kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Антонимдік ж?не синонимдік фразеологизмдер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

                             Білімділік:     О?ушылар?а антонимдік ж?не синонимдік

                                                    фразеологизмдер туралы, оларды?   тіліміз-  

                                                      дегі орны туралы ма?л?мат беру.

                        Дамытушылы?:   О?ушыларды? антонимдік ж?не синонимдік

                                                    фразеологизмдерді? ерекшеліктерін ме?гере

                                                    білудегі білім, білік да?дысын жетілдіру.

                        Т?рбиелік:     С?з ма?ынасын, с?з ?адірін, с?з астарын  т?-

                                               сінетін к?кірегі ашы?, к??ілі ояу азамат бо-

                                               лу?а, ана тілін с?юге т?рбиелеу. 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Антонимдік ж?не синонимдік фразеологизмдер »

«Н.К.Крупская атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Сабақтың тақырыбы: Антонимдік және синонимдік фразеологизмдер.













Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім -

Шынжырбаева Майра Саламатовна




















Ұлан ауылы 2015


Сабақтың тақырыбы: Антонимдік және синонимдік фразеологизмдер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға антонимдік және синонимдік

фразеологизмдер туралы, олардың тіліміз-

дегі орны туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың антонимдік және синонимдік

фразеологизмдердің ерекшеліктерін меңгере

білудегі білім, білік дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік: Сөз мағынасын, сөз қадірін, сөз астарын тү-

сінетін көкірегі ашық, көңілі ояу азамат бо-

луға, ана тілін сүюге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Буклет, плакат (алма ағашы), сөздік кітаптар,

көркем әдебиеті т.б.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен амандасу;

ә) Кезекшімен жұмыс;

б) Дайындықтарын тексеру;

в) Назарларын сабаққа аудару.

II. Өткен тақырыпты еске түсіру.

Ал, балалар, антоним, синонимдерді еске түсірейікші.

  1. Антоним дегеніміз не?

  2. Синоним дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

  3. Тұрақты тіркестер дегеніміз не?


III. Мақсат қою. Оқушыларға антонимдік және синонимдік фразеологизм-

дердің ерекшелігін меңгерту.


  1. Жаңа сабақ. Балалар, қазақ тілінде антонимдік және синонимдік тұрақты тіркестер де кедеседі екен.

Тұрақты тіркестердің орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен ауыстыруға келмейді. Мысалы: тайға таңба басқандай дегенді жылқыға таңба басқандай деп бір сөзін алмастырып айтуға болмайды. Онда ол фразеологизм болудан қалады. Тұрақты тіркестер даяр қалпында жұмсалады, сөйлемнің құрамына бір бүтін тұлға ретінде енеді.





Тұрақты тіркестердің синонимдік баламалары болады, яғни оларды мағы- насы жағынан жақын сөздермен түсіндіруге болады. Мысалы: қыздың жиған жүгіндей деген тұрақты тіркестің баламасы (синонимі) - әсем, көрікті, көркем, ал ит терісін басына қаптады деген ұрысты, балағаттады, сөкті дегендердің орнын басады. Кейбір тұрақты тіркестердің бір-бірімен өзара синоним болып келетіндері де бар: азар да безер болды, ат тонын ала қашты; көз ілмеді, көрер таңды көзімен атырды; түн ұйқысын төрт бөлді. т.б.

Тұрақты тіркестер мән-мағынасы жағынан бір-біріне қарама-қарсы (антоним) болып та келеді. Мысалы: ит терісін басына қаптады – басынан си-пады, ат ізін салмады – ат ізін құрғатпады, бетінен оты шықты – беті бүлк ет-педі, айы оңынан туды – жол болмады. т.б.

  1. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру. Вен диаграмма сызу.








  1. Пысықтау жаттығулары.

  1. Деңгейлік тапсырма

Баламасын тап.

Ат ізін салмау өкінді, ренжіді

тас жүрек ұрсу

жер-жебіріне жету білімді

салы суға кету айтпау

тіс жармау қорқақ

өрісі кең хабарласпау, келмеу


  1. Деңгейлік тапсырма

а) Қарамен жазылған- еркін сөз тіркестерін тұрақты сөз тіркестерімен ауыстырып жазыңдар.

1. Жарыстан келген соң Нұрбек менменсіп кетті. (мұрнын көкке көтерді).

2. Естіген бетте үндемей қалды. (жұмған аузын ашпады.)

3. Ашулы әкесі көпке дейін баласына ұрысты. (әңгір таяқ ойнатты.)

4. Үй іші тып-тыныш болды. (құлаққа ұрған танадай болды.).


ә) Мына тұрақты тіркестердің антонимдік баламасын жазыңдар.

Көзге ілмеу-көзінен таса қылмау, бетінен қақпау-бетінен алу, аузы-аузына жұқпау-жұмған аузын ашпау, еңбегі жану-еңбегі еш болу, жұлдызы жарасқан-жұлдызы қарсы.





Ал, мына тұрақты тіркестердің синонимдік баламасын жазыңдар.

Аузына қақпақ болу, аузына құм құю, аузын ашырмау; аузын алу, аузын майлау, ауыз бастырық беру; басы қату, дал болу; әкесін таныту, әңгіртаяқ ойнату; көз тастау, көз қырын салу; зәресі ұшу, жаны мұрнының ұшына келу.

  1. Ал, балалар, енді мына алма ағашындағы тапсырмалырды орындайық.

    1. Ит терісін ...

    2. Бармағын....

    3. Өкпесі қара...

    4. Бетінен...

    5. Іргесін аулақ...

    6. Қойға шапқан...

Керекті сөздер: ұрсу, балағаттау; тістеді (өкінді),қазандай (реніші таудай), оты шықты (ұялды), салу (жоламау), қасқырдай (тас-талқан) ету.

  1. Өздеріңе ұнаған тұрақты сөз тіркесімен 3 сөйлем құрастырыңдар.


Қорытынды: Сабағымызды мынандай сұраққа жауап бере отырып, қорытындылайық.


Не білем? Нені білем? Не білгім келеді?

Еркін сөз тіркестерін Әліде фразеология-

білетінмін. Мысалы: лық тіркестердің

аттың ізі ат ізін салмау-келмеу, ха- синонимдік,анто- адамның ізі барласпау; ат ізін құрғатпау- нимдік тіркестері

күнде (жиі) келу туралы білгім

тілге келу-сөйлеу тілі тию-балағаттау, ұрсу келеді.


  1. Бағалау.

  2. Үйге тапсырма: 119-жаттығу. Мына сөздердің қайсылары тұрақты тіркеске жатады? Ойларыңды дәлелдеңдер.




















































Антонимдік

және

синонимдік

фразеоло- гизмдер





Көзге ілмеу-көзінен таса қылмау;

бетінен қақпау-бетінен алу;

аузы-аузына жұқпау-жұмған аузын ашпау;

бойын аулақ салу-ауыз жаласу;

аты жер жару-ауызға ілінбеу.




Синонимдік фразеологизмдер


Бас ию, бас ұру;

көз тастау, көз қырын салу;

бәйек болу, құрақ ұшу, құр-дай жорғалау;

аты шулы-аты шыққан;

аузы мұрны қисаймай-бет-аузы бүлк етпей;

аяғына бас ұру-аяғына жығылу;

зәресі ұшу-жаны мұрнының ұшына келу.





Қарасай батыр атындағы орта мектебі










Ашық сабақ


Тақырыбы: «Антонимдік және синонимдік фразеологизмдер»














Сыныбы: 5 «А»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Шынжырбаева М.С.








Үшқоңыр ауылы 2010 ж.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Антонимдік ж?не синонимдік фразеологизмдер

Автор: Шынжырбаева Майра Саламатовна

Дата: 11.03.2015

Номер свидетельства: 184755


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства