kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? Б.Майлинні? ?мірі ж?не шы?армашылы?ы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы;?аза? хал?ыны? за??ар жазушысы Б.Майлинні? ?мірі ж?не шы?армашылы?ы.

Саба?ты? ма?саты:

Білімділігі – о?ушыларды ?аза? ?дебиетіні? ірі т?л?асы Бейімбет Майлинні? шы?армаларымен таныстыра отырып, білімдерін ке?ейту, шы?арманы? мазм?нын толы? білу, идеясын ашу:

Дамытушылы?ы – жазушыны? жанр шеберлігінде жеткен жетістіктерін таныту, шы?арманы о?ыта отырып іздендіру:

Т?рбиелігі – адамгершілікке, сыйласты??а, мейірімділікке т?рбиелеу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? Б.Майлинні? ?мірі ж?не шы?армашылы?ы. »

Сабақтың тақырыбы;Қазақ халқының заңғар жазушысы Б.Майлиннің өмірі және шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі – оқушыларды қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы Бейімбет Майлиннің шығармаларымен таныстыра отырып, білімдерін кеңейту, шығарманың мазмұнын толық білу, идеясын ашу:

Дамытушылығы – жазушының жанр шеберлігінде жеткен жетістіктерін таныту, шығарманы оқыта отырып іздендіру:

Тәрбиелігі – адамгершілікке, сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Cабақтың түрі;Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі;суреттер,кестелер,презентация,тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы;

I Ұйымдастыру кезеңі;

Сәлемдесу, түгендеу,оқушылардың назарларын сабаққа бағыттау

II Білімдерін тексеру

Сұрақ -жауап арқылы

III Сабаққа мақсат қою кезеңі

IV Жаңа сабақты меңгерту кезеңі

1.Оқушыларды жаңа сөздермен таныстыру

  • Ұлағат-үлгі

  • Жұрағат,туыс- родственники

  • Бірлік-единство

  • «Халық жауы»-враг народа

  • Мұңдық,қыздар мұңдық-печаль,грусть,девушки грустны

  • Тірек-опора

  • Теңдік-равенство

  • Қазан Революциясы-Октябрьская Революция

  • Сталиндік Репрессия-Сталинская Репрессия

2.Б.Майлиннің өмірі және шығармашылығымен таныстыру

  • Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады.Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан.

  • 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған.

  • 1916-1919 жылдары мұғалім болады, жазу­шылықпен шұ­ғылдана бас­тай­ды. «Қа­зақ», «Ауыл» газеттері мен «Айқап», «Садақ» ( Садақ журналы ) журнал­дарына жа­зып тұрады. Бейімбет Майлин «Еңбекшіл қа­заққа» «Еңбек туы» болып тұрған кезде-ақ атсалыса бастаған.

  • 1938 жы­лы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болды.



  • Бейімбет поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында (1913), «Айқап» журналында (1914), «Қазақ» газетінде (1915) жарияланған алғашқы өлеңдеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң -мұқтажын, арман аңсарын, әсіресе азаттық теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.

  • Бейімбет Майлы дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.

  • Бейімбет он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол ірілі ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы.

  • Бейімбет Майлиннің шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады.[3]

V.Жаңа білімді пысықтау

1.Б.Майлин қашан және қайда туылды?

2.Б.Майлин жетімдіктің зардабын қалай тартты?

3.Б.Майлиннің балалық шағы қалай өтті?

4.Әжесі Бойдас туралы Б.Майлин не дейді?

5.Б.Майлин шығармаларының арқауы не болды?

6.Б.Майлин қай жерде білім алды?

7.Б.Майлиннің қандай шығармаларын білеміз?

8.Қазақтың «Үш бәйтерегі» дегеніміз кімдер?

9.»Үш бәйтерек нені аңсады?

10.Олар Репрессияға қалай ұшырады?

11»Халық жауы» дгенді қалай түсінеміз?

VI . Сабақты қорытындылау

Тест сұрақтары арқылы сабақты қорытындылау

1.Б.Майлин қашан туылды?

А)1894ж

Ә)1891ж

Б)1879ж

2.Б.Майлин өмір сүрген жылдар?

А)1893-1938жж

Ә)1894-1938жж

Б)1800-1938жж

3.Б.Майлин қайда туылды?

А)Алматы облысы

Ә)Шығыс Қазақстан облысы

Б)Қостанай облысы

4.Қазақтың «Үш бәйтерегі» дегеніміз кімдер?

А)Б.Майлин,Абай Құнанбайұлы,Сұлтанмахмұт Торайғыров

Ә)Б.Майлин,І.Жансүгіров.Сәкен Сейфуллин

Б)Б.Майлин,Сәкен Сейфуллин

5.Б.Майлиннің әжесінің аты кім?

А)Зере

Ә)Ұлжан

Б)Бойдас

6.»Айт күндері» әңгімесінің авторы кім?

А)Ахмет Байтұрсынұлы

Ә)Сұлтанмахмұт Торайғыров

Б)Бейімбет Майлин

7.Б.Майлин қай жанрдың шебері?

А)роман

Ә)әңгіме

Б)баллада

8.»Әжем поэзияны жақсы көреді.Өзі де өлең шығаратын.Жалықпай,шаршамай көне жырларды тыңдайтын» Кімнің әжесі туралы айтылған?

А)Ж.Аймауытов

Ә)Б.Майлин

Б)А.Құнанбайұлы

VII.Үйге тапсырма

Б.Мйлинннің өмірі және шығармашылығын мазмұндау





Осы сабақта келесі технологиялардыі элементтері пайдаланылды:

  • Оқушылардың денсаулықтарын арттыратын технологисы;

  • Ұжымдық оқыту әдісі;

  • Жеке, тұлғаға бейімделген оқыту технологиясы;

  • Ақпараттық- коммуникациялық технологиясы

Сабақтың құрымдылық кезеңдері көздеген міндеттерге және білім мазмұнына сәйкес айқындалған

  1. Балалардың сабаққа ынталандырылды, психологиялық- техникалық, санитарлық жағдай жасалды.

  2. Білімдерінің айқындалуы (теориялық тақырыпты шолу)

  3. Оқушыларға мақсат пен міндеттерін айқындау

  4. Сабақтың қайталау және жаңа тақырыптың мазмұнын өзіндік ашу, топтық жұмыс арқылы сыныптастары алдында даярлаған жұмыстарын жеткізу, дәлелдеу

  5. Емлелерге байланысты тапсырмаларды орындау (жұрнақтарды белгілеу)

  6. Сабақтың қорытындысын шығару, өзіндік бағалау, жасаған жұмыстарын сараптау, талдау

  7. Үй тапсырмасы берілді, талданды.

  8. Қоршаған ортамен және пәнаралық байланыс іске асырылды (сынып бөлмесін сипаттау, терезелердің санын, ауа райы мен жыл мезгілін айқындау).

 

Сабақ барысында оқушыларға тиімді жағдай жасалды, «мұғалім- оқушы, оқушы- оқушы» қарым-қатынас болды.

 

Сабақтың олқылықтары:

  • Үй тапсырмасын тексеру кезінде уақытты үнемдеу;

  • Топтағы жұмыстың жетіспеушіліктері.

 

 

Самоанализ

урока казахского языка в  3 «В» классе




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашы? саба? Б.Майлинні? ?мірі ж?не шы?армашылы?ы.

Автор: Каратаева Зубайра Суйербаевна

Дата: 28.05.2015

Номер свидетельства: 215722


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства