Мен Ахметов Нуржан Сагиевич бір мы? то?ыз ж?з жетпіс ?шінші жылды? ?шінші ?а?тарында Батыс ?аза?стан облысы ?арат?бе ауданы Ханк?л елді мекені?де д?ниеге келдім. Бір мы? то?ыз ж?з сексен бірінші жылды? бірінші ?ырк?йегінде ?оск?л орта мектебіні? бірінші сыныбына ?абылдандым. Мы? то?ыз ж?з то?саныншы жылы мектепті ая?тап, сол жылы Орал ?аласында?ы н?мері он екінші к?сіптік техникалы? училишені бітірдім. Мы? то?ыз ж?з то?сан ?ш - то?сан жетінші жылдар аралы?ында Батыс ?аза?стан Гуманитарлы? университетінде о?ыдым. 1997 жылдан бастап ?оск?л орта мектебінде ж?мыс жасап келемін.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? та?ырыбы: "Етісті? райлары"»
Сабақтың тақырыбы:Етістің райларын қайталау.
Мақсаты:Етістіктің райларынан алған теориялық білімдерінің деңгейін бақылау.
Міндеттері:Райлардың өзіндік ерекшеліктерін ажырата білу,талдау жұмыстарын жүргізу,адамгершілікке,туған жерді сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:дамыта оқу технологиясы.
Сабақтың әдісі:практикалық әдіс.
Сабақтың барысы.
I.Ұйымдастыру бөлімі.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
Қалау райдың жасалу жолын сұрау,мысалдармен дәлелдеу.180-жаттығуды тексеру.
III.Актуалдау кезеңі.
Жаттығу жұмысындағы «Ұлық болсаң,кішік бол» деген мақалдың бағыныңқы сыңары қандай рай ?
Етістіктің рай категориясы неше топқа бөлінеді?Олар қалай жасалады?
VI.Жаңа сабақ.
Оқушыларды түрт топқа бөліп,топтарға райлардың аттары беріледі.
Топ аттары тапсырмалар бойынша өзгертіп отырады,топ басшысы өз тобындағы оқушылардың жұмыстарын тексеріп,уақтылы бағалап отырады.
V.Дамыту кезеңі.
1.181-жаттығудан етістіктерді теріп жазып,ашық райлы сөйлем түрінің қалай жасалғанын айту,сөйлемдерді әр топ өздеріне берілген рай аттарына сәйкес айналдырады.
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болатын.(Ашық рай,ауыспалы өткен шақ)
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болсын.(Бұйрық рай,ІІ жақ,анайы түрі)
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болса игі еді.(Қалау рай)
Сөйлемдерді шартты райға айналдыруға келмегендіктен «Шартты рай» тобына төменгідей сөйлемдер беріледі: «Жылаған шешесімен бірге жыласа,жігіттің жігіт болғаны қайсы, өйтсе, кісі уәдеден шыға ала ма?Жылаған шешесімен бірге жылап,жігіт үйден ұзақ уақытқа алысқа кетсе,баласының жылағанын көрген соң,үйде қалған ананың көзінен жас кете ме,көкірегінен сағыныш қасіреті ме?
2.1982-жаттығу.Қалау рай,ашық рай,бұйрық райлы сөйлемдерді теріп жазуға әр топтан бір оқушы шығады.Мәтінде шартты рай болмағандықтан ол топқа басқа сөйлем беріледі. «Түстік өмірің болса,кештік мал жина», «Не ексең,соны орасың».
Топтағы басқа оқушылар «Бақытты болу деген не? Атты ойтолғау жазады.Оқушылардың жұмыстары тексеріліп,рай түрлеріне талданады.
3.Оқушыларға жеке,жұптық,топтық тапсырмалар беріледі.
Ашық рай тобына: «Шалқар-адалдық пен адамдықтың,кісіліктің алдында тік тұрып,қыздардарын қыз деп қойып қалмай,қыз бала деп сыйлайтын,екіжүзділікті өлімнен де жаман деп қабылдайтын жандары таза халқы бар қалашық».Берілген мәтінен етістіктің шақ түрлерін анықтап,бұйрық райға айналдыру.
Шартты рай тобына:
«Қарадан хан болсам,халқым қалаған болар,
Айырдан нар болсам,атам жараған болар,
Көнеден дәурен озса,жасы жеткен болар,
Көнеден қамқа озса,дәурені кеткен болар.
Ер жігіт айтпайды,
Айтса,қайтпайды.
Оқи берсең көзің ашылады,
Отыра берсең,жалқаулық басынады.»
Мәтіннен шартты райлы етістікті тауып,ашық райға айналдыр.
Бұйрық рай тобына:
«Арлы-ожданды бол!
Намысыңды жастан сақта!
Халқыңды алалама!
Жақыныңды жаралама!»
«Құдай жарылқап,бай қылсын,Төрт түлігін сай қылсын!»