kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абайды? ?арас?здері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Абайды? ?ара с?здері. Он  жетінші ?ара с?зі

Саба?ты? ма?саты:

 а) білімділік: О?ушылар?а ?аза?ты? ?лы а?ыны Абай ??нанбаевты? ?ара с?здеріні? ма?ынасын ашу, а?ыл, ?айрат, ж?рек пен ?ылымны? адам ?мірінде алатын орнын т?сіндіру.

?) Дамытушылы?. О?ушыларды? ауызша с?йлеу тілін, ойлау ?абілетін дамыту, бір-біріне т?сіндіру ар?ылы шы?армашылы? ж?мыс ж?ргізуге баулу.

б) Т?рбиелік. О?ушыларды ?лы а?ынны? е?бектерін о?и отырып, елін с?юге, жерін с?юге, адамгершілік, адалды? сынды асыл ?асиеттерге т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: Аралас саба?

Саба?ты? типі: Жа?а білімді ме?герту саба?ы

Саба?ты? ?діс-т?сілдері: топпен ж?мыс, рольге б?ліп о?у, с?здікпен, о?улы?пен ж?мыс

Саба?ты? к?рнекілігі: Абайды? суреттері, интерактивті та?та, ?ара с?здері (аудио т?рінде жазыл?ан)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абайды? ?арас?здері »

Еспембетова Айнаш Жолшыраковна

Ақтөбе қаласы, № 5 ОМ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі







Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері. Он жетінші қара сөзі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің мағынасын ашу, ақыл, қайрат, жүрек пен ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсіндіру.

ә) Дамытушылық. Оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту, бір-біріне түсіндіру арқылы шығармашылық жұмыс жүргізуге баулу.

б) Тәрбиелік. Оқушыларды ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, елін сүюге, жерін сүюге, адамгершілік, адалдық сынды асыл қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс, рольге бөліп оқу, сөздікпен, оқулықпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Абайдың суреттері, интерактивті тақта, қара сөздері (аудио түрінде жазылған)

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу;

  • Сынып тазалығы.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

  • Балалар, біз өткен сабақтарда Абай Құнанбаевтың өмірімен, шығармашылығымен таныстық. Үй тапсырмасын топтастыру арқылы тиянақтау.

ұлы ақын

Абай

сазгер ағартушы



мысалшы аудармашы

3. Жаңа сабақ. Абайдың қара сөздері. Он жетінші қара сөзі

- Сонымен, балалар, Абай ақын ғана емес, аудармашы, мысалшы, әсем ән жазған сазгер болуымен қатар ғалым, философ, ойшыл болған екен. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – ұлы ақынның философиялық ойларын, қара сөздерінің идеясын түсіну, топпен жұмыс жасай отырып, “Он жетінші қарасөзді” меңгеру.
Қарасөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек. Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар. 46-шы қарасөзі аяқталмаған.
Қарасөз – арабтың “ғақлия” деген сөзімен мәндес. Ғақлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Абайдың қарасөздері гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары, дін туралы пікірімен бірігіп, тұтас қазақ халқының философиялық консепциясын құрайды, көркемдік сыры мен философиялық сананы ұштастырған. Абайдың қарасөздері мен өлеңдері адамзат баласына ортақ сөз. Қарасөз алғаш Семей қаласында 1948 жылы “Абай” журналында жарық көрген. Қарасөздер орыс, қытай, француз т.б. көптеген әлем тіліне аударылған.

Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс ( слайд арқылы көрсетіледі). Түсініксіз сөздерді дәптерлеріне жаздырту.

  • Ғақлия-көркем,дана сөз

  • ғибадат-құлшылық ету, сиыну

  • мәдмәладқа жету-мақсатқа жету

  • ахирет-адамның о дүниеде сұралатын ісі.

  • нәпсі-құмарлық

  • залал-зиян

  • күнәкәр-күнәлі болу

Топпен жұмыс. Оқушылар 4 топқа бөлініп отырғызылады. Оқушыларға Абайдың бірінші, екінші қара сөздері аудио жазба түрінде тыңдатылады.

1- топ: «Ақыл»

2- топ: «Қайрат»

3- топ: «Ғылым»

4- топ: «Жүрек»

Тапсырма. Әр топтан бір оқушы мәтіннің тиісті бөлігін оқып шығады. 2-оқушы түсінгенін мазмұндайды.

Дәлелде. Мұнда әр топ өзінің атына сәйкес, яғни “ақыл” тобы ақылдың айтқанын, «қайрат» тобы қайраттың айтқанын, «жүрек» тобы жүректің айтқанын дұрыстығын өз сөзімен, өмірмен байланыстырып дәлелдеу.
Ал, “ғылым” тобы әр топтың айтқан жауабына баға бере отырып, кемшілігін, жетістігін айтады.

Жаңа сабақты бекіту.

Сонымен, балалар, Абайдың қара сөздерінде айтылған пікірлерді түйіндей келе, адам қандай болу керек деп келгенін топтастырып көрейік.



А Д А М

төзімді жігерлі

білімді адал



иманды тәрбиелі



Үйге тапсырма: Абайдың он жетінші қара сөзін рольге бөліп оқу, жаттау.

Бағалау.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Абайды? ?арас?здері

Автор: Еспембетова Айнаш Жолшыраковна

Дата: 31.03.2015

Номер свидетельства: 194947


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства