Просмотр содержимого документа
«" Абайдың заман және оның адамдары туралы ой-толғаныстары" (ақынның әлеуметтік тақырыптағы өлеңдері)»
Сабақтың тақырыбы:
Абайдың заман және оның адамдары туралы ой-толғаныстары
(ақынның әлеуметтік тақырыптағы өлеңдері)
Сабақтың мақсаты:
1) білімдік – қазақ халқының ұлы ағартушысы А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, әлеуметтік тақырыптағы өлеңдерін терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айтуға және талдауға бейімдеу;
2) дамытушылық – оқушылардың жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына ықпал ету, түсініп-тыңдау, ойлай білу қабілеттерін,сөйлеу тілдерін дамыту;
3) тәрбиелік – ұлы ақын мұрасы арқылы адамды сүю,құрметтеу сезімдерін жетілдіру, биік адамгершілік, имандылық, ізгілікті үлгі ету.
Сабақтың міндеттері:
оқушыларды Абай шығармашылығымен тереңірек таныстыру;
ақынның әлеуметтік тақырыптағы өлеңдерін талдап,саралай білуге үйрету,ақындық ұстанымдарымен таныстыру;
Абай әлеміне бойлау,оқу,талдау.
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын,оны да ойла.
Соқтықпалы,соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым - кінә қойма!
Мынау Абай – бір ғалым жол шығарлық,
Замандасы болмады сөзді ұғарлық.
Амалы жоқ айналды енді бізге,
Күн туды етегіне жабысарлық.
Шәкәрім
Қасқабұлақ
Сырт Қасқабұлақ
Балашақпақ.1904 жылы 23 маусымда осы жерде ұлы ақынның ақтық демі үзілді, алып жүрек тоқтады.
Қазақ халқының киесі, ары мен намысы, ақылы мен жүрегі – ұлы Абайдың аруағына басымды идім.Қазақстан Республикасыныңтұңғыш Президенті Н.Назарбаев
Әке
тәрбиесі
Аналар
мектебі
Абайдың өмір мектебі
Шығыс
поэзиясы
Халықтың бай ауыз
әдебиеті
Батыс мәдениеті
Орыс
әдебиеті
Абай – дүниежүзілік парасат пен әлем поэзиясына қазақ халқының қосқан үлесі, адамзаттың өркениет тарихындағы ұлы тұлға . Федерико Майор
12
«Абай-қазақтың бас ақыны,онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ»
А.Байтұрсынов
«Қазақтың классик әдебиетінің атасы,қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі»
М.Әуезов
«Абайдың ұлылығы өз халқының мұқтажы мен болашағын әрі дұрыс,әрі көрегендікпен ұға білуінде жатыр»
К. Симонов
«Абай-бәріміздің де Абайымыз.Бүгінгі күні ол өзіміздің ізгі жанды досымыздай,ғұлама сапарлас серігіміздей болып,сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындай адымдап келеді»
Н.Тихонов
Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның
Әлемнің құлағынан әні кетпес!
М. Жұмабаев
1
2
3
4
5
6
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Өлеңді мәнерлеп жатқа айт.
2.Абай өз өлеңінде сол кездегі қоғамдық шындықты қалай көрсетеді?
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Абай аталған өлеңін кімге арнаған?
2. Өлең қандай сипатта жазылған?
3. Болыстың автопортретін жасаңдар.
4. Өлеңдегі мысқыл сөздер мен эпитеттерді табыңдар.
Болыс болдым мінеки
Болыстың авто- портреті
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Абай аталған өлеңін кімге арнаған?
2. Өлең қандай сипатта жазылған?
3. Болыстың автопортретін жасаңдар.
4. Өлеңдегі мысқыл сөздер мен эпитеттерді табыңдар.
Өлеңнің аты
Мысқыл сөздер
Эпитет
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Өлеңде өмір шындығы мен табиғат көрінісі қалай берілген? Үзінділер келтіре отырып, ауызша талдау жаса.
2.Өлең мәтініне сүйене отырып, кесте арқылы талдау жаса.
«Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай».
Тақырыбы
Табиғат көрінісі
Кедейлер тіршілігі
Байлардың өмірі
Идея
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Өлеңде Абай дәуірдің, ортаның шындығын қалай бейнелейді? Үзінділер келтіре отырып, дәлелде.
2.Кесте арқылы қу мен сұмдардың образын ашыңдар, ел ішіндегі жағымсыз мінездерді атаңдар.
Сабырсыз, арсыз, еріншекқу мен сұмдарел ішіндегі жағымсызмінездер
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Өлеңнің тақырыбы.
2.Ақын өз тілінің бар уытын қалай жұмсайды? Өлең жолдары арқылы дәлелде.
3.Өлеңге поэтикалық талдау жасаңдар.
Сегіз аяқ
бунағы
буыны
шумақ
тармақ
ұйқас түрі
көркем
сөздері
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Абайдың достық, адамгершілік, ізгілік идеялары туралы ой толға.
2.Ақынның айтуынша өмірдегі ең қызық нәрсе не?
3.Абай өз халқына қандай ақыл береді?
Адамзаттың бәрінсүй “бауырым” деп...
Достық туралы пікірі
Өлең жолдары арқылы ашу
Идея
Толықадам
Көп адам дүниеге бой алдырған,Бой алдырып, аяғын көпшалдырған.Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
“Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс”.Нұрсұлтан Назарбаев
Үй тапсырмасы
“Менің Абайым”
(ой толғау).
Абайдың қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орны (эссе).