Просмотр содержимого документа
«Абай Құнанбайұлының лирикалық туындылары»
Технологиялық карта №2
Күні:
Пән: Абайтану
Тобы:
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының лирикалық туындылары.
Сабақтың мақсаты: Қазақ әдебиетінің классик ақыны—Абайдың шығармашылығы жайлы толық мәлімет беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Студенттерге ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, туған тілінің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға-ұрпақ өкілдерінің еңбектерінен оқып-үйрену;
Дамытушылық: студенттердің ой-өрістерінің кеңеюіне жағдай жасау, сұрақ-жауап арқылы балалардың тіл байлығын дамыту, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге, тақырып бойынша өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: шығармалардың тәрбиелік мәнін ашу арқылы адами қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: Практикалық
Оқыту технологиясы: АКТ технология элементтері, СТО технология элементтері, Ойын технологиясы элементтері
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, тест, түсіндіру, ойқозғау, баяндау, талдау, кластер, «Екі жақты күнделік» әдісі,жұптық жұмыс,«Аукцион» оқыта үйрету ойыны, «Өлең жолын жалғастыр».
Сабақтың көрнекілігі: кластер, жетондар
Сабақтың техникалық құралдары: интерактивті тақта, слайд
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті
Әдебиеттер тізімі: дәріс материалы
Сабақтың құрылымдық жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасы.
Мақсат қою және оқу-әрекетіне қызығушылықты ояту/ мотивация/
Білімді өзектілендіру және мәселелік жағдаяттар туғызу
Жаңа білімді меңгерту, ашу / дәріс материалдары ұсынылады/
Білімді бірінші бекіту кезеңі
Сабақты қорытындылау
Білім, іскерлік және дағдыны бағалау.
Үйге тапсырма, студенттің өздік жұмысына нұсқау
Оқу іс-әрекет рефлексиясы
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Топ білім алушыларымен амандасамын.
Топты түгендеймін.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы, сабақтың өтілу барысы, мақсаты түсіндіріледі.
Үй тапсырмасы.
а) Абай өмірі мен шығармашылығы туралы тірек конспект жасауға және тірек конспект бойынша мазмұндауға берілген. Оқушылардың жауабын тыңдау.
ә) Абай өмірі мен шығармашылығы бойынша тест сұрақтарын шешу.
Мақсат қою және оқу-әрекетіне қызығушылықты ояту / мотивация/
Лириканың түрлері. Лирика туралы не білесіңдер, ойларымызды ортаға салайық. «Кластер» әдісі. (Оқушылар лирика туралы бар білгендерін кластерге түсәреді, оқытушы тарапынан қосымша мәліметтермен толықтырылады.)
Лирика
Лирика (гр. Lyra - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі) Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көзқарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Кез келген сезіну мен толғаныс Лирика тудыра алмайды, әлеуметтік-толғаныстар Лирика тудырады. Эпика жанры баяндауға негізделсе, Лирикалық шығарма адамның түрлі құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасады. Әр халықтын Лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ Лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе мүңшер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ поэзиясында Шалкиіз, Махамбет толғауларында Лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген.
Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады. Лирикалық шығармалар кейде шығарманың тақырыбына, мазмұнына қарай бөлінеді:
Саяси-азаматтық Лирика
Махаббат Лирикасы
Көңіл күй Лирикасы
Табиғат Лирикасы
Лириканың тағы басқа түрлері - арнау, ой, романс, пастораль, эклога, эпиталама, эпитафия, эпиграмма, идиллия.
Орта ғасырда роман (француз, испан, итальян) елдерінің поэзиясында туып қалыптасқан Лириканың ерекше бір түрі -баллада. Ол лиро-эпостық сипаттағы шағын сюжетті өлең, барлық әдебиетте кең тараған. Мысалы, қазақ әдебиетінде Қ. Жармағамбетовтың "Бидай туралы баллада", сондай-ақ, "Мұғалима", "Күзетші" балладалары бар. Антикалық әдебиетінде көп тараған идиллия уайым-қайғысыз жеңіл өмірді жырласа, одалар есімі елге тараған белгілі жеке адамдарды, не батырларды мадақтаған. Мұндай мақтау жырлар Жәңгір ханның сарай ақыны Байтоқ та бар. Арнаулы өлшеммен жазылатын Лирикалық сонет үлгісін Е.Әукебаев, Қ. Шаңғытбаев, Қ. Аманжоловтар қолданған. Элегия да Лирикаға жатады. Онда көңіл кайғысын суреттеу жиі ұшырайды. Қазақ әдебиетінде, Абай шығармашылығында халықтың әлеуметтік тағдырын бейнелеген, адам сезімдерінің нәзік түйсінулерін көрсететін лирикалық шығармалар өте көп. С. Сейфуллин, Ш. Құдайбердіұлы, М. Жұмабаев, I. Жансүгіров, М. Дулатов, С. Мұқанов, С. Мәуленов, Ә. Тәжібаев, F.Орманов, Ж. Молдағалиев, М. Мақатаев шығармаларында қазақ лирикасының көркемдік ерекшеліктері айқын көрініс тапқан.
Білімді өзектілендіру және мәселелік жағдаяттар туғызу
а) «Екі жақты күнделік» әдісі
№
Бағыты
Өлеңдерінің аты
1
Философиялық
“Өлең сөздің патшасы”,”Адамның кейбір кездері”, “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін”, т.б.
2
Әлеуметтік, азаматтық сарын
“Болыс болдым мінекей”, “Қалың, елім қазағым, қайран жұртым”, т.б.
3
Көңіл-күй лирикасы
“Сап-сап, көңілім, сап көңілім”, “Көңілім қалды, достан да дұшпаннан да”, т.б.
4
Махаббат лирикасы
“Көзімнің қарасы”, “Желсіз түнде жарық ай”, “Айттым саған, Қаламқас”, т.б.
5
Оқу, өнер, білімге шақырған өлеңдері
“Ғылым таппай мақтанба”, “Интернатта оқып жүр”, “Жасымда ғылым бар деп ескермедім”, т.б.
6
Табиғат лирикасы
“Жаз”, “Жазғытұрым”, “Қыс”, “Қараша, желтоқсанмен сол бір екі-ай”, т.б.
ә) Талдау әдісі. Әр бағыт тақырыбы бойынша өлеңдерді оқып, мазмұнына талдайды, пікірлерін білдіреді.
Жаңа білімді меңгерту
Дәріс бойынша түсіндіріледі. Слайд көрсетіліп тұрады.
Білімді бекіту кезеңі
«Аукцион» оқыта үйрету ойыны. Өтілген тақырып бойынша әр топ сұрақтар дайындайды. Сол сұрақтарды қарсы топқа оқушыға қойып, дұрыс жауаптарға жетондар беріледі. Жұптық жұмыс әдісі.
Сабақты қорытындылау
Сұрақ-жауап әдісі. Бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
Сұрақтар:
1. Лирика дегеніміз не? Лирикалық туынды тіркесіне түсінік беріңдер.
2.Лирикалық шығармалар тақырыбына, мазмұнына қарай қалай бөлінеді?
3. Абай Құнанбайұлының шығармашылығында өлеңдері қандай тақырыпты қамтиды?
Үйге тапсырма
Әрбір тақырыпқа қатысты бір өлеңнен жаттау.
Рефлексия
"Өлең жолын жалғастыр" (Абайдың өлеңдері)
Әуен қосылады. Оқушылар ақынның қай әні екенін тауып, сөзін жалғастырып ән шырқайды.