kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абайды? 29-?арас?зі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: О?ушылар?а Абайды? шы?армашылы?ы мен ?ара с?здерін талдата отырып, білімдерін тере?дету. ?р т?рлі тапсырмалар ар?ылы ?ара с?зін талдату ж?не еркін с?йлей білуге, ойларын еркін жеткізе білуге да?дылау;

Дамытушылы?: Еркін с?йлеп, іздемпазды??а, ал?ырлы? пен білімділікке ша?ыра  отырып, ?ара с?з ма?ынасын тере? т?сіне білуге да?дылау;

Т?рбиелік:  С?з ма?ынасын т?сіне білуге, тілді ??рметтеуге, Отанс?йгіштік пен тап?ырлы??а т?рбиелеу;

Саба? т?рі:

Саба?ты? ?діс-т?сілі:  Сыни т?р?ысынан ойлау

П?наралы? байланыс: Музыка, философия

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абайды? 29-?арас?зі »

Бекітемін:

Келісемін:

Пәні: Қазақ әдебиеті

Мұғалімі: Э.М.Болатова

Сыныбы: 7 б

Сабақ саны: №

Күні: 15.10.2014 ж

Сабақтың тақырыбы: Абайдың 29-қарасөзі 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Абайдың шығармашылығы мен қара сөздерін талдата отырып, білімдерін тереңдету. Әр түрлі тапсырмалар арқылы қара сөзін талдату және еркін сөйлей білуге, ойларын еркін жеткізе білуге дағдылау;

Дамытушылық: Еркін сөйлеп, іздемпаздыққа, алғырлық пен білімділікке шақыра отырып, қара сөз мағынасын терең түсіне білуге дағдылау;

Тәрбиелік: Сөз мағынасын түсіне білуге, тілді құрметтеуге, Отансүйгіштік пен тапқырлыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі:

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сыни тұрғысынан ойлау

Пәнаралық байланыс: Музыка, философия

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру сынып оқушыларын 4 топқа бөлу

Жұлдызды сәт

Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа” (мәнерлеп жатқа айту 5 шумақ

Үй тапсырмасын бағалау.

Критерий-лер

Білім жетістігінің

деңгейі /ұпайы/

Дискрипторлар

3

Өлең оқу кезінде дауыс ырғаың сақтай отырып, образға ене білуі, орфоэпиялық нормаларды сақтау қабілеті, өлеңді кідіріссіз жатқа айта білу. 100 пайыз


2

Өлеңді жатқа айта білді. Дауыс ырғағын сақтауда кемшіліктер болды. Образға енуге талпынды. 75 пайыз


1

Өлеңді жатқа айту кезінде іркіліс болды.Интонация сақталмады. 50 төмен пайыз қатысты.

Қызығушылық ояту

А) Абай – дана, Абай – дара қазақта (видео мәлімет)

Б) Жүрегімнің түбіне терең бойла
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.-деп жырлаған кім ?

- Абай.

- Мына өлеңнен қай тармаққа ерекше назар аударар едіңдер?

- Мен жұмбақ адаммын

- Ендеше бүгінгі сабақ мақсаты осы Абай жұмбағын шешу.

- Абай әдебиетке қандай жаңалық енгізді? Абай өлеңдерінен үзінді оқу

Мағынаны тану

Тақырыптық мәлімет

Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған.

Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атап көрсетеді:

«Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ».

 

Абайдың қара сөздерінің саны 46. Бірақ біз 46-ншы қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген қара сөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз.

Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы.

Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады:

Ар-ұят, адамгершілік: 5, 9, 11, 18, 24, 40

Еңбек: 2, 4, 25, 42

Қазақ мақалдары: 5, 6, 29, 37, 39

Дүниенің тылсым сырларын тану:7, 19, 31, 38, 43

Надандық, жалқаулық т.б. сынау: 3, 6, 8, 11, 18, 44

Ғылым, білім, өнер: 25, 32, 33, 45

Қазақтардың мінез-құлқы: 4,10, 12, 15, 22, 24, 35,38

Жиырма тоғызыншы қарасөзін тыңдау

Топтық тапсырма:

І топқа: «Екі жақты күнделік».

ІІ топқа: Қарасөз дегенді қалай түсінесің?. (Топтастыру әдісі арқылы)

ІІІ топқа: Сәйкестендіру әдісі

ІV топқа: 29-қарасөздегі негізгі ой қандай? (Алтын қағида , стикерлер арқылы тақтаға іледі).

Критерийлер

Білім жетістігінің деңгейі /ұпайы/

Дискрипторлар

3

Мәтінді түсінді , негізгісін жазды. Топтық жұмыста өте белсенді 100 пайыз болды, тапсырмаларды белсенді орындап, өз ойын жеткізді


2

Мәтінді түсінді , негізгісін жазды. Топтық жұмыста белсенді 75 пайыз болды, тапсырмаларды орындады, өз ойын жеткізе алды.


1

Мәтінді түсінді ,негізгісін жазды. Топтық жұмысқа 50 төмен пайыз қатысты.

Ой толғаныс

Абайша менде жырлайын... (жеке тапсырма)

1-топқа: Жарлы болсаң, арлы болма дегенге

Көкірегі ояу қазақ, сірә, сенер ме?...

2-топқа:”Шықпаса атың,-деген бар ғой жер өрте,

Мәні неткен бұл мақалдың тым ерте...

3-топқа: Ата-анадан мал тәтті

Алтын үйден жан тәтті...

4-топқа: Қос ғасырлық орындалды арман-қиял,

Алтын көрсе періште жолдан таяр...

Орындалуы.

1-топқа: Жарлы болсаң, арлы болма дегенге

Көкірегі ояу қазақ, сірә, сенер ме?

Ардан безген бес күн фәни тірлігің,

Ақрет болып көрінеді өлерде.

2-топқа:”Шықпаса атың,-деген бар ғой жер өрте,

Мәні неткен бұл мақалдың тым ерте

Жерді өртеп атанғанша бір бұзық

Сыйыншайшы кетпен менен күрекке.

3-топқа: Ата-анадан мал тәтті

Алтын үйден жан тәтті

Бағалай біл шәкіртім

Алтын менен қымбатты

4-топқа: Қос ғасырлық орындалды арман-қиял,

Алтын көрсе періште жолдан таяр

Айтындаршы Абайша ұландарым,

Бұл мақалда қаншалық ғибрат барын.


Критерийлер

Білім жетістігінің деңгейі /ұпайы/

Дискрипторлар

3

Өлең белгілі бір ұйқас түріне құрылған , тақырыпқа сай, айтылар ойы мағыналы 100 пайыз болды, тапсырманы белсенді орындап, өз ойын жеткізді


2

Өлең ұйқасында кемшілік аздаған кемшілік бар , тақырыпқа сай, айтылар ойы мағыналы 75 пайыз болды, өз ойын жеткізе алды.


1

Өлең нің ұйқасы келмейді, тақырыптан ауытқыған.Тапсырманы 50 төмен пайыз орындады.

Үйге тапсырма:

  • Міндетті деңгей: Абайдың 29-қарасөзін жаттау

  • Мүмкіндік деңгей: “Абай қарасөзің оқығаннан кейінгі түйген ойым” ой толғау

  • Бағалау шкаласы:

  • 7-9 ұпай – “5” баға

  • 4-6 ұпай - “4” баға

  • 1-3 ұпай – “3” баға





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Абайды? 29-?арас?зі

Автор: Болатова Эльмира Муратовна

Дата: 02.04.2015

Номер свидетельства: 195720


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства