ІІІ.Жаңа материалды меңгерту. | 1.Мұхтар Әуезовтің өмірі мен қызметі туралы әңгімелеу.Қазақ халқының ХХ ғасырдағы ұлы жазушысы,ғалым,қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы бұрынғы Семей ( қазіргі Шығыс Қазақстан) облысына қарасты Шыңғыстау деген жерде,Абай туған өлкеде дүниеге келген.Өз әкесі Омархан да,атасы Әуез де ескіше сауатты кісілер болған екен.Абаймен жақсы сыйластықты қарым-қатынаста болыпты. Білім сапарын Ауыл мектебінен бастаған бала Мұхтардың кішкентай кезінен сусындап өскен рухани қазынасының бірі-Абай өлеңдері. «Атам Әуез Абаймен дос еді.Ол кісі біз сияқты немерелеріне ақынның өлеңдерін де, аудармаларын да көп оқытатын. Әсіресе,Абай аудармаларын,Татьяна жанының нәзік сырын,оған Онегин жауабын жаттатқызатын»,-деп қаламгер кейін өз естеліктерінде жазған.1908 жылы Семейдегі қалалық училищеде, одан соң мұғалімділік семинарияда оқып жүрген кезінде жазылған.Болашақ жазушы,ғұлама ғалым Санкт-Петербург университетінде (1928 жылы аяқталған) ,Ташкенттегі Орта Азия университетінде оқыған.20-30-жылдары жазушы қаламынан қазақтың байырғы өмірінің көрінісін бейнелеген көптеген әңгімелер туған,ал 20-жылдардың аяғына қарай «Қараш-Қараш оқиғасы» (1927)және «Қилы заман»(1928) повестері жазылған . Мұхтар Әуезов-қазақ драматургиясының негізін салушылардың бірі,ол-тарихи тақырыптарға арналған ондаған пьесалардың авторы.Қаламгердің есімін әлемге мәшһүр еткен ең басты туындысы-«Абай жолы»атты 4 кітаптан тұратын тарихи роман-эпопеясы. 2.Тақырып пен идея туралы әдеби білім беру.Көркем шығармада жазушы көтерген мәселені тақырып деп атайды.Көркем туындының идеясы дегеніміз-жазушының өзі көтеріп,көркем бейнеленген әлеуметтік мәселелер,адамдар тағдыры арқылы айтпақ ойы,танытпақ шындығы. 3.М.Әуезов шығармаларының ең биік шыңы- «Абай жолы» романы.Бүгін осы шығарманың үзіндісімен танысамыз. -Сендер Абай туралы не білесіңдер? -Оған жас кезінен өлең-жыр әңгімені кім айтқан? -Абай Құнанбаев-қазақтың ұлы ақыны.Мұхтар Әуезов-қазақ халқының Ұлы жазушысы бүкіл әлемге,бізге Абайды танытқан.Балалық шағы Шыңғыстау бөліктерінде өткен,жастай өлең-жырға құмар болған Абайдың ұстаздары-әжесі Зере,шешесі Ұлжан.Мұхтар Әуезовтың атасы-Әуез балаға Абайдың өлеңдерін жаттататын.Жас кезінен балалық шағы бір жерде өткен,Мұхтар Әуезовқолжазбаларды жинап,көп жылдан соң өзінің ең үлкен жұмысын «Абай жолы» романын жазып,бүкіл дүние жүзіне Абайды танытты. Оқулықпен жұмыс: үзіндімен танысып,жай жоспар жасау.
| Мұхтар Әуезовтің өмірі мен қызметі туралы әңгімелеу.Қазақ халқының ХХ ғасырдағы ұлы жазушысы,ғалым,қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы бұрынғы Семей ( қазіргі Шығыс Қазақстан) облысына қарасты Шыңғыстау деген жерде,Абай туған өлкеде дүниеге келген.Өз әкесі Омархан да,атасы Әуез де ескіше сауатты кісілер болған екен.Абаймен жақсы сыйластықты қарым-қатынаста болыпты. Білім сапарын Ауыл мектебінен бастаған бала Мұхтардың кішкентай кезінен сусындап өскен рухани қазынасының бірі-Абай өлеңдері. «Атам Әуез Абаймен дос еді.Ол кісі біз сияқты немерелеріне ақынның өлеңдерін де, аудармаларын да көп оқытатын. Әсіресе,Абай аудармаларын,Татьяна жанының нәзік сырын,оған Онегин жауабын жаттатқызатын»,-деп қаламгер кейін өз естеліктерінде жазған.1908 жылы Семейдегі қалалық училищеде, одан соң мұғалімділік семинарияда оқып жүрген кезінде жазылған.Болашақ жазушы,ғұлама ғалым Санкт-Петербург университетінде (1928 жылы аяқталған) ,Ташкенттегі Орта Азия университетінде оқыған.20-30-жылдары жазушы қаламынан қазақтың байырғы өмірінің көрінісін бейнелеген көптеген әңгімелер туған,ал 20-жылдардың аяғына қарай «Қараш-Қараш оқиғасы» (1927)және «Қилы заман»(1928) повестері жазылған . Мұхтар Әуезов-қазақ драматургиясының негізін салушылардың бірі,ол-тарихи тақырыптарға арналған ондаған пьесалардың авторы.Қаламгердің есімін әлемге мәшһүр еткен ең басты туындысы-«Абай жолы»атты 4 кітаптан тұратын тарихи роман-эпопеясы. .
1.Абайдың бейнесі 2.Екі досы 3.Абайдың қызығы 4.Екі қонақ | Оқушы жаңа материалдың тақырыбын тыңдап,дәптеріне түсіру арқылы жаңа материалды меңгереді . |
IV.Жаңа материалды бекіту тапсырмалары. | 1.Сұрақтар.Әдебиет сөздігінен портретке анықтама беру.Жас Абайдың кескін-келбетін жазушы қалай суреттеген ?Мұқият қараңдар,оның портретінде қандай өзгеріс болған,ол ненің әсері? Шеше-ана туралы мақалдарды еске алыңдар?Қазақ ертегілерін,әңгімелерін, жырларын қисса-дастандарын Абайға кім айтқан?Мәтін бойынша жұмыс:Абай әжесінен ертегі айтып беруді қалай өтінді?(оқы)..Ертегілердің атын дәптерге жазып ал.
Сөздер сырына үңілу. Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздерді тапқызу, мағыналарын анықтату. Сөздік дәптерлеріне жаздыру.
Тірек схема
Кейіпкерлер | Мәтіннен мысал | Сенің берер мінездемең | Өмірде кездестірген ұқсас адам | | | | |
| Мүсін - бет әлпет, келбет, пішін рең - шырай қылаң - ақшыл, бозғыл құлан таза - әбден, мүлде сейілу - айығу, жадырау машық - әдет, дағды пейіл - ниет, ықылас қажау - мазалай беру қан базар - қалың жиын сұм науқас - созылып, айықпаған ұзақ ауру
Тірек схема толтырылады Кейіпкерлер | Мәтіннен мысал | Сенің берер мінездемең | Өмірде кездестірген ұқсас адам | | | | |
| Оқушылар тапсырманы орындау арқылы тақырыпты білімдеріне бекіте алады. Сөздікпен жұмыс жасай отырып,жаңа сөздердің мәнін түсінеді. Мәтінді оқи отырып,кейіпкерлерге мінездеме беріледі. |