kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Айтыстағы Біржан мен Сара сипаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Айтыстағы Біржан мен Сараның  адамгершілік, ақындық, әншілік қасиетін таныту,тіл шеберлігін ұғындыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Айтыстағы Біржан мен Сара сипаты»

Сабақтың тақырыбы: Айтыстағы Біржан мен Сара сипаты

(«Біржан мен Сара» айтысы)

Сабақтың мақсаты: 1.Айтыстағы Біржан мен Сараның адамгершілік,

ақындық, әншілік қасиетін таныту,тіл шеберлігін

ұғындыру.

2. Өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.

3. Оқушылардың белсенділіктерін,

шығармашылықтарын, өз ойын тұжырымды айта

білуге дамыту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

әдіс-тәсілдері: топтастыру, ойландыру, іздендіру, еркін жазу, сұрақ-жауап

пәнаралық байланыс: тарих,музыка

көрнекілігі: сызба-кестелер, «Жеті ғасыр жырлайды» жинағы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Айтыс

1) Айтыстың қандай түрлері бар?

2) Ақындар айтысының өзіне тән ерекшелігі неде?

3) Айтыс түрлеріне мысалдар келтіру

ІІІ. Жаңа сабақ. Айтыстағы Біржан мен Сара сипаты

Сынып екі топқа бөлінеді:

І қатар- «Біржан» тобы. ІІ қатар - «Сара» тобы.

  1. Құрылысы мен көркемдігі жағынан өз дәуірінде ақындар айтысы ішінде үздігі саналатын - Біржан мен Сара айтысы. Бірі - Арғын руы атынан шығып сөз таластырса, енді бірі - Найман елінің намысын қорғап, ақындық шабытын қосқан екі ақынның айтыстағы сипатын бүгінгі сабақта саралайық.

  2. Әр топ өзінің кейіпкері жайында мәліметпен таныстыру қажет.

1 топ- Біржан сал Қожағұлұлы қазіргі Көкшетау облысы Еңбекшілер ауданында 1834 жылы туып, сол жерде 1897 жылы қайтыс болған. Бейіті Степняк қаласының жанында. Біржан жас шағынан әнге, өлеңге әуестенеді. Өнер жолына түседі. Табиғи талант иесі көп ұзамай – ақ «әнші ақын, сал Біржан» деген атаққа ие болады. Ел аралап, ән салып, айтысқа түсіп, ойын көркі, той көркі атанады. Халық Біржанның әнін қатты сүйіп, өнерпаз жас ақындар мен әншілер оны әннің пірі тұтып, ұстаз деп таниды.

2 топ- Сара Тастанбекқызы қазіргі Алматы (бұрынғы Талдықорған) облысының Ақсу ауданында туған. Әкесі ерте қайтыс болып, жастайынан жоқшылық тауқыметін тартады. «Тұрмыстан туысымен таяқ жедім»деген Сара сөзі жарлы өскен сол жетімдік халін меңзейді.

Ол талант ақындарымен сөз жарысына түсіп, оза шауып бәйге алған жүйрік атанады. Мұны Сараның мына сөздерінен аңғарамыз:

Белгілі қанша жұртқа атым – Сара,

Ішінен ер қаптағай шықтым дара.

Домбыра ап, он үшімнен сөз сөйледім,

Келемін бір сүрінбей жеке –дара.

Мінеки, он сегізге биыл шықтым,

Сан жүйрік ілесе алмас самғағанда.

3.Оқулықпен жұмыс:

«Біржан мен Сара» айтысының үзіндісін оқу.

(сұрақтарға жауап беру)

  1. -Өнер таластырған саңлақ ақын қыздың, шешен ділмар жігіттің дарынды айтысының негізгі тақырыбы қандай? Түрі жағынан қандай айтыс?

  2. –Айтыстағы Біржан мен Сара өзді-өзін қалай таныстырады?

  3. –Екі ақын да айтыста бір-бірін тамаша өнер иесі деп бағалайды. Өнер мен өнерпаздыққа бас иеді. Біржан Сараны, Сара Біржанды айтыста қалай бағалайды?

  4. –Айтыстағы өршілдік. «Менің өнеріммен сөз таластыра алмайсың»,- деген рух, асқақ сөз нөсері қай ақында басым. «Қысқартам адымыңды бір-ақ аттап ...» деп үрейлендіретін кім?

  5. –Біржан Орта жүздің бұлбұлымын деп қарсыласымен қаймықпай айтысса, әрі өнерің ұлдан артық екен деп жігер бере сөйлесе,Сара сөзінде де «Кестенің бізі сала алмас» соны өрнектер кездеседі Ол қандай өрнектер?

  6. –Біржан айтыста өзін неге теңейді?


Ақ иық, мұзбалаққа

Бұлбұл

Аспандағы аққу

Біржан Бәйге атына

Кең қолтық, жібек жал арғымақ

Байпаң жорға

Қыранға


7.–Сара айтыста өзін неге теңейді?

Ақ тұйғын

Тоты құс

Сара Ақ иық бұлбұл

Арғымақ

Наркескен


8.Біржаннан Сара не себептен жеңіледі? Біржан Сараны жеңгенімен, Сараға қандай қолдау көрсетті?

9.–Айтыс мәтінінде қандай сөз образдары бар?

(Мәтінмен жұмыс,сатылай кешенді талдау; 1-2 сөзге математикалық талдау)

Көрінсін Біржан салға ай секілді

Кісі емес ел намысын ұққандай-ақ,

Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді.

Ербиер елсіз тауға шыққандай-ақ.

Ұсынса қол жетпейтін арғымағым

Жиенқұл күжірейіп келер ме екен

Арғынға баламаймын тай секілді.

Он мата арқасына тыққандай-ақ.

(Ирония –зілді кекесін-асыра мақтау) (Сарказм- ащы мысқыл)



ІҮ. Үйге тапсырма: Ой толғау жазу

«Біржан» тобы – Біржан- азамат ақын

«Сара» тобы -Сара- үздік өнер иесі

Ү. Сабақты пысықтау: Топтастыру стратегиясы.




Біржан кім? Сара кім?

Атағы несімен қалды? Атағы несімен қалды?



ҮІ. Қорытынды.

Айтыс- өнерлілер жарысы. Айтыс- қазақ сөз өнерінің мектебі.Тарлан ақын-елдің еркесі. Олар қысылмаған, көңілдегісін бүкпеген, батыл,айқын айтқан.

« Дүниеге бір сызат түсетін болса, ол ең алдымен ақын жүрегі арқылы өтеді» деген сөзді Гете көрегендікпен айтып өткен.

ҮІІ. Бағалау.








































Қазақ әдебиетінен ашық сабақ:

«Біржан мен Сара» айтысы
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Айтыстағы Біржан мен Сара сипаты

Автор: Сыздыкова Галия Амангельдиевна

Дата: 22.02.2017

Номер свидетельства: 394650


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства