Әдебиет
8-сынып
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы жайында игерген материалдарын нақтылау, шығармашылықпен жұмысқа үйрету;
дамытушылық – шығармаға жан – жақты талдау жасау арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту,дамыту,дүниетанымдарын кеңейту;
тәрбиелік – оларды ізгілікке, адамгершілікке, қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу.
Типі: білімді бекіту сабағы.
Түрі: дәстүрлі емес.
Әдіс – тәсілдері: Блумның мақсат қою технологиясы, топтық жұмыс, проблемалық сұрақтар
Пайдаланған әдебиеттер: «Аманат», «Өмір-өзен», «Дариға-жүрек» жыр жинақтары, «Қазақ әдебиет», «Ұлан» газеттері.
Пәнаралық байланыс: биология, тарих, саз өнері.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, аудиодиск, тақырыптық слайд материалдары, үлестірме материалдары.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру: амандасу,түгелдеу,сабаққа жұмылдыру.
Психологиялық дайындық. Тренинг. « Тілек тілей білеміз бе?
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Топтық жұмыс. Әр топтың Мұқағали өмірі мен шығармашылығы бойынша ізденіс жұмысы(жобаны қорғау)
1-топ: Ақынның өмірі. 2-топ: Ақынның шығармашылығы. 3-топ. Ақын туралы естеліктер.
Жаңа сабақ.
Мақсаттар жүйесі | Оқушылардың іс - әрекеті |
Білім | «Аққулар ұйықтағанда» поэмасына мазмұндық жоспар жасау |
Түсінік | Мұқағали – суреткер ақын. Шығарманы құрылысына қарай талдау. |
Қолдану | Ақынның тіл шеберлігі. Поэманың тілдік – көркемдік ерекшелігіне талдау. |
Талдау | Дәрменсіз ата-ана, тәуіп шал, жылқышы қарт. |
| Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру. |
Жинақтау | Аққуды атқан Ана кінәлі ме?(проблемалық сұрақтар) |
Бағалау (сыни көзқарас, өзіндік пікір) | Аққу – киелі құс. Жолында құрбан жан балам... (ойтолғау, хат жазу, мәтін бойынша сурет салу) |
I.Білу. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасына оқушылармен біріге отырып мазмұндық жоспар құрғызу. Топтық жұмыстар.
| Тақырыбы | Басты оқиғалар |
I. | Тау басына біткен көл | I. Жетімкөл жетімсірейді. 2. Беу, дүние-ай,Жетімкөл қандай еді?! 3. Жетімкөлдің шипасы 4.Дәстүр жалғастығы 5. Аққулар айдынында оралмады. |
II. | Ауру бала немесе шарасыз отбасы | 1.Баланың науқасқа шалдығуы 2.Баласы күзеткен ананың ойы 3. Тәуіп шалдың айтқан емі 4.Ананың шешімі 5.Аққулар ұйықтап жатыр тербеліте... 6.Ата дәстүрді аттау 7.Оқыс атылған мылтық 8.Жетімкөлден сән кетті |
III. | Жылқышы қарт. Шарасыз ана. | 1.Көзінен жас, көңілінен зар төгілген байғұс ана. 2.Халық ырымы. Аққуды атқан онбайды 3.Еркінен, есінен айырылған ана. 4.Өліп жатқан бала, шарасыз ана. 5.Қасиет.Сор.Қасірет. |
Эпилог | Аққулар... Аңыз көп қой олар жайлы | 1.Аққу туралы аңыз. 2.Халық айтса,қалт айтпайды. |
II.Түсіну. «Мұқағали – суреткер ақын
1. Басталуы: Жетікөл туралы аңыз. Аққулар – айдын еркесі.
2. Дамуы: Ауру бала, тәуіп айтқан ем.
3. Байланысуы: Ұзақ түн. Дәрменсіз ата-ана.
4. Шарықтау шегі: Аққуды атқан ана. Астана-кестен көл беті.
5. Шешімі. Аққудың киесі. Жалғыз ұлдың өлімі. Кие қасіретін тартқан ана.
III. Қолдану. Ақынның тіл шеберлігі. Топтық жұмыстар. Әдеби-теориялық ұғымдарға талдау,тілдік теңеулерді табу. Оқулықпен жұмыс, дәптерге орындау.
№ | Поэмадан үзінді | Эпитет | Кейіптеу | Теңеу | Дәйектеме |
1. | Тәтті үн, аппақ нұр... | | | | |
2. | Маужыраған түн, салбыраған шымылдық.. | | | | |
Сөздікпен жұмыс: «сор», «қасиет» сөздерінің мәнін ашыңдар.
IV. Талдау. Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру (интерактивті тақтада орындалады).
Кейіпкерлер | Іс-әрекеті, адами қасиеттері |
Баланың анасы | Нағыз ана. Балажан,баласы үшін аққуды атты, баласы үшін бәріне де даяр, қамқор жан. |
Баланың әкесі | Адал жан, халық дәстүрін қастерлейді. |
Тәуіп шал | Мейрімсіз, таяз ойлы |
Жылқышы қарт | Түсінігі мол, көргені көп. |
V.Жинақтау. Ауызша сұхбат (проблемалық сұрақтар).
1. Жетімкөл неге жетімсіреп қалды,аққулар неге қонбай кетті?
2. Аққуды атқан ана кінәлі ме? Бұл шешімге келу анаға оңай түсті ме?
3. Қазіргі заманда жылқышы қарт сияқты табиғат жанашырлары бар ма?
4. Поэма қандай мәселені көтеріп отыр? Осы жерде Жетімкөл, аққулар туралы автор не себепті сөз қозғап тұр?
5. Жылқышы қарттың «Аққуға кезенерде ырым жасап, Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?» деген сөзі нені меңзейді?
6. Бүгінгі таңда аң-құстарды қорғау мәселесі қандай деңгейде, осы мақсатта не істелініп жатыр?
VI. Бағалау. Төмендегі тақырыптарға ой-толғау жазу. (Сүгірдің «Аққу» күйі ойнап тұрады).
1.Аққу – сұлулықтың рәмізі, киелі құс.
2. Жолыңда құрбан жан балам...
3. Табиғат-ана шырылдайды көмек сұрап...
4. Аққуды атқан анаға хат.
Үй тапсырмасын беру.
Зерттеу,ізденіс жұмысы. Аққудың түрлері туралы материал жинақтау. Аққулар туралы аңыздарды қарастырып келу, аққуға қатысты ырымдар мен тыйымдар.
Бағалау. Қанипа Бітібаеваның әдісімен жүргізіледі.
Кесте құру.
Өз бағасы | Сынып бағасы | Мұғалім бағасы | Қорытынды баға |
| | | |