kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ахмет Байт?рсынов "Егінні? бастауы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?ні:

П?ні: ?аза? ?дебиеті  

Сыныбы: 7

Саба?ты? та?ырыбы:          Ахмет Байт?рсын?лы

                                            «Егінні? бастары»                               

Саба?ты? ма?саты:

   а)  А Байт?рсын?лыны?  мысал ?ле?і туралы   м?лімет бере отырып, ?ле?деріні? та?ырыбы мен идеясын ашу;

    ?) о?ушыларды адамгершілікке,имандылы??а,асыл ?асиеттерге т?рбиелеу;

    б) о?ушыларды? ?з ойын айта білуге, ой-?рісін,ойлау ?абілетін арттыру?а,шы?армашылы? ізденіске жол ашу;

Саба?ты? т?рі:     аралас   саба?

Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап,талдау,іздену  т.б

Саба?ты? к?рнекілігі: сызбалары,кестелері,   портреті  т.б

П?наралы? байланыс:          тарих

Саба?ты? барысы:

                                          а) ?йымдастыру кезе?і:

        О?ушылармен амандасу,т?гелдеу, о?у ??ралдарын тексеру, сыныпты? тазалы?ына к??іл б?лу.  О?ушыларды? зейінін саба??а аудару.

                                               ?) ?й тапсырмасын пысы?тау:

                      ?йге берілген тапсырманы  с?раймын.О?ушылар?а бірнеше с?ра?тар ?оямын.

1.А?ын ?ле?де адам мінездеріндегі  ?андай ?асиеттерді сынайды?

2. ?ле?ні? со??ы шума?ынан а?ынны? айт?ысы келген  ?зекті ойын ?алай бай?ау?а болады?

                                        б) Жа?а саба?ты т?сіндіру:

            Мысалда а?дар,??стар,хайуанаттар,?сімдіктер,іс-?рекеті мінезі ар?ылы адам бойында?ы мінді кемшілікті т?спалдап,?жуа-к?лкі етеді.  Мысалдар ?ле?мен де,?арас?збен де жазылады. Осындай ша?ын к?лемді,о?и?алы,адам?а саба? болатын та?лымды? шы?арманы мысал дейді. Мысалдар е?бекс?йгіштік,?ділдік, адалды?, ?арапайымдылы? сия?ты жа?сы ?асиеттерді мада?тап,уа?ыздайды,жа?ымсыз ?ылы?тарды   мыс?ыл т?рінде  к?лкі ете отырып, одан са?тандырады.  

          Мысалдарда жануарлар мен ж?ндіктер адам істейтін ?рекеттерді жасайды. Б?лай к?рсетуді аллегория дейді.

            ?аза? ?дебиетінде мысал жанры ?лы Абайдан  басталады. Ахмет Байт?рсын?лы,С?бит Д?нентаев секілді а?ындар Абай д?ст?рін ілгері оздырды. Б?лар орысты? ?лы мысалшысы И. А. Крыловты?  туындыларына ?аза?ты? шапанын жауып, ?алпа?ын кигізді. Сонды?тан Абай мен Ахмет мысалдары аудармадан г?рі ?аза?ты? ?з топыра?ында жаратыл?ан шы?арма кейпінде к?рінеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ахмет Байт?рсынов "Егінні? бастауы" »

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ


Сабақ жоспары

Тақырыбы: А.Байтұрсынов «Егіннің бастауы »









Дайындаған: Азизханова М

301-топ


Тексерген: Елшибаева Қ










Алматы, 2014ж


Күні:

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы

«Егіннің бастары»

Сабақтың мақсаты:

а) А Байтұрсынұлының мысал өлеңі туралы мәлімет бере отырып, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) оқушылардың өз ойын айта білуге, ой-өрісін,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, портреті т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Ақын өлеңде адам мінездеріндегі қандай қасиеттерді сынайды?

2. Өлеңнің соңғы шумағынан ақынның айтқысы келген өзекті ойын қалай байқауға болады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Мысалда аңдар,құстар,хайуанаттар,өсімдіктер,іс-әрекеті мінезі арқылы адам бойындағы мінді кемшілікті тұспалдап,әжуа-күлкі етеді. Мысалдар өлеңмен де,қарасөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді,оқиғалы,адамға сабақ болатын тағлымдық шығарманы мысал дейді. Мысалдар еңбексүйгіштік,әділдік, адалдық, қарапайымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап,уағыздайды,жағымсыз қылықтарды мысқыл түрінде күлкі ете отырып, одан сақтандырады.

Мысалдарда жануарлар мен жәндіктер адам істейтін әрекеттерді жасайды. Бұлай көрсетуді аллегория дейді.

Қазақ әдебиетінде мысал жанры ұлы Абайдан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы,Сәбит Дөнентаев секілді ақындар Абай дәстүрін ілгері оздырды. Бұлар орыстың ұлы мысалшысы И. А. Крыловтың туындыларына қазақтың шапанын жауып, қалпағын кигізді. Сондықтан Абай мен Ахмет мысалдары аудармадан гөрі қазақтың өз топырағында жаратылған шығарма кейпінде көрінеді.



А.Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» өлеңін мәнерлеп оқып беріп,ақынның айтпақ болған ойын өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.

Топтастыру стратегиясы:

«Қасқыр мен қозы» «Қайырымды түлкі» «Ала қойлар»

А.Байтұрсынұлының мысал өлеңдері


«Үлес» «Қартайған арыстын»





«Өгіз бен бақа» «Ат пен есек» «Қайыршы мен Қыдыр»


Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіре оқиды.

Дәптерлеріне өлеңді құрылысына қарай талдайды.

Ахмет Байтұрсынов «Егіннің бастары»

Бір адам жас баласын жанына алды, 

Екеуі сайран етіп кетіп қалды.

Қыдырып әрлі-берлі жүрді дағы,

Егінші егін еккен жерге барды.


Аралап әр егінді қарап жүрді,

Кез еді пісіп болған егін түрлі.

Бастарын дәнге толған төмен салып,

Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.


Жалғыз-ақ бір бидай тұр көкке қарап,

Бейне бір жалғыз өзін көпке балап.

Баланың сол бидайға көзі түсіп,

Білмекке кетті көңіл жөнін сұрап:


«Құбылып бидайлар тұр басын салып,

Жіберген мырза Құдай нұрға қанып.

«Әй, әке, мұның мәнін түсіндірші,

Бір іске тұрмын өзім қайран қалып.


Бұл Бидай көтеріп тұр басын көкке,

Қарайды шекірейіп өзі көпке.

Өзіне өзгелерді теңгермейтін,

Соншама бұл бидайдың дәні көп пе?»


«Айтайын мұның мәнін, балам, саған,

Шырағым, түрін көріп таңданба оған.

Өзгесі төмен қарап бүгілгенде,

Ойлама кем екен деп бәрі сонан».


Және де әкесі айтты баласына:

«Сұқтанба құр сорайған қарасына.

Құдайым өзгесіне дән бергенде,

Бұл бидай дәнсіз қапты арасында.


Бидайлар басы толық иіліп тұр,

Дән берген қожасына сыйынып тұр.

Басында бұл бидайдың дәні болмай,

Кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр.


«Елде көп бұл бидайдай адам, - дейді,

Тәкаппар, оны халық, жаман, - дейді.  
Қалпы емес тәккапарлық данышпанның,

Тұтынба бұл мінезді, балам», - дейді.


Өлеңнің атауы: «Егіннің бастары»

1.Тақырып: Жақсы мен жаман адамдардың мінездері туралы

2. Түсініксіз сөздер: Тағызым ету- құрмет көрсету Қайран қалу- таңғалу Шекірейіп қарау- менсінбеу Төмен бүгілу-еңкею Сорайған қарасына- бойына Тәкаппар- өркөкірек Тұтынба- еліктеме Балау- тең көру, бірдей санау Сайран етіп- қыдырып Көкке қарап-жоғары, төбеге қарап Теңгермейді- менсінбеу

3. Өлеңдегі көркемдік тәсілдер: Теңеу: бидайдай

Аллитерация: Бастарын дәнге толған төмен салып,

Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды….

Бейне бір жалғыз өзін көпке балап.

Баланың сол бидайға көзі түсіп,

Білмекке кетті көңіл жөнін сұрап:

Антоним: тағзым етіп-көкке қарап, сыйынып тұр- бүлініп тұр, көкке қарап-төмен қарап Синоним: Тәкаппар-жаман

4. Өлең құрылысы:

Шумақ саны- 9
Тармақ саны-36 тармақты
Бунақ саны-3 бунақты
Ұйқас түрі- қара өлең ұйқасы (а, а, б, а)

5. Өлеңдегі тірек ой,тірек ұғымдар: Құдай, әке, бала,

6. Өлеңнің компазициялық құрылысы: Әке мен баланың егінші еккен жерге баруы. Әке мен баланың өзара сұхбаттасуы. Бидайлар бейне тағзым етіп тұрған кезде жалғыз-ақ бидайдың тағзым етпеуі. Әке мен баланың сұхбатының аяқталуы

7. Өлеңнің идеясы: «Елде көп бұл бидайдай адам, - дейді,

Тәкаппар, оны халық, жаман, - дейді.  
Қалпы емес тәккапарлық данышпанның,

Тұтынба бұл мінезді, балам», - дейді. Бидай арқылы адамдардың түрлі мінездерін көрсету

Ой қорыту.

Insert стратегиясы бойынша жұмыс.

V

+

?

Білемін

Білдім(мен үшін жаңа ақпарат)

Білгім келеді

Сергіту сәті

Қырға шықсақ, өрлеп,(Қолдарын кезек кезек жоғары көтереді.)

Мұның аты-Еңбек.( Екі қолын жаяды.)

Кесте тіксең ,зерлеп,(Оң қолыңмен ине ұстап,тіккен қимылды көрсетеді)

Мұның аты –Еңбек.(Екі қолын жаяды.)

Сабағыңды жөндеп( Жанындағы  көршісіне қарап сол қолын жаяды)

Әзірлесең-Еңбек.

Қиындықтың бәрін (Құшағын ашады)

Еңбек қана жеңбек.(Екі қолын жаяды.)

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. «Егіннің бастары» өлеңі арқылы не айтпақ болды?

  2. Автор оқушыларына нені ескертеді?

3. Өлеңнен жаман қасиеттер мен жақсы қасиеттерді теріп жазыңдар.

4. Бидай арқылы қандай адамның мінезі берілген?
5. Бидайдың иілуінің себебін қалай түсіндіреді?

6. Мысалдың кейіпкерлері кімдер болған?

7. Мысалды ертегі деуге бола ма?.

8. Қалай ойлайсындар: «Бидайдың кеудесін көтергені- дақылы жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы» деген мақал осы өлеңнің мазмұнына сәйкес келе ме?
9. Өлеңде қанша шұмақ бар?

10. Жалпы шұмақ дегеніміз не?


Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: А.Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» өлеңін жаттап келу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ахмет Байт?рсынов "Егінні? бастауы"

Автор: Азизханова Малика Захидхановна

Дата: 02.10.2015

Номер свидетельства: 235714


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства