Жырды ?аншалы?ты т?сінгенін біле отырып, тіл байлы?ын арттыру; Сюжет, эпизод негізінде текстке жа?ын ??гімелете отырып пікір айту?а пікірін на?ты деректер ар?ылы д?лелдеуге ?йрету.
Айман, Арыстан ?рекеттерін д?ріптеу ар?ылы ел бірлігі, ел т?тасты?ы жайлы ??ымдарын ке?ейту; Отан с?йгіштікке, ?лтын с?йіп, ?адірлеуге баулу.
Просмотр содержимого документа
«"Айман-Шолпан "поэмасын окыту »
«АЙМАН-ШОЛПАН» ПОЭМАСЫН ОҚЫТУ.
(9класс қайталау сабағы )
Сабақтың мақсаты:
Жырды қаншалықты түсінгенін біле отырып, тіл байлығын арттыру; Сюжет, эпизод негізінде текстке жақын әңгімелете отырып пікір айтуға пікірін нақты деректер арқылы дәлелдеуге үйрету.
Айман, Арыстан әрекеттерін дәріптеу арқылы ел бірлігі, ел тұтастығы жайлы ұғымдарын кеңейту; Отан сүйгіштікке, ұлтын сүйіп, қадірлеуге баулу.
Сөздік қорын молайтып, шешен сөйлеуге үйрету; Сөз мәдениетін сақтау; Байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.
Түрі: Білімді жинақтау сабағы.
Эпиграф: «Ашу дұшпан, ақыл – дос,
Ақылыңа ақыл қос».
Көрнектілігі: Оқулық,жыр тексті, зерттеу кітаптары, плакаттар, ғылыми-зерттеу рефераттары.
Әдісі: Модельді қорғау әдісі. Сұрақ-жауап. Әңгімелеу. Талдау-жинақтау.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың мақсатын айту.
Жырдың басталуын сұрақ-жауап арқылы пысықтау.
Жырдың жанры қандай?
Лиро-эпостан айырмашылығы неде? Дәлелдеме.
Поэманың тақырыбы не?
Жырды оқып жүйелеп, композициясын бірнеше бөліктерге бөлу.
І. Көтібар мен Маман сөздеріне қарап, кейіпкерге сипаттама бер. Мінездеме: Батырға тән мінезден жұрдай. Ел ішіне бүлік салушы, ожар, ұрда жық, Әлін білмеген әлек, Асқан бай, Қара кұш иесі, Заман өзгерісін аңғармайды, ашушаң білмейді, жемге-жем келгенде дәрменсіз, адамгершілік қасиеті көрінбейді. Кіжінеді , күпсінеді, күш көрсетеді, құр кеуде, сөзінде нәр жоқ , мақтаншақ, істері ұсақ , өрісі тар, өресі төмен, дөрекі, топас, тұрпайы, тоғышар т.б.
ІІ. Көтібардың батырлығын қалай бағалаймыз?
Шын батыр ма? Оқулықтағы пікірге сүйене әңгімелейді! Әр эпизодты шолу түрінде айтқызу.
ІІІ. Эпизодтарды айтып болған соң, Айман бейнесіне тоқталу.
Батырлар мен байлар бүлдірген бірлікті Айман түзетеді.
Ел ішіндегі татулықты сақтау үшін не істеді?
Айман образын талдай отырып, қандай арман ойға оралады? /Шіркін, ұл боп туса, тек тома руы ғана емес , бүкіл ел қамқоры болатын тұлға еді/
Өз заманында әлеуметтік іске араласып, ақыл-парасатымен екі рулы елді табыстырды,-дедік. Ендеше, Айманға қандай ат лайық болар еді. Азамат, ел қамқоры. Айман қандай адам? Таблица толтыру.
__________ кім (Айман)
___________ Қандай?
_____________ Не істеді (қандай істер атқарды)
(Парасатты, ақылды, сұлу, жанашыр, шешімтал, мейірімді т.б.)
(татуластырды, ақыл тапты, ашуландырды т.б.)
Көтібар мен Арыстанға таблица толтыру.
Мінездеме толтыру.
«Айман-Шолпан» жырының кейіпкерлері өмірде болған адамдар атты зерттеу жұмыстары.( Алдын-ала берілген тапсырмалар бойынша)
Есет Көтібаров кім? Ғылыми зерттеу жұмысы.
V. Поэмада қандай салт-дәстүрлер көрініс берген?
(Ас беру, сауын айту, бәйге, барымта, олжа болу, сүйінші сұрау, байғазы сұрау, бата алу, қыз ұзату, көп әйел алу, қалың мал, киіт беру, жасау беру, құдалық, той, сауға сұрау т.б.)
VI. Көнерген сөздер(сауын айту, ашамай, байғазы, тақта, сауға, кебіс, саба)
VII. Кейіпкерлер мінезін ашатын мақал – мәтелдерді тану, үйрену (сұрақ-жауап)