Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар бүгінгі мерекеге қош келіпсіздер!
Наурыз-құтты болсын!
Наурымыз шат- думан көңіл тойы,
Жан берген тіршілікке өмір тойы.
Кеңпейіл ел-жұртына мейір шашып,
Күн нұрын құшып жатыр өңір бойы.
Таң шапағы қарсы алып наурызда, Құт-береке тілейміз ауылымызға. Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық, Шат көңілмен бәріміз ән салайық. Наурыз! Наурыз! Наурыз! Құтты болсын! Наурыз! Наурыз! Құтты болсын Наурыз!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар бүгінгі мерекеге қош келіпсіздер!
Наурыз-құтты болсын!
Наурымыз шат- думан көңіл тойы,
Жан берген тіршілікке өмір тойы.
Кеңпейіл ел-жұртына мейір шашып,
Күн нұрын құшып жатыр өңір бойы.
Таң шапағы қарсы алып наурызда, Құт-береке тілейміз ауылымызға. Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық, Шат көңілмен бәріміз ән салайық. Наурыз! Наурыз! Наурыз! Құтты болсын! Наурыз! Наурыз! Құтты болсын Наурыз!
Ән: «Наурыз биі » (Екатерина, Зоя)
(балалар орындарына отырады)
Жүргізуші: Қазақ халқында наурыз айының 22-сінде Жаңа жыл мерекесі тойланады. Бұл күні жұрт жаңа, таза киімдерін киіп, үй -үйге қыдырып, бір-біріне деген таза көңілдерін, ақ тілектерін білдіреді.Әр үйде дастархан жайылып, жеті түрлі тағам түрлері қосылған наурыз көже пісіреді. Шығыста Наурыз-жыл басы. Наурыз көктемгі күн мен түн теңесетін күні тойланады. Наурыздың 21- 22-іне қараған түні мен түн теңеседі. Бұл күні бәрі әдемі киініп алып ,бір-бірінің үйіне қонаққа барады. Мерекеге арнайы жеті түрлі тағамнан наурыз көже дайындалады.
Залға әндетіп Алдар көсе (Дәмежан)кіреді:
Мен Алдармын, Алдармын,
Сақалымды талдармын.
Сақал түгіл мұртта жоқ,
Мендей қулық жұртта жоқ
Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен Алдар Көсемін. Сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Мереке басталып кеткен сияқты ғой және Наурызды қарсы алуға барлығы дайын сияқты. Менің сендерді қонаққа шақырғым келеді. Мен бір сараң байды танимын. Тіпті осындай мереке күні оның дастархан жайып, қонақтарды күткісі жоқ. Оны тәрбиелеуге көмектесесіңдер ме? Әй, байеке, саған қонақтар келе жатыр.
(Бай(Алихан) мен Бәйбіше(Сафона) залга кіріп дастархандагы азық- түліктерді таси бастайды)
Бай: Бәйбіше, барлық тамақтарды тезірек тық, ал өзің үндемемей, менің айытқандарымды екі етпей орында.
Бай: Сәлеметсіңдер ме, төрлетіңіздер, қонақ болыңыздар. Қайда болғандарыңды, нені көргендерінді айтып беріңдер.
Жүргізуші: Иә, қуана-қуана әңгімелеп береміз .
Тақпақтар:
Елім менен жеріме,
Ырысын шашқан Наурыз.
Күлімдеген көктемге,
Шуағын шашқан наурыз.
Жеті түрлі дән салып,
Дәм татқызған наурыз.
Жақсылық тілеп халыққа,
Молшылық әкелсін наурыз. Максим О.
Жаңартып сана, салтымды, Қуантқан барша халқымды. Наурыз тойы – ел тойы, Ғасырдан асыр даңқыңды. Ән болып асыл, Даңқыңды асыр Ғасырдан ғасыр. Давид
Наурыз Кәне, достар, биле, биле, Құлағың сал ән мен күйге. Наурызды тойлағанда Отырмаңдар босқа үйде. Наурыз! Наурыз! Наурыз!
Келіңіздер, келіңіздер, Бізбен бірге еріңіздер. Ақ көженің дәмін татып, Тамсанып бір көріңіздер. Наурыз! Наурыз! Наурыз!
Наурыз көктем Наурыз көктем, наурыз жыр, Ана мейрім, шуақ нұр. Жан иесін жаңартқан, Аққан бұлақ, нәзік сыр.
Наурыз әлем, наурыз құс, Сұлу дала, сағым түз. Самғай ұшқан қарылғаш, Аққу қаздар мамық төс.
Наурыз дала, наурыз гүл, Тентек сезім, үнсіз тіл. Ақ қайыңның аясында айқасқан, Балуан білек, қыпша бел. Диана.
Наурыз сыйы тыныштық
Жадырап күннің жанары,
Бетті өпсе жылы самалы.
Сай-сайға ақса жылғалар,
Бұл Наурыз хабары.
Ашылып аспан шүмегі,
Жауынмен құм да түледі.
Көкмайса жұмсақ құлпырған,
Бұл Наурыз кілемі.
Бусанып тарғыл атырап,
Нәрленіп торғын топырақ.
Жауқазын өссе күнеске,
Бұл Наурыз – жапырақ. Валерия
Наурыз
Қош келдің, Наурызым төрлет бері,
Қыр төсін жауқазындай өрнектеді.
Тіршілік тамырына нәр жүгіріп,
Жадырады адамдардың келбеттері.
Наурыз, жыл он екі ай елдің жүгін,
Арқалап арамызға келдің бүгін.
Дамытып бейбіт елдің еркіндігін,
Жайлауын жарастырдың елдігімнің.
Наурыз түріп тастап жер түндігін,
Айығып ақ күмістей серпілді күн.
Сұлудай сылаңдаған мөлдір сулар,
Жылғамен ағып жатыр еркін бүгін.
Халқымыз қастерлеген ежелден-ақ,
Келе бер аттың басын тежемей-ақ.
Наурыз көжемізден қанып ішкін,
Ұлыстың ұлы күні тұрма қарап.
Наурыз әуені Ерте көктем күн нұры, Еркін бұлақ сыңғыры, Еміреніп Жер ана Еркелейді қыр гүлі.
Қозы толып көгенге, Уыз сүтке кенелген Шаруа қожа ыңылдап Қосылады өлеңге.
Ойы алаң ананың- Оқудағы баланың Нәуірзек құс сыңғырлап, Жеткізгендей хабарын. Анастасия
Бай: Иә, мен де сендерді дастарханға қуана-қуана шақырар едім, бірақ кешіріңдерші, сендерге берер асым жоқ. Өзіміз бірнеше күн бой аш отырмыз.
Алдар көсе: Алаңдама, қожайын, менде Әли-Бабаның сиқырлы ожауы бар, ол кез келген тағамды азық- түліксіз дайындай алады.
Бай: Ал сенің ожауың қайда, маған көрсетші.Ол расында да сиқырлы ма? Тіпті наурыз көжені де пісіре алады ма?
Алдаркөсе : Әрине, қазанға су құйып сиқырлы сөздерді айтып араластыра берсең, наурыз көжең дайын болады.
Бай: Ол қалай, мен оған сенбеймін!
Алдар көсе: Сенбесең қазанға су кұйып алып кел!
Бай: Әй Бәйбіше, қазанға су құйып алып кел! (Бәйбішесі қазанды алып келеді)
Алдар қазанға ожауын салып сиқырлы сөздерді айтады:
Ожауым айнала бер айнала бер.
Наурыз көжем піс,піс.
Буы аспанға ұш,
Қайнатамыз қойыла түс.
Жүргізуші: Ал әзірше су қайнап жатқанда біз сені әдемі биімізбен қуантамыз.
Би: «Қазақ биі» Ева
Алдаркөсе: (ожаумен. су ішіп көреді ).О-о!Өте дөмді. Мұнда қой еті жетпей тұрғанын қарашы.
Бай: Ей Бәйбіше, қойдың санын алып кел, қазанға сал. (Әйелі айтқанын орындайды).
Алдар көсе :
Қасығым айнала бер, айнала бер,
Наурыз көжем піс, піс.
Буы аспанға үш.
Қайнатамыз қоюлана түс.(дәмін көреді).
Ох, неткен дәмді! Қандай қою, иіс қандай! Бірақ тұзы аздау екен, тұз қосса ғой.
Бай: Ей, Бәйбіше тезірек тұз алып кел. (Әйелі тұз алып келеді).
Алдар көсе:
Қасығым айнала бер, айнала бер,
Наурыз көжем піс, піс.
Буы аспанға үш,
Қайнатамыз қоюлана түс.
Жүргізуші: Әй, Байеке, наурызкөже дайын болғанша біздермен ойын ойна!
Ойын: «Түйіншекті орамал».
Шарты: Балалар шеңберге тұрадьі, ортасына балалардың орамал алатын бала тұрады (орамалды үлкен түйіршекпен түйеді). Орамалды балалармен бірге шеңберде тұрған жүргізуші түсіреді. Балалар жүрргізуші орамалды алып алмау үшін оны бір-біріне тез береді. Жүргізуші орамалды кімнен алса сол бала өнер көрсетуі тиіс. Осылай ойын жалгаса береді.
Алдаркөсе: Ей , Бай, бері кел, иіскеп көрші, неткен хош иісті. Тек кішкене тары қосқанда наурыз көжеміз дәмдене түсер еді...
Бай: Бәйбіше, тезірек күріш, тары, арпа алып кел!
Бәйбіше: Сенің денің сау ма?
Бай: Мен саған не дедім, үндемей менің айтқанымды орында дедім ғой!
Бәйбіше: Жарайды-жарайды.(айтқанын орындайды)
Қасығым айнала бер, айнала бер,
Наурыз көжем піс, піс.
Буы аспанға ұш.
Қайнатамыз қоюлана түс.
Жүргізуші: Ал, Байеке, дәнді -дақылдар пісем дегенше біздің Карим өнерін көрсетпекші екен, соны тамашалайық!
Күй «Сарыарқа».
Алдар көсе: (дәмін көреді) Ох, наурызкөжеміз неткен дәмді! Тек кішкене құрт жетіспейтін сияқты...
Бай : Қазір болады. Ей, Бәбіше, құрт алып кел! (Бәйбіше құрт алып келеді)
Алдар көсе:
Қасығым айнала бер, айнала бер,
Наурыз көжем піс, піс.
Буы аспанға үш.
Қайнатамыз қоюлана түс.
Наурыз көжеміз әзір болды.
Бай: Ммм, қандай дәмді, ожауың неткен сиқырлы еді? Жай ғана судан бәрін өзі дайындап шықты. Мұндай дәмді наурыз көжені мен ешқашан жеген емеспін! Тыңдашы, маған ожауыңды сатшы, маған ол қатты ұнап қалды.
Алдар көсе: Жақсы, мен ойланып көрейін. Бірақ дастарханды толтыру керек емес пе, онда бауырсақ жоқ қой.
Бай: Қазір болады. Бәйбіше, бауырсағың мен тәттілеріңді шығар.(әйелі шығарады). Ал, енді сатасың ба?
Алдар көсе: Сататын шығармын, бірақ қандай бағаға сатарымды білмей отырмын.
Бай: Қалағаныңды сұра, сұрағаныңды беремін.
Алдар көсе: Сен маған жаңа шапан мен тақия берші, менікі жол бойы тозып кетті Бай: Ей, Бәйбіше, менің жаңа шапаным мен тақиямды әкел. (Әйел шыгарады)
Ал, енді ожауыңды сатасың ба?
Алдар көсе: Егер сен сайыста жеңсең сатамын.
Ойын: «Арқан тартыс» Бай мен Алдар көсе екі топқа бөлініп балалармен бірге арқан тартысады.
Алдар көсе: Ал Байеке, сен өте жомарт екенсің, Әли-Бабаның ожауын саған сатпаймын, керсінше айырбастаймын.Сен маған жүйрік сәйгүлігіңді, ал мен саған сиқырлы ожауымды беремін. Келісесің бе?
Бай: Әрине келісемін. Әй Бәйбіше, менің ең жүйрік сәйгүлігімді алып кел. Міне, ал, ал маған ожауымды бер. (Алмасады, Бай ожауын құшақтап сүйеді).
Алдар көсе: Ал, қош сау бол . Менің қайтатын уақытым жетті. Наурыз мерекесін көңілді өткіз, сау болыңдар, балалар көмектеріңе рахмет. (Атпен кетіп қалады).
Бәйбіше: Ей, ақымақ, Алдар көсе сені алдап кетті. Осы наурызкөже мен дастарханға біздің барлық азык- түлігіміз кетті, ал ожау қарапайым ожау ғой.
Бай: Қалайша-«қарапайым»?
Бәйбіше: Иә, солай! Ал сен ол үшін жаңа шапаныныңды, жүйрік сәйгүлігіңді Алдар көсеге бере салдың.
Бай: Сен неге ертерек айытпайсың оны?
Бәйбіше: Менің айтқым келді, сен өзің емес пе, үндемей айтқандарымды орында деген.
Бай: Ойбай, масқара!
Жүргізуші: Бай ренжіме. Қарашы, Сенің үйіңде Наурыз қалай тамаша өтті, ойынмен, әнмен, бимен! Ал сенің дастарханың қандай мол! Ал Наурызға жайылған дастархан мол болса жыл бойы молшылық болады. Байеке, саған көп рахмет Шашу.
Залға түйемен Қыдыр ата(Илья) кіреді. Бата оқылады.
Ұлысың оң болсын, Ақ мол болсын, Қайда барса да жол болсын! Ұлыс бақты болсын, Төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін, Бәле-жала жерге енсін! Ұлы халқым тоқ болсын, Көйлектерің көк болсын! Қайғы уайым жоқ болсын, Қуаныштарың көп болсын!