kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? "М.?уезов "К?ксерек" 4 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: К?ксерек. М?хтар ?уезов (повестен ?зінді) Ма?саты: О?ушыларды М?хтар ?уезовты? «К?ксерек» атты повестен ?зіндісімен таныстыру, ?зіндіні? ?зекті т?йінін ашу?а жа?дай жасау; ?з бетінше шы?армашылы?пен ж?мыс істеуге баули отырып, байланыстырып с?йлеуін, шы?армашылы? ойлауын дамыту. Т?рі: аралас саба? ?дісі: с?ра? –жауап, талдау, іздену О?ушылар?а ??гімені? идеясын жан-жа?сы талдай отырып ашу. Адамдар мен к?кб?ріні? іс-?рекеттерін саралай отырып, адамзатты? таби?атпен психологиялы? тепе-те?дікті са?тау керектігін т?сіндіру. К?рнекілігі: суреттер, кесте,
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "М.?уезов "К?ксерек" 4 сынып »

Тақырыбы: Көксерек. Мұхтар Әуезов (повестен үзінді)

Мақсаты: Оқушыларды Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» атты повестен үзіндісімен таныстыру, үзіндінің өзекті түйінін ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ –жауап, талдау, іздену

Оқушыларға әңгіменің идеясын жан-жақсы талдай отырып ашу. Адамдар мен көкбөрінің іс-әрекеттерін саралай отырып, адамзаттың табиғатпен психологиялық тепе-теңдікті сақтау керектігін түсіндіру.

Көрнекілігі: суреттер, кесте, слайд


Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық жағдай

3 топқа бөлу

1-топ Адам (үшбұрыш)

2-топ Қасқыр (шаршы)

3-топ Табиғат (дөңгелек)

Олай болса біз қазір топ болып 3 топқа бөлінеді. Әр топ жетекшісі өз тобынан жауап берген оқушыларды белгілеп отырсын.

Топ басшысын сайлау.


ІІ. Қайталау – білі анасы

  1. Үй тапсырмасы: Ермек Өтетілеуұлының «Балмұздақ» әңгімесін әңгімелеу.

  2. Сұрақтарға жауап алу

Балалар не тауып алды?

Мирас не істеді?

Мирас балмұздақ жеуден неге бас тартты?

Егер сен біреудің ақшасын тауып алсаң не істер едің?

Әңгімені өз ойыңмен қалай аяқтар едіңдер?


ІІІ. Сен білесің бе?

  1. Мұхтар Әуезов кім?

  2. Өткен тарауда М. Әуезовтың қандай әңгімесімен танысып едік? (Жетім, Жолда)

  3. Балалар сендер «Көксерек» атты киноны көрдіңдер ме? Онда не жайлы еді?

  4. Мына «Бөлтірікті қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды» деген мақалды қалай түсінесің?

Ол үшін Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» атты повесіндегі Құрмаштың өмірімен таныссақ осы әңгіменің түйінін табамыз.


ІV. Білім керек бәріне

Дәптермен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс:

  1. Іштей, жалғастырып

  2. Тізбектей оқу

  3. Топтасып талқылау

  4. Кесте бойынша Көксерекке сипаттама беру


Көксеректің күшік кезі

Көксеректің көк шолақ қасқыр болған кезі

Жүні-үрпиіп,үдірейік

Езуі-ыржитады

Бойы-үлкен емес

Жота жүні-үрпиіп

Көзі-жасылданып

Азуы-ақситып ашып, тістерін көрсетіп



V. «Кім мықты»

1. Әңгімедегі басқы кейіпкер кім деп ойлайсың?

2. Көксерек туралы ауыл адамдары қандай пікірлер айтты?

3. Көксерек «ұрлық пен адал астық айырмасы не екенін ұға алмады» дегенге қалай түсінесің.


VІ. «Кім ұшқыр»

Үш топ өзара қасқыр туралы мақал айтысын жарыстыру. Қасқыр туралы.

  1. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар.

  2. Ауыл иті ала болса да, бөрі келгенде бірігеді.

  3. Қасқырды қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды

  4. Қасқыр қасқырлығын істемей қоймайды

  5. Қасқырды қасқыр қылатында адам

  6. Қасқырды қанша өсірсең де ит болмайды

  7. Қасқырды сұрлығы үшін емес, ұрлығы үшін ұрамыз


VІІ. «Үйренгенім көп менің»

Постермен жұмыс

«Адам» «Қасқыр» «Табиғат» сөздері

жазылған плакат беріледі. Осы сөздер бойынша ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза береді.

Адам- тірі ағза, еңбектенеді, сөйлейді, ойлайды, оқиды, қоректенеді

Қасқыр- жыртқыш, ит-құс, бөрі, қамағай, табиғат перзенті, дала тағысы, дала санитары

Табиғат- құбылыстар, тау, тас, ай, күн, жер, жануарлар, өсімдіктер


V. Қорытынды «Ой толғау»

1. Бүгін не жайлы өттік?

2. Көксерек әңгімесін сен қалай аяқтар едің?

3. Көксерек әңгімесі бізге нені үйретті?

4. Әңгіме немен аяқталды деп ойлайсың?

5. Әңгімедегі бейкүнә бала Құрмаштың өлімі

6. Көксерек әңгімесінің тақырыбы?

(Адам-табиғат-қасқыр)


Табиғат заңдылығына бұзуға хақымыз жоқ. Себебі адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік сақталу тиіс.


Әуезовтен жетті бізге көп дерек.

Тұтқын бопты Құрмашжанға Көксерек

Шуылдасып ауылдың көп иттері

Жабысыпты Көксерекке көп төбет

Қасқырдың болмысы адам тәрбиесіне көнбейді екен, түз тағысы да өмір сүруге құқылы. Адам табиғат заңдылығын бұзса, ол өзіне қатер төндіреді. Балалар сабағымызды табиғат пен бастап едік, табиғат пен аяқтайық.

Жер бәрімізге ортақ үйіміз. Ол аңға да, адамға да жетеді. Сондықтан сыйласып-сыйласып тату өмір сүрейік.

Бағалау: Әр топ басшысы оқушыларға деген бағаларым қою.

Үй тапсырмасы: «көксерек- табиғаттың тағы перзенті» тақырыбына шағын шығарма жазып келу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Ашы? саба? "М.?уезов "К?ксерек" 4 сынып

Автор: Табылдиева З?мз?г?л Аманхан?ызы

Дата: 01.03.2015

Номер свидетельства: 180705


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства