kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абай ??нанбаев. Жиырма то?ызыншы ?арас?зі. (панорамалы? саба?)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Абай ??нанбаев. Жиырма то?ызыншы ?арас?зі. 

Саба? панорамалы? саба? т?рінде ?тті. О?ушылар саба?та т?менгі сыныптарда ?ткен Абай шы?армалары мен шы?армашылы?ы туралы ой б?лісті. ?з пікірлерін айтты. Саба?та тапсырмалар топты? ж?мыс ретінде ж?не жеке ж?мыс ретінде ?йымдастырылды. Ойлауды? 6 ?алпа?ы ?дістемесімен жа?а та?ырып талданды. Абай ?ндері де орындалды. Презентация, бейнероликтер ?осылды. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абай ??нанбаев. Жиырма то?ызыншы ?арас?зі. (панорамалы? саба?)»

Сабақтың тақырыбы: Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзі

(панорамалық сабақ)

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;

2. Дамытушылық: мәнерлеп, шешен сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту; оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.

3. Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: панорамалық сабақ

Сабақтың әдісі:шығармашылық жұмыс, сын тұрғысынан ойлап, талдау жасау, өз пікірін қорғау, іздену

Сабақтың көрнекілігі: презентация, бейнероликтер.

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

І. Ой қозғау. Нені білеміз?

Абайдың өмірі, ақындығы, оның шығармаларына тоқталу және көркемдік тіліне талдау. 5,6-сыныптарда өткен Абай өлеңдерінің мәнін ашу.



Асыл сөздің жалғасын тап.

Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық ... (Аздырар адам баласын)

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті ... (Ыстық қайрат, нұрлы ақыл,жылы жүрек)

Талап, еңбек, терең ой ... ( Қанағат, рахым, ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз)

Білімдіден шыққан сөз...............(талаптыға болсын кез)



Сабақ барысы туралы түсінік беру.

Осыны оқып ойлай бер, болсаң зерек,

Еңбекті сат, ар сатып неге керек.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,

Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Бүгінгі сабағымызда Абай шығармаларымен таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз, соның ішінде Абайдың философиялық ойлары берілген қара сөздерімен танысамыз.

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн ретін, тақырыпты жазып қойыңдар.

1. Қазақ әдебиеті тарихында ең алғаш жазба әдебиетінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин болса, оны ары қарай жалғастырған Абай болған. Ыбырай Алтынсарин көркем сөз әдебиетінің атасы болса, Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған.

2. Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектермен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.

Абайдың 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық,ойшылдық және көбінесе адамгершілік,мораль мәселелеріне арналған өсиет,толғау тәрізді. Абайдың 45 қара сөзі бар.

Абайдың қара сөздерінің саны -45. Қара сөз — арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес.Ғавқлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Бұл қара сөздер – көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғалымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады.Қара сөздер ең алғаш Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрді. Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз т.б көптеген тілдеріне аударылды.

Жиырма тоғызыншы қара сөзі. Бейнероликтен көру, тыңдау.

Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.

Әуелі «Жарлы болсаң, арлыболма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол - ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі.

«Қалауын тапса, қар жанады»,«Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген - ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.



«Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып, мінбей-түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?



«Алтын көрсе, періште жолдан таяды»дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.

«Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-анам михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе? Осындай білместік пен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек.

Шығармашылық жұмыс: Абай сынаған мақал-мәтелдерді теріп алып, салыстыру жұмыстарын жүргізіңдер.

Әр топқа екі мақалдан

      Мақал-мәтелдер

    Абайдың сыны

      Өз пікірің

«Жарлы болсаң, арлы болма»

 

 

 

 Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол - ар кететұғын іс емес.

 

«Атың шықпаса, жер өрте.

Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат?.

 

«Алтын көрсе, періште жолдан таяды»

 Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.

 

 

«Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті»

 

 

 Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе?

 



Ойлаудың 6 қалпағы әдістемесі бойынша «Жиырма тоғызыншы қарасөзді» талдау.



Білімді бекіту:

Сатылай кешенді талдау. Абайдың «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі

Тәрбиелік түйіні: Кез – келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.



Халық арасына мақал болып қалған Абай сөздерімен таныстыру:

1.Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей..

2.Жаман дос - көлеңке,

3.Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,

Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.

4. Адал бол - бай тап, адам бол - мал тап.

5. Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық

Аздырар адам баласын

6. Баяғы жартас - бір жартас

7. Толғауы тоқсан қызыл тіл

Сөйлеймін десең өзің біл

8. Ойын – арзан, күлкі қымбат



Қорытынды:

Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.

Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу.

Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы кез-келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.



Абайдың өз сөзімен айтсақ:

Терең ойдың түбінде теңізі бар,

Тесіле көп қараса, көңіл ұғар

Білімді бағалау:Оқушылырдың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Абайдың 29 - қара сөзін жаттап, жан - жақты талдау;

Өз пікірлерін жазбаша талдау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Абай ??нанбаев. Жиырма то?ызыншы ?арас?зі. (панорамалы? саба?)

Автор: Кайрова Акгуль

Дата: 03.12.2015

Номер свидетельства: 261330


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства