Просмотр содержимого документа
«А?ынны? отты поэзиясы »
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Күні: 8.10.2014ж 10-сынып
Пәні: қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы
Ақынның отты поэзиясы
Сабақтың мақсаты
Күтілетін нәтиже:
Сабақтың мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурстар
Ұйымдастыру. Топтарға бөлу
Суреттердің қиындысын біріктіру арқылы топқа бөлу
Топтастыру
Психологиялық дайындық
Бір-біріне жақсы көңіл-күй тілейді
Зерттеу әдісі:Адамдар жердің өз білігінен айналуын неге
сезбейді? Жер өз осін неше сағатта толық айналып шығады?
Жердің өз өсінен айналу себебі:күн мен түн ауысады.Жердің күннен жарық түскен бір жағы-күндіз,ал көленке жағы-түн болады.
Жер өз осін 24 сағатта толық айналып шығады.
Отбасы дегеніміз не? Отбасы мүшелеріне кімдер кіреді? Отбасы мүшелерін қандай мақсат біріктіреді?
Оқулық бойынша жұмыс. Слайд.
Отбасы-неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы.Отбасы мүшелері бір -бірін жақсы көреді, бір-біріне қамқор болады.
Постер жасап, қорғау
Сурет,дәптер
Отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер,
ассоцияция жасау
Әдепті бала- ата-анасың
мақтатар, әдепсіз бала-ата-анасың
қақсатар.
Әкеге қарап-ұл өсер, шешеге
қарап-қыз өсер.
Осы мақалдарды қалай
түсінесіндер? Қандай нақыл сөздерді білесіндер?
Топтастыру стратегиясы
Сергіту сәті
«Жұмыр қылыш» күйі
Оқушылар билейді
Оқушыларға сурет-сызба арқылы отбасы мүшелерін қандай мақсат біріктіреді?
Сурет -сызбаны түсіндіру
Сурет-сызба
Оқушыларға арнайы қағазға жазылған тапсырма беріледі.
Әр топтан бір оқушы шығады.Тапсырманы алған оқушы қимыл-қозғалысты үнсіз көрсету керек.
Сыни ойлау
Рефлексия
INSEPT әдісі
бойынша толтырамыз
V
-
+
?
білемін
Мен үшін түсініксіз ақпарат
Мен үшін жаңа ақпарат
Мені таңғалдырды
INSERT әдісі
Бағалау
"Отбасы"сөзі нені білдіреді?
Отбасы-әкесі мен анасы,балалары,
ата,әжесі.Отбасы-неке мен туыстық қатынастарға негізделген
адамдар тобы.
Үй тапсырмасы
Отбасында сенің қандай құқықтары мен міндеттерін бар?
Оқулықпен жұмыс
Қайырбек Оразов атындағы
Аралағаш орта мектебі
Темирова Ж.А.
2014 жыл
Сабақтың мақсаты: 1. «Аңыз әңгімелері» тақырыбын түсіндіру. Алған білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту, ұлы мұраға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
2. Оқушылардың ұжымдық, жеке қабілеттерін дамыту, олардың сөздік қорларын толықтыра отырып, әдеби сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, білімдерін практикада пайдалана білуге дағдыландыру.
3. Әдебиетті сүюге тәрбиелеу.
Панорамалық сабақтың түрі: Жаңа сабақты бекіту сабағы
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, мультимедия, спорт құралы, кеспе карточкалары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Жаңа сабақты қорытындылау
V. Жаңа сабақты бекіту
VІ. Бағалау
Мұғалім сөзі. – Сабақты бекіту кезеңінен бастамас бұрын мен тақтаға мынадай эпиграфты жазып, оқушылардың естіп, білгендерін түсінуге назарларын аудардым: «Естігенімнің бәрін ұмытпаймын, көргенімнің бәрін есіме сақтаймын». №1 слайд.
- Балалар, сонымен біз бүгін аңыз әңгімелер туралы сөз қозғадық. Ендігі кезекте сендердің нені түсінгендерің, нені түсінбегендерің туралы білгім келеді. Сонымен менің сұрағыма жауап беріп көріңдер.
1. Аңыз кімге, неге байланысты туады?
– Дұрыс айтасыңдар. Сонда да нақты ережесіне назар аударайық. (№2слайд. Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады.)
2. Аңыздың ертегіден айырмашылығы не? ( №3 слайд. Аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құрылады.)
3. Кез келген адам кейіпкер бола ма? ( №4 слайд. Аңыздың кейіпкері не батыр, не ел басшысы немесе әділ би, ақыл-парасатымен ел құрметіне бөленген беделді адам болады.)
4. Қандай аңыз кейіпкерлерін білесіңдер? (№5 слайд. Асан Қайғы, Жиренше, Жошы хан, Қорқыт сияқты кейіпкерлер бәрі де тарихта болған, ел басқарған адамдар, бірақ кейін олардың әрекеттері, сөздері біреуден-біреуге ауызша айтыла-айтыла аңыз болып кеткен. Бұлармен бірге Қожанасыр, Алдар Көсе сияқты қарапайым жай адамдар туралы да аңыздар көп.)
Мұғалім сөзі. – Балалар, жаңа сабақты бәріміз түсінген сияқтымыз. Енді тәжірибе жүзінде білімімізді тексеріп көрейік. Сонымен жаңа сабақты бекіту кезеңін бастаймыз. Тапсырмаларға назар аударыңдар.
№6 слайд жіберіледі. Бірінші «Сиқырлы дүкен» ойыны ойналады.
Мұғалім сөзі. Араларыңнан екі оқушы сатып алушы рөлінде ойнаса, мұғалім сатушы рөлінде ойнайды. Олар кезекпен сатушының алдынан тапсырма сатып алуға тиіс. Ақшасы оның білімі. Тапсырманы орындаған оқушы ғана сатушының алдындағы аңыз кітапты сатып ала алады. (1-ші кітап «Асан Қайғының жерұйықты іздегені», 2-ші кітап «Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?»)
№7 слайд. Аңыздар тізімі.
1. Асан Қайғының жерұйықты іздегені
2. Жиреншенің хан сынағына түскені
3. Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?
4. Ақсақ құлан, Жошы хан
5. Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу
І. Білетін бір аңыздың астын сызып, тапсырманы орында. Қызылжар өңірі туралы айтылған жерді тауып, оқып бер.
Жауабы: Есіл өзенін көргенде: « Мына өңірдің жары мен суы тең, жарлысы мен байы тең болатын жер екен»,-депті.
ІІ. Білетін бір аңыздың астын сызып, тапсырманы орында. Аңызды оқып, мазмұнын айтып бер.
№8 слайд. Келесі тапсырма «Әдеби кейіпкермен сұхбат» ойыны. 10 бала ортаға шығыңдар. Сендердің араларыңнан біреуін сүйікті аңыз кейіпкерінің атын таңдап ортаға шығуға тиісті. (ортаға орындық қойылады) Ортаға шығып өзін таныстырады. Сол кейіпкерге байланысты 2 сұрақ қоюларың керек. Кімде-кім 2 сұраққа жауап берсе сол оқушы жеңімпаз атанып, сыйлықпен марапатталады.
Сұрақтар:
Асан Қайғы
1. Асан Қайғының шын аты кім? (Асан Сәбитұлы)
2. Ол қандай жерді іздеді? (Жерұйықты)
Жиренше шешен
1. Жиренше шешеннің жары кім? (Қарашаш)
2. Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па? - деген кім? (Жиренше шешен)
Алдар Көсе
1. Алдар Көсе қандай байды алдап кетеді? (Шық бермес Шығайбай)
2. Алдар Көсе туралы қандай аңыздарды білесің? («Алдар Көсе және Жартыбай бай», «Жол жоқ жерден жол тапқан Алдар Көсе», «Алдарды алдамақ болған ақымақ» )
№ 9 слайд. Келесі тапсырма «Ойтүрткі» деп аталады. Ой салу әдісін пайдалана отырып, ойлануға арналған мәтіннің негізінде шағын топтарда жұмыс жүргіземіз. Ертегі мен аңыздың жалғасын ойдан шығару керек және тақырыбын қою керек.
Мұғалім сөзі.– Енді әрі қарай сабағымызды жалғастырамыз. Екі топ болып бес-бес оқушыдан ортаға шыға қойыңдар. Әр топқа бір-бір шағын аяқталмаған аңыз бен ертегі берілген. Сендердің міндеттерің топпен оқып, тақырыбын қою және жалғасын ойдан шығаруларың керек. Бір оқушы мазмұнын айтып береді.
1-ші мәтін.
Бір күні Эфес қаласының тұрғыны Герострат деген атағын шығарғысы келіпті. Бүкіл Грецияға танылып, бәрі өзі туралы айтса деген ой маза бермеген ғой. Бірақ ол атақты суретші де, күш иесі де, көрнекі саяси қайраткер де болған жоқ. Геростратқа: « Егер мен әлем кереметі – Артемида үйін бүлдірсем, мен туралы бәрі білетін болады», - деген ой келді. Әрине, тас қабырғалар мен бағандар отқа төтеп бергенімен, өрт кезінде ағаш әшекейлер бүлініп, шатыр тіреуіштері жанып кетті.
Оның опырыла құлағанынан үй түгелдей дерлік қирауға ұшырады. (Жалғасын ойдан шығарыңыздар және тақырып қойыңдар)
Дұрыс жауабы: « ... қатыгез әрі іші тар Герострат өз дегеніне жетті: ол туралы Греция мен бүкіл әлем білді. Барлық адам өзінің атын шығару үшін әлемдегі кереметтің бірін құртқан ақымаққа қарғыс айтты».
2-ші мәтін.
Бір ханның жалғыз ұлы аң аулап жүріп адасып кетеді де, бір кезде ағаштардың арасынан бір жарқылды байқап қалады. Барып қарағанда балық қабыршығынан көйлек киген қыздың шөпшек теріп жүргенін көреді. Алайда ханзада соншалықты жарқылдайтын көйлек пе әлде бет-жүзі ме, нақты шешуін білмеді.
Сұлу қызға үйленгісі келген ханзада, оның кәрі шешесіне қалың мал ретінде ат басындай алтын беретінін айтып ұсыныс жасайды. Анасы келіседі, бірақ қалыңдық: «Жоқ. Одан да мына оймақты ал дағы, оны толтыр», - деп талап қояды. Ханзада күліп, оймақтың ішіне тиынды сала салады, сосын келесісін, үшіншісін, қолында бар ақшасының бәрін жібереді. Оймақ бәрібір бос қалады.
Хан баласы әкесіне барып, бүкіл қазынасын жинап әкеп тағы да салып, құлағын таяп тыңдап көрсе – түбінде аздап қана сылдырлайды. Ақыр аяғында, ақылды қарт ананы көмекке шақыруға тура келеді. Ол: «Бұл ештеңеге тоймайтын адамның көзі», - деп жауап береді. Осылай деп ол қолына ... (Жалғасын ойдан шығарыңыздар және тақырып қойыңдар)
Дұрыс жауабы: « ... бір уыс топырақты алды да, сиқырлы оймақты мезетте толтырып тастады».
Мұғалім сөз. – Ал балалар, қайсысы ертегі, қайсысы аңыз болып шықты? Герострат жағымды кейіпкер ме, әлде жағымсыз кейіпкер ме? Дұрыс айтасыңдар. Герострат жағымсыз кейіпкер. Ендеше одан үлгіні біз ала алмаймыз.
- Сонымен балалар, ертегіден аңыз әңгімені айыра алатындай жағдайға келіппіз. Енді сабағымыздың соңғы нүктесін демалыс сәтімен аяқтамақпын. Қане тез ортаға шығып дөңгелене қойыңдар. Мен сендерге допты лақтырып сұрақ қойып отырамын, ал сендер доп кімге түсті сол бала сұрағыма жауап береді.
1. Бүгін біз қандай тақырыпты қарастырдық?
2. Аңыз әңгімелер дегеніміз не?
3. Аңыз әңгімелердегі кейіпкерлерді ата. Тағы қандай кейіпкерді білесің?
4. Қарашаш кім?
5. Білетін аңыз әңгімелерді ата.
Үйге тапсырма.
«Жиреншенің хан сынағына түскені» аңызын оқып, сұрақтарға жауап беріп келіңдер. Алдар Көсе туралы бір-бір аңызын оқып келесіңдер.