kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Абай өлеңдері мен поэмалары" 10класс ҚМЖ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Абай өлеңдері мен поэмалары (10класс ҚМЖ)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Абай өлеңдері мен поэмалары" 10класс ҚМЖ»

Сабақтың мақсаты: Абай өлеңдері мен поэмалары. 9класс

1. Білімділік: Абай өлеңдері мен поэмаларының идеясын ашып, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңді нақышына келтіріп оқу, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өзбетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Ұлтымыздың ұлыларының еліне жасаған еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Абай өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Ішкі рухани тазалыққа үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың типі: білімді жүйелеу

Сабақтың негізгі ұғымдары: ойлау, іскерлік, тапқырлық, эстетикалық мәдениет, елжандық, азаматтық тәрбие.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, топтастыру, сұрақ-жауап, проблемалық сұрақтар қою арқылы оқыту, ұғындыру, шешімін іздеу, ізденіс жұмысын жүргізу.

Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі география.

Сабақта қолданылатын көрнекілік: Абайдың портреті, сөзжұмбақ, тірек сызбасы, хронологиялық кесте, инсерт стратегиясы, бағалау парағы.

Слайд:

Абай портреттері

Абай Құнанбаевты «Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетінде жариялаған мақаласында «Қазақтың бас ақыны» деп бағалаған. Шынында да, Абай — қазақ әдебиеті тарихында теңдесі жоқ суреткер ақын.

Абай қазақ сөзін ұстартып, әдеби тілдің негізін салды. Ол адал еңбекке, жамандық жасамауға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеп, өсиет етті, адамның рухани азаттығын жырлады. Абай Құнанбаевтың еңбегі туралы тынымсыз айта беруге болады. Бүгінгі сабағымызды мынандай жоспар бойынша жүргіземіз.

Слайд:

 

1. Абайдың өмірі.
2. Аталарындай атақты болсын
3. Әкенің саясы, ананың аясында
4. Алғашқы алыс жолға шығуы
5. Әке нұсқаған жолменен
6. Оқу мен өлең соңында

Оқушылар әр тарауды мәнерлеп оқып, тақырыптың мағынасын түсіндіреді.

Мәнерлеп жатқа бірнеше өлеңін айту.

Балалар, дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді, тақырыпты жазыңдар.

Сөздік жұмыс:

Мына сөздерді орыс тіліне аударып, сөз тіркесін құру

Ұлы ақын —
Кемеңгер —
Мәртебе —
Оқымысты —

Сонымен, балалар, бүгінгі сабақта Абай туралы не білгенімізді қорытындылайық.



1. Абай кім?
2. Ол қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
3. Оның анасы қандай адам болған?
4. Абайды кім тәрбиеледі?
5. Абай қайда оқыды?
6. Абай нені үйренуге тырысады?
7. Неше жасында өлең жаза бастады?
8. Кімнің шығармаларын оқып, қазақ тіліне аударды?
9. Абайдың қандай өлеңдерін білесің?
10. Оның шығармалары қашан және қай жерде жарық көрді?
11. М.Әуезов Абай туралы қандай роман жазды?

Сабақты бекіту:

Инсерт таблицасын толтыру

Слайд

Не білемін

Не білгім келеді?

Нені білдім

 

 

 



Үй тапсырмасы: Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына конспект жазып келу. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді жаттау.

Оқушылардың білімін бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
"Абай өлеңдері мен поэмалары" 10класс ҚМЖ

Автор: Мулдашева Роза Саматовна

Дата: 19.10.2017

Номер свидетельства: 433370


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства