kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"А??улар ?йы?та?анда" поэмасы ашы? саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ыс?аша мазм?ны

Б?л поэмада бір жан?яны? жал?ыз баласы ауыр сыр?атпен сыр?аттанып ?алады. Т?уіп шал баланы тек а??уды? ?анатымен аластаса ?ана дертінен айрылады деп айтады. ?кесіні? а??уды ?лтіруге д?ті барма?анды?тан оны? орнына анасы мылты?ын алып, ?асиетті а??улар мекендейтін к?лге барады. К?лге келгенде ананы? ?олында?ы мылты?ы абайсызда атылып ?алады да, мылты?ты? о?ы а??у?а тиеді. Шуды естіген ?арт жыл?ышы к?лге ?арай келеді де, а??у ?лтірген ана?а а?ыл береді. ?алай болса да ана а??уды ?йге ?келеді,алайда ?йге ?айтып орал?анда баласынын ?айтыс бол?анын т?сінеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"А??улар ?йы?та?анда" поэмасы ашы? саба?»

Қазақ әдебиеті: 8 сынып. №68 МИББ кешенінің қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Бекмағанбетова Асем Сайлаубековна


Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда»
Сабақтың мақсаты: Ақын шығармасының тақырыбы мен идеясын, көркемдік тілін оқушы өз бетінше іздене отырып ашу.
Міндеті: Мазмұнға байланысты - ақын шығармасын оқи отырып, композициялық құрылысымен танысу, шығарманы оқи отырып, ой тереңдігін, тіл шеберлігін сипаттау; СТО - ға байланысты - тақырыпты меңгерту барысында СТО әдістері білімдерін ортаға салып, өз ой - пікірлерін қорытындылау; топтық жұмысқа байланысты – топтағы жұмысты ұйымдастыру, жұмыс нәтижелерін көрсету.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кітаптар, суреттер.
Түрі: Білім - біліктілікті қалыптастыру.
Әдісі: ББҮ кестесі, талдау, пікір сайыс, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, биология.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сыныпты үш топқа бөліп, сабақ барысымен таныстыру.
(«Ана», «Аққу», «Табиғат»)
«Ыстық орындық» стратегиясы
Үй тапсырмасын сұрау

1. «Менің Мұқағалиым». Ақынның өзіне ұнаған өлеңдерін жатқа айту.
Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйі ойналады.Ақын күнделігінен... «Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымнен менің өмірбаянымды, шығармаларымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеп, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай...» (М. Мақатаев).

ІІ. Топтастыру стратегиясы. 
Мұқағали кім?→ Ақын, данышпан
Бәйге! Бәйге! Бәйге!
Бұл тапсырмада оқушылар Мұқағали туралы мәліметтерден берілген сұрақтарға 1 минут ішінде жауап беру керек.
1 «Ана» тобына:
1. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты кім? - Мұқаметқали
2. Мұқағалидың әкесінің аты? - Сүлеймен
3. Ақынның қай жылы дүниеге келді?- 1931ж. 9 ақпан
4. Ақынның туған жері?– Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылы
5. Ақынның әжесінің аты? - Тиын
6. Ақынның атасының аты? Мақатай

2 «Табиғат» тобына:
1. Мұқағалидың «Фариза қыз» өлеңі кімге арналған?
2. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы көлдің аты?
3. Ақын өзінің өмірбаянын қай өлеңінде жазды?- Менің анкетам.
4. Мұқағалиға алтын қаламын сыйға тартқан кім? – Ғ. Мүсірепов
5. Мұқағали өлеңдеріне ең көп ән жазған сазгер кім?

3. «Аққу» тобына:
1. Мұқағалидың ұлдарының аты кім? – Айбар, Жұлдыз
2. Қарасазда Мұқағали мұражайы қашан ашылды? - 5 шілде 1991 жыл
3. Мұқағалидың прозалық шығармасы – «Қош, махаббат»
4. Ақынның жарының аты - Лашын
5. Ақынның алғашқы өлеңдері - «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай»
6. Мұқағалидың қандай әндерін білесіңдер? – «Саржайлау»,

ІІІ. Қызығушылықты ояту. Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не?
Тақырып

Сұлулық
Махаббат
Зұлымдық

Композициялық құрылымына талдау.
Оқиғаның басталуы: Жетімкөлдің тамаша сұлу табиғаты.
Оқиғаның байланысуы: Жетімкөлге аққулардың келуі.
Оқиғаның дамуы: ауру бала мен ананың шарасыздығы.
Оқиғаның шиеленісуі: Сорлы ананың мылтығымен көлге келуі.
Оқиғаның шарықтау шегі: Ананың аққуларды атуы.
Оқиғаның шешімі: Баланың өлуі. Жетімкөлге аққулардың қайта айналып келмеуі.

Шығармашылық тапсырмалар:
1.«Аққу» тобына:
1. Аққудың әсемдігін білдіретін сөз жазыңдар.
7. Шығармадан оқ тиген аққудың мүшкіл халін суреттейтін деталдарды табыңдар.
8. «Табиғат» тобына:
1. Поэмада Жетімкөлдің сұлулығы қалай суреттелген?

Ойланайық!
Аққуды атуға бола ма?
2 топ дайындалғанша «Табиғат» тобы мәтіннен өздеріңе ұнайтын үзіндіні дәптерлеріңе жазып алып, оны не үшін таңдағандарың туралы әңгімелейсіңдер.
«Аққу» - жақтаушы топ:
Аққуды атуға болады.
Баласын өлімнен сақтап қалу үшін атады.
Аққу - махаббаттың белгісі, ана мен бала арасындағы махаббаттан артық махаббат жоқ.
Ананың балаға деген махаббаты өте күшті.
Егер сол кезде аққуды атпағанда өзін өмір бақи кінәлап өтер еді.
«Ана» - даттаушы топ:

Аққуды атуға болмайды.
Аққу - киелі құс, сұлулықтың, пәктіктің белгісі.
Аққу – табиғаттың жаратылысы, бірақ өмір сүруге тиіс.
Аққу – махаббат белгісі, махаббатты қорлауға болмайды.
“Аққуды атпа, махаббатты сатпа” деген дана сөз бар.

«Табиғат» тобына өзіндік жұмыс беріледі.
Мәтіннен үзінді Не себепті таңдадыңыз?
«Сірә, сорлы жоқ шығар менен өткен,
Құлынымның қасынан неге кеткем?
Ошақ қасы, от басы, көрмеппін ғой,
Дүние - ау, сен осындай керемет пе ең?
Ана отыр, озбыр ойлар қамалауда,
Қамалауда, әлдекім табалауда.»
Осы үзінді өзіме қатты ұнады, өйткені шарасыз ананың жай - күйі жаныма қатты батты. Баласы үшін бар құрбандыққа баратын ананың жанкешті бейнесі. Сорлы анаға жаным ашиды.

Сахналық көрініс.
«Аққу» тобы көлде жүзіп жүрген және жаралы аққудың рөлін сомдайды.
«Ана» тобы аққуды атқан ана, одан кейінгі ананың зарын сомдайды.
«Автор орындығы».
Егер мен автор болсам...
Поэманы өз ойыңмен аяқтап көр.
«Өрмекші торы» арқылы сұрақ қою.

Үйге тапсырма:
«Аққу – көлдің еркесі» шағын эссе жазу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"А??улар ?йы?та?анда" поэмасы ашы? саба?

Автор: Бекмаганбетова Асем Сайлаубековна

Дата: 06.04.2016

Номер свидетельства: 315601


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства