kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абайды? жиырма то?ызыншы ?ара с?зі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  та?ырыбы:   Абайды?   жиырма то?ызыншы ?ара с?зі

Саба?ты? ма?саты:

1.      Білімділік: Абай ??нанбай?лыны?  ?ара с?здерінен м?лімет бере отырып, білімдерін ж?йелеу, жина?тау ж?не шы?армашылы? ж?мыстар ар?ылы Абайды жан-жа?ты таныту;

2.      Дамытушылы?: м?нерлі с?йлеуге да?дыландыру, ой-?рісін,ойлау ?абілетін, шы?армашылы? ізденісін дамыту; о?ушыларды ?зінше ой ?орыту?а, ой т?юге баулу, шы?армашылы? ж?мыс?а ж?мылдыру ар?ылы таным-т?сініктерін дамыту.

3.  Т?рбиелік:    О?ушыларды адамгершілікке, имандылы??а, асыл ?асиеттерге т?рбиелеу;

Саба?ты? т?рі:     ?неге   саба?

Саба?ты? ?дісі:шы?армашылы? ж?мыс, сын т?р?ысынан ойлап, талдау жасау, ?з пікірін ?ор?ау, іздену 

Саба?ты? к?рнекілігі:сызбалары, кестелері,  Абай ??нанбае  портреті, дидактикалы? материалдар 

Саба?ты? барысы:

а) ?йымдастыру кезе?і:

О?ушылармен амандасу,т?гендеу,сыныпты 4  топ?а б?ліп отыр?ызу.

?) ?й тапсырмасын пысы?тау:

?йге берілген тапсырманы  с?раймын. 

1. «?аран?ы т?нде тау ?ал?ып»1-топ ?ле?ді ?ле? ??рылысына талдайды.

2. « К??іл ??сы ??й?ылжыр шартарап?а» 2-топ ?ле?ін ?ле? ??рылысына талдайды

3..«?ара??ы т?нде тау ?ал?ып» 3-топ ?ле?і туралы м?лімет.

4. Абай туралы м?лімет 4-топ презентация ?ор?ау

Жа?а саба?ты? та?ырыбы:

Абай ??нанбаеты?  “Жиырма то?ызыншы ?ара с?зі”

І. Ой ?оз?ау. Нені білеміз?

1. Абай-дана еркін жазу.?ткен саба?та ал?ан білімдерімізді 1 минут еркін жазайы?

2.Абайды? ?ара с?здері туралы м?лімет

О?ушыларды? Абайды? ?ара с?здері туралы м?ліметтері

   1.     ?аза? ?дебиеті тарихында е? ал?аш жазба ?дебиетіні? негізін ?ала?ан Ы.Алтынсарин болса, оны ары ?арай жал?астыр?ан Абай бол?ан. Ыбырай Алтынсарин к?ркем с?з ?дебиетіні? атасы болса, Абайды? ?ара с?здері ?а?лиялы? даналы? с?здері бол?ан.

2.     Абай ?з ?ара с?здерін 1890-1898 жылдар арасында жаз?ан. ?ара с?здерін жазуды баста?анда Абай 45 жаста бол?ан. А?ыл-ойы толысып, жасы кемелденген, к?рген-білгенін ой елегінен ?ткізіп, сараптар жас?а жеткен кезінде ?ара с?здерін жазуды ?ол?а ал?ан. Б??ан дейін Шы?ыс ойшылдары ?л-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ?алымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор е?бектермен танысып, ?лкен дайынды?тан ?тіп келеді.

3.Абайды? 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазыл?ан бір алуан шы?армалары «?ара с?з» деп аталады. Ол сыншылды?,ойшылды? ж?не к?бінесе адамгершілік,мораль м?селелеріне арнал?ан ?сиет,тол?ау т?різді. Абайды? 45 ?ара с?зі бар.

   4. Абайды? ?ара с?здеріні? саны -45. ?ара с?з  — арабты? «?а?лия» деген с?зімен м?ндес.?а?лия к?ркем с?з, дана с?з, асыл с?з деген ма?ынаны білдіреді. Б?л ?ара с?здер – к?ркем ??гіме емес, алайда оларды даналы? с?здер, ма?ала, ?алымды?, философиялы? шолулар деп ?арастыру?а болады.?ара с?здер е? ал?аш Семей ?аласында 1948 жылы «Абай» журналында жары? к?рді. Абайды? ?ара с?здері орыс, ?ытай, француз т.б к?птеген тілдеріне аударылды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абайды? жиырма то?ызыншы ?ара с?зі»

ШҚО,Көкпекті ауданы, Ж.Болғанбаве атындағы Самар орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:Хасенова Бибигуль Зейнегабылденовна

лектронный почта: [email protected]

Сабақтың  тақырыбы:   Абайдың   жиырма тоғызыншы қара сөзі

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділік: Абай Құнанбайұлының  қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;

2.      Дамытушылық: мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту; оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.

3.  Тәрбиелік:    Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:     өнеге   сабақ

Сабақтың әдісі:шығармашылық жұмыс, сын тұрғысынан ойлап, талдау жасау, өз пікірін қорғау, іздену 

Сабақтың көрнекілігі:сызбалары, кестелері,  Абай Құнанбае портреті, дидактикалық материалдар 

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгендеу,сыныпты 4 топқа бөліп отырғызу.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын. 

1. «Қаранғы түнде тау қалғып»1-топ өлеңді өлең құрылысына талдайды.

2. « Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» 2-топ өлеңін өлең құрылысына талдайды

3. .«Қараңғы түнде тау қалғып» 3-топ өлеңі туралы мәлімет.

4. Абай туралы мәлімет 4-топ презентация қорғау

Жаңа сабақтың тақырыбы:

Абай Құнанбаетың “Жиырма тоғызыншы қара сөзі”


І. Ой қозғау. Нені білеміз?

1. Абай-дана еркін жазу.Өткен сабақта алған білімдерімізді 1 минут еркін жазайық

2.Абайдың қара сөздері туралы мәлімет

Оқушылардың Абайдың қара сөздері туралы мәліметтері

 

   1.     Қазақ әдебиеті тарихында ең алғаш жазба әдебиетінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин болса, оны ары қарай жалғастырған Абай болған. Ыбырай Алтынсарин көркем сөз әдебиетінің атасы болса, Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған.

2.     Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектермен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.

3.Абайдың 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық,ойшылдық және көбінесе адамгершілік,мораль мәселелеріне арналған өсиет,толғау тәрізді. Абайдың 45 қара сөзі бар.

   4. Абайдың қара сөздерінің саны -45. Қара сөз  — арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес.Ғақлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Бұл қара сөздер – көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғалымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады.Қара сөздер ең алғаш Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрді. Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз т.б көптеген тілдеріне аударылды.

II.Мағынаны ажырату

  • 1.Үнтаспадан тыңдау5 минут

  • 2.Мәтінмен жұмыс 5 минут

  • 3.Шығармашылық жұмыс 7 минут

1.Жиырма тоғызыншы қара сөзі. Үнтаспадан тыңдату.

Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.

 2.Жиырма тоғызыншы қара сөзді 4-топқа бөліп бердім.Мәтіннен Абай сынаған мақал-мәтелдерді оқып өздерінің көзқарастарын білдірді.

1- топ Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол - ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі.

 2-топ «Қалауын тапса, қар жанады»,«Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген - ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.

3 – топ «Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып, мінбей-түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?

4- топ «Алтын көрсе, періште жолдан таяды»дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны. «Ата-анадан мал тәтті,  алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы келсе, мехнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе? Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек.

 

3.Шығармашылық жұмыс: Абай сынаған мақал-мәтелдерді теріп алып, салыстыру жұмыстарын жүргізіңдер.

 

      Мақал-мәтелдер

    Абайдың сыны

      Өз пікірің

 

1.     «Жарлы болсаң, арлы болма»

 

 

 

 

 

2.     «Атың шықпаса, жер өрте  

.

 

 


 

 3.     «Алтын көрсе, періште жолдан таяды»

 


 


 

 

4.     «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті»

 

 

 


 

 


 

4.Асыл сөздің жалғасын тап.

 

Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық ... (Аздырар адам баласын)

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті ... (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек) Тағы сене бастаймын, Күнде алдағыш қуларға ... (Есім шығып қашпаймын,Мен ішпеген у бар ма?!)

Баламды медресеге біл деп бердім ... (Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім)

Талап, еңбек, терең ой ... ( Қанағат,рахым, ойлап қой,Бес асыл іс,көнсеңіз)
Білімдіден шыққан сөз...............(талаптыға болсын кез)

Халық  арасына мақал болып қалған Абай сөздерімен таныстыру:

1.  Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей..

2. Жаман дос - көлеңке,

3.  Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,

    Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.
4. Адал бол - бай тап, адам бол - мал тап.
5. Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық
   Аздырар адам баласын
6. Баяғы жартас - бір жартас
7. Толғауы тоқсан қызыл тіл
   Сөйлеймін десең өзің біл
8. Ойын – арзан, күлкі қымбат


 Сатылай кешенді талдау.  Абайдың  « Жиырма тоғызыншы » қара сөзі

Тәрбиелік түйіні: Кез – келген  нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.


III.Ой толғаныс:   «Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темір қазығы». Эссе жазу 5 минут. Әр топтаң ең үздік Эссені ортаға шығарып оқиды.Галлереяны шарлау стратегиясы бойынша оқушылар жазған Эсселерін қабырғаға іліп, бір-бірін бағалайды.


Рефлексия: Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдық? (стикерге жазу)


Үйге тапсырма:

  1. Абайдың 29-қара сөзін жаттау

2.Халық арасына мақал болып кеткен өлең жолдарын тауып келу


 

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Абайды? жиырма то?ызыншы ?ара с?зі

Автор: Хасенова Бибигуль Зейнегабылденовна

Дата: 22.12.2015

Номер свидетельства: 269358


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства