kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абайтану курсы бойынша ашық сабақ жоспары. Тақырыбы: «Абай –дана, Абай- дара қазақта»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Даналық сөздерін талдап, мағынасына көңіл бөліп, есте сақтап, парасатты ақын екендігін дәлелдей отырып насихаттау. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абайтану курсы бойынша ашық сабақ жоспары. Тақырыбы: «Абай –дана, Абай- дара қазақта»»

Абайтану курсы бойынша ашық сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Абай –дана, Абай- дара қазақта»

Сабақтың мақсаты:

а) Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Даналық сөздерін талдап, мағынасына көңіл бөліп, есте сақтап, парасатты ақын екендігін дәлелдей отырып насихаттау. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.

ә)Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

б)Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Абай портреті,  кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер, бейнефильмдер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Баяу күй орындалып тұрады, оқушылар орындарынан тұрып сәлемдескеннен соң сабақ басталады.

Мұғалім:  Құрметті қонақтар, ұстаздар, шәкірттер!

Абайды   таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.

                                                                                   Нұрсұлтан Назарбаев

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.

Даламызда мұңлы үміт
Тұрған кезде қалтырап
Көкіректерге нұр құйып,
Күн боп тудың жарқырап.
Абай – ақын ер еді,
Абай дана, сері еді,
Абайдың рухын өлтірмей,
Асқақтатқан елі еді
Аспандатқан жері еді.
Жұртына өлең қалдырған
Абай неге өледі?
Абай неге сөнеді?!
Ақын дауыл, сел еді,
Сақтайды ұл-қыз дарынды,
Халқының әдет-ғұрпын.
Біздердей ұрпақтарыңды
Жүрсінші қолдап рухың.
Мұғалім: Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абай біреу-ақ. Абайы бар елдің мерейі үстем. Ақын тұлғасы дараланған сайын қазақ та биіктей бермек. Сол шыңнан көз жазбау-біздің парызымыз да қарызымыз. Абай өз заманының биік парасат иесі ғана емес,бүгінгі заман қайшылықтарын шешуге дұрыс бағыт берген биік тұлға.Ұлы ақынның даналық сөздері бүкіл шығармаларынан жылы лебін сездіріп тұрады. Сөзіміз дәлелді болу үшін кезекті оқушылардың өзіне берейік.

Психологиялық тренинг: Шеңберге тұрғызып тілек айтқызу.

(Сынып екі топқа бөлінеді. Оқушының іс-әрекеті. Өмірді не арқылы жақсы еткің келеді? (Төмендегі сөздер жазылған стикерлерді таңдату арқылы топқа бөлу.№1,2 таңдағандар-1 топ; №3,4 таңдағандар-2 топ.)

1. Нұрлы ақыл

2. Жылы жүрек

3. Ыстық қайрат

4. Аялы алақан

Қоғамға пайдалы, еліңе үлгілі азамат болып жетілу үшін Абай атамыз айтқандай толыққанды адам болу керек. Толыққанды адамда нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат болады екен. Нағыз адам алдына биік мақсат қояды, мақсатына жету үшін жоспар жасайды. Жоспарды жүзеге асыру үшін білім мен адамгерщілік қажет. Ол екеуінің бірі кем болса, сынық қанат құстай боласың. Алдыңыздағы бас, қол, жүрекке нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайратты орналастырыңдар. Қайсысы қайда орналасу керек? Себебін түсіндіріңдер. (2 минут)

1-тапсырма.Топ аты, ұраны,әні

І топ «Желсіз түнде жарық ай»

 Ұраны: Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба

Әні: «Желсіз түнде жарық ай»

Топ басшысы: Абайдың айрықша жырлағанының бірі табиғат болды. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. «Желсіз түнде жарық ай»өлеңі - ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындыларының бірі. Онда пәк, таза махаббатының белгісіндей жарық айлы, желсіз түн... жан толқынысына үн қосып, сыбырласқандай қалың ағаш жапырағы, жүрексінген көңіл, бұлықсыған сезіммен астасып, көлеңкелі, терең сайға гүрілдей құлаған өзен дыбысы, осындай сырлы, сұлу түнде сүйгенімен жолығуға аулаққа асыққан сұлу қыз жанды бейнедей ерекше лирикалық леппен тамаша суреттеледі.

Ән :"Желсіз түнде жарық ай"орындалады

ІІ топ «Сегіз аяқ»

Ұраны: Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық

Аздырар адам баласын.

Әні: «Сегіз аяқ

Топ басшысы: Ақын бұл өлеңде әлеуметтік мәселелерді сөз қылады. Қазақ өмірімен байланысты мәселелердің әрқайсысына ерекше тоқтап, үлгілі сөздер айтады. Тек өмірдің шындығын ғана ашып қоймай, алға қойған мақсатты орындау үшін не керек екендігін де ашып көрсетеді. Ұлы ақын жастардың адам болу үшін ең алдымен еңбек ету керек, білімді болуы керек және халқына пайдалы еңбек ету керек деп қорытынды шығарады.
Топтың әні орындалады. Ән: "Сегіз аяқ

2-тапсырма "Сиқырлы қоржын" ойыны ойналады. Сиқырлы қоржында нөмірленген асықтар бар. Қай нөмірлі асық келсе, сол нөмірдің астына жапсырылған сұраққа жауап беріледі.

"Желсіз түнде жарық ай"тобы ақынның өмірі туралы деректерді постер арқылы қорғау. Әр топ "Түртіп алу" әдісін пайдаланып екінші топтың айтқан ақпаратын дәптерлеріне жазып отырады.

Гүлім:
Абай 1845 жылы 10 тамызда туылып, 1904 жылы 6 шілдеде 58 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайтқан. Негізгі аты – Ибраһим болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді. Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. Абай әке жағынан алғанда Тобықтының белгілі шонжары мен батыр биінен тарайды. Оның бабасы Тобықтының биі болған. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған. Ал, шешесі Ұлжан орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлықпен аты шыққан шаншарлардың қызы.
Сәуле: Әкесі - тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті. 
Мөлдір:  Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб,парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады. Медресенің үшінші жылында Абай  Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.
Алтынай
: Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Абай әке қасында болған жылдарда атқамінер би-болыстардың қулық-сұмдықтарын, кереғар қайшылықтары кіріптар еткен әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен жалаңаштықты, кертартпа салт-сана, әдет-ғұрып зандарының залалдарын айқын түсінді.
Қарлығаш:
Абай 10 жасынан өлең шығарған. Бірақ қағаз бетіне түсіруді тек 80-жылдардың орта кезінде қолға алды. Абайдың өнерге бет бұруына себепкер орыс достары Б.С.Гросс пен Е.П.Михаэлис болды. Абай орыстың ақын-жазушылары – А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крылов, Л.Н.Толстой, И.С.Тургеневтің еңбектерін оқыған. Олардың шығармаларын оқи отырып, озық ойлы Абай орыс мәдениетін, өнерін, білімін үлгі еткен. Бұл да Абайдың даналығы.

Әр топтың жауабын "үш шапалақ" әдісімен қошеметтеп отырамыз.

2 топқа: Абай кім? постер жасау

философ    суреткер ақын    аудармашы     сазгер  дара   әділ би   ағартушы-ұстаз

Абай кім?

ойшыл  кемеңгер  жазба әдебиетінің негізін салушы   гуманист    қоғам қайраткері сыршыл лирик

Мұғалім: Абай – ойшыл
- Абай-ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі. Абайдың философиялық тұрғыда жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Жалпы саны қырық бес. Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Ендеше, қарасөздерге кезек берейік. 
3- тапсырма: Қарасөз оқу сайысы

І топ: "Желсіз түнде жарық ай" 15-і қарасөз

ІІ топ: "Сегіз аяқ"11-" қарасөз

Мұғалім:Қазір назарларыңызды тақтаға аударыңыздар. А.С.Пушкиннің "Евгений Онегин" романы бойынша "Татьянаның Онегинге жазған хатынан" видеодан үзінді тыңдату.

Сұрақ "Сегіз аяқ" тобына:
Бұл кімнің шығармасы және бұл шығарманың Абай Құнанбаевпен қандай байланысы бар?
Сонымен, Абай – аудармашы.
- Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер, М.Ю.Лермонтовтың, Л.Н.Толстойдың, М.Е. Салтыков-Щедриннің, И.Гетенің шығармаларын сүйіп оқып, аударған.

"Желсіз түнде жарық ай" тобына Абайдың аудармаларынан үзінді жаттау берілген. Кезек сіздерде!

Мұғалім: Абай -жазба әдебиетінің негізін салушы. Оның 176 өлеңі, 3 поэмасы, 45 қарасөзі, 46-шы қарасөзі мазмұны, тақырыбы жағынан өзгешерек. Ол тарихи мақала-очерк тәрізді.

4-тапсырма: ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу.

Алтынай: "Өлсем, орны қара жер сыз болмай ма?"

Азат: "Жарлы бай"

Мұғалім: Абай – сазгер. Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған. Сендерге қандай әндері таныс?
• Тәңір қосқан жар едің сен
• Сегіз аяқ
• Көзімнің қарасы
• Қор болды жаным
• Бойы бұлғаң
• Айттым сәлем, Қаламқас
• Біреуден біреу артылса
• Көңіл құсы құйқылжытар шартарапқа
• Сен мені не етесің?
• Ата-анама көз қуаныш
• Сүйсіне алмадым сүймедім
• Желсіз түнде жарық ай 

5- тапсырма: Актерлік шеберліктеріңді сынау. Көрініс: Тоғжан мен Абай

І-перде

Ән ойнап тұрады. Қазақы киіз үйдің іші. Абай дөңгелек үстел басында өлең жазып отыр. Аптығып сырттан Ербол кіреді.

Ербол: Сүйінші, сүйінші, Абай!

Абай: Аузыңа май, астыңа тай, қалағаныңды ал, асықпай түсіндірші әуелі.

Ербол: Жүрші, киін де, атыңды ертте. Жолда айтамын

(Екеуі асығып шығып кетеді)

ІІ-перде

Алтыбақан айналасына жиналған қыз-жігіттер. Абай мен Ербол аттарын ауыл сыртына тастап, алтыбақан теуіп жатқан жастарға келіп қосылады. Екеуі бірге амандасады.

-Кештерің көңілді болсын, құрбы-құрдастар!

Тоғжанның жеңгесі:

Келіңдер,төрлетіңдер! Тоғжан аулының үлкендері көрші ауылға кеткен соң, жастарымыз жиналып бастаңғы жасап жатырмыз,-дейді.

Мынау, Абай ғой!- деді шеткірек тұрған қыздың бірі.

Иә, иә, Абайдың дәл өзі,- деді Тоғжанның құрбысы Керімбала да.

Абай Тоғжанның жанына келіп:

Амансың ба, Тоғжан!- деді. Тоғжан жәймен ғана:

Есенсіз бе? Абай!-деді. Осы кезде Керімбала келіп:

Ау, бұл не тұрыс, құрбылар! Қане ән бастайық,-деді. Тоғжанның жеңгесі де оны құптай кетеді. Ербол:

Жо-жоқ, алдымен ауылдың алты ауызы болмаушы ма еді, ән бастар сіздерден, әрі қарай қостау бізден болсын,-деді айналасына қулана қарап.

Еркежан, әнді өзің басташы, даусыңды естімегелі көп болды,-дейді жеңгесі Керімбалаға.

Жарайды, дегендерің болсын,- деп Абайдың `` "Көзімнің қарасы" деген әнін орындайды. Ән орындалғаннан кейін:

Ендігі кезек сендердікі, қонақ кәде сұраймыз,- дейді Керімбала.

Біз де құр қол келмедік, қане Абай бүгін ғана туған әніңді шырқап жіберші, әлі сиясы да кеппеген,- деді Ербол Абайға қарап. Абай: ``Айттым сәлем, Қаламқас``әнін орындайды.

Ой, жарайсың, қандай керемет ән еді,- деген секілді мақтаулар естіледі, әр жерден.

Қане, қыздар, жігіттер менде бір ұсыныс бар, ``Ақсүйек`` ойынын ойнасақ, қалай болады?- деді Ербол.

Тамаша ұсыныс, ойнасақ ойнайық,- дейді қыз-жігіттер бір ауыздан қостап.

Ақ сүйекті Ербол лақтырады. Қалған қыз-жігіттер іздеуге кетеді. Осы сәтті асыға күткен қос ғашықта бірге кетеді. Абай Тоғжанға қарап:

Тоғжан! Жаңағы шырқаған әнім саған арналған, сездің бе?

Тоғжан:

Қиыстырып мақтайсыз,

Ойласаң не таппайсыз?

Бізде ерік жоқ, өзің біл,

Әлденеге бастайсыз.

Біз де әркімді байқаймыз,

Тап бергеннен тайқаймыз.

Сіздей асыл кез болса,

Қайтіп басты шайқаймыз.

Абай:

Асыл адам айнымас,

Бір бетінен қайрылмас.

Көрмесем де, көрсем де

Көңілім сенен айрылмас.

Тоғжан:

Ақылыңа көркің сай,

Сіз-жалын шоқ, бір-бір май;

Ыстық сөзің кірді ішке,

Май тұра ма шыжымай.

Абай:

Сізде сымбат, бізде ықылас,

Осы сөзім бәрі рас.

Сіздей жардың жалғанда

Қызығына жан тоймас.

Тоғжан:

Тілегімді бермесең,

Амалым не жерлесең?

Үйір қылма бойыңа,

Шын жақсы көрмесең.

Абай мен Тоғжан бірге ``Амалым қанша, амалым?`` әнін орындап, шығып кетеді. Шымылдық жабылады.

6 тапсырма: Қыз қуу ойыны: Қыз қуу ойынына екі топтан алты қыз, алты жігіт қатысады. Ойын шарты: Сұрақтар қойылады. Кім тез әрі дұрыс жауап беруіне байланысты ұпай беріледі.

Ойын соңында қазылардан бағасы сұралады. Егер жігіттің жинаған ұпайы асса,жігіт қыздың бетінен сүйеді. Аз болса қыз жігіттің арқасына қамшымен дүре соғады.

1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жариялап отырды?( Көкбай ).

2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта  жазған).

3. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).

4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үш күйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).

5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)

6.Абай М.Лермонтовтан қанша шығарма аударған?(Жиырма жеті шығарма аударған).

7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)

8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).

9. «Қазақтың бас ақыны  -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет  Байтұрсынов).

10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)

11.Абай өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).

12. « Абай жолы» роман-эпопеяның авторы ( Мұхтар Әуезов).

13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші-Х. Наурызбай.)

14.Абайдың алғашқы махаббаты кім? (Тоқжан)

15. Шәкәрімнің Абайға қандай  туыстық жақындығы болды?(Абайдың Құдайберді деген (анасы Күңке-Құнанбайдың үлкен бәйбішесі) ағасының баласы)

16.Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда)

17. Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы.(Ғабитхан)

18.Абайдың жеті атасын атаңыз. (Құнанбай - Өскенбай – Ырғызбай – Айдос – Томан – Тобықты – Арғын)

19.Абайдың үш поэмасы. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».

20.Абайдың руы. (Тобықты)

21.«Медғат-Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (Мағауия)

22.Табиғат лирикасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.(«Жаз», 1886 ж.)

23.Құнанбай қайда мешіт салдырды? (Қарқаралы)

24.Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? (13 жасынан)

25.Абайдың орыс досы. (Михаэлис)

26. Құнанбайдың Абайға еркелетіп қойған аты? /қарашұнақ/

27.«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін кімнен аударған? /М.Лермонтов/

Көрініс: Құнанбай мен Абайдың әңгімесі

Автор: Баласы басқа шауып, төске өрлеп бара жатқаны Құнанбайды ойландырмай қоймады.

Құнанбай: Маған біткен, саған да біткен екен. Алдыма кісі түсірмеймін деуші едім. Шіркін, Қаратай-ай. Бөжей мен де сол араз қылып еді. Сені баулыған да сол ғой. Елдің алдында менің алдымнан неге көлденеңдейсің? Енді менімен салғыласпа!

Абай: Сізге неге алдында сөз таластырғаныма өзім де өкініп келем. Менің үстімнен сізге арыз айтып жүрген де сол Қаратай ғой. Қаратай сияқтылардың бар арманы біздерді арандату. Елмен арамызды ашу.

Құнанбай: Жә, балам, өзіңе кезі келгенде айтайын деген бір сөзім бар еді, соны айтайын.

Абай: Құлағым сізде, әке!

Құнанбай: Сенің бойыңда үш үлкен мінің бар. Ең әуелі сен жұрттың бәрімен күліп сөйлейсің. Сен жайдақ су сияқтысың. Жайдақ суды ит те, құс та жалайды. Кісіге қадірің болмайды.

Екіншісі: Көрінгенмен жақын боласың. Кісі талғамайтын желбегей жүрген кісінің қасына ел үйірілмейді. Ел қалайтын қылық бұл емес. Үшіншісі: орысшылсың. Ия балам, орысшылсың. Орыстың дұшпандығын ұмытасың.

Абай: Әке қолында құралы бар, бірең сараңға ғана тиетін шыңыраудағы судан жайдақ су артық емес пе? Қазақ ескі заманда бір қора қой сияқты болған. Бір қора қойды қойшы шәйт десе үргізіп, әйт десе жүргізіп отырған. Бертін келе, ел түйе сияқты болды. Шетіне тас тастап шөк деп дауыстаған уақытта ғана бетін бұратын болды. Ал, енді, әке, біздің заманымыз енді жылқы сияқты болды. Мына ақ қар, көк мұзда етегін төсек, жеңін жастық қылуға шыдаған жылқышы ғана баға алады. Еңбек сіңірген адам ғана ие болып, басшы бола алады. Орысшылсың дейсіз. Егер өнер білуден қашсақ, ол надандық болар, әке. Ол жақсылық болмас. Мен өнер-білім үшін ғана орысшылмын.

Асыл сөздердің жалғасын тап немесе "Аяқталмаған сөйлемдер "әдісі

Жұмысы жоқтық

Тамағы тоқтық

---------------------- (Аздырар адам баласын)

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті

------------------------------------- (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек)

Ғылымды іздеп,

Дүниені көздеп

--------------------- (Екі жаққа үңілдім)

Қайратсыз ашу – тұл

Тұрлаусыз ғашық – тұл

------------------------------- (Шәкіртсіз ғалым - тұл)

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек

------------------------------------------- (Жылатқан тұла бойды ыстық жүрек)

Досы жоқпен сырлас

-------------------------- (Досы көппен сыйлас)

Өмірдің алды – ыстық,арты – суық,

--------------------------------------- (Алда – ойын,артқы жағы мұңға жуық)

Ақылмен ойлап білген сөз

Бойыңа жұқпай сырғанар. (Ынталы жүрек сезген сөз------------------------ Бір тамырды қуалар)

Көрініс: Абай мен Әйгерімнің алғашқы кездесуі

Автор: Абай әкесі Құнанбай Меккеге кеткен соң артынан Семейде неше күн тұрып қайтқан жолында, досы Ербол екеуі Байшора ауылына түседі.Ауылға жетер жолда жаңбыр қатты құйып кеткен еді.Шай ішіп денеге жылу кірген соң, Абай оттың жылуында аздап мызғып алады да, түс көреді.Түсінде өз ғашығы Тоғжанды көреді де, кенет бір дауыс шығып Абайды шақырғандай болады.

Абай:Тұр, тұршы, Ербол!

Ербол: О, немене, Абай?

Абай: Тысқа шығайық, жүр!

Абай еліне кең тараған “Өзгеге көңілім тоярсың” әні шырқалып тұрады.

Сен, сен едің, Сен едің, Сен кеткен соң,

Болар ма сіңлің сендей ержеткен соң.

Ауылыңа адам түгіл ит те бармас,

Сықақ қой, сылдыр моншақ қыз кеткен соң.

Сары атқа сатып алған гигайым-ай,

Тауыстым ақпан болмай бидайымды-ай.

Сары атқа бидай алмай гигай алып,

Жаратқан мұнша ақымақ құдайым-ай!

Ал, бибай, салайын мен гигайымды… (Ән баяулай басылады. )

Абай: Тоғжан! Япырау, мынау Тоғжан, Тоғжаным ғой мынау!Дәл өзінің үні! Айнымаған өз ырғағы. Өз нақысы ғой. Ербол-ау, мен қайда тұрмын осы? Мынау үйде мені шақырып отырған Тоғжаным ғой!

Ербол: Өй, Абай, тоқта! Бұ не? Отқа түсеміз бе? Әуелі ес жияйық! Мәніңді айтшы өзің!

Абай: Жоқ, осы үйде Тоғжан отыр. Өзі емес пе? Тым құрыса соны ғана біліп берші!

Ербол: Жарайды, Абай, азғантай сабыр етші, әуелі. Екеуіміз бірдей бармаймыз ол үйге. Мен барам да, біліп шығам.

Абай: Бар, бар, ендеше. Басың сұқ та, қайта шық! Дәл осында Тоғжан отыр!

Ербол: Ойбай, Абай, ұйқысырап тұрсың. Қайдағы Тоғжан. Ол жоқ.

Абай: Қой, Ербол... Айтпа оны. Жаңа ғана өзі келіп аян берді!

Ербол: Ол әннің айтушысы қазір қасымызға келеді. Азғантай тақат қылайық та, үйден тосып алайық. Бірақ "аян берді"дегенің не? Соның мәнін маған айт!

Абай: Мен өмірде басымнан кешпеген ғажап жұмбақ бір халде тұрмын. Алдымен бірақ уәде бер, мынау үйге барып, барлық жайды анықтап, маған хабар бересің.

Ербол: Уәде!

Абай: Бұл түс емес! Дәл анық, айқын өңім. Өңім болмаса таң­ғажайып бір хал, Ербол! Басында сол кәмшат бөркі. Шол­пысы, қара мақпал камзолы да баяғыша. Со­нау Жәнібек өзеніндегі түн екен. Өмірде, аз көрген сағаттарымда еш уақытта бұндай ұмтыла жақындап, бұндай еркін, ашық келіп көрген жоқ еді. Бір сыпайы ұяңдық тарта беруші еді ғой. Мынада соншалық жалын атып кеп, ынтызарлық үнімен: “аңсадым ғой, зарықтым ғой”, деді. Өзің үйреткен “Топайкөгің” бар еді. Соны мен күндіз де, түнде де айтам. Тыңда мені” деп тұрып, әсем үнмен бір ауыз айтты да, “Енді кел, келші жақын. Мен, міне, қасыңдамын, бөгет жоқ, қасыңда жалғыз тұрмын ғой!”- деді.

 Мен де құшағым жая ұмтылып: “Кел, келші, сәулем!” -деп барып, оянып кеттім.

Ербол: Рас, сен сүйдедің. Соны айтып ояндың

Абай: Тұра тұр. Ғажап... Көзімді ашып алсам, түс екен. Бірақ ән, дәл Тоғжанның өз үнімен айтылып, үзілмей шырқап тұр.Өзге түс болсын, осы не? Шын жарымның өз үні, қақ қасымнан шығып тұрғаны несі?

Ербол: Жә, тұра тұр енді, мен барып шығайын. Сен мені тыстан тос!

Ербол: Құдай-ау, сенің көргенің түс емес, Абай!Өзі, дәл өзі отыр!

Абай: Не дейсің, жаным-ау! тоғжан ба, өзі ме?Бәсе, бәсе!

Ербол: Тоқта!Тоғжан емес. Өзі емес!

Абай: Өй, не деп тұрсың?

Ербол: Өзі емес! Бірақ дәл өзінің егізінің сыңары. Айналайын құдай-ау, айнымаған Тоғжан және сол Жәнібекте көрген қалпы.Уылжыған жас күні. Тоғжаннан айырса танығысыз бір қыз отыр.

Абай: Рас па, өй! Бұ не ғажап! Ән салған да сол ма екен?

Ербол: Әнді кім салғанын білгем жоқ. Аты-жөнін де сұрамадым. Тек көрдім де, есім шығып кетті.

Абай: Ұқсағаны шын болса, ән де соныкі. Басқаныкі болуы мүмкін емес.

Ербол: Әне, солар да шықты. Қазір ас ішуге Бекейдікіне барады. Сонда барайық.

(осы кезде жеті -сегіз кісі үйге кіреді. Олармен бірге Шүкіман да кіреді).

Амандасады.

Бекей: Шүкіман, қарағым, ана жақтан апаңа болысып, орамал әпер, дастархан жайып жіберсеңші! (дастархан жайылады)

Бекей: Балалар, ана үйде ән салып, даурығып отыр едіңдер ғой. Бұнда қымсынатын жер емес. Ойнап, ермек етіп отырыңдар, шырақтарым!

Абай: Рас, құрбылар. Мұнда келіп, бізге қосылып, ойындарыңның шырқы бұзылмасын. Жаңа бір әсем ән естіліп еді. Тосырқап, жатырқамаңыздар!

Шүкіман: Ән бізде ғана ма екен? Көп есітіп, көпке қанып жүрсіздер. Өздеріңізде ғой. Қонақ кәдесі тағы бар ғой!

Абай: Жол, жора мені тапса, мен жаман да болса, бір ән тауып көрейін.

"Өзгеге көңілім тоярсың" әні айтылады.

Автор: Осылайша Абай өзінің сүйген жары Әйгерімді кездестірген еді.

Абай: Керім, керім...Несін айтасың!

Ербол: Әй, керім!..Әй, керім!

Абай: Қалай айттың, қалай айттың?Ал мен бір нәрсе айтайын ба? Бұның Шүкіман деген аты сұлу емес. Сай емес? .. Жаңа ат қоямыз. Оны дәл осы арада сен татың. Шүкіман аты қалсын, шын аты Әйгерім! Әйгерім болады!

Бейнефильмнен Абайдың мұражайын таныстыру.

Үй тапсырмасы:

Шығармашылық жұмыс: Абай сынаған мақал-мәтелдерді теріп алып,салыстыру жұмыстарын жүргізіңдер.

Мақал-мәтелдер

Абайдың сыны

Өз пікірің

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына , сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Қорытынды.
- Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық.
Абай – дара, Абай – кемел, озат та,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа!
Бар жазғаны даналық боп саналған,
Жалғыздардың жалғызы ол – қазақта.
Мыңмен жалғыз алысқан,
Арыстандай ер еді.
Әр ақынды кезеді
Абайдың өлең-өзені.

Рефлексия:

Кері байланыс:

Бүгінгі сабақ ұнаса жарқыраған күнді, әлі де түсініксіз сұрақтар болса, бұлт басқан күнді, мүлде түсінбесең немесе ұнамаса жаңбырлы күнді таңда.

- Сабаққа қатысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар.

Абайтану пәнінен ашық сабақ жоспары

Білімді бағалау: "Бес бармақ" әдісі арқылы білімдері бағаланады.

Қорытынды.
- Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық.
Абай – дара, Абай – кемел, озат та,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа!
Бар жазғаны даналық боп саналған,
Жалғыздардың жалғызы ол – қазақта.
Мыңмен жалғыз алысқан,
Арыстандай ер еді.
Әр ақынды кезеді
Абайдың өлең-өзені.

Рефлексия:

Кері байланыс: Бүгінгі сабақ ұнаса жарқыраған күнді, әлі де түсініксіз сұрақтар болса, бұлт басқан күнді, мүлде түсінбесең немесе ұнамаса жаңбырлы күнді таңда.

- Сабаққа қатысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар.

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Абайтану курсы бойынша ашық сабақ жоспары. Тақырыбы: «Абай –дана, Абай- дара қазақта»

Автор: Тауданбекова Гулбахыт Тауданбеккызы

Дата: 04.03.2017

Номер свидетельства: 397655

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства