақтарына өз бағаларын түсіріп отыруын еске сала отырып, оларға барлығының да жазған эсселерінің өзіндік құны бар екенін айтып,оқушыларға қол соғып,формативті баға бердім.Содан соң оқушылардың назарын ноудбукке аударуды сұрадым,өйткені мұнда кесте берілген, кестеде шығармадан алынған үш кейіпкерге байланысты үзінді берілген.Соған қарай отырып кейіпкерлерін тауып,үзіндіге байланысты мінез-құлқын табу тапсырылған.Оқушылар бұл тапсырманы орындауда көп

қиналмады.Әр топ тапсырмаларды орындауда белсенділіктерін танытты және екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалады.Бұл сабақтың тұсаукесер бөлімі болатын.Оқушыларды мадақтау арқылы ынталандыра отырып сабақтың негізгі бөліміне көштім.Негізгі бөлім 4 тапсырмаға құрылды.1.Венн диаграммасы бойынша Тоқсанбай мен Омашты салыстыру болса,бұл Блумның түсінуі бойынша...,2.Кейіпкерлер бейнесін ашатындай мақал-мәтел тауып жаз тапсырмасы Блумның қолдану бөлімі.3.Обал ұғымы бойынша кесте толтыру Блумның талдауы.4.Блумның жинақтауына кейіпкерлер бейнесіне постер қорғау болса,бағалауға «Егер жазушы болсаңдар шығарманы қалай аяқтар едіңдер?» деген эссе жазу берілген.Әр топтан бір оқушы жазған эсседе оқушылардың ойынан мынадай ой түйдім.Ерсұлтан деген оқушы « Жазушы болу бақыты маған бұйырса,шығарма былай өрбір еді деп алып,Омаштың сазайын тартырар едім, желкелеп отырып кешірім сұратар едім» десе ,Ажар « жазушының шығарманы осылай аяқтағаны дұрыс деймін,өйткені түбі «Ұрлық түбі-қорлық»екені бесенеден белгілі емес пе?»-деген сауалмен аяқтапты.Ал Наурызбек болса Омаштың өз қылығынан ұялып кешірім сұрап,дерменеден түскен ақшаны әкеліп беруін қалапты.Бұрын оқушылар бір жақты баға беретін.Кейіпкер жағымсыз болса,ол түзелмейтіндей,оны мүлдем қатардан сызып тастайтын.Оған деген зығырданы қайнап,оның сазайын тартыруға дайын тұратын.Бүгінгі сабақтағы эсседен әртүрлі көзқарасты көріп аз да болса қозғалыс,саңылау енген екен деген ойға қалдым.Өйткені тәжірибенің өн бойында аз ғана жетістікті, өзгерісті қолдап-қолпаштап, мадақтап, формативті бағалаудың түр-түрін қолданып отыру әдетіме айналған.Соның нәтижесі болған ғой деген ой жігерлендіре түсті.Бұл үш оқушыны да сумативті бағалап жіберіп едім,кері байланыста оқушылардың бағалауға риза болғанын,сабақтың тез біткенін тағы бір сабақты сұрап өткізсеңіз деген ұсыныс жазғандар болыпты.Үйге тапсырмаға «Обал және сауап» тақырыбына эссе жазуға бердім.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Ашы? саба? та?ырыбы: "Кейіпкерлер бейнесі"

Автор: Ахметов Нуржан Сагиевич

Дата: 19.03.2016

Номер свидетельства: 307551


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства