?лы а?ын м?расы ар?ылы, оны? Толы? адам туралы та?ылымы негізінде о?ушылар?а Адамды с?ю, оны ??рметтеу, биік адамгершілік, елжандылы?, имандылы?, ізгілікті ?лгі ету. Соны? негізінде оларды? жан-жа?ты дамы?ан т?л?а болып ?алыптасуына т?рткі жасау. ?зін-?зі тануларына, ?зін-?зі, бір-бірін т?рбиелеуге ы?пал ету, т?лімдік м?мкіндік ту?ызу,о?ушыларды? бір-біріне деген сыйласты?, ?згені ?зіндей ?абылдау?а, ?зге ?лттарды? салт-д?ст?рлерін сыйлауды? ма?ызына м?н беру; Абайды? ?ле?дері мен ?ара с?здерін талдай отырып, ?р о?ушыны? ?з тапсырмасын орындауына ?олайлы орта ту?ызу, Абайды? ?арас?здерін о?ыту ар?ылы а?ыл, ?айрат, ж?рек, ?ылымны? адам ?мірінде алатын орнын т?сінуге, адамны? ішкі жан д?ниесін т?сінуге, ?з бойларында осы ?асиеттер болуы ?шін к?ресе білуге, а?ынны? ?арас?здеріні? м?нін, ?ылыми-философиялы? ойды т?сінулерін, с?йлеу, талдау да?дыларын ?алыптастыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Абай "Толы? адам"философиясы »
Бүгінгі күні Абай шығармашылығы несімен өзекті, өміршең, қажетті деген сұрақтар барша қауымды толғандыратыны анық. Дана Абай туылғанына 170 жыл толғалы отырған тұсында да, қанша уақыт өтіп, адамзат баласы жаңа формацияға, жаңа даму сатысына көтерілсе де, тұтас бір халықтың адастырмас темірқазығы, рухани суаты, сарқылмас қазынасы болып отыр. Шындығында, ұлылардың мұрасы заман мен уақыт төрелігіне бағынбайды. Өз шығармалығын адамзат болмысына қатысты мәңгілік тақырыптарға арқау ете білген ғұламалар уақыт өткен сайын түрленіп, толығып, құндылығы арта түсетіні тағы бар.
Қазақ мәдениеті мен ақыл-ойының заңғар биігі Абай Құнанбайұлынан кейін де талай дүлділ жарап шығып, өздерінің өлмес туындыларын тарту етсе де, хакім Абайдың жұлдызы биік тұратындығы неліктен? Ол ең алдымен Абай шыығармашылығың әмбебаптылығы, энциклопедиялығымен түсіндірілсе керек. Лирика, поэзия, сатира, поэма, аударма жанрларының негізін салып қана қоймай, осы жанрларды әлемдік биікке шығара білуі, музыкалық мұрасы, әлеуметтік-публицистикалық, философиялық, діни, ғылыми, тарихи еңбектерінің мазмұн тереңдігі, ағартушылық, педагогикалық ойлары оның ұлт ұстазы, тіпті адамзат ғұламасы атануына арқау болды.
Бүгінгі қазақ қоғамы – дана Абай айтқан дерттерден толық арылып кетті ме? Абайды шерлі еткен қоғам мерездері біздің қоғамымызда толық жойылды ма?Абай заманындағы күрделі саяси-әлеуметтік ахуал, жаңа Қазақстанның басынан толықтай тәркі етілді ме?
Әрине, Абай заманынан бері, қазақ елі өте үлкен ғаламдық өзгерістерді басынан өткерді. Патшалық Ресей билігінен кейін, Кеңестер Одағы тұсы халқымыз үшін тәлкекті, нәубетті болса да, ауыртпалықтарды қайыспай көтере білген ел дамудың даңғыл жолына бет алған кезеңдер болды. Қазақ жері формацияларды алмастырды, индустриализацияны, ғылыми-техникалық прогрессті, ғылым мен білімді игерді, кешегі заманнан елдің тұрмыс-тіршілігі мен санасы елеулі өзгерді. Тәуелсіздігін алған қазақ елі жаһандық ықпалдасу көшінен кейін қалмай, шекарасы айқын, әлемнің барлық елдерімен терезесі тең қарым-қатынас орнатқан, өз алдына серпінді мақсаттар қойған, даму сатысынына жаңа белесіне қадам басқан мызғымас ел. Алайда, Абай шығармашылығына өзек болған мәселелер олар – мәңгілік тақырыптар. Жан мен тәнмен жаратылған адам баласының рухани өмірінде мәңгілік болатын діңгекті мәселелер. Материалдық, техникалық тұрғыдан адамзат қоғамы қаншалықты дамып, өмір сүру тым қолайлы әрі жеңіл, ыңғайлы болғанымен, адамның жан мен тәннің қосындысы екендігі, оның санасы, ақыл-ойы, ішкі жан дүниесі, руханияты мен ділі қатпарлы болатындығы белгілі. Абай заманынан бері, адамзат ақыл ойы, әсіресе, әлемнің дамыған, бәсекеге қабілетті елдерінде жаңа деңгейге көтерілді. Ол елдерде дамыған азаматтық қоғам мен құқықтық сана, құқықтық мәдениет адам баласының бақытты өмір сүруіне мол мүмкіндіктер беруде. Қазақ қоғамы – адами қасиеттер, менталдық, руханияттық тұрғыда қаншалықты ілгері дами алды? Абай шығармашылығына арқау болған – жалған құндылықтар, жалған намыс, надандық ұяты, қызыл сөз, өсек, өтірік, мақтаншақтық, аярлық, күншілдік, надандық қасиеттерден толық арыла алдық па? Абай сынды ұлы қаламгерлердің ойларының құдіреті әрбір жеке адамның жеке қасиеттерін қозғаумен қатар, тұтас бір ұлттың, мемлекеттің адамгершілік келбетін таразылайды, тіпті ол шеңберден де шығып, тұтас адамзат баласының адамдық қасиеттерінің сапасын анықтайды. Ақынның этикалық мөлшерлерінің адамзат баласына ортақ мәңгілік құндылықтарға негізделгендігі себебінен оның көтерген мәселелері қазақ баласы үшін ғана емес, барлық адамзат баласы үшін өте өзекті болып қала бермек.
Абай өз шығармаларында рухани жұтаңдықты, білімсіздікті, көкірек көзінің мөрлілігін, надандықты, имансыздықты, тоғышарлықты, енжарлықты, жалқаулықты, сөзуарлықты, екіжүзділікті, күншілдікті, мақтанқұмарлықты, мақтансүйгіштікті, дүниеқоңыздықты, мансапқорлықты, көрсеқызарлықты, менмендікті, мақтаншақтықты, еңбексіздікті, әділетсіздікті, сатқындықты және т.б. қай замандарда болмасын адам бойында болатын моральдық-этикалық қасиеттерді сөз ете отырып, адам баласының бойындағы қасиеттерін жақсартуға, жетілдіруге, толықтыруға, жаман қасиеттері болса солармен күресуге, оларды ауыздықтауға талаптануы керектігін түсіндіріп, ғасырлар бойына адамзат баласының ақыл-ойында ұшталып келе жатқан, діни-пәлсафалық, моральдық-этикалық, интеллектуалдық, адамгершілік тұжырымдамасы – толық адам ілімін адамзат қоғамына мұра етіп қалдырды. Абай аңсаған Толық адам – идеалды адам ба? Өмірде толық адам болып өмір сүру мүмкін бе? Абайдың толық адамы тек діни-моральдық бағдарлы ғана адам ба?
Абай шығармаларының құндылығын тек қана діни құндылықтарға алып келіп тіреп қоюға болмайды. Абай дін тақырыбында өте терең білімді ғұлама болғанымен, әсіре діншіл, не діндәр емес. Ол туралы Абай өз қара сөздері мен өлеңдерінде анық айтып кеткен. Ал отарлау езгісіне түсіп, рухани-этикалық тұрғыдан ұсақталып бара жатқан халқына, тура жол мен тура дінді нұсқау барысында ғибратты діннің ілімін түсіндіріп, тәрбиелік, танымдық мақсатта көптеген ойларын қалдырған. Ол тұста дүмше молдалық пен дүмше діншілдіктің кең қанат жайған тұсы болғандықтан, асыл діннің маңызын түсінген ақын, халықты клерекализмнен, соқыр діннен, соқыр діни санадан сақтандырып, діни қажеттілікте де мол оқу мен ізденіс керектігін халықтың санасына сіңдірген. Жалпы адам өмірінің, адамзат тіршілігінің мәнін дінсіз таразылау қандай мәнсіз болса, адамзат өмірінің құндылығын тек дінмен ғана түсіндіру, дінмен ғана шектеу сондай мәнсіз. Дана Абай ұлыларға ғана тән тереңдікпен, діни таным мен қоғамдық сананы, ғылымды, жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтарды сабақтастырып, адамзаттық ілімді, «Адам бол» қағидатын ұстанып, сол ілімді барша адамзатқа үндейді.
Абай шығармалары қазіргі таңда адамзат қоғамының дертіне айналған ұлтшылдық, ксенофобия, нәсілшілдік, фашизм, діни антагонизм, клерекализм мәселелеріне түбегейлі қарама-қайшы. Басқаша айтқанда, бүгінгі күні жаһандық мәселелерге айналған ұлтшылдық, ксенофобия, нәсілшілдік, діни антагонизм, радикализм мен фанатизм, клерекализмнің емі, айықтырар жолы Абай шығармаларында жатыр.
Абай шығармашылығына арқау болған құндылықтар қай қоғамда үстемдік етіп, салтанат құрса, сол елдер барлық көрсеткіштер бойынша жақсы өмір сүруде. Абай ілімі құндылықтары аяқ асты болып, екіжүзділік, аярлық салтанат құрған қоғамдар шырғалаңға қадам басып, іріп-шіру сатысында тұр.
Ақынның жиырма бірінші қара сөзінде айтылатын – мақтан деген қасиет бар. Қазақ халқының бойындағы мақтан сезімі туралы Абайдың айтқандары бүгінгі күні жаңа сатыға көтеріліп, мемлекетіміздің стратегиялық бет-пердесіне айналды. Жауырды жаба тоқу, кілең жылт еткен жақсыны ғана термелеу, «айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады» дегендей түймедейді түйедей етіп жарияға жар салу, қоғам үшін істелуі керек қажетті дүниелерді қоғам игілігі, азаматтардың бақытты өмір сүруі үшін емес, ұпай жинау, мансап, көрініп қалу, жағыну, елді алдау үшін істейтін даңғаза деңгейіне жеткізу белең алып кеткені жасырын емес. Елбасының көтеріп отырған дамыған 30 елдің қатарына ену, бәсекеге қабілетті мемлекеттермен теңесу сынды бастамалары нақты іс пен көрсеткіш, нәтиже емес құр сөзбұйдаға салыну, көзбояушылық болып бара жатыр. Лепірме сөз, лепірме ұрандар, ішкі мазмұн мен сапаға үңілмей дақпыртқа үйірсектеу, жалғандыққа алып келіп, мақтанудың ұлттық дертке айналғандығы көрініп тұр. Әрине, Тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктері аз емес, оны ешкім жоққа шығармайды, жоққа шығаруға тырысу ол нағыз қиянатшылық, дегенмен әсіре мақтанға жол бермеуге тырысу қажет. Қазақстан мемлекетінің экономикалық көрсеткіштері, оның ішінде ішкі жалпы өнім пайызы еселеп арттып, отандық өнімдер молынан өндіріліп, елімізде ғана емес экспортқа шығарылғанда, ел ішінде кең қанат жайған өзін өзі өлтіру, қылмыс, түсік жасау, тастанды бала, қарттар үйі, жұмыссыздық, баспанасыздық мәселелері шешіліп, сыбайлас жемқорлық ауыздықталғанда (әлем бойынша жемқорлықты қабылдау факторы бойынша Қазақстан 126-орында), сөз бостандығы көрсеткішінен әлемдегі 166-орыннан алғашқы отыздыққа кіргенде елдің өркендеуі туралы сөз етуге болады. Мақтаннан мақтанқұмарлық, мақтансүйгіштік пайда болып, ол асқынған кезде мақтаншақтық қасиетке ұласады.
Дана Абайдың ұлылығы сол – жеке адамға қатысты өте нәзік, шетін қасиеттерді талдай отырып, ұлттық мінезден де осы қасиеттердің көрініс алатындығын аңғартады. Қырық төртінші қара сөзінде «адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір «бәрекелдіні» керек қылмайтұғыны болмайды. Әрнешік, орынсыз ба, орынды ма, «бәрекелді» деушіні көңіл іздеп тұрады» деп адам баласының әлсіз тұсының тамырын дөп басады. Осындай «бәрекелді» тілегіштік біздің елде мемлекеттік сипат алды. Мемлекеттік телеарналар мен баспасөзде тек «бәрекелді» тілегіштік сарын, «бәрекелді» тілегіштік саясат. Қазақ қоғамында мәселе, не шешілмеген түйін жоқ па деген ой тудыруы да мүмкін. Әлемнің дамыған 30 елінің ұстанымдары қалай? Адамдық сапа-қасиеттерді мейлінше сараптан өткізген бұл дамыған елдерде мақтан мен «бәрекелді» тілегіштік саясат әбден екшеуден, талқыдан, тараздан өткен сыңайлы. Ол елдер жүргізіліп отырған саясаттың жемістілігін – БАҚ-та айтылып, жазылған бойынша не Үкіметтің есебінен емес, азаматтардың тұрмыс-тіршілігінің көрсеткішінен есептейді.
Қазіргі жаһанданған қоғамда құндылықтар, өркениеттер, саналар қақтығысы орын алуда. Бір конфессияның екінші бір конфессиямен шиеленісі тым күшейіп отыр. Еуропа құндылықтары үшін қатардағы іс, өзге елдер үшін кешірілмес күнә, барып тұрған азғындық. Ондай әрекеттері үшін ортағасырлық жазалау әдістері дайын тұр. Діни құндылықтарды адами құндылықтан жоғары қою, асыл дінді дұрыс түсінбеу, түсіндірмеу түрлі қасіреттерге алып келуде. Кертартпа, соқыр, жалған, таптаурын сенім, намыс адамзат қоғамын жалпыадамзаттық құндылықтардан алыстатуда.
Абай отыз алтыншы сөзінде «надандықтың ұяты» деген қасиетті айтады. Ұялмайтын нәрсеге ұялатын, ұялатын нәрседен ұялмайтын тоғышар санадан, ергежейлі рухтан, таяз парасаттан, соқыр надандықтан, парықсыздықтан, ардың ластығынан туыындайтын әрекет. Абайдың «Надандықтың ұяты» ұғымы – ақын өмір сүргеннен бері екі ғасырға жуық уақыт өтсе де, адамзат сана, таным, парасат тұрғысынан жаңғыра алмай отырғандығын көрсетеді. Сол сияқты қазақ қоғамына да менталдық, рухани, парасат тұрғысынан жаңаратын, ескіліктің шеңберінен шығып, жаңаға ұмтылатын, құндылықтар дүниесінде ревизия жасап, дақпырт пен даңғазаға, кертартпалық пен соқыр нанымға, таптаурынға, екіжүзділік пен аярлыққа, жалған намыс пен мақтанға толы рухани, адамгершілік келбетімізді жақсартуға, адам құқықтары мен бақытын дәріптейтін жалпыадамзаттық құндылыққа ұмтылатын кезең келді.
Адам құны мен құқығы кеміген, арзаңдаған, аяқ асты болған қоғамда – адам ешқашан бақытты болмайды. Адам құны мен құқығы жоғары қоғамда ғана адам өзің толық бақытты сезінеді.
Отыз төртінші сөзінде : «Адам баласына адам баласының бәрі - дос» деген хакім Абай өлеңдерінде «Адамзаттың бәрің сүй – бауырым деп» жырлап, ұлтқа, дінге, нәсілге, әлеуметтік жікке, жынысқа бөлмей баршаға махаббат сезімде болуды үндеуі, қазіргі адамзат қоғамының басты ұранына айналуы тиіс. Мынау бізге жат, мынау бізге теріс, мынау мүлде болмайды, мынау өзге діннен, мынау өзге ұлттан деп адам мен қоғам түрлі шектеу, тыйым, наразылық, жиіркеніш, жеккөрушілікті өршіткенде ешқашан келісім мен татулық болмайды. Адамзат қоғамы Абай сынды ұлылардың парасаты арқасында ұлық, биік. Әлем ұлыларының асыл ойлары адам баласын бақытты өмір сүруге шақырып отырады. Адамзат баласының бақыты ол – шектеу мен тыйымдардан ада, жаны мен тәнінің үйлесімі, жан қалауын жүзеге асыра білу мүмкіндігі, адам құқықтарының салтанат құруы.
Өзің сыйлайтын, пікіріне құлақ қойып, білімін бағалайтын, ғылымдағы ешкімді қаталамайтын қолтаңбасы айдай анық, шын зиялымен осыдан біраз уақыт бұрын сыр-сұхбат құрып, ой бөліскен таспадағы дүниені қағазға түсіріп, қаттап жүретін едік. Енді, міне, соны жұртқа жеткізудің сәті түсіп отыр. Ол – топтың ішінен, тобырдың қатарынан қалмай, бас шұлғып, иек қаққандармен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, тегі мықты, тегеуріні күшті өзіндік бітім-болмысы, ой-қарымы, табиғат берген дарыны бар, соны ұлтының руханиятын дамытуға, тарихын саралауға, Абай әлемінің сыры мен сипатын, ішкі иірімін ғылым әлемінде ескі сарынынан арылтып, жаңа қырынан ашуға ұйытқы болып келе жатқан, “абайтану” ілімінің қазіргі көш басында жүрген, баяғы батыр бабалардың бүтін тұяғы, бір тал қияғы, халық батырым, қаһарманым деп бағалаған Бауыржан Момышұлы мұрасының шырақшысы ғана емес, “бауыржантану” ғылымының негізін қалаған профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мекемтас Мырзахметұлы еді.
– Қазақтың байтақ жері – ұлы Тұран өлкесінің жартысынан астам аумағын алып жатыр. Тұран арабтар билігі тұсында Түркістанға айналса, кеңестік билік үстемдік еткенде Орта Азия делінді. Тұранның қарашаңырағына ие болған қазақ бүгін тәуелсіздігін алып, іргесін бекітіп келеді, – деп әңгімесін бастады көрнекті ғалым ағамыз.
– Мекемтас аға, көптен көкейде жүрген бір түйткілді сіздің талқыңызға сала кетсек деп едік. Тұраннан қазаққа қалған қарашаңыраққа жүктер жүк, артар салмақ аз болмаса керек. Қазір мемлекеттік дәрежеде сол қарашаңырақтың қадірі артып келеді. Үзіліп барып жалғанған үкілеген үмітіміздің күн санап ажары кіре түсуде. Бірақ, Отан – отбасынан басталады десек, сол отбасының киесі саналатын қазақтың қара- шаңырағы көп жағдайда кемпір-шалдың иелігінде қалып, оның алтын діңгегі саналатын ұрпақ өзінше тірлік кешіп, ұлттық үлгі бір замандары бізге жат көрінгендердің жолымен жойылып бара жатқанын жоққа шығара алмасақ керек. Осы арада ұлы Ғабеңнің (Мүсірепов) Шерағаңа (Мұртаза) айтқан: “Сонымен, “жалғыз бала” проблемасын жаз дейсің ғой. Қиы-ы-ын. Біз көбеюіміз керек. Біз жиылсақ – көппіз. Жайылсақ – жоқпыз. Жер кең. “Жалғыз бала” мәселенің бір жағы. Ал баласы бар-ау деген ең зиялы адамдардың арты қандай? Қаныш, Мұхтардың есіктері жабылып қалды. Мен өлген күні… Менікі де… Сондықтан бардың өзі тіл, психология жағын қайтеді. Баласы көп Қапан еді (Бадыров), сұрадым: – Балаларым, немерелерім қазақша сөйлемейді, – дейді. – Тіл жүрген жерде ұлттық сана-сезім жүреді. Ал сана-сезім теңдікке ұмтылады”, деген мұңы ойға оралады. Ұлылардың зары бұлай болса, өзгеге не жорық?! Заманына қарай адамы, бұған тосқауыл қоя алмайсың дейтіндер де табылар. Әйтсе де жаһандану жағадан алып, төрге озып тұрғанда, Еуропадан үйреніп жатқанда халықтық әдет-ғұрыптан, салт-санадан, ата-ана мен бала арасындағы қайырым мен мейірімнен айырылу, жатбауырлық жайлап, ізет пен инабаттан көз жазу, әркім өзі үшін өмір сүру керек деген тоңмойындықтың бел алуы, жүрегі оңайда жібімейтін, көңілі шуақ шашпайтын бір түрлі ұрпақтың қалыптасып келе жатуы – бұл қартын өзінше, жасын бөлекше күн кештіріп жүрмес пе екен?
– Иә, бұл секем алдырып отыр. Біз бәрін заманға жаба саламыз. Сонымен ақталғымыз келеді. Заманның иесі адам ғой. Абай мен Бауыржан заман солай демеген. Өз үкімдерін іркілмей айтқан.
– “Әркімді заман сүйремек, Заманды қай жан билемек? Заманға жаман күйлемек, Замана оны илемек”, демейтін бе еді Абай.
– Дегенде қандай. Абайдың ұлылығы осында жатыр. Қазақ жұрты жеті кезеңді, жеті басқыншылықты бастан өткерді. Оның біріншісі – ғұндар заманында Қытаймен шатыстық, екінші – парсымен араластық, үшінші – Александр Македонский бастаған гректер келді, төртінші – арабтар андағайлап жетті, бесіншісі – моңғолдар, алтыншы – қарақұрым қалмақтар қаптады, жетінші – ормандай орыс жайлады. Сырттан келгеннің бәрі жарылқайын демейді, шамасы жетсе барыңды алып, өзіңді жардан құлатып жіберуге әзір тұрады. Қабырғамызды қақыратқан, омыртқамызды опырғандар зұлымдығын көре жүріп, бәріне төздік. Қазақ жоғалған жоқ, бүгінгі тәу етер елдігіне жетті. Ендігі жерде болған мен болмағанымызды өзімізден көрмесек, өзгеден көрер жайымыз жоқ. Астары қалың, көрінісі елең-алаң, қиыр-шиыр ізі қорғасындай ауыр өткен күндерді тарихи тұрғыдан зерттегенде, алдымызды болжағанда мен тек қана Абайға жүгінем. Зерттейтінім де, зердемнен өткізіп ой қорытқанда қол артатыным да – Абай.
– Сонда: “Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге, Көкірегінде болсын көз… Жақсыға айтсаң, жаны еріп, Ұғар көңіл шын беріп, Дертті ішіне ем көріп, Неге алтынды десін жез”, демексіз ғой.
– Әрине. Әңгімем ащы шығар. Ақиқатына келсем, Абайдай данасы бар елдер сол данасының ілімін ілгері оздырып, өздері танып-біліп қана қоймай, өзгенің де санасына сіңіре біледі. Еуропа Данте, Гете, Қытай Конфуций ілімін әспеттейді, құдірет санайды. Үлкен-кішісі әр сөзін алтынмен аптап, күміспен күптеп құрмет көрсетеді. Абайымыз кімнен кем демей, кейде біз әлгі аталған ұлылар айтты дегенді мысалға келтіріп, өзіміз құрқол отырғандай таңдай қағатынымыз бар. Әрине, бұл арада мен ұлының бар адамзатқа ортақ екенін көрмей, білмей отырғам жоқ. Солардың қатарында тең тұғырда Абай абыз да тұрса деймін ғой баяғы.
– Қазақтың қасиетті ұғымдарын, не өзіңіз айтқан ақыл-ой иелерін, былай қойғанда, ұлтымыздың небір арыстарының қасында арқан есе алмайтын қылаңның бояуын қалыңдатып, міне, керемет деген құлдық санадан әлі құтыла алмай жүрміз. Өзіміз де бір адам жаңалық ашыпты десе, оған күмәнмен қарап, әй қайдам деп, мұхиттың арғы жағында, не басқа бір құрлықта біреу иненің жасуындай жетістіктің шетін шығарса, оны құп көріп, іліп әкетіп, тек соларға ғана тән, біздікі жат көрінетін әй, кәпір мінез кездесіп қалады. Бұл ауылдағының аузы жаманның кері емес пе?
– Өзгені зор, өзіңді қор санағанда табарың не, шығар ұшпағың қандай болмақ!? Өзгеге қиғанды өзіңе қимасаң сор емес пе? Патшалық Ресей, одан кейінгі үрейлі үстем күш бізді осылайша өзгеге табындырып, таңдандырып қойды ғой. Сол сартап санадан құтыла алмай, сорға батқандар жақсыны көргісі келмейді. Бірақ бұл уақытша нәрсе, аз күнгі алданыш. Зуылдағандар мен зымырағандардың заманында бағаланбағандардың бағы уақыт өте келе, кейде өмірден озған соң ашылып, еңбегі жанып, бағаланып жатқанын көріп жүрміз.
Мен бұлтаққа жоқ, тура айтатын адаммын. Кейде осы қылығымнан бастыққа да, басқаға да жақпай жүретінім бар. Туралық – шын сөзім. Сол шын сөзіңді біреулердің қас-қабағын бағып, өз есебін түгендеу үшін небір жат қылықтарға, өтірік, өсектерге, жағымпаздыққа баратындар сенің ақиқатыңды аяқасты етіп жатады. Шындық торға қамалған жерде, солай болады. Ақиқат ақтап алғанда ғана айнадағыдай толық көрінеді. Турашылдығымнан – арым таза, жүзім жарық. Сол үшін де жанымды күйттеп, жақсы өмір сүруге дағдыланбай, ағысқа қарсы келе беремін. Себебі, Абай рухы жібермейді. “Бет бергенде шырайың сондай жақсы, Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың”, – осылайша құбылма, болмасқа бола алтын дидарыңа көлеңке түсірме, айналаң қадала қарап, көріп-біліп отыр, “Пайда ойлама, ар ойла”, – деп Абай ілімі әр күні таңмен таласып, алдымнан шығады, титтей қия бассам: “Мұның не?” – деп жанымды жай таптырмайды. Бұдан кейін қайтіп қулық сауарсың?
– Шынында, Абайды ойлы көзбен оқысаң, өзіңіз айтқандай – тазарасың. Сөйте отырып, жетесіздердің жетім тірлігіне күйінесің, жиренесің. Ойың мен бойыңды билеп кеткенде ұлы ақынды көріпкел демеске шараң қалмайтын секілді.
– Абай – адамзаттық биікке көтерілген ойшыл. Ресейге бодан болған соң біздің тағдырымыз патша саясатына қарай бейімделді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында батысымызды сұлтан правителдер биледі. Сөйтіп, билік төрелерге берілді. Олар патша сеніміне кірген еді. Орта жүз билігін де төрелерге беріп көрді. Кенесары көтерілісінен кейін, бұл болмайды екен деп аға сұлтандық жүйені енгізді. Құнанбайдың аға сұлтан болуы осыдан келіп шығады. Мұны ұзын арқан кең тұсау, билік өзінде деп қазақты алдарқатқан бір кезең деп қойыңыз. Және бұл жымысқы саясаттың соңы жеріңді, жұртыңды түгел бағындырып, өзбекті де өзіне икемдеп, Орталық Азия мен Қытай арасындағы шекараны бекітіп дегеніне жеткеннен кейін ол, шіркіндердің ұстанған саясаты, 180 градусқа бұрылып шыға келді. Оның алдында қазақты үркітіп алмау үшін ауыл сайын молда жібергені және бар еді. Мұның бәрі патшаның енді тырп ете алмайсың дегенін білдіретін еді. Бәрі біткен соң орыстандыруға көшті. Жабайыларды жабайылардың қолымен тұншықтыру үшін болыстық жүйені алып келді. Бір ру ішінен болыс сайланса, талас-тартыс болмайды. Сондықтан бірнеше рудың басын қосып, болыс сайлаймыз деп сүйек лақтырды. Бүкіл ақыл-ой, байлық соның жолына құрбандыққа шалынды, талас-тартыс көбейді. Ауылдастың емес, ағайынның аты озсын деген бел алып: “Сабырсыз, арсыз, еріншек, Көрсе қызар, жалмауыз, Сорлы қазақ сол үшін, Алты бақан алауыз. Өзін-өзі күндейді, Жақынын жалған міндейді… Жүз құбылған салт шықты. Пысық кім деп сұрасаң, – Қалаға шапса демалмай, Өтірік арыз көп берсе, Көргендерден ұялмай. Сыбырдан басқа сыры жоқ, Шаруаға қыры жоқ, Өтірік, өсек, мақтанға, Ағып тұрса бейне су, Ат-шапаннан кем көрмес… Мал мен бақтың дұшпаны, Кеселді пысық көбейді, Күшік иттей үріп жүр, Кісіден кеммін демейді”, – деп, Абай айтқан жат мінез, жарамсақтар көбейді.
– Аға, сөзіңізді бөлгенге кешіріңіз. Біз Абайдың дүние-танымын аша алдық па?
– Бұл үлкен әңгіменің арқауы ғой. Еуропалық жүйемен даярланған философтар бізді адастырды. Неге дейсің ғой. Олар тек – тамырды ысырып қойып, Абайға батыстық үлгімен қарады. Сонда қазақ ұлты, арқауы үзілмеген шығыс қайда қалды? Арнасынан бөліп, айдалаға әкеткен Абай қайдан оларға ашылып сөйлей қойсын. Абайдың рухани нәр алған көздерінің бірі – мұсылмандық шығыс еді. Мұны Мұхтар Әуезов әр қырынан келіп айтқан. Оны ол кезде көп жұрт түсіне қоймаған. Сөйтіп, Абай жұмбағы жұмбақ күйінде қала берген ғой. Тереңіне бойламай, өлеңдерін жаттап, қара сөздерін аударыстырып, жүре бергенбіз. Мен ұлы Мұхаңның абайтанудың сегіз түрлі мәселесін көтергенінен хабардар едім. Бірі ғана емес, бірегейі – Абайдың шығысы болатын. Соған ұмтылдым. Әрине, жасырып қайтем, саналы түрде ұмтылғам жоқ. Ол ой кейін келді. 1959 жылы Мұхтар аға Ташкент қаласына келгенде кездесіп: “Осы Абайдың шығысы неге айтылмайды?” – дедім. Мұхаң: “Қандай тақырып”, – деп қалды. “Ақынның шығыстануы”, – дедім. Жазушы сәл ойланып тұрып: “Әй, балам-ай, жолың болмайды ғой!” – деп бұрыла бергенде мен: “Неге болмайды?”, – деймін ғой тақымдап. Мұхаң түсін суытып, рең бермеді. Сөйтсем, ол менің надандығым екен. 1949 жылы Мәскеуде орталық партия комитеті космополитизм туралы қаулы қабылдапты. Онда батыс пен шығысқа бас игендерді талқандау көзделіпті. Мұндай жағдайда Абайдың шығысы туралы айту қайда. Мұқаңның түсін суытуы содан көрінеді. 1965 жылы кандидаттық диссертация қорғау үстінде Ғұламаһи Дауани туралы айтам деп басым дауға қалды. Алты жарым сағат айтыс өтті. Бір философ орта ғасырда нең бар, жаңа ғасырды айт, деді. Мен де ыға қоймадым. “Ол кім өзі?” – деп үш рет қайыра сұрадым. Жауап бере алмады. “Білмесеңіз, неге дау шығарып отырсыз? Бұл менің сөзім емес, Абайдікі ғой”, – деп “Ғылым таппай мақтанба” деген өлеңінен төмендегі дәйекті келтірдім. Ол өлеңнің түйіні: “Сөзіне қарай кісіні ал, Кісіге қарап сөз алма. Шын сөз қайсы біле алмай, Әр нәрседен құр қалма. Мұны жазған – білген құл, Ғұламаһи Дауани. Солай депті ол шыншыл, Сөзін оқы және ойла, Тез үйреніп, тез жойма, Жас уақытта көңіл – гүл”, – деп келетін еді. Несін айтасың, әр кезеңдегі ішкі есебі бар жадағай саясат қазақты талай жарға жықты ғой.
Абайтанудың түп тамыры толық адамда жатыр. Абайдың толық адам туралы айтқанын термин ретінде айналымға мен түсірген едім. Мұхтар Әуезов те білген, бірақ айта алмауы себепті, “нравственная личность” деген сөзді астарлап қолданған. Жұрт оның астарын түсінбеген. Оның түп-тамырында толық адам жатыр еді. Абай отыз жасында өз ұлтының рухани құндылықтарын жақсы меңгеріп, Шығыс әлемімен мықты қаруланған еді. Бұл екі алтын бұлақ ұлы ақынның дүниетанымын орнықты қалыптастырды. Үшінші бұлақ көзі орыс арқылы жеткен батыстың ілімі болатын.
– Соңғысы Абайдың дүниетанымына үлес қоса алды ма?
– Жоқ. Оған толық адам ілімі дәлел. Егер біздің философтар араб, парсы әлемінен, исламияттан хабары болса Абай керемет ашылады. Абайға толық адам ілімі қайдан келді? Мен осыны көп зерттедім. “Абай және Шығыс” деген кітап жаздым.
Иә, толық адам ілімі бүкіл Еуропада жоқ. Тіпті ХІІ-ХІІІ ғасырға дейін араб-парсыда да кемел адам ілімі болмаған. Бұл пікірді Иранның атақты ғалымы, Иран-Ислам мемлекетінің көшбасшысы болған Хоменидің бас кеңесшісі Мұртазаның орыс тілінде Мәскеуден шыққан “Усовершенный человек в исламе” деген монографиясы айғақтайды. Ол ұғымды көне түркілер әкелген. Оның арғы жағында Әл-Фарабидің “парасатты адамы” жатыр. Оны “Ізгілікті қала тұрғындарында” көтерген. Сол секілді Абайдың “толық адамы” (камили инсани) Ж.Баласағұнның “Құтты білігі” дастанында баяндалады. Біз басында сол шығармадағы төрт әдеби кейіпкерді түсінбедік. Оның біріншісі – әділет, екіншісі – дәулет, үшіншісі – ақыл, төртіншісі – қанағат еді. Бұл төрт “кейіпкер” не деп жүр десек, толық адам ілімінің негізі осында жатыр екен. Соны әдеби кейіпкерлер арқылы сөйлеткен.
– Толық адам ілімі Абайға не үшін керек болған?
– Абай Ресейден құтылу жолы оңай емес екенін ерте түсінген. Алысып-жұлысқаннан, соғысқаннан түк шықпайтынын білген. Тілін, ғылымын үйреніп, сол арқылы мақсатқа жетуді көздеген. “Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз”, – дейді де оған төтеп беретін жолды ұсынады. “Орысша оқу керек, хикмет те (керемет, ғажайып – М.М), мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білсек керек… Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады”, – деуі сондықтан.
– Осы арада Абайдың: “… малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзің таба алмасаң, балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған қаж, ешбір ғибадат орнына бармайды”, – деген сөзі ойға оралып отыр.
– Қазағым деген ақынның қай сөзі де ұлт ұраны ғой. Өзімшіл, кейде бойынан ойы аспай қалатын, бір ыңыранып байдың, келесі күні ыңыршағы шығып ыңырсыған кедейдің күйін кешетін жұрттан толық адамды қайтсем шығарамын дегендіктен жоғарыдағыдай сөздерін үлгі етіп қалдырған. Бүгін ұрпағыңды түзе, ол ертең ұлтыңның ұйытқысы болады, дейді Бұзылып бара жатқан қазақтың психологиясын, қайтсем жөнге келтіремін дейді. Абайдың осы кемел адам ілімін Шәкәрім ар ғылымы деп қарады. Ар ғылымы оқылса деп армандады.
Әр пенде тазару үшін Абайды оқу керек. Ұрпақ рухын ояту үшін абайтану ғылымын меңгеру қажет. Оны шын меңгерген адам еш уақытта: қараулық, жаулық, ұрлық жасамайды. Жан дүниесі таза болады. Мені тазалыққа баулыған сол Абай ілімі. Абай ілімі болмаса, мен де Мағжан айтқандай, “қарын деген сөзді ғана жаттаған” ар ойламай, пайда ойлағанның бірі болып қалар едім. Сол ілім жолынан шыға алмадым. Мұның бір жағы жақсы – рухани бай боласың, бір жағы жаман – кедейліктен күніңді әрең көріп жүресің. Айырмасы осында. Менің мақсатым, осы екі араны ашып, жастарға ұғындыру. Сөйтіп, күллі дүниедегі аузымыздан тастамайтын басқалардың мықтыларының қатарына Абайды, Абай ілімін, абайтануды қосып, қазақ та осал емес дегенді дәйектеп шықсам деймін.
– Сіздің бұл ұлық сөзіңізді елдің бәрі түсініп, қабылдай қояр ма екен?
– Жоғарыда өзің де айтып қалдың. Өз жақсымыздан өзгенің бір қылаң ойын артық қоятын қисынсыз қылығымыздың бары рас. Түсініп, қолдап кетеді деп айта алмаймын. Қалай десек те Абай ілімі керек. Оқу үрдісіне енуі қажет. Себебі, қазір батыстан келген жат мінез-құлық бас көтертпей барады. Өздеріне қауіп жоқ, мұсылман әлеміне бүгін болмаса ертең қиындық келтіреді. Оған тосқауыл болатын, тек Абайдың толық адам туралы ілімі ғана. Толық адам дегеніңіз – ақылды, ой-парасаты биік, халқын қадірлейтін адам. Ондай адам қазақты қайранда қалдырмайды. Мемлекетіміз моральдық кодексін жасай қалса, оның іргетасы Абай ілімі болар. Сонда Абайды әлем мойындар.
– Абайдың ұлттық таным, ұлттық педагогика туралы ілімінің де жөні бөлек қой.
– Ол не дегенің. Біз қанша айтқанмен Еуропадан табиғатымыз бөлек, көшпелі дамуды жасаған халықпыз. Көшпелі болғанда таза көшпелі емес, отырықшылдықты қатар алып жүрген жұртпыз. Еуропа өзінікін бізге берді, қабылдадық. Осы күндері біздің педагогикамыз – Еуропаның рельсімен жүретін педагогика болды. Бірақ бұл рельс ескірді. Егер осы рельс ескірмеген болатын болса, Еуропа халқы бүгінгідей дағдарысқа түспес еді. Ізет, инабат, ағайын-туысқа қайырым тәрізді адамгершіліктен шықпас еді. Бұған мен дәлел келтірмесем де жұрт көп жат қылыққа куә болып жүр ғой. Сондай педагогика бізге қажет пе? Менің ойымша, әлгі рельсті өзгерту керек. Ол рельстің орнына өзіміздің ұлттық рельсті салуымыз керек. Сонда ғана біз тәрбие жүйесін жөндей аламыз. Мәселе, бізге үлкен “қопарылыс” керек. Ол ұлттық “қопарылыс” болуы керек. Бізге тиімдісі, революциялық емес, эволюциялық жол. Жалпы, бұл қоғамдық ғылымдар саласы бойынша жүзеге асқаны жөн. Себебі, біз маркстік, материалистік философиямен қалыптастық. Енді шығыстық философияға баруымыз керек. Біз одан алыс кете алмаймыз. Түбіміз бір түбі ораламыз. Ол біздің көшпелі отырықшылды философиямызға келтіреді. Сондықтан бүкіл қоғамдық ғылымдар, соның ішінде педагогика ғылымы да бар, жаңаруы қажет. Егер осы жүзеге асса, біз педагогикада ұлттық жолымызды таба аламыз. Әрине, жақсы істі алу керек. Мен оған қарсы емеспін. Қарсы болуға қақым да жоқ. Экономикадағы, техникадағы, технологиядағы, тағы басқа салалардағы жетістіктер, сөз жоқ, келу қажет. Бірақ Еуропа бізге рухани жағынан ештеңе бере алмайды. Дін жағынан да солай. Қазір мұсылман діні әлем мойындаған адамгершілік діні болып отыр. Біздің дін теріс жолға жібермейді. Біздің дінге тіл тигізіп, “бұзық” деп жатқан саясаттың ісі. Қайталап айтамын, біздің болмыс та, табиғат та, дін де бөлек. Абайдың анаңның тілін біл, ғылым үйрен дегенін жоғарыда айттым. Ал Шәкәрім бұл мәселеге келгенде өте тереңдеп кетеді. Ол Абай негізін салған жантану ілімінің жолымен жүрді. Абайда “жантану”, “жанның жібілей қуаты” деген бар. Қазір ғалымдар психологияны жантану деп жүр. Психология – жантану болмайды. Мысалы, логика – ойлаудың заңдары туралы ғылым. Психология түрлі психологиялық құбылыстарды, яғни ренжу, қуану, қорқу, т.б. психикалық құбылыстардың заңдары туралы ғылым. Ал, “жан” Жаратушыдан келеді. Оны психологтар қайдан тани қояды? Абай мен Шәкәрім сол жанды зерттеп, Жаратушы түп Иені іздейді. Мысалы, Шәкәрім: “Жаралыс басы қозғалыс, қозғауға керек қолқабыс. Жан де мейлі бір мән де, сол қуатпен бол таныс, Дүниені сол жаратқан”, – деп ой түюі тегін нәрсе емес. Сонда біздің ғалымдар қай заңды зерттеп жүр? Философтар қазір де Абайдың ілімін ашып бере алмай отыр. Қаншама кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды. Алайда, олар кеңестік, еуропалық қалыптан шығара алар емес. Ал ол қалыпқа Абай сия ма? Жоқ. Оған ұлттық, шығыстық таныммен барсаң ғана жақындай аласың. Бұл күндері Қазақтың Абай атындағы ұлттық университетінде абайтану ғылыми-зерттеу орталығы осы мақсатта жұмыс істеп жатыр. Бұл тұрғыда арнайы бағдарлама жасап, университет шәкірттеріне дәріс оқимыз. Мені қуантатыны, жастардың Абай шығысына қызығушылықпен қарауы дер едім. Бұл жалғаса берсе, Абайдың шығысы әлемдік деңгейге көтерілетіні күмәнсіз. Білім беру бойынша екі мәселені ерекше айта кетсем деймін. Министрлер ауысып жатады. Дұрыс-ақ. Бірақ білім-ғылым, мәдениет министрлерін жаны бар, қаны бар адамды таңдау қажет секілді. Оларды жиі өзгерте берсек білім, рухани жағынан жаңғыра алмаймыз.
Қазір мен оқу жүйесіне онша риза емеспін. Себебі, білім өзіміздің іргетасымыздан шықпай тұр. Біреулердің іргетасындағысын көзсіз тықпалап жатырмыз. Көбі дүбәра. Айталық, тестімен емтихан алуды әкелдік. Бұл техникалық ғылымға жарасар, ал қоғамдық ғылымға келмейді, бүлдіреді. Мысалы, бала әдебиеттен сол тәсіл бойынша емтихан тапсырады. Ол емтихан жауабын ойланбастан жаттайды. Сол жасанды жаттауға баға қойылады. Сөйлемейді. Мылқау кейіпте. Мұндай жағдайда олар қалай тілді үйреніп, ұлттық рухты бойына сіңірмек? Бұл аз десеңіз, бүгінгі оқушылар қолмен жазудан да қалып барады. Және бір мәселе, кредиттік жүйеде оқыту деген бар. Идея дұрыс. Бала іздену керек. Бірақ соған дайынбыз ба, мұғалім әзір ме, ой-сана талапқа толық жауап бере ме?.. Мен қатып қалған ескі көзқарастың адамы емеспін. Көңілге сыйымды жаңалықты қабылдауға әзірмін.
– Шәкәрімнің “Үш анығын” алғаш сіз жариялаған едіңіз. Осы туралы да айта кетсеңіз.
– Шәкәрім барлық дінге сын көзбен қараған. Ал “Үш анығында” өзінің ілімін берген. Ол дүниені менің жариялағаным рас. Алғашында Шәкәрім қолымен жазылмаған шығар, көшірме ме деген әртүрлі ой болды. Сөйтіп жүргенде, Бейсенбай Байғалиев деген шәкіртім Қытайдан жеткен бір қолжазбаны алып келді. Салыстырсам, екеуі бірдей. Түсінбеген сөздерді философтарға оқытып алдық. Бір сенімге келген соң, қалың жұртқа ұсындық. Бұл еңбекте Шәкәрім идеалистік философия мен материализмді салыстыра келіп, өзінің үшінші анығын шығарады. Бұл мораль философиясы еді.
– Сіз қазақтың қилы кезеңдердегі өсуі мен өшуі, аралас мектептер туралы бағымыз бен сорымызды да аз айтып жүрген жоқсыз.
– Бұл да жаныңды жегідей жейтін нәрсе. Отаршылдардың жүгенсіз әрекеті халқымызды барлық жағынан әлсіреткені анық. Олардың мақсаты, байтақ жерімізді ит талаған терідей ары тарт, бері тартпен тонап, ұлттық сананы улап, бірте-бірте құрдымға жіберу тәрізді сұмдықтар болатын. Соны қазақ зиялылары ерте аңғарды. Жол бермейміз деп жанталасты. Осы жерде ойыма қыршын кеткен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың: “Түбінде құруыңа елден ерек, Мен айтайын болады жерің себеп”, – деген екі жол өлеңі оралып отыр. Сол Алаш арыстарының халқым деген қадірлі қасиетін қай уақытта да жалғай беру керек. Мен сонау кезеңнен бастап 2009 жылға дейінгі өткен халық санағы туралы көз жазбай жазып келемін. Ондағы ойым қазақ қай кезде қаулап өсті, қандай уақытта қызыл қырғынды бастан кешіріп өшті, соны тарата отырып, толқын-толқын ұрпаққа, әсіресе жастарға ой салу. Айталық, 1897 жылы Ресейге қараған барлық түркі халықтарының 52,5 %-ы қазақ болса, 1911 жылы 57,5 пайыз болыпты. Бұдан кейінгі жерде құлдырай береді. Миллиондап қырғынға ұшырады. 1916 жылы 6 млн. 200 мың болса, 1940 жылы 1 млн. 900 жүз мыңға дейін құлдырап, қазақтың ормандай оталғанын көреміз.
Ал енді аралас мектеп жайына келер болсам, бұл да өзекті өртемей қоймайды. Еуропалықтар Азия халықтарын отарлау барысында осы білім беру жолын таңдап, миссионерлер арқылы жүзеге асырып отырған. “Көн қатса қалыбына” дегендей, біз мұны кеңес дәуірінде “совет халқы” деген ұранмен жалғастыра бердік. Тіпті аралас мектеп туралы ғылым қалыптастыруға да талпындық. Соның бір дәлелі, патшалық Ресейде аралас мектептің басында миссионер ғалымдардың идеологтары Ильминский, Остроумов, Александров жүрсе, олардың КСРО-дағы идеялық мұрагері, Қазақ КСР Оқу министрінің орынбасары А.Шербаков болды. Ол кандидаттық диссертация жазды. Бұл “еңбектің” басты ұстанымы қазақ мектептерінің күні өтті, өйткені одақ келешекте бір тілді халық болатындықтан қазақ тілінің келешегі жоқ, өмірден өшетін тіл деп “жаназасын” шығарған топтың ойын ғылымда негіздеу еді. Бұған Бауыржан Момышұлы бастаған қазақ зиялылары қарсылық танытты. Бір кеште соған байланысты төмендегі әңгіме қозғалған еді. “Я познакомился с авторефератом одного сары орыса (А.В.Шербаковты айтып отыр.– М.М.) Между строк вычитал: будущий ученый муж призывает закрыт казахские школы, поскольку современные казахи говорят на русском языке”, – деп шамырқанған Бәукең ойластыра келіп: “У нас, например, при комиссариате просвешения или около него есть коммунисты, которые говорят: единая школа, поэтому не смей учить на другом языке, кроме русского. По-моему, такой коммунист – это великорусский шовинист. Он сидит во многих из нас. С ним надо бороться, их надо убрать с пути просвешения”, деген Лениннің сөзіне жүгініп (ол кезде осындай ілік таппасаң сөзің іске аспайды, өзіңді ұлтшыл етіп шығарады. – М.М.), жазушы Сәбит Мұқановқа хат жазады. Авторефератпен танысып шыққан ұлы Сәбең қанша жерден: “Советтік сөзге қаламы, Көрмеген әсте мұқалып. Мұны жазған кәдімгі, Белгілі Сәбит Мұқанов”, болса да мынандай сорақылыққа төзбейді. Орыстардың кері тартқан тарихшылары мен саясатшыларының миссионерлік бағыттағы пиғылдарын әшкерелеп, диссертанттың жер көкке сиғызбай мақтап отырғаны “орыс-тузем” немесе “аралас” мектептер арқылы реакциялық ағымды өршітіп, орыстандыру ісін орнықтыру екенін ашына айтып: “Сонда тек қана отаршылдардың тілінде сөйлеп, оқу керек пе? Қазақ мектептерін тарату туралы диссертант ашық айтпағанмен де бүкіл диссертацияның ішкі мәні соған құрылған”, – дейді. Міне, түкірігі жерге түспей тұрған кеңес заманының өзінде арыстарымыз батырлықпен, батылдықпен қазақ тілін қалай қорғаған! Әлгі Шербаковтың “еңбегіндегі” мына бір деректерді келтіре кетсем артық болмас. 1911 жылы Қазақстандағы 1475 орыс мектебінде 81400 оқушы болса, қазақ мектебі 350, ондағы оқушы саны 7600-ге әрең жетеді. 1924 жылы қазақ топырағындағы 2624 орыс мектебінде 185540 оқушы оқыса, қазақ мектебі 821-ге жетіп, ондағы бала саны 53500-ді құраған. Бірен-саран ойшыл азаматтар болмаса, бәріміз мұны халықтар достығының жемісі, интернационализмнің әдемі үлгісі деп дәріптедік. Ал тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар ішінде түркі халықтары арасында аралас мектептер саны таусылуға бет алса, біздің елде ол үрдіс байқала бермейді. Қазақ еліндегі ірілі-ұсақты 80 мыңдай мектептің 1777-сі таза орыс тілді мектеп болса, 2068-і аралас мектеп. Үмітіміздің жанып тұрған бір тұсы ел болғалы бері 900 қазақ тілді мектептің ашылуы дер едік. Осы бағыт жыл санап гүлдене берсе, шүлдірлеп жүрген шүрегейлер мемлекеттік тілді біліп қана қоймай, әспеттейтін күн туатын шығар. Кейде, қазақтың құнарлы тілі құрып кете ма деп қауіптенем. Мәселен, сөз қадірін түсінуден қалып барамыз. Ұлтымыз сөзге тоқтаған, әр сөздің тарихи тағылымын зерделеп отырған. Мысалы, абыз деген сөзді алайықшы. Бұл сөзді біз бұрын арабтан келді деп жүргенбіз. Сөйтсек, түркі сөзі, оның ішінде бұрынғы үйсін мемлекетінен қалған жәдігер екен. Бір замандары бұл сөз керемет естілетін. Сөздің құдіреті кетіп бара жатқандықтан ба, қазір ер де абыз, әйел де абыз. Бұл дұрыс емес. Абыздың құпиясы бар. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы үшінші ғасырдағы үйсіндер мемлекеті туралы құнды материалдар қытай архивінде сақталған. Сонда тоғыз сатылы жүйе көрсетілген екен. Ол Күнбиден басталған. Әлгі тоғыз сатының алтыншы сатысы абыздарға тән делінеді. Сол кездегі билік абызға екі адамды сайлайтын болған. Оның бірі патша ақылшысы, көріпкелі, алдын болжайтын адам болса, екіншісі – санат қайраткері. Бүкіл біздің өнер түрлері осы екінші абыздың ой-өрісінен тараған, дейді атақты ғалым Құдайберген Жұбанов. Ол кісі сөз төркінін тап басып айтқан. Себебі, қоғамның бүкіл ішкі, құрылымын, рухани дүниесін осы екі адам ұстаған. Олардың жауапкершілігі өте жоғары болған. Содан да шығар, патша абызға кез келген адамды ұсынбаған да, сайламаған да. Қасиеті бар, ел таныған, еңсесі биік, ой-өлшемі бөлек адамдар ғана абыз атағын иеленген. Кешегі кеңес дәуірінде ондайларды идеологиялық хатшы дедік. Олардың арасында Өзбекәлі Жәнібеков секілді бірлі-жарым адамнан өзгесі, абыз дәрежесіне жеткен жоқ.
– Күлтегін, Қорқыт, Алтын орда кезіндегі Асанқайғы, Абылай тұсындағы Бұқар абыздар емес па?
– Оған дау бар ма. Абыздардың аталары ғой бұлар. Мемлекеттіктен айрылған соң тайпалық ой-сана басып кетті. Елдік сананың орнына еуропалық сана келіп, соның ықпалы ма тарихымызды әлі ғылыми тұрғыда түгендей алмай келеміз. Қазір ғылыми атағынан ат үркетін докторлар көп. Олардың ғылымға қосып жатқан үлесі қандай, оны саралап жатпаймыз. Саралай келіп жұмылсақ, қане. Түбі керек болып қалар деген үмітпен емес, үлкен ізденістердің нәтижесінде сол еңбектердің бәрінде болмаса да біразында жаңалықтар ашылса, қазақ ғылымы төрткүл дүниені тамсандырар еді-ау!
– Сіз тәуелсіздігіміздің елең-алаң жылдары, нақтылай түссек, 1993 жылы “Қазақ қалай орыстандырылды” деген кітап шығарып, патшалық Ресейдің қазақ халқын қалай отарлағанын, миссионерлердің мысық тірлігін, КСРО-ның жылым саясаты ұлтты адастырып, рухани сауатсыз қалдырғанын, соның бірі – әліпбиді кириллицаға ауыстырғанын, қуғын-сүргін, аштық ұйымдастырғанын жасқанбай жарияладыңыз.
– Сұрағың орынды қойылып отыр. 25 жасқа дейін мен кеңес дәуірінің саясатына еш күмән келтірмедім. Сол жасымда аудандық партия комитетінің идеология бөліміне басшы болып қызметке барғаным бар. Мен ойлайтын едім, ондағы адамдардың бәрі періштелер, судан таза, сүттен ақ деп. Сөйтсем, нағыз парақорлар мен пәлеқорлар, нәпсісінен айрылғандар сонда екен. Партияның мұнысы несі? Сөзі былай, ісі мынау деген ой мазалай келіп, санам екіге жарылды. Ұлт мәселесіне келгенде жастықтың әсері ме іркілмей, “бірдеңкелерді” айтып жіберетін әдет таптым. Мұным өзгелерге ұнай қоймады. Түртпектей бастады. Ғылымға бет бұрып, аспирантураға түстім. Бауыржан Момышұлының үйінде жаттым. Ол кісі көзімді ашып, әлгі екіұдай ойдың біреуіне ғана табан тіретті. Түлетіп шығарды. Архивтерді ақтарсам, қазақ халқын құртып жіберу жолында небір сұмдық қадамдар жасалыпты. Голощекин Сталинге жазған хатында қазақ интеллигенциясын әлсіретудің бір жолы – біріне-бірін айдап салу арқылы жою керек депті. Оның бұл зымияндығы 1937 жылы “мәреге” жетіп, Алаш арыстарын баудай түсірді. Мен осының бәрін қағазға түсіріп жүретін едім. Білім үйретеді дегендер – миссионерлік идея таратушылар, оны насихаттаушылар, православие дінінің кітаптарын қазақ тіліне аударып таратушылар, мұсылмандықтан бездіріп, шоқындырушылар екеніне көзім жетті. Мұны архив деректерімен қоса, М.Әуезов автоцензурасы арқылы дәйектедім де. Мәселен, 1860-1917 жыл арасында қазақ тіліне ондай теріс пиғылдағы 72 кітап аударылып, таратылған екен. Мұндай арам пиғылға кеңес дәуірі де толық тосқауыл қоймаған. Дүрмектің қалқасында жалғасын тауып жатқан. Осының бәрін біліп, халыққа қалай жеткіземін, партия идеологтарын қайтсем иландырам, жұртымыздың жеткіншек ұрпағын сақтандыру жолы қайсы деп мазасыз күй кешіп жүргенде КСРО-ның іргесі шайқалды. Құлап тынды. Тәуелсіздігімізді алдық. Әрине, бұл күнге жету оңай болмаған еді. Осы мүмкіндіктен халқым айырылып қалма, сені ешкім де жарылқамайды, оған осы кітаптағы деректер мысал дей келіп, жинақты айғайлатып тұрып үш тақырыпқа топтастырдым. “Ел қалай орыстандырылды”, “Жер қалай орыстандырылды”, “Сана қалай орыстандырылды” деп жар салдым. Қазақ ұлтшыл емес, өткенінен әділеттілікті ғана сұрайды. Жоғалтқандарын іздейді, соны қалпына келтірсек дейді. Бұл жолда жауласып, біреумен дауласпайды. Біз рухани қазынамызды түгендеп, ұлттық идеямыздың іргетасын мықтап, ұрпағымыздың ой-санасын бекемдеп, отаншылдық рухын қалыптастыра алсақ, ұтылмаймыз, ұтамыз, жаһандануға төтеп бере аламыз.
– Мекемтас аға, ендігі әңгімені өзіңіз негізін салған бауыржантануға бұрсақ. Бауыржан Момышұлы арғы алыптар Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, т.б. батырлар секілді халқы бағалап, жұрты төбесіне көтерген нағыз тұлға. Биыл, міне, 100 жылдығы аталып өтіп жатыр…
– Бірден айтайын, Бауыржан Момышұлы – атақ та, байлық та іздеген адам емес. Ол халқының еркіндігін, тілінің тазалығын, ұлтының мықтылығын ғана аңсап өтті. Батыр деген атақты оған халқы берді. Қарғадайынан Алаш зиялыларының шығармаларын оқып, қанаты қатайған ғой. Маған керегі Ахметтің, Мағжанның, Міржақыптың шыншыл шығармалары дейтін. Олардың мұраларын архивінде сақтағанын кейін білдік. Жалпы: “Маған деген атақты, Міндет қылсаң, өзің ал. Әділдікке бас ұрып У берсең де маған бал”, деп өзі айтқандай. Бәукең билікке, олардың ұстаған жолына көңілі толмайтынын, қарсылығын білдіріп отыратын. Тіпті, оларды сауатсыз дәрігерге теңеп: “Сырқатым құздың қыршау қиясында, Қыранның қол жетпейтін ұясында. Ауырмай мерт болатын ақиықты, Емдеуге шыныменен қиясың ба”, – деп, бұл “доктор” ЦК дейтін. Есесіне қалың жұрт батырым деп бағалады, ерекше құрмет көрсетті. Оның артында қалған мұрасы да ұшан-теңіз. Нұрсұлтан Назарбаевтың: “Қазақ қаламгерлерінің ішінде өз ұлтын Бауыржан Момышұлындай сүйетін жазушы жоқ”, деуі тегіннен-тегін болмаса керек. Оның ұлттық сананы оятататын еңбектерінің бағы енді-енді жанып келеді. Кезінде ондай дүниелерін көп жариялата бермегені бар. Оның себебін: “Мен бұл өмірден кетемін. Ол – заңды. Кетпейтін ешкім жоқ. Өлу керек екен деп қорықпау керек, оны саналы түрде білу керек. Оны заңды құбылыс деп қарау керек. Бірақ мен өлілердің ішінде кетпеймін, тірілердің бірі боламын. Менің рухым халқымның есінде қалады. Менің кітаптарым кейбіреулердің баспаған жеріне дейін барады. “Мынаны ешуақытта баспаңдар”, деп тыйым салған жерлерім бар. Бірақ мен ана дүниеге кеткеннен кейін сендерге белгі беремін. Мен баспа дегеннің барлығын басасыңдар”, – дейді.
Мен Бәукеңмен біраз жыл тонның ішкі бауындай араласқан адаммын. Оның жандүниесін де, артында қалған мұраларын да жақсы білемін. Ол кісінің тағы бір ұлылығын айта кетсем деймін. Қазір бәріміз діншілміз. Бірақ, Бауыржанның дәрежесіне жете алғамыз жоқ. Ол кісі Құранды оқып қана қоймай, ғылыми тұрғыда талдайтын. Тәурат, Інжіл, Зәурат туралы әңгіме бола қалғанда: “Онда Құдайдың сөзі емес, онда әлемді билеушілердің, адамдардың сөзі араласып кеткен. Құранда ондай жоқ”, – деп отыратын.
– Екеуі екі ғасырда өмір сүрсе де Абай мен Бауыржанның рухтас екенін аңғару онша қиын болмаса керек. Тіпті, Абай – Алаш – Бауыржан осы үшеуі бір арнада тоғысып жатқандай көрінеді-ау!
– Сөзсіз солай. Абай: “Қалың елім, қазағым, қайран жұртым”, – десе, Бауыржан КСРО дүрілдеп, сұрапыл соғыс жүріп жатқанда қазақ тілі туралы Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің хатшысы Әбдіхалықовқа хат жазып: “Тілсізді айуан дейді. Тілі кедей елді – мәдениетсіз, анайы, надан халық деп санайды… Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жегізбегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған емес пе еді?!” – дей келіп: “Қазақ тілі туралы үкімет, партия қаулысы шығып, қала қазақтарын, қазақ оқымыстыларын тәртіпке шақырып, қазақ тілін республикамызда мемлекет тілі ету заңды, қажет екені даусыз, керекті болғандықтан, осы күнге дейінгі бұрмалап, бұзып келген мінезге, беталысқа бұдан былай жол беру қазақ тілін архивке тапсыру болып шықпай ма?” – деуі неткен ерлік. Қылышынан қан тамып тұрған заманда өзгелер көлеңкесінен қорқып, шен тағып, шекпен кигендердің алдында күмілжіп жүргенде, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруді ықпай, бұқпай айтуы нағыз жүрек жұтқандық қой. Осылайша заманынан озып, дәуірінен асып туған Бауыржан Момышұлының артында қалған мол мұрасын шығаруды біраздан бері қолға алға едік. Алғашқы кезде 20 том болар десек, кейін 30 томға шығып, оған 10 том және қосылды. Бұл да аздық етіп тұрған жайы бар. Осы томдарға халық батырының көркем шығармаларымен бірге, хаттары, естеліктері еніп отыр. Ал әлі де бірнеше томды құрайтын Мәскеудегі әскери архивтегі еңбектері, араласқан адамдардың жеке жазбалары, Кубаға барған тұстағы дүниелері, 8-ші дивизия туралы Германия мұрағатындағы деректер, тағы басқа құндылықтар аз емес. Бір кездері өзі менің еңбектерімнен жүздеген кандидат, ондаған доктор шығады, деген екен. Қазір сол шындыққа айналды. Ол кезінде біреуге ұнап, біреуге ұнамаса қазір ХХІ ғасырдың хас батыры санатында. Бауыржантану ілімінің көкжиегі кеңеюмен бірге, ерен тұлғаның турашылдығы, бүкіл ерлігі қазақтың кейінгі ұрпағына үлгі бола береді. Күні шыққанның көлеңкесіндей жанынан қалмайтын, биліктің сойылын көтеріп, сөзін сөйлейтін жағымпаздар туралы айтқандары қашанда ақиқаттығымен жұрттың көңілінде жүреді. …Мен бауыржантануды бір ізге салдым-ау деген ойдамын. Ендігі жұмысты шәкірттерім жүргізе беретін болады. Қалған өмірімді абайтануға арнаймын. Өйткені, Абай менің өмірімнің өзегі, бүгінгі күнге жеткізген ұлылық иесі ғой.
– Мазмұнды әңгімеңізге рахмет.
Шараныңтақырыбы: «Адамзаттыңбәрінсүй «бауырым»деп...» Мақсат-міндеттері: А) Ақпараттыққұзыреттілік Ә) Коммуникативтікқұзыреттілік Б) Проблеманышешуқұзыреттілік «Толеранттылық» түсінігінұлттықдүниетанымтұрғысынанталдау, жәнеоныңнегізгібелгілерінтанытаотырып, студенттердіңбір-бірінедегенсыйластық, өзгеніөзіндейқабылдауға, өзгеұлттардыңсалт-дәстүрлерінсыйлаудыңмаңызынамәнберу; Ұлы Абайдың «Толық адам» концепциясын талдай отырып, толерантты тұлға модельін құру, Сондай-ақ «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» Абай идеясын талдай отырып, толерантты Қазақстан моделін құру; Топ ішіндегі студенттердің бір-бірімен толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру; Ақпаратты өздігінен игеру жәнеталдау, интерпретациялаубілігін жетілдіру. Шараның түрі: Жаңа ұғымды талдау, талқылау Әдісі: Проблемалық, ойқозғау, эвристикалықт.б. Шарада қолданылатын пед.технологиялар Білім беруді ізгілендіру, ұжымдық оқыту технологиясы, дамыта оқытут ехнологиясы. АКТ Пәнаралықбайланыс: Философия, қазақ әдебиеті Оқытуқұралдары: Слайд-шоу, ойқозғаутапсырмалары, тірексхема, плакаттар, интерактивтиктақта, косымшакөрнекілектер. Шараның барысы Оқытушының қызметі Студенттің қызметі Күтілетін нәтиже І. Ұйымдастырубөлімі
ойшақыру
Тәрбие сағатының бөлімдері: I бөлім – «Толеранттылық-ұлттыққұндылық» толеранттылық түсінігін қалыптастыру II бөлім – Ұлы Абайдың «Толық адам» концепциясы III бөлім – «Толеранттылық- өркениеттіліктің белгісі»
Интербелсендітақтаменжұмыс 1-тапсырма Шараның мақсатымен, бөлімдерімен таныстыру Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сенде сүй ол Алланы жаннан тәтті, Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп, Және хақ жолы осы деп әділетті ...Абай Бүгінгі тәрбие сағатымызда ұлы Абайдың осы сөздерін эпиграф ретінде алып отырмыз.Осы шумақтан нені түйдіңіздер? -Иә, барша адамзатты нәсіліне, ұлтына , ұстанатын дініне қарамастан жақсы көріп, түсіністікпен қарап, өзіңдей қабылдау қасиетін бір сөзбен толеранттылық дейміз.
Толеранттылық – бұл қайырымдылық. Толеранттылық – бұл аяушылық таныту. Толеранттылық – бұл құрметтей білу. Толеранттылық – бұл мейірімділік таныту Толеранттылық – бұл шыдамдылық. Толеранттылық – бұл достық Бұл – келісім мен ынтымақтастыққа апаратын жол, 16 қарашада әлемнің көптеген елдері Халықаралық толеранттылық немесе төзімділік күнін атап өтеді. Бұл 1996 жылыБҰҰ-ның Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілген. Қазақстандағы толеранттылық ата-бабамыздан, дәстүрімізден кележатқан құбылыс. Біз басқа ұлттарды, этномәдениетті жатсынбайтын ашық этнос ретінде қалыптастық. Бұл қазақ халқының ұлттық менталитетінен көрініс табады, қазақ халқына тән қандай ұлттық мінез құлықтарды атай аласыздар?
Осы мінез –құлық қандай ұлттық салт-дәстүрлерден көрініс табады? Ұлттық мінез қандай мақал-мәтелдерден көрініс табады? Мысалы: «Сабырт үбі –сары алтын» деп істің артын бағуға үндейді. Толеранттылық гуманизмге , адами қасиеттерге негізделеді ол жәй ғана тығырықтан шығу өнері емес, адамгершілікті мінездің, рухани кеңдіктің, қайсарлық пен өзін жеңген батыл жігердің нәтижесі.
Олай болса, .ҰлыАбайдың «кәміл адам» концепциясына назар аударайық. Кәміл –арабтың толық, жан-жақты деген сөзінен шыққан. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста , Сонда толық боларсың елден ерек. Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. Мысалы, «АтымдыАдам қойған соң қайтып надан болайын», «Адамды сүй, Алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде одан басқа» - дейді. «Адамды сүюден басқа қызық жоқ» деген пікірін де қазір көп айтылып жүрген гуманды педагогика ұстанымдары жатыр. Осы жерде жас ұрпақты тәрбиелеу ісі ең алдымен, оларды адамды сүюге баулудан басталуы керек деген тұжырым шығады
Абай адам болудың шартын қалай белгілейді? Кесте толтыру
Асық болатын істер Қашық болатын істер
Студенттер назарын сабаққа аударады.
-Адам баласын махаббатпен жаратқан Алла тағалланы жаныңмен сүй, Барлық адамзатты бауырыңдай жақсы көр, Бұл ең әділетті жол дейді.
-бауырмашылдық. ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік - асар жасау, той жасау, барлық адамның жиналып келіп қуанышты бөлісуі, Сол сияқты қайғыны да бөлісе алуы «Қуанышты бөліссе, көбейеді, қайғыны бөліссе, азаяды.»
-адамның көңіл аспаны кең, -жүрегі ізгі де, мөлдір, -адамгершілігі теңіздей телегей. -рухани дүниесі кең
Бес нәрседен қашық б ол., Бес нәрсеге асық бол дейді Асық болатын істер Қашық болатын істер Талап, өсек еңбек өтірік терең ой, Мақтаншақ қанағат, Еріншек рақым, Бекер мал шашпақ Тәрбие сағатының тақырыбымен, мақсатымен және қандай бөлімдерден тұратынымен танысып, білімдерін кеңейтеді. Тәрбие сағатын бастауға дайындығын білдіреді.
Жүналист қыз өте орынды мақала. Дейтұрғанменде сол "алтын сырғаң" ағаларыңның құлағына жетпей дүкен сөрелерінде қалып қоятын секілді. Дінін жапқан(аганттік ті айтып отырмын), азаматына күйе жаққан билік пен ту көтерген ағаларыңа Мекемтас пен ұлт ұйытқысы Абайдың құны бір айлық ақшаға да татымас. Шындыққа шырылдаған жан болсаң Т.Әубәкіров. Б.Тілеухан жайлы жасшы.Сенің қазаққа жаның ашиды ғой. КҮТЕМ
Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін әдебиет теориясы тұрғысынан талдай отырып, әр оқушының өз тапсырмасын орындауына қолайлы орта туғызу, оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек ұғындыру; Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы қасиеттер болуы үшін күресе білуге, ақынның қарасөздерінің мәнін, ғылыми-философиялық ойды түсінулерін, сөйлеу, талдау дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттер
Мазмұнына байланысты: 1.Шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу, мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу, көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру, оқып-түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру; бір-біріне түсіндіру арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге баулу;
2. Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, елін сүюге, адамгершілік, адалдық, ізгілікке, ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу.
3.өз бетінше ізденуге баулу.
СТО-ға байланысты: - кейіпкерлер әрекетін бағалай білу; әңгімені бүгінгі өмірмен байланыстыру; өзіндік көзқарас, пікірін қорғауға бағыттау;
Топқа байланысты: - әр оқушының жеке, жұптық, топтық жұмысы, өз пікірін қорғайды, бір-бірінің нұсқауларын орындайды.
Сабақта туындаған негізгі идеялар
Топқа бөлу, сыни ойлану, ой қорыту, өз ойларын дәлелдей алуға дағдыландыру
Күтілетін нәтиже
Қара сөз мазмұнын, идеясын ашады, ақпараттарды өз сөзімен жүйелі жеткізе алады, мәтіндегі оқиға арқылы қайрат, ақыл, жүректің таласының шешіміне көздерін жеткізеді. Ақынның өлеңдері мен қара сөздері үндестігін анықтап,ақын шығармалары туралы мағлұмат алады. Қара сөзді талдай отырып, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, адамгершілік пен төзімділікке, қайырымдылыққа, ауызбіршілікке үйренеді. Шығарма оқиғасын өмірмен байланыстырып, салыстырып өз толғанысын қорытады.
Нәтижені бағалау
Жазу арқылы (кейіпкерге хат жазу, ойтолғау жазу)
Көрнекіліктер
АКТ,үлестірмелі қағаздар, флипчарт, маркер
Әдістер
СТО стратегиялары: «Ойшақыру», «Әдебиет үйірмесі», «Кейіпкерге хат», «Ой толғау», «топтастыру»,
Сабақтың мазмұны
Уақыты
Стратегиялар
Ресурс
тар
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
2 мин
Ұйымдастыру
кезеңі
Тренинг
Оқушылар ынтымақтастық шеңберін құрып бір-біріне жақсы тілек айтады.
Смаиликтер арқылы топтарға бөлу
Сағат тілі бағытымен оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтып шығады.
Смаилик түстеріне қарай топтасады.
I кезең: «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді.
Осы кезеңде ойлауды Блум бойынша жіктеудің «Білу» мен «Түсіну» тәсілдері жүзеге асырылады.
3 мин
Ойлауды Блум бой-ша жіктеу
«Білу»
Интербелсенді тақта
Абай ұлылығын А.Байтұрсыновтың сөзі арқылы тиянақтай отырып, ақынның қазақ әдебиетінде қалдырған ізі туралы сұралады.
Үйден ізденіп оқып келген Абай туралы білетіндерін слаидтар арқылы тиянақтайды.
5мин
«Түсіну»
Флипчарт, маркер
Ой шақыру:
1-топқа: «Тұла-бойың ұят-ар едің»
2-топқа: «Талаптың мініп тұлпарын»
Абай аңсаған «толық адам» бейнесі Әбіш бойында бар деп ойлайсыңдар ма?
Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеп, ойларын ортаға салады. Постер қорғайды.
II кезең(Мағынаны тану) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар «Қолдану», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері орындайды (20 минут);ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды . Нәтижесі ауызша марапатталады.
20 мин
«Қолдану», «Талдау», «Жинақтау»
Нөмірлер, топтастыру
Берілген нөмірлер арқылы
оқушыларға рөлдер бөлінеді.
Рөлдегі оқушылардың қызметі жайлы түсіндіріледі, жеке жұмыс, жұппен талдап, ойды ортаға салатынын айтады.
«Толық адам» анықтамасы жасалады.
1.Баяндаушы(4 бала)
(Шығарма мазмұнын рөлдерге бөліп қысқаша баяндайды.)
2.Ізденуші
(Қара сөз туралы ақпарат жинайды. Қайрат, ақыл, жүрек оның қажеттілігі туралы мәлімет)
3. Сілтеме табушы
(Әңгіменің ең қызық жерін табады. Оны неге қызық деп тапқанын түсіндіреді)
4.Дәнекер
(Әңгіме оқиғасын өмірмен байланыстырады)
5.Әдебиетші-ғалым
(Қара сөз идеясын Абайдың өлеңімен байланыстырады)
2 мин
Сергіту сәті
Ән, үнтаспа
«Желсіз түнде жарық ай» әнін айту арқылы ойларын сергітеді.
Ән мазмұны арқылы ойларын сергітеді.
III кезең(Ой толғаныс кезеңі)(кері байланыс – бағалау кезеңі): Бұнда «бағалау» тәсілін орындау арқылы ойтолғаныс жасау, сабақ барысы, оқушылардың іс-әрекеті жайлы пікір,оқушылар белсенділігін бағалау,кері байланыс жүзеге асады.
10 мин
«Бағалау»
Хат жазу, «Алты қалпақ»
І топ: Кейіпкерге(Абай атаға) хат жазады.
ІІ топ: «Қара сөзден алған әсерім» ой толғаныс
Хаттың мазмұнын баяндайды.
Сөзден алған әсерлерін қорыта отырып, шығармаға баға береді., ойларын ортаға салады.
2 мин
Қорытынды. Бағалау
Сабақ талдау парақтары,
бағалау парақтары
Сабақ бойынша сезімдерін бір сөйлемге сыйғызып жазу.Сабақты қорытады. Өздерін бағалауларын сұрайды. Қорытынды баға туралы айтады.
Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалап, жиынтық баға шығарады. Стикерлерге кері байланыс көрсетіледі.
1 мин
Үйге тапсырма
Кубизм стратегиясы
«Мен кіммін?» толық адам проблемасы бойынша жоба қорғау.
Абай армандаған толық адамға сай болатынын дәлелдеу
Адамның адамшылығы-жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады..(18-сөз)
Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
Ата көрген оқ жонар, ана крген тон пішер.
Толық адам- еліне қызмет етуші, еңбексүйгіш, ақылды, қайратты, қажырлы, парасатты, терең білімді, жүрегі нұрлы, мейірімді
Абай: “Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла” дейді. Сонда, бұл қандай жұмбақ? — Әрбір шығармашылық адамы өзінше бір жұмбақ әлем. Әр әлемнің өз құпиясы болатыны заңды. Абайдың жұмбағы жайлы әркім әрқалай айтады, әрқалай тон пішеді. Бірақ, Абай құпиясын шешкен әлі ешкім жоқ. Абай жұмбағын мен де ұзақ зерттедім. Осыған бар ғұмырымды арнадым десе болады. Сөйтіп, Абайдың жұмбағы өзі жасаған “толық адам” ілімінде жатыр деген тоқтамға келдім. Мұны былай түсінді-ріп берейін. Абай шығармасындағы моральдық-пәлсапалық “хауас” ұғымы мен 38 қарасөзінде арнайы сөз болатын “жауанмәртілік ілімі” деген бар. Бұл сөздер орта ғасырларда жиі қолданыста болған, бірақ тарихи жадымыздың шайылып кетуіне байланысты осы күні ұмытылып қалған. Міне, Абайдың жұмбағын мен осы бір күрделі пәлсапалық ұғымдар арқылы ашуға күш салдым. Алдымен, “жауанмәртілік ілімінің” түп төркіні жайында іздене бас-тадым. Ол үшін Абайдың ақындық кітапханасы көзіне үңілуге тура келді. Өйткені, ғылыми негізі жоқ кез-келген дерек алдамшы жалған құбылысқа айналатыны белгілі ғой. Сонан соң әйгілі лингвист Будаговтың сөздігіне үңілдім. Будагов “жауанмәртілік” сөзі парсы тілінен енген мағынасын «жас, мырза, жомарт» адам деп түсіндірді. Шыны керек, ұзақ уақыт осы түсініктің жетегінде жүрдім. Оны айтасыз, 1069 жылы жазылған Жүсіп Баласағұнидың “Құтадғу білік” дастанында кездесетін “ақи” (мырза, жомарт) сөзін де, одан кейінгі ғұмырда дүниеге келген “Кабуснамеде” кездесетін “жуванмард” лексикасын да осы тұрғыдан қабылдадым. “Құтадғу біліктің” алғысөзінде “мен әділет, дәулет, ақыл, қанағат деген нәрсені төрт адамға бөліп бердім” деген жолдар кездеседі. Бұл – ХІ ғасырдың туындысы. Ал, ХІІ ғасырдың туындысы болып табылатын “Кабуснаме” кітабында “жуванмердтықтың” төрт негізі ретінде сол күйі Ж.Баласағұниды қайталайды. Олар – ақыл, дәулет әділет, рахым. Осы ұғымдар тап осы мағынада Абай шығармашылығында көрініс тапқан. “Әсемпаз болма әрнеге” деген өлеңінде: Ақыл мен қайрат жол табар, Қашқанға да қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға, – дейді Абай. Яғни, “жауанмәртілік” іліміне сай төрт нәрсе Абайда да тұр. Яғни, қазақ кеңістігіндегі ұлттық танымдағы дәстүрлік жалғастық анық сезіледі.
Әл-Фарабиден Шәкәрімге дейін
Абайдың “толық адамы” мен ор-таазиялық ғұламалардың “кемел адамының” түпкі негізі бір дегіңіз келеді ғой?.. Олай болса, бұл ілімнің түпкі көзі қайдан бастау алады? — Меніңше, бұл мәселенің түп-төркіні VІІІ-ХІ ғасырларда өмір сүрген ғұлама әл-Фарабидің “парасатты адам” туралы ілімінде жатыр. Ол “Қайырымды қала тұрғындары” деп аталатын еңбегінде мемлекет басқаратын елбасының 12 түрлі қасиетіне талдау жасап, тұңғыш рет парасатты адам ілімінің негізін қалаған болатын. Осы ой жүйе кейін Жүсіп Баласағұнидің “Құтадығу білік” аталатын педагогикалық дастанында жалғастық тапты. Бұл ілімді ХІІ-ХІІІ ғасырларда Қожа Ахмет Ясауи бабамыз өзінің дүниетанымына орай “пенделіктің кәмәляттығы” жолын ұстана отырып одан әрі дамытты. Оны “хал ілімі” деп атады. Түркі халықтары ислам дінін сопылық дүниетаным арқылы қабылдап, санаға сіңірген ерекшелікке сай ілімнің аты өзгергені болмаса, шын мәніндегі заты бұрынғы әл-Фараби мен Ж.Баласағұни негізін қалаған ілім болатын. Сонда бұл ілімдердің өзара айырмашылығы бар ма? Бар болса ол неден тұрады? — Әрине, бар. Мысалы, “Құтадығу білік” түгелдей дерлік “инсанаттың кәмалаттығына” негізделген. Ол сопылық ілімді бүгінгі уақытпен бірлікте, ақылға салып қарастырады. Бұл – инсанаттың, саналы адамның жолы. Яғни, бірінші кезекте адам жолға қойылады. Абай да осы жолды ұстанған. Ал, Ясауи ілімінде “пенденің кәмалаттығы” басымырақ. Яғни, адам – бұл дүниені тастайды да барлығын о дүниеге арнайды. Бұл ұғым Абайда жоқ. Демек, Абайдың “толық адам” ілімі бір күннің жемісі емес екен, оның төркіні тереңде жатыр. Міне, ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған Абайдың “толық адам” ілімі ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде жасалған Шәкәрімнің “ар ілімінде” (“Үш анық”) жалғасын тапты. Ұлы ағартушы оны ынсап, қанағат, әділет деп түсіндірді. Мұның бәрі сайып келгенде, қазақ жерінде пайда болып, дәстүрлі жалғасын тапқан бірегей моральдық пәлсапалық категориялардың эвалюциялық даму жолының сабақтастығын көрсетеді. Ендеше айтыңызшы, Абайға осы “толық адам” ілімін жасау не үшін керек болды? Себебін түсіндіріңізші? – Болат, Сіз маған өте күрделі сұрақ қойдыңыз. Шамам келгенше жауап берейін. Ол үшін алдымен аяулы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мынадай өлең жолдарына назар аударайық: Абай тұсы қазақтың бұзылғаны, Қаралыққа айналып қызыл қаны… Елдігінде, жеріне һәм дінінде, Құрылды талай тұзақ, талай қақпан, – дейді ол. Міне, бұл Абай өмір сүрген заманның суреті. Ресей отаршыл-дығының екіжүзділігі қазақтың рухани болмысын азғындатып, мінез-құлқын қатты бұзды. Әсіресе, 1867 жылғы өмірге ендірген “низам ережесінен” соң-ақ, жабайыны жабайының қолынан тұншықтыру идеясы қайта жанданды. Қазақ қатты бұзылды. Бұрынғы нар қазақ жағымпаз қазаққа айналды, бірінің артынан бірі өсек айтты, ор қазды, сатты, қысқасы рухани тұтастығынан айрылды. Сөйтіп, дала халқы бұрын-соңды болмаған ұлттық рухани дағдарысқа ұшырады. Осынау отаршылдықтың көрінісі – өсек, өтірік, арызқойлық, дарақылық сияқты жұқсыз мінез-құлықтар Абайға қатты әсер еткен. Ойландырған. Одан құтылудың жолын іздестірген. Ізденудің әрекеті ақыр соңында “толық адам” ілімін жасауға әкелді. Сөйтіп, ойшыл ақын өзіне дейінгілерді оқып қана қоймай, оны жетілдіріп ұсынды. Абайдағы “ толық адам” ілімі көбіне өлеңдерінде нақты көрініс береді, ал қорытынды ой-пікірін 38 қара сөз арқылы жеткізеді. Өкініштісі, Абайдың арманы орындалмай кетті. Абай дүниеден озған соң, оның ілімін шәкірттері Шәкәрім, Мағжан жалғастырды. Шәкәрім әр қазақ арлы, әділетті, қанағатшыл, ынсап сайын берекешіл болса екен деп армандады. Мағжан да қазақ арасындағы ар ойламай, пайда ойлаған дүниеқоңыздықты қатты сынға алды. Мысалы, “Пайғамбар” деген өлеңінде былай дейді: Білген емес иман деген не нәрсе, Қарын деген сөзді ғана жаттаған… Інжілді өртеп, табанға сап құранды, Әділетті күткен ессіз қарыннан. Мағжан Батыстың азғын жолын осылай сынайды, ескертеді. Осы ескертуі арқылы тән азығынан жан азығын жоғары қояды.
Абай мұрасын қайта бағалау кезек күттірмейтін мәселе
“Қарын деген сөзді ғана жаттаған” демекші, жастарды жаман жолдан сақтандырып, арлы, намысқой болуды үйрету әрбір саналы азамат – инсанның міндеті. Осы орайда Абайдың “толық адам” ілімін насихаттауды қолға алған екенсіздер. Меніңше, бұл идеяға кез-келген оқырман қызығушылық танытатынынды анық. Сондықтан, осы мәселе жөнінде толығырақ мәлімет беріп өтсеңіз?.. — Қай уақыт, қандай қоғамда өмір сүрмесін, адамзаттың негізгі мақсат-міндеті пайда ойламай, ар ойлайтын, елім дейтін, жерім дейтін ізбасарларды тәрбиелеу. Пиғылы жат ағымдардың жетегінде кетпеу үшін қазақ баласына рухани өзек болатын темірқазық керек. Бізде ондай темірқазық бар ма? Бар болғанда қандай! Ол – Абайдың “толық адам” ілімі. Егер қазіргі жас Абайдың осы ілімін саналы түрде қабылдаса, қате жолға аяқ баспайтыны анық. Бұл ілім бізге сол үшін керек. Осы мәселені Абай атындағы ҚазҰПУ-нің қазіргі басшысы Серік інім Пірәлиев жақсы түсінеді. Маған бірге жұмыс істеуге шақырды. Көп ұзамай қара шаңырақта “Абайтану” орталығын аштық. Орталықтың барлық жүйесін Абайдың “толық адам” іліміне сүйеніп құрдық. Әрине, әрбір жаңа бастаманың қарсыластары да болады ғой. Менің идеямды түсінбегендер де болды. Кейін келе көпшілігінің беті бері қарады. Дұрыс екен десті. Бес жыл болды, барлық факультеттерде “Абайтану” пәнін оқыту бағдарламасы енгізіліп, студенттер “толық адам” ілімі бойынша дәрістер тыңдауда. Бұл бағдарламаны, сонымен бірге Астанадағы Еуразия университеті, Шымкенттегі М.Әуезов, Түркістандағы Қ.А.Яссауи, Қарағандыдағы Е.Букетов, Шығыс Қазақстандағы С.Аманжолов, Көкшетаудағы М.Қозыбаев университеттері қабылдады. Бірнеше мектептер мен коледждерде де оқытылып жатыр. Одан басқа еліміздегі бірнеше жоғары оқу орындары мен мектептер де біздің бастамамызға қызығушылық танытып, биылғы оқу жылынан бастап оқу бағдарламаларына енгізуді жоспарлап отыр. Қысқасы, Абайдың “толық адам” ілімін оқытып, санаға сіңіру жолы там-тұмдап болса да жолға қойылып келеді. Сізге мынаны айтайын, Абайды баяғы ескі кеңістік стеротиптік сарынмен оқытуға болмайды. Оған бұдан былайғы жерде жол берілмеу керек. Біз осы күнге дейінгі пайдаланып келген оқулықтарда Абайды атеист, материалист етіп көрсеткенбіз. Кеңістік саясатқа байланысты барлық буын Абайды осылай таныды. Бүгінгі уақыт басқа, дүниетаным өзге, олар тәуелсіз санаға қарай бейімделу үстінде. Абайды жаңаша қырынан танып, тәуелсіздік рухы тұрғысынан бағалайтын сәт туды деп ойлаймын.
Қазақ халқының XIX ғасырдың аяғынан күні бүгінге дейінгі тарихында ұлы ақын, ағартушы, данышпан Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының алар орны ерекше. Халкымыздың талай-талай айтулы ақындарынан Абайдың жолы-жөні бөлек, парасат-пайымы кең, өресі өте биік. Оның әрбір сөзінің кең мағынаға толы екендігі дәлелденіп болғандай. Қайсы бір өлеңін оқысаңыз да, әсем су-рет, бейнелі де, кестелі мағына-көріністі көресің. Түпсіз терең түңғиықтан ақырын-ақырын шымырлап, келе-келе тұла бойыңды тұтас билеп кететін бір тылсым, құпия сиқыры тағы бар. “Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілерсің” деп атамыз қазақ айтқандай, бала Абайдың, жас Абайдың тәлім-тәрбие алып, үлгі-сөзін естіп өскен екі шешесі болған. Әңгіме-аңыздың көл-дариясы, аяулы әжесі – Зере де, екіншісі – өз туған анасы – Ұлжан. Әкесі Құнанбай өз заманының айтулы ел басқарған, аға сұлтаны болып, заманында азулы, қаталдығы мен әділдігі қатар, оңы мен солына бірдей, Аллаһтың ақ жолымен жүруді қолдап, мешіт ашқан. Қажылыққа барып, Меккеде тәкия (қонақ үй) салдырған. Абайдың өмір сүрген заманы да оңай болмаған, ескі заманның ыдырап, жаңа уақыт, жаңа дәуірдің бірте-бірте бет бұрған кезі еді. Орыс шаруаларының жер жыртуы, жаңаша оқу, сауда-саттық, алыс-жақын шет жерлермен түрлі мақсаттағы қарым-қатынас жасау дамып келе жатқан. Жаңа сипаттағы қиын бір кез туды, адам адамды түсінуден қалып бара жатты. Ел ішінде бұзық, ұры-қары, арыз көбейді. Ұлы ақынның өзі айтқандай, ел іші “алтыбақан алауыз” болатын. Ұлы Абайдың өмірбаянын, бүкіл шығармашылығын түбегейлі зерттеген, тіпті эпопея жазып, ақынның аты мен атағын, сол арқылы бүкіл дүние жүзіне қазақ халқын танытқан Мұхтар Әуезовке бүгінгі ұрпақ қарыздармыз. Абайды он жасқа келгенде әкесі Семей қаласыңдағы діни оқу орындарына, алғашқыда Ғабдулжаппар молдаға берген, кейінірек Ахмет, Риза деген молдаға тапсырған. Абай медреседе үш жыл оқиды. Ұлы ақын жас кезінде болыс та болды, ел де басқарды, есейе келе өлең жазумен, ойына келгенін ақ қағазға түсірумен айналысады. Абай бізді нәзік өлеңімен де, кесек-кесек пәлсапалық ой-пікірімен де, сұлу сазды әуендерімен де бірде қанаттандырса, бірде ойландырады. Абайдың ұлылығы мен кемеңгер данышпандығы да осы болса керек! Абай жүрегін толғантқан сөз қасиеті – түптің түбінде ойшыл ақынның, жаратқан ие, дін ислам туралы толғаныстары ішкі ырғақ, оралымы қандай? Пәлсапалық исламиятты ақын қалай қабылдады? Жаратқан иені ақын танымы, ақынның ішкі әлемі құптады ма, әлде наразылық сезімін туғызды ма? Жауап іздеу арқылы біздер біраз жұмбақ, құпияның көрпесін көтереміз. Абай өз замандастарын да, кейінгі ұрпақ бізді де Аллаһ туралы жеңіл әңгімеден аулақ болуға шақырады. Абай тағылымындағы Аллаһ тағала – адами бейнеден гөрі алыста, көз жетпес көкжиекте ме, аспанда ма – беймәлім, күшпен ұшып жүретін, бәрін де көре білетін, сезе жүретін күн сәулесіндей таңғажайып құбылыс, құдіретті күш. Адам бейнесінен қашықтап кеткен рухани тірек, дін исламдық ие секілді. Абай ұғымында ол ақылға сыймас шындық, сондықтан ақын Аллаһ пен Адам арасындағы жалғастырушы күш – махаббат деген. Дененің барша қуаты, Өнерге салар бар күшін. Жүректің ақыл суаты, Махаббат қылса тәңірі үшін. Аллаһтың растығын Абай махаббат арқылы дәлелдемек болып, «махаббатсыз дүние бос» дейтіні де сондықтан. Көп оқып ғылымға үңілген Абай он сегіз мың ғаламның патшасы бір Аллаһ екеніне шек-шүбә келтірмейді, қайта жалғыз жаратушының құдіретін жырлап та, қара сөзбен толғап та айтқан: Алланың өзі де рас, сөзі де рас Рас сөз ешуақытта жалған болмас. Көп кітап келді Алладан оның төрті Алланы танытуға сөзі айырмас... Махаббатпен жаратқан адамзатты Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп Және хақ жолы деп әділетті,– деп бар ықылас-пейілімен айтқанына қалтқысыз сенеміз. Әлем халықтарының әрқайсысы өзінше пір тұтатын төрт діни қасиетті кітаптың иелері – Мұса (Тәурат), Дәуіт (Зәбүр), Иса (Інжіл), Мұхаммед (Құран) екені – дау тудырмайтын шындық. Осы аталған төрт пайғамбар да Аллаһ жолында адал қызмет еткен абзал жандардан саналады. Ал, соңғы пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с.) жолы да, мәртебесі де бөлек, ерекше тұлға екені көпке мәлім. Өз заманындағы түлғалардың бәрін де ақтарып-төңкеріп қараған, оларды талдап, талғап оқыған Абайдың бүкіл шығармасы Аллаһты бір, пайғамбарды хақ деп тануға арналған десек, ешбір қателеспейміз. Ақын өз балаларына айтқан өсиеттерінде Аллаһтың құдіретін жан-жақты баян етеді: “...ол қиянатшыл балалары талапқа” да, ғылымға да, ұстазға да, хаттә иман иғтиқадқа да қиянатпенен болады. Бұл қиянатшылар – жарты адам, жарты молда, жарты мұсылман. Олардың адамдығының, кәмәләт таппағы – растықтың жолы. Қиянат – хакиқат пен растықтың дұш-паны. Ғылым – Аллаһтың бір сипаты, ол – хақиқат, оған ғашықтық өзі де хақлық һәм адалдық дүр. Болмаса мал таппақ, мақтан таппақ, ғиззат – құрмет таппақ секілді нәрселердің махаббатымен ғылым-білімнің хақиқаты табылмайды,– делінсе, халқымызда Абайға дейін ғылымды жан-жақты осылай түсіндірген оның түбін-тегін, бұлақ көзін ашқан, қалай үйрену керектігін, қайтсе білімнің тұрақтайтынын орынды көрсетіп берген мұндай еңбек болған емес. Аллаһ тағала Абайдың көкірегіне ғылым нұрын бала жасынан құйғанға ұқсайды. Оқығанын хаттап, естігенін жаттап өскен (Абай) ғұлама “Құдайсыз қурай сынбайды” деген ата-бабамыздың ұлағатты сөзін жадында мықтап ұстап өскендіктен, жаратқанға беріле сыйынып, ел-жұртына сын көзбен қарапты. Халқының жақсылығы мен осал тұсын безбендеп, артықшылығы ешқайда кетпес, жетпей жатқан жағын баса айтайын деп, ел-жұртының кемістігін жіпке тізіп, санамалап айтуындай айтқан-ақ екен. Ұрсып та айтқан, құдіретті құдайды аузына ала отырып, қорқытып та көрген, елдің бойындағы “қыңыр-қисықтық” түзелмесіне көзі жеткен соң, осы халқым оқыса, адам болып кетер, дүниенің кілті, ғылымда деп жұртын өнер мен білім алуға шақырады. Абай Аллаһты тану үшін ғылым білу керек, ілімі кем құдайды танымайды, құдайын танымаған өзін де танымайды дей келіп: “Құдай тағала дүниені кәмәлатты шеберлікпен жаратқан, һәм адам баласын өссін-өнсін деп жаратқан. Сол өсіп-өну жолындағы адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды – әуелі дос көбейтпек. Ол досын көбейтпектің табылмағы өзінің өзгелерге қолынан келгенше достық мақамында (қарым-қатынас) болмақ. Кімге достығың болса, достық достық шақырады. “Адам баласына адам баласының бәрі дос”– деп жазады ақын өзінің 34-қара сөзінде. – Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюуың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің – бәрі бірдей. Ақиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, машхарда сұралуың – бәрі бірдей. Екі дүниенің қайғысына, пәлесіне қауіпің, екі дүниенің жақсылығына рахатың бәрі бірдей екен. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па? Бұл дүниеге бәрің де қонақ екенсің. Сондықтан біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің малы мен бағына күндестік, қызғаныш жасап, көз аларту дұрыс еместігін айтады. Біздің көп нәрсенің сырына үңіліп дүниені талдай білетін, тарата алатын ата-бабамыз: “Досы көппен мұңдас, досы жоқпен сырлас” деп бекер айтпаған, достың да досы бар, тамыр-таныс, жолдас-жора жақсы болса – бәрі дос. Ал Абайдың айтып отырған достығы – Аллаһ жолында жүрген жаны да, ісі де, қылығы да ақ, адал достық. Шынында, ондай досың болса, екі дүниеде бейбіт-бейқұт болар еді. Біреуден көңілің қалса да, Абай айтқан ақиреттік досыңмен сыр бөлісер едің, мұңдасып мауқыңды басар едің. Қай ақын, жазушы болмасын, ауыз әдебиетінен үйренеді, Абай да ауыз әдебиеті үлгісімен өлең жазған, солардың бірі “Патша құдай сыйындым” деген туындысында: Патша құдай сыйындым, Тура баста өзіңе. Жау жағадан алғанда, Жан көрінбес көзіме. Кеселді түйін шешілсе, Керден мойын кесілсе, Келмей кетпес кезіне. О да — Құдай пендесі, Түспей кетер деймісің, Тәңірдің құрған тезіне?! Дүниені дүрліктірер ғажап болмысты көз алдыңа көлденең тартып, қалай дәлме-дәл тап басқан?! Бұдан артық есі бар адамға еске салып, ескерудің қажеті бар ма? Бұдан “Ақылың болса – өз парызыңды, өз ғибадатыңды Аллаһтың алдына тартып бұлдаушы болма!”– деген тағылым-тұжырым шығады. Абай өзінің өлең-жырлары мен ғибратты қара сөздері арқылы жақсылық пен жамандықты құдай жаратты, ал оларды істейтін құдай емес. Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес, байлық пен кедейлікті жаратқан құдай, бірақ бай қылған, кедей қылған құдай емес, осыларға нанып, сенсең, ұқсаң дұрыс болар деген. Әсіресе, құдай тағала құдіретін тілге тиек етуге білімнің білімі, ақылдың ақылы ғана теңдесе алатынына іштей табиғи түйсігімен сезінген. Сезінген сайын мағыналы да, күрделі ойлардың жетегіне жүгінген. Құран сүресі – кім көрінгеннің аузына алып, былдырлатып тарқата беретін бәдіктің бытпылдығы емес, қасиеттінің – қасиеттісі, тереңнің – тереңі деп бағалайды ақын. Әр нәрсенің түп негізі, болмыстың иесі – Жаратқан ие. Ал сол істің, сол мінездің, сол тағдыр талайының, сол сергелдеңнің себепшісі жұмыр басты пенденің өзі дегенге келтіреді. Себептен салдар тумайтыны, салдардан себептің туындайтыны өмір пәлсапасынан белгілі, оны күнделікті тұрмыс-тіршілікте өзіміз де көріп отырмыз. Ойды ой қозғайды, сөзден пікір сабақталады. Ақын шығармалары арқылы “Жазмыштан озмыш жоқ” деген халық даналық-тұжырымын қолдай түскен ой-пікірді көреміз. Абай исламятқа жүрегімен ұйып, сеніп, жүгініп отырып, жыр төкті. Өз жүрегінің лүпілін шариғат, хақ жолының ғаламдық үніне қоса білуге ұмтылды. “Құдай тағаланың жолы деген жол ниһаятсыз (шетсіз, шексіз деген мағынада) болады,– дейді ақын 38-қара сөзінде. Оның ниһаятына ешкім жетпейді. Бірақ, сол жолға жүруді өзіне шарт қылып кім қадам басты, ол – таза мұсылман, толық адам делінеді. Көріп отырсыз ба, жаратқан иеміздің жолы шеті мен шегі жоқ, басталуы-беймәлім, аяқталуы – тағы жұмбақ, өзгеше бір әлем. Сол ғажайып өзгеше әлемнің есігін ашып, дәм-тұзын татып, тіршілік ләззатына бату, жар сүю, бала өсіру, шабытты көңіл-күйге бөлену адамзат баласына ғана бұйырған. Сонда Абай айтқан толық адам: шексіз, шетсіз дүниенің рахымын, шүкіршілігін жүрегімен сезіне жүргенді қалайды. Ұят пен аз сөзділіктің иманның екі түрі екендігін еске салады. “Жаратқан ие – сұлу, ол сұлулықты жақсы көреді. Жаратқан ие – кешірімшіл, кешірім жасағыш адамдарды өзіне жақын тұтады. Жаратқан ие пендесінің ниетіне, іс-әрекетіне қарап іш тартады. Әрбір адамның теріс жақтарын есепке алу-ықтияттылық. Пенденің сауап таразысына салатын жақсы мінезінен артық дүние, ісі жоқ. Сауап таразысына дәулетің де, атақ, абыройың да салмақ бола алмайды. Жақсы адамдар бұл дүниеде қайырлы істерді молырақ атқара алмағанына өкінсе, ал жаман адамдар таразы алдында жаманшылығынан қайтып тәуба қылмағандығына өкінеді”– дейді данышпан ақын. Міне, Абай аңсаған толық адам қалыбы, сипаты осындай болуы керек дейміз кейінгі ұрпақтарға. Қазақ өлгенге бата оқып, тіріге салауат сұрағанда “иманын жолдас қылсын” дейді. Үлкендер хақтан күндіз-түні иман тілейді. Абайша айтсақ: “Әрбір ақылы бар кісіге иман –парыз, иманы бар кісіге ғибадат – парыз”. Абайша иман дегеніміз – Сіздің ішкі қалыбыңыздың сыртқы көрініс – көлеңкесі: кісіні нұрландыратын, ісін оңға бұрып, мерейін үстем ететін, шүкіршілік, тағат, сабыр, нұрлы ақыл беретін қадыр-қасиет. Иманы жоқ кісі адамшылық қалыбын жояды. Дін исламяттың имансыз – шайтан деген қағидасы Абай өмірі мен өлеңінің өзегі болғанына бір ғасырдан астам уақыт өтті. “Шайтан деген – өзіңнің ойың. Ой иесі “шайтан” жүрегіңе неше түрлі ой салады”– деп данышпан тұп-тура, дәл ескерткен. Абайдың ислам дінін, мәдениетін терең меңгерген жан екеңдігі соңында қалдырған бай мұрасы арқылы бүгінгі қазақ-мұсылман заманында, толық дәлелденіп отыр. Өмір, дүние дегенің – ағып жатқан су екен, Жүрген-тұрған жұмысың ойлап тұрсаң у екен,– деп, саналы пенденің басынан өтетін ғұмырына баға-байлам жасаған, данышпан ақынның асыл қасиетін байқаған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: “Абайдың адам көрмеген жанқиярлығы мен ерен құбылыс саналардай ерекшелігі – отаршыл кемсітушілік бар жерде болмай қоймайтын тайсалудың орнына – тайталасты, жиренудің орнына – үйренуді, жарамсақтанудың орнына – жарастықты, мансап қуған баққұмарлықтың орынына – білім қуған бәсекені сіңіріп, ұлтымыздың рухани қайсарлығын атымен, жаңа қасиеттерімен байытқандығы. Өйткені, халқына жаны шындап ашитын қайраткер орға жығатын емес, өрге бастайтын жол сілтейді”– десе, Президентіміздің Абайды елім деген азамат екендігін жан-жақты түсінгені деп білеміз. Ұлы Абай бір Аллаһқа өзі сеніп қана қоймай, құдайға құлшылық етудің жолдарын да түсіндіріп, жазып кеткен. Жаратушы хақ адамзат баласын ерекше абзал етіп, басқа жанды-жансызды адамға қызмет ету үшін жаратқанын ғылыми жолмен дәлелдеп берген, шын мәнінде, Абай – хакім деуге болатын асыл да, айрықша жан.
Әбдіқадыр ӘБІЛТАЕВ,
Абайдың иманигүлінің
мән-мағынасын ұғынсақ...
Жиырма жылда елдегі ресми дін қайраткерлері неге қазақтың дәстүрлі ислам жолын тәпсірлеп, түсіндіріп бере алмады немесе қазақ даласында өткен діни қайраткерлердің сөзінің сырын ашып, насихаттайтын ең құрығанда жиырма молда өсіп шықпады? Не себепті біз Мәшһүрді, Шәкәрімді, Қашағанды, басқа да қазақ жырауларын тіліне тиек еткен имам көрмейміз?
— Бұл заңды. Шығыстыкі пәлсапа, Батыстікі философия екенін шатыстырмау керек. Маркстік-лениндік материалистік философияның барып тірелетін жері – затшылдық. Сондықтан оны «философия» дейміз. Рухани негізден бастау алса, пәлсапа деп аталады. Кеңес Үкіметі бізді атеист, материалист етіп тәрбиеледі. Ал дәстүрлі дүниетанымымызды жалғастырушы азшылық топ – ишан, молда, діни қайраткерлер 37-де қуғын-сүргінге ұшыраған соң рухани сабақтастық әлсіреді. «Құдайсыздар» ұйымы құрылып, оған қаншама қазақ мүше болды. Осы ұйымның билетін алған ағаларымның үйге келіп, түнде жасырын намазын оқығаны есімде. Сөйтіп, дінімізден, ата салтымыздан ажырағаннан кейін қайдан молда шығады?!
Кеңестік идеология Абай мұрасын материалистік, атеистік дүниетаным тұрғысынан ашқаны шындыққа сәйкес келмейді. Тіпті, біздің философ ғалымдар Абайдың дүниетанымына бойлай алмады. Себебі, кеңестік кезеңде өздері де затшылдық қалыппен қалыптасты. Философтың өресі жетпей тұр, ал молда байғұстың жеткен шыңы – жаназа шығару, садақа жинау. Сырттан оқып келген жастардың біршамасы Абайға, Қашағанға, Шәкәрімге, барша қазаққа жау – ваххабиттік көзқараста. Сыни көзбен қауіптеніп қарамасаң, мешіт-медреселерде не оқытып жатқанын білмейміз.
Бодандық қамытын киген түркі жұрты діттеген мақсатына жете алмай отыр. Олардың жендеті Ресейдің өзі де бақытты емес. Себебі, ұлтаралық теңдікті ұстай алмады, шовинизмге шешуші орын берді де, шалқасынан түсіп, империясынан айырылды. Сөйтіп, түркі халықтары одан тұра қашты. Ресей бұл саясатынан бас тартпаса, 38 ұлт өкілдерінен де айырылып қалатын жағдай туып кетуі кәдік емес.
Дін атаулыны оның пайда болу, даму тарихын ғылыми және теологиялық таным тұрғысынан тануға ұмтыламын. Қазір намаз оқып, қажылыққа барсаң, мұсылман деп қарайды. Абай басқаша айтады:
Бастапқы үшті бекітпей, соңғы төртті
Қылғанменен татымды бермес жеміс.
Өйткені, «Абайдың бастапқы үшті» деп көрсетіп отырғаны иманигүл, яғни үш сүю – Алланы сүю, адамзатты сүю және әділет, ал «соңғы төрті» деп атап отырғаны – ораза, намаз, зекет, хаж. Осы себепті де Абай:
Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай,
Сыртын қанша жуса да іші оңбаған, – деген. Соңғы төртеуді атқарғанымен, ішіңде не жатқанын қайдан білеміз? Абайдың толық адам ілімі – әлем қол беретін ілім. Қолымыздағы бағалы дүниеміздің қадіріне жете білсек, дін мәселесі жүйеге, ретке келер еді.
Дінсіз қоғам да, мемлекет те өмір сүре алмайтынын тарихи тәжірибе дәлелдеді. Біз де өз дінімізді, рухани жолымызды ұстануымыз керек. Ол – Алланың бұйырған діні — ислам, Имам Ағзам жолы, Ясауидің хәл ілімі.
Терроризммен бәйге алып тұрған ваххабиттерді
кім жасырып отыр?
Жыл басынан бері елімізде діни сипаттағы қақтығыс салдарынан қырықтан аса адам қаза болыпты. Тек содан кейін ғана бұл оқиғалардың діни астары ашыла бастады. Қазір жұрт салафилердің неше түрлі сұмдықтары туралы оқып-біліп жатыр. Кеш қалған жоқпыз ба?
— Әлі де кеш емес, жолын кесуге болады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары экономикалық жағдай қиындап, балапан басымен, тұрымтай тұсымен кеткен тұста балаларымызды Мысыр, Арабия, Сирия елдерінде тегін оқытатын «қамқоршылар» табылды. Сол жақтан оқып келген жастарымыз шолтиған балақ, қырма мұрт ваххабқа айналып шыға келді. Елге оралған соң да оларға «қамқоршылары» қаржы жіберіп отырды. Көбейіп, күшейіп үдегені сонша — ашық қарсылық көрсетуге, лаңкестік жасауға көшті. Діни басқарманың «салафизм — адасқан ағым» деген пәтуасы шықса да, жалпақ жұртқа айла-шарғысымен ұлт жанашыры, патриот ретінде көрінген саясаттағы, ғылымдағы, өнердегі қайраткерлеріміз-ді білеміз. Қазір біз, қазақ зиялылары, көп нәрсені көріп, танып қоямыз. Сондықтан да жазғанымызды, айтқанымызды тыңдау керек.
Біздің де, халықтың да көзі соқыр, түйсігі бітеу емес. «Осы бәлені сайратпай, жайрата салайық» деп ізіңе түсетін қиын заманда шындықты айту да оңай емес. Жер-жерде дәстүрлі қазақы ортамызға ваххабиттер өз заңын тықпалап, соңы төбелес, айқай-ұйғайға ұласып жатыр. Ваххабиттер «шірік қосу» дегенге жабысып алған. Өмер Бегтің «Уаһһабиліктің басталуы және таралуы» (Алматы, 2002 ж.) деген кітабында: «Абдулуаһһаб… өзінің жалған идеяларына мұсылмандарды сендіру үшін Құран кәрімнің «Ахқап» сүресінің 5-, «Жүніс» сүресінің 106 және «Рағд» сүресінің 14-аяттарын дәлел ретінде қолданады және бұларға ұқсас басқа да аяттарды келтіреді. Бірақ бұл аяттардың барлығы бұтқа табынушы мүшріктер мен кәпірлерге ғана қатысты түскендігін тәфсір ғалымдары бірауыздан дәлелдеген», – деп жазады (сонда, 4-б). Мәселенің негізі, яғни Абдул Ваххабтың жұртшылықты адастырып жүрген лаңы Құранда Аллаға серік қосу туралы түскен аяттардың мұсылмандарға емес, бұтқа табынушыларға арналғандығын әдейі шатастыруында жатыр. Қазақ ваххабиттердің әулие-әнбиелерге, әруаққа, қазақы ұлттық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерге өлердей қарсы болып, «оларды айтсаң, Аллаға серік қосасың» деп жұртты үркітіп жүруінің түп-тамыры осындай жалған танымнан шығып жүргенін білу керек. «Шірік қосуды» әсіресе қазаққа тыраштанып айтып керегі жоқ. Түрік халықтары әрі олардың қарашаңырақ иесі қазақтардың ата-бабалары монотеистік әһли кітапты ұстанған иудаизм, христиан, мұсылман діндерінен ондаған ғасыр бұрын монотеистік тәңірлік дінді ұстанған халық екенімен санаспай бола ма екен? «Тарихтың атасы» аталған Геродот: «Сақтар Тәңірге, бір Құдайға табынады», – деп жазып кетті емес пе? Бұның өзі қазаққа дін ислам келмей тұрғанда болған жағдай. Осы себепті біз ұлттық құндылықтарымызды сақтап, олардың әрбір әрекетіне ғылыми, теологиялық таным тұрғысынан талдау арқылы жауап беруге міндеттіміз.
Қазақстан, тіпті әлем ваххабизмге тыйым салу керек. Бүкіл дүниені бүлдіріп, былғап жатыр. Ауғанстаннан тыныштық кетті. Ресми Үкіметіне тәлібтер – ваххабиттер қарсы шығуда. Мұздай қаруланған олар біздің елімізге де бас салудан тайынбайды. Қазір «реакциясы қалай болар екен» деп әр жерден «проба» жасап көріп жатыр. Бұл мемлекеттің саясатынан емес, жемге құмар шенеуніктердің кінәсінен болып отыр.
«Қане, әулиелігің, көрсетші?!»
Қазір біз жер-жерден зиялылардың теріс діни ағымдар тарапынан қазақ мәдениетіне төнген қатерді дабыл еткен ашық хаттар легін көріп отырмыз. Одан бөлек қоғамда нағыз «шайтани» діни ағымдар тасада қалып, бейбіт, ұлттық дәстүрімізбен астасқан топтардың жаза кешіп жатқанына қапалы хаттар да жоғарыға жөнелтілуде. Жақында ғана «Masa.kz» сайтында маңғыстаулық ақсақалдың Елбасыдан Ясауи жолы туралы арнайы заң шығаруын өтінген хаты жария болды. Бұл үдерісті әрдайым ел тағдырына сергек зиялы қауымның ұлт діңгегіне, руханиятына төнген шынайы қатерге қарсы шыққан табиғи реакциясы деп бағалауға бола ма?
– Әлбетте. Өйткені, бабаларымыз, Тұран халқы ислам дінін суфизм арқылы қабылдады. Сопылық ілімді дамытып, гүлдендірген Қожа Ахмет Ясауи және оның шәкірттері. Сондықтан бабаларымыз осы рухани жолды ұстанған. Әлішер Науаи: «Түркістанның пірі – Ясауи», – дейді. 5,5 млн. шақырым жерді жайлаған түркі халқының пірі – Ясауи. Ал қазір Ясауиға кімдер қарсы? Ваххабиттер! Ваххабиттер: «Ясауи кесенесі құрымай, біздің жолымыз болмайды», – деп қарайды. Түркістанда осындай әңгіме жүріп жатыр. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жаруды көздеуде, өте сақ болу керек. «Әсіре діншілдер» бүліктен басқа ештеңе әкелмейді. Қазақстандағы жат діни ағымдардың ішіндегі ең қауіптісі – ваххабизм. Мен оны діндегі «жолбике» ағым деп атаймын. Ваххабизмнің отаны – Сауд Арабиясы. 1923 жылы Сауд Арабиясына ағылшындар ваххабизмнің ұрпағын алып келген. Мақсаты – мұсылман әлемін іріту, бүлдіру.
Тасқара ақсақалдың Елбасыға жазған ұсынысы өте орынды деп есептеймін. Қазақ Ясауи ілімімен тәрбиеленген. Ясауи жолының негізгі идеясы – адамгершілікке тәрбиелеу, рухани тазару. Ал рухани тазару үшін үшін зікір практикасы, амалы орындалады. Кеңестік саясаттың салқынынан тарихи жадымыздан шығып кеткесін «зікір» десе, бүгінгі жұрттың төбе шашы тік тұратын жағдайға жетті. Мың жыл бойы ата-бабамыз ұстанып келген дәстүрден «олар» айтты екен деп бас тарта алмаймыз. Мен өзім зікір салғаным жоқ, бірақ менің әкем Түркістанға барып зікір салып, рухани тазарып келіп жүрген. Кеңес Одағы біздің санамыздан зікірді мақсатты түрде өшірген. Одан қорқатын ештеңе жоқ, себебі біздің бабаларымыздың барлығы зікір салған. Қазақтың тұңғыш тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулат «Тарихи-Рашиди» кітабында зікірдің «шалықты», «қалыпты», «қанықты» деген үш түрі барын атап көрсетеді. Бабамыз салған зікірді ұмытып кетіп, енді көріп жаман деп лақтырамыз ба?! Керісінше, түсінуге ұмтылумыз керек. Бізге рухани тазару аса қажет. «Әсіре діншілдер» жабыла суфизмді, зікірді терістегенде Ж.Баласағұнидегі жәуанмәртлік ілімі мен Ясауи бабамыздың хәл ілімі (кемел адам) және Абайдың толық адам ілімін қоса терістеп отырғанын сезе ме екен? 1069 жылы Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» кітабы шығып, Шу бойында жәуанмәртлік ілімі пайда болды. Оны ХІІ-ХІІІ ғасырда Ясауидің хәл ілімі (хәл – жүрек ілімі) дамытты. Абайдың толық адам мен Шәкәрімнің Ар ілімінің қайнар бастауы жәуанмәртлік, хәл іліміне тіреледі. Ал Еуропаның мұндай темірқазық ілімі бар ма?! Мінез-құлқы бұзылып, Шәкәрімше айтсақ, «айуандықтан шыға алмай» отырған жоқ па?! Тығырықтан шығар жол таба алмай жүр. Хәл ілімі Еуропа жұртының қолына тиер болса, жабысып айырылмас еді. Біз байлықтың үстінде отырсақ та, ұйқыда қалғандаймыз.
Тасқара көненің көзі болса керек, Ясауи туралы заң шығару туралы ұсынысы бекер емес. Бір отбасыға ие болатынды шал, ағайынның басын қосатынды қария дейміз, ақсақал бір аймаққа үкімін жүргізеді. Тасқара – ақсақал, білікті кісі. Жаны шыдамағаннан кейін Президентке заң шығар деп отыр. Ал Президентіміз бұл заңды шығарды деп есептеймін. Түркістанда зиялылармен кездескенде: «Рухани жолымыз, діни танымымыз – Ясауи жолы», – деді. Сондықтан Президент дұрыс бағыт беріп, ақсақал мәселені дұрыс қойып отыр. Біз Президентті жақтайтындар осы ұстанымнан тас болып ұстап, дамытуымыз қажет. Әрине, ваххабиттер Президенттің бетіне жылтырап қараса да, аяғынан шалады деп білеміз. Сол себептен Президентті жақтай отырып, өзіміздің Ясауи жолымызды ашып алуымыз керек.
Абай даналығыныңшығыстыққайнарынқалайшаұмыттық?
Ұлы Абай жөнінде қаншама ғылыми еңбектер, зерттеулер жазылды! Біз үшін ол – даналықтың сарқылмас қайнары іспетті.
Шын хакім, сөзің асыл – баға
жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі
кетпес.
Қарадан хакім болған сендей
жанның,
Әлемнің құлағынан әні кетпес! – деп Мағжан ақын айтқандай,
Абай танымы, Абай ілімі туған халқымен бірге жасай берері анық. Осы орайдағы даусыз бір шындық – Абай дүниетанымын әлі толық аша алмай жүргендігіміз. Ал мұның себебі – осы бағыттағы ғылыми ұстанымдар мен көзқарастың, методологияның ұзақ жылдар бойы кеңестік идеология талабына қызмет етіп келгендігінде. Абайтанушы, көрнекті ғалым Мекемтас Мырзахметұлының пікірінше, тек ұлттық, шығыстық таныммен қарағанда ғана Абайға жақындай аламыз. Өкінішке қарай, күні кешеге дейінгі бүкіл оқулықтарда бұл жағы ескерілмеді. Абайдың қалыптасу кезеңі баяндалған ғылыми еңбектердің барлығында ақынның сусындаған бұлағы, даналығының көзі ретінде – тек орыс және Батыс әдебиеті, мәдениеті көрсетілді, біз Абайды солар арқылы адам болды, ақын болды деп ұқтық. Ал Абайтану ғылымының бірден-бір негізін салушы Мұхтар Әуезов дейтін болсақ, ғұлама жазушы Абай дүниетанымының үш рухани бұлақтан құралатынын және оның қазақ халқының рухани әлемі мен шығыстың рухани қазынасы және батыстың әдеби әлемі екендігін айтқан. Біз осы арадан шығыс әлемін мүлде жұлып тастадық.
Абайтану ғылымының Әуезов ұсынған бағыттан тайқуына, әрине, сол кездегі кеңестік саясаттың ықпалы болды. Шын негізінде, Абай даналығының бірінші көзі – әжесі Зере арқылы бойына сіңген туған халқының бай ауыз әдебиетінің мұралары, екінші қайнары – «Шығыстың жеті жұлдызы» Физули, Шәмси, Сәйхами, Науаи, Сахди, Фердоуси, Қожа Хафиз жырлары. Үшінші нәрлі арнасы – орыс және Батыс Еуропа классиктерінің еңбектері еді. Осының алғашқы екеуін Абай орыс тілін үйренгенге дейін еркін игерген, қорытқан. Яғни Мекемтас Мырзахметұлының сөзімен айтсақ, «Абай отыз жасқа келгенде өз халқының рухани байлығымен және шығыс әлемімен мықтап қаруланған. Бұл екі бұлақ көзі Абайдың дүниетанымын қалыптастырды. Үшінші бұлақ көзі орыс арқылы жеткен батыстық ілім ортадан қосылады. Рас, ақындығына, өлеңдерінің тақырыбына әсер еткен. Бірақ дүниетанымында үлесі жоқ. Мұның дәлелі Абайдың «толық адам» ілімінде жатыр. Бұл ілімнің батыс әлемімен еш байланысы жоқ. Ислам мен өзіміздің түркі әлемімен біте қайнасқан».
Атақты Гетенің өзі «Шығыстың жеті ақыны бар. Мен оның ең жаманындай да емеспін» деген болса, Абай сол шығыс шайырларының қисса, дастандарынан, солардың данышпандық ой-тұжырымдарынан еркін сусындаған. Бұл ретте М.Әуезов «Абайдың Батысынан Шығысы басым, ол Батысқа барғанда Шығысқа арқа сүйеп, өз ойын сол тұрғыдан айтатын» деген байлам ұсынған және сол үшін қатты сынға ұшыраған. Мекемтас ағаның айтуынша, Абайдың дүниетанымын зерттеймін деген жастар ең алдымен араб, парсы, шағатай тілдерін білгені жөн. «Неге десеңіз, Абай сөздерінде «жантану», «жанның жібіли қуаты» деген терминдер бар. Бүгінде біздің психологтар мен философтар психологияны «жантану» деп аударып жүр. Ол дұрыс емес, – дейді ол. – Психология – логикалық ойлардың заңдары туралы ғылым. Ол адамның бойындағы психикалық құбылыстарды қарастырады. Жан дегеніміз Жаратушыдан келді ғой. Оны психолог қайдан таниды? «Жантану» деген сөз Абай мен Шәкәрімде бар. Олар Жаратушы-Иені іздеді ғой. Сондай-ақ Абайда «жауанмәрттілік» деген де сөз бар. Бұрын біз бұл сөзді араб пен парсыдан келген деп жүретінбіз. Сөйтсек, ол өзіміздің топырақта пайда болған, көне түркі сөзі екен».
Шығыс әдебиетінің Абай дүниетанымына әсерін және ақынның ондағы дәстүрлерді, данышпандық көзқарастарды ары қарай дамытудағы, жетілдірудегі үлгі-өнегесін терең зерттеген Мекемтас Мырзахметұлы тап осы тақырыпта көптеген еңбектер жазды, «Абайтану тарихы», «Абай және Шығыс» атты басқа да жинақтары жарық көрді. Мұның сыртында еліміздегі ең іргелі оқу орындарының бірі Абай атындағы ҚазҰПУ-дің жанынан «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығы ашылып, хакім Абайдың адамзатты өркениетке ұлы даналығын жас ұрпақ бойына сіңіру шаралары қолға алынды. Абайдың дүниетанымы қалыптасқан рухани үш бұлағы туралы шындық бүгінде ашық айтыла бастады. Дегенмен абайтану тақырыбында қазіргі мектеп пен жоғарғы оқу орындарына арналып жазылған еңбектерде әлі де біржақтылық басым. Абайды әлі де кеңестік, еуропалық қалыпқа салып қарағысы келетіндер көп. Сол себепті де Мекемтас Мырзахметұлы: «Абайтану – бүгінгі таңда» деген мәселені күн тәртібіне қоюымыз қажет. Абайдың түркі әлемімен, шығыс мәдениетімен қатынасын терең көрсетуге тиіспіз. Жаңалықтың, құндылықтың барлығы сонда жатыр. Әуезовтің концепциясын қалпына келтірудің маңызы осында», – деп есептейді. Қалай болғанда да, бүгінгі таңда Абайдың шығысы туралы айтпау – шындыққа қиянат.
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫАДАМТҮСІНІГІЖӘНЕДІНИКӨЗҚАРАСЫНЫҢҚАЛЫПТАСЫПДАМУЫ
Абай Құнанбайұлыадамдардыосыдүниедееңбекетіпөнербілімтауып, өзтіршілігіноңалтып, рахаткөругенасихаттайды. Халықтыөнер-ғылымжолына жұмылдырады. «Ғылымтаппаймақтанба, орынтаппайбаптанба», «Болмасаңдаұғыпбақ, бірғалымдыкөрсеңіз. Ондайболмаққайдадепайтпағылымсүйсеңіз»[8] дейді. Қазақтыңауызәдебиетіменөткензамандардағыжазбаескерткіштеріненсусындағаналдыңғықатарлы халықтықдәстүрмұсылмандықмәдениеткеұласыпжаңакелбеталғанынАбайҚұнанбайұлышығармаларынанкөреміз. ЕжелгіжәнеортағасырдағыШығысойшылдарыныңтаңдаулышығармаларынаназараударудаөзжемісінберді. М. Әуезовидеялықбағыттабір-біріментабиғиұштасып, жалғасыпкететіндігінайтакеліп, АбайҚұнанбайұлыдәуіріүшінорысклассиктерініңшығармаларыментаныстықтыңмаңызыдазорболғанынатайды. ҚазақстандағықоғамдыкойдыңболашақтажанданатүсуінеАбайжолыныңқаншалықтымаңыздыекенінбілгеніміз жөнекенінатапкөрсетті.
Абай Құнанбайұлыныңорысәдебиетінеғанаемес, соныменкатарадамзаттыңбүкілруханимәдениетінекатынасынтұтастайқарастыруғатырысқанӘ. Қоңыратбаев: «орысжәнеказақхалқыныңбайланыстарынсолкөзеңніңмазмұнынанықтайтын саяси оқиғаларментығызорганикалықбайланыстақарастыратынының» [9] методологиялықмаңызыасазор.
Абай Құнанбайұлыныңдүниетанымындағыайналадағыкоршағанәлемніңобъективтішындығытанымбарысынқұдайғасенуменжәнежанныңөлмейтіндігіменұштастыракарастыратын көзқарасықарама-қайшылықтажәнекүрделіболыпкеледі.
Абай адамдарды осы дүниедееңбекетіпөнербілімтауып, өзтіршілігіноңалтып, рахаткөругенасихаттайды. Халықтыөнер-ғылымжолынажұмылдырады. «Ғылымтаппаймақтанба, орынтаппайбаптанба», «Болмасаңдаұғыпбақ, бірғалымды көрсеңіз. Ондайболмаққайдадепайтпағылымсүйсеңіз»дейді. Дүниебіралыпбірқұрылыс, оғанәрбірадамөзүлесінқосукерекдептұжырымдайды. «Әсемпазболмаәрнеге, өнерпазболсаңарқалан. Сендебіркірпішдүниеге, кетігінтаптабарқалан»дейді. Абай ақыл -парасаттыдәріптеп, ғылымменағартуидеяларыннасихаттады. Абайдыңфилософиялыкой-пікірініңәлеуметтікмаңызыменалғабасарлықмәні, мінеосында.
ЗАЙЫРЛЫЛЫҚПЕНРУХАНИЛЫҚ: ҚАЙТСЕКҚАТАРӨРІСТЕМЕК?
Толығырақ
http://turizm-hit.ru/
Зайырлылық деген не? Сыртқы форма ішкі мазмұнға қызмет етуге тиісті. Сонда ғана қоғамның үйлесімді дамуына жол ашылады. Дін саласына қатысты айтқанда, діни таным өзінің табиғаты жағынан «біз және олар», «біздікі дұрыс, өзгелердікі теріс» дилеммасын тудыратын таным. Яғни сыртқы форма басым түседі. Мемлекеттің зайырлылық ұстанымы осы бөліністі болдырмауға, діндер арасында ортақ платформа, тепе-тең сұхбаттасу орын алуына мүмкіндік береді. Жасырары жоқ, исламды тек құлшылықпен, мешітпен, Құранмен байланыстыру – дініміздің тынысын тарылтатын жәйт.
Қазіргі таңда әлемді алаңдатып отырған радикализм мен фундаментализм құбылыстарының сыртқы форманы ішкі мазмұннан жоғары қоюдан бастау алғаны да, көп жағдайда билік үшін, жаулап алу үшін пайдаға асқаны да тарихтан аян. Шындығында ислам идеялары адамгершілік тәрбиеге қызмет етуі керек. Ұлытау жерінде берген сұхбатында (25 тамыз, 2014 жыл) мемлекет басшысы Н.Назарбаев: «Біз бұдан ажырап, дінді шынайы имандылыққа жақындатып, оның жақсы жағын алуымыз керек. ...Сонда діннің мемлекетке зор пайдасы, үлкен қамқорлығы болады. Ол елдің басын біріктіреді. Міне, осындай исламды құрметтеуіміз керек» деп дінді өркендету жолы қайсы деген мәселеде бағыт сілтеді.
Сонымен, зайырлылық дегеніміз - діни канондарға құрметпен қарау, діни мәдениетті оқыту, қолдау және мемлекет пен діни бірлестіктер арасында теңдікті сақтау, ғылым мен дінді ымыраластыру жүйесі. Зайырлылықтың түрі көп. Оған идеологиялық, мәдени-әлеуметтік және ағартушылық аспектілер тән. Сондықтан да оның өзгелерге ұқсамайтын қазақстандық типін, моделін жасау маңызды. Ол үшін зайырлылық руханилықпен ұштасса, байытылса жөн. Мысалы оқу орындарында діншілдіктің емес, құдайшылықтың рухы тамыр жайса игі. Өйткені, құдайшылық пен жоғары руханият егіз ұғымдар.
Жоғары руханият деген не? Осыған келейік. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілханов «Жоғары руханият – зайырлы және діни құндылықтар негізі» деген тақырып қойылған «Егемен Қазақстан» газеті(22 шілде, 2014 ж.) тілшісіне берген сұхбатында дінді руханилендіру қоғамдағы діни ахуалды реттеудің негізгі тетігі дей келе, бұл ойын былайша дамытты: «Дінге руханият негізі ретінде қарап, оның жасампаз құндылықтарын, рухани әлеуетін басты назарға алған жөн. Діннің рухани әлеуетін мәңгілік идеяларға, зайырлылық идеяларына пайдалануға болады. Сол арқылы барлық жоғалтқанымызды түгендеп, мызғымас құндылықтар қалыптастыра аламыз. Дәстүрліқұндылықтардың негізінде де дәл осы дінді руханилендіру үдерісі жатқанын ұмытпаған жөн».
Реті келіп тұрған соң, «дінге руханият негізі ретінде қарау», «діннің рухани әлеуетін пайдалану» және «дінді руханилендіру» деген тың ойлардың астарын аша кетпекпіз. Абай атамыз: «Адам екі нәрседен: бірі – тән, бірі жан», - деген. Кәне тән үшін күніне үш рет тамақтануды кім ұмытсын. Ал, жанымызға да жүйелі нәр, азық керектігі ше? Әлбетте, мұны ескере бермейміз. Тамақ тоқ, көйлек көк болса болды, бітті деп. Шындығында жан жабырқап, көңіл шіркін пәс болса, ештеңе де ілгері баспайды, ісіміз де көгермек емес. Қайта ұрыс-керіс, жанжал көбейіп, араздыққа, күншілдікке себептер табыла кетпек. Таңның атысы, күннің батысы ойлағаның құр құлқынның қамы болса, жаның ашықпағанда қайтеді. Нәпсі тойымсыздығы жайында:
Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,
Алған сайын дүниеге тоя ма екен?
Қанша тірі жүрсе де, өлген күні
Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен, -
деген данышпан Абайдан артық айта алмасақ керек-ті. Екінші жағынан, жан азығы деген, кейбіреулер ойлайтындай, әлемдік деңгейдегі жылтырауық мәдениет емес. Оның суаты - тек әдебиет пен түрлі өнер өрістері десек те қателікке ұрынамыз. Кәдуілгі адамдардың бірі бірімен сәлемдесуі, сіз-біз деп сыйласып, бірін бірі қонаққа шақырысуы, жасы үлкен адам келе жатқанда, атып тұрып орын беру, қыз-келіншектердің ер адамды кес-кестемей, сызылып жол беруі сияқты көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын әдет-ғұрыптардың күллісі жан азығы болып табылады. Задында, махаббат пен әділет көп жерде, өсіп өнбейтін, көгермейтін ештеңе де жоқ. Мінеки, діннің рухани әлеуетін пайдаға асыру деген ой-пайымда осы астар бар.
Сайып келгенде, руханилық дегеніміз - ұлттық дәстүрдің тамырынан нәр алатын сабақтастық, ата-баба салтымен жұғысты болатын мәдениеттің үлкен қайнар бұлағы. Сондықтан «дінді руханилендіру» тіркесі ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрді жандандыру, сол арқылы халыққа имандылық тәрбие беру деген мағынаны білдіреді (негізі, дінді руханилендіру, жандандыру, мейлі, реформалау делініп түрліше айтылса да, бұлар ниеті ізгі, мақсаты ортақ әрекеттер. Бәр-бәрі жан азығын молайту, имандылықты нығайту, қоғам санасын кемел етуді көздейді. Оның «Мәңгілік Ел», «Қазақстан-2050» сияқты стратегиялық мақсат, идеялармен қабыса табысуы осымен өз түсінігін табады). Дінді руханилендіру жайлы берер түсінігіміз әзірге осы.
Тағы бір пысықтай отыралық, жоғары руханият - қоғамда бауырмалдық, жанашырлық, үлкенді сыйлау, ауызбіршілік сияқты адамдық нормаларды қалыптастыру және ғылымды азық қылу. Оның негізі – Құдайға сенім, терең теологиялық таным. Кең мағынасында Аллаға ұнамды істердің бәрі де – құлшылық болып табылады. Хадис-шариф: «Адамның жақсысы – адамдарға, елге пайдасы тигендері» деген.
Бұған дейін мемлекеттің дін саласы саясатында зайырлылыққа, оны діндарлықпен үйлестіру ісіне басымдық берілді (қоғамдық сананың посткеңестік даму сатысында осылай болуы заңды да). Ендігі жерде зайырлылықты руханилықпен байыта дамытқан жөн. Руханилықтың өзегі - имандылық тәрбие мен дәстүрлі құндылықтар синтезі. Бұл діннің тәрбиелік һәм мазмұндық жағына баса мән беру бағыты. Бұл жағдайда дін «әлсіремейді», қайта халық пен діннің арасы жақындай түспекші.
«Түйе үстінде отырып, сирақ үйіткен»-дей болмауы үшін зайырлылық пен руханилықты қосақтап өрістету деген ойымызды тарата отыралық.
Құранда: «Шын мәнінде сен бір ескертушісің. Сондай-ақ, әр елдің де өз шапағатшысы бар» (Рағд сүресі, 7-аят) және «Бір қауым өзін өзі өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді» (сонда, 11-аят) делінген. Бұл аяттар әр елдің, әр ұлттың мәдени-рухани көші ешкімге ұқсамайтын өзіндік соқпақпен өтуі керектігіне меңзейді. Екіншіден, жоғары руханият – қазақ даналары сілтеген бағыт. Дәлелге хакім Абайдың «толық адам», «үш сүю» ілімдерін атасақ та жеткілікті. Аталмыш ілімдер бойынша Тәңірілік үш сипат (ғылым, мейірім, әділет) барша діндерге, ұлттарға, жалпы адамзатқа ортақ негіздер. Әсілі, адамзат қауымдастығы өркениетке осы үштіктің салтанаты құруы арқылы жетті. «Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі Хаққа қол емес», «Адамды сүй, Алланың хикметін сез», «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, және Хақ жолы осы деп әділетті». Теңіздей терең жоғары руханият ұғымының мән-мағынасын осылай жеткізеді Абай (данышпан қалыптастырған теология ілімінің негізі де осы концепциялар).
Тағы бір жәйт, жоғарыда айтылғандай, руханилендіру үдерісі дін ғұрпылық, салт-жоралғы қалыбында қалмай, оның адамгершілік, тәрбиелік әлеуеті молынан ашылуына мүмкіндік береді. Мейірім, әділет сезімнің қайнары болу деңгейіне көтерілсе, дініміз исламның қоғамдық сананы толымды ететін, бүкіл қауымның мінезін өзгертетін, Әулие бұлақтың басында Елбасы айтқандай, «Елдің басы біріктіретін» құдіретті күшке айналары сөзсіз. Бізше алдағы уақытта дінді өркендету мен зайырлықты дамытудың сара жолы осы.
Мінеки, қай қырынан қарасақ та, жоғары руханият ұғымы дін саласындағы арқа тірек концепция болуға сұранып-ақ тұр. Қазақ елі қашанда Батыс пен Шығысты қатар емген ел. Бүгінгі көпұлтты Қазақстан үшін де зайырлылық пен руханилықты қос қанаты қылу заңды дүние, жарасымды құбылыс деген пікірдеміз.
Зайырлылық деген не? Сыртқы форма ішкі мазмұнға қызмет етуге тиісті. Сонда ғана қоғамның үйлесімді дамуына жол ашылады. Дін саласына қатысты айтқанда, діни таным өзінің табиғаты жағынан «біз және олар», «біздікі дұрыс, өзгелердікі теріс» дилеммасын тудыратын таным. Яғни сыртқы форма басым түседі. Мемлекеттің зайырлылық ұстанымы осы бөліністі болдырмауға, діндер арасында ортақ платформа, тепе-тең сұхбаттасу орын алуына мүмкіндік береді. Жасырары жоқ, исламды тек құлшылықпен, мешітпен, Құранмен байланыстыру – дініміздің тынысын тарылтатын жәйт. Қазіргі таңда әлемді алаңдатып отырған радикализм мен фундаментализм құбылыстарының сыртқы форманы ішкі мазмұннан жоғары қоюдан бастау алғаны да, көп жағдайда билік үшін, жаулап алу үшін пайдаға асқаны да тарихтан аян. Шындығында ислам идеялары адамгершілік тәрбиеге қызмет етуі керек. Ұлытау жерінде берген сұхбатында (25 тамыз, 2014 жыл) мемлекет басшысы Н.Назарбаев: «Біз бұдан ажырап, дінді шынайы имандылыққа жақындатып, оның жақсы жағын алуымыз керек. ...Сонда діннің мемлекетке зор пайдасы, үлкен қамқорлығы болады. Ол елдің басын біріктіреді. Міне, осындай исламды құрметтеуіміз керек» деп дінді өркендету жолы қайсы деген мәселеде бағыт сілтеді.
Сонымен, зайырлылық дегеніміз - діни канондарға құрметпен қарау, діни мәдениетті оқыту, қолдау және мемлекет пен діни бірлестіктер арасында теңдікті сақтау, ғылым мен дінді ымыраластыру жүйесі. Зайырлылықтың түрі көп. Оған идеологиялық, мәдени-әлеуметтік және ағартушылық аспектілер тән. Сондықтан да оның өзгелерге ұқсамайтын қазақстандық типін, моделін жасау маңызды. Ол үшін зайырлылық руханилықпен ұштасса, байытылса жөн. Мысалы оқу орындарында діншілдіктің емес, құдайшылықтың рухы тамыр жайса игі. Өйткені, құдайшылық пен жоғары руханият егіз ұғымдар.
Жоғары руханият деген не? Осыған келейік. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілханов «Жоғары руханият – зайырлы және діни құндылықтар негізі» деген тақырып қойылған «Егемен Қазақстан» газеті(22 шілде, 2014 ж.) тілшісіне берген сұхбатында дінді руханилендіру қоғамдағы діни ахуалды реттеудің негізгі тетігі дей келе, бұл ойын былайша дамытты: «Дінге руханият негізі ретінде қарап, оның жасампаз құндылықтарын, рухани әлеуетін басты назарға алған жөн. Діннің рухани әлеуетін мәңгілік идеяларға, зайырлылық идеяларына пайдалануға болады. Сол арқылы барлық жоғалтқанымызды түгендеп, мызғымас құндылықтар қалыптастыра аламыз. Дәстүрліқұндылықтардың негізінде де дәл осы дінді руханилендіру үдерісі жатқанын ұмытпаған жөн».
Реті келіп тұрған соң, «дінге руханият негізі ретінде қарау», «діннің рухани әлеуетін пайдалану» және «дінді руханилендіру» деген тың ойлардың астарын аша кетпекпіз. Абай атамыз: «Адам екі нәрседен: бірі – тән, бірі жан», - деген. Кәне тән үшін күніне үш рет тамақтануды кім ұмытсын. Ал, жанымызға да жүйелі нәр, азық керектігі ше? Әлбетте, мұны ескере бермейміз. Тамақ тоқ, көйлек көк болса болды, бітті деп. Шындығында жан жабырқап, көңіл шіркін пәс болса, ештеңе де ілгері баспайды, ісіміз де көгермек емес. Қайта ұрыс-керіс, жанжал көбейіп, араздыққа, күншілдікке себептер табыла кетпек. Таңның атысы, күннің батысы ойлағаның құр құлқынның қамы болса, жаның ашықпағанда қайтеді. Нәпсі тойымсыздығы жайында:
Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,
Алған сайын дүниеге тоя ма екен?
Қанша тірі жүрсе де, өлген күні
Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен, -
деген данышпан Абайдан артық айта алмасақ керек-ті. Екінші жағынан, жан азығы деген, кейбіреулер ойлайтындай, әлемдік деңгейдегі жылтырауық мәдениет емес. Оның суаты - тек әдебиет пен түрлі өнер өрістері десек те қателікке ұрынамыз. Кәдуілгі адамдардың бірі бірімен сәлемдесуі, сіз-біз деп сыйласып, бірін бірі қонаққа шақырысуы, жасы үлкен адам келе жатқанда, атып тұрып орын беру, қыз-келіншектердің ер адамды кес-кестемей, сызылып жол беруі сияқты көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын әдет-ғұрыптардың күллісі жан азығы болып табылады. Задында, махаббат пен әділет көп жерде, өсіп өнбейтін, көгермейтін ештеңе де жоқ. Мінеки, діннің рухани әлеуетін пайдаға асыру деген ой-пайымда осы астар бар.
Сайып келгенде, руханилық дегеніміз - ұлттық дәстүрдің тамырынан нәр алатын сабақтастық, ата-баба салтымен жұғысты болатын мәдениеттің үлкен қайнар бұлағы. Сондықтан «дінді руханилендіру» тіркесі ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрді жандандыру, сол арқылы халыққа имандылық тәрбие беру деген мағынаны білдіреді (негізі, дінді руханилендіру, жандандыру, мейлі, реформалау делініп түрліше айтылса да, бұлар ниеті ізгі, мақсаты ортақ әрекеттер. Бәр-бәрі жан азығын молайту, имандылықты нығайту, қоғам санасын кемел етуді көздейді. Оның «Мәңгілік Ел», «Қазақстан-2050» сияқты стратегиялық мақсат, идеялармен қабыса табысуы осымен өз түсінігін табады). Дінді руханилендіру жайлы берер түсінігіміз әзірге осы.
Тағы бір пысықтай отыралық, жоғары руханият - қоғамда бауырмалдық, жанашырлық, үлкенді сыйлау, ауызбіршілік сияқты адамдық нормаларды қалыптастыру және ғылымды азық қылу. Оның негізі – Құдайға сенім, терең теологиялық таным. Кең мағынасында Аллаға ұнамды істердің бәрі де – құлшылық болып табылады. Хадис-шариф: «Адамның жақсысы – адамдарға, елге пайдасы тигендері» деген.
Бұған дейін мемлекеттің дін саласы саясатында зайырлылыққа, оны діндарлықпен үйлестіру ісіне басымдық берілді (қоғамдық сананың посткеңестік даму сатысында осылай болуы заңды да). Ендігі жерде зайырлылықты руханилықпен байыта дамытқан жөн. Руханилықтың өзегі - имандылық тәрбие мен дәстүрлі құндылықтар синтезі. Бұл діннің тәрбиелік һәм мазмұндық жағына баса мән беру бағыты. Бұл жағдайда дін «әлсіремейді», қайта халық пен діннің арасы жақындай түспекші.
«Түйе үстінде отырып, сирақ үйіткен»-дей болмауы үшін зайырлылық пен руханилықты қосақтап өрістету деген ойымызды тарата отыралық.
Құранда: «Шын мәнінде сен бір ескертушісің. Сондай-ақ, әр елдің де өз шапағатшысы бар» (Рағд сүресі, 7-аят) және «Бір қауым өзін өзі өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді» (сонда, 11-аят) делінген. Бұл аяттар әр елдің, әр ұлттың мәдени-рухани көші ешкімге ұқсамайтын өзіндік соқпақпен өтуі керектігіне меңзейді. Екіншіден, жоғары руханият – қазақ даналары сілтеген бағыт. Дәлелге хакім Абайдың «толық адам», «үш сүю» ілімдерін атасақ та жеткілікті. Аталмыш ілімдер бойынша Тәңірілік үш сипат (ғылым, мейірім, әділет) барша діндерге, ұлттарға, жалпы адамзатқа ортақ негіздер. Әсілі, адамзат қауымдастығы өркениетке осы үштіктің салтанаты құруы арқылы жетті. «Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі Хаққа қол емес», «Адамды сүй, Алланың хикметін сез», «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, және Хақ жолы осы деп әділетті». Теңіздей терең жоғары руханият ұғымының мән-мағынасын осылай жеткізеді Абай (данышпан қалыптастырған теология ілімінің негізі де осы концепциялар).
Тағы бір жәйт, жоғарыда айтылғандай, руханилендіру үдерісі дін ғұрпылық, салт-жоралғы қалыбында қалмай, оның адамгершілік, тәрбиелік әлеуеті молынан ашылуына мүмкіндік береді. Мейірім, әділет сезімнің қайнары болу деңгейіне көтерілсе, дініміз исламның қоғамдық сананы толымды ететін, бүкіл қауымның мінезін өзгертетін, Әулие бұлақтың басында Елбасы айтқандай, «Елдің басы біріктіретін» құдіретті күшке айналары сөзсіз. Бізше алдағы уақытта дінді өркендету мен зайырлықты дамытудың сара жолы осы.
Мінеки, қай қырынан қарасақ та, жоғары руханият ұғымы дін саласындағы арқа тірек концепция болуға сұранып-ақ тұр. Қазақ елі қашанда Батыс пен Шығысты қатар емген ел. Бүгінгі көпұлтты Қазақстан үшін де зайырлылық пен руханилықты қос қанаты қылу заңды дүние, жарасымды құбылыс деген пікірдеміз.
АДАМ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ БЕЙНЕСІ
Бүгінгі таңда Абай шығармашылығындағы психологияның негізі - жан мен тәннің арақатынасы, адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық ұлттық психологияның жекелеген мәселелері сияқты құбылыстардан көрініс тапқан. Нақтырақ айтсақ, психология ғылымы адамның жан дүниесінің сырына терең үңіле отырып, оның барлық дерлік тіршілігінің қожасы екендігін көрсетеді. Демек, адам тек өзін-өзі бақылап тексеріп қана қоймай, тіршілік бейнесін ақыл ойы мен парасатына сүйене отырып өз ырқына көндіре алады. Осы айтылғанның барлығы психология ғылымының адамтану жайындағы пәндердің арасындағы жетекші ғылым екенін көрсетеді. Осы ойды ірі тұлға М. Әуезовтің мына пікірі толықтырады: «Абай сөзінің негізін адамгершілікке тірейді. Барлық өсиет ой-толғау еңбектерінің қорытындысы тағы да адамгершілік тәрбие екенін танытады. Адамды қор қылатын ең залалды жаманшылықтарды санап өтеді. Олар үш нәрсе: «надандық, еріншектік, залымдық». [1,217] Абайдың психологиялық көзқарастары қазіргі ғылымда жан жақты қарастырылуда. Осы ретте психолог-ғалымдар Т.Т.Тәжібаев, Қ.Б.Бержанов, Ә.У.Сембаев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиевтардың еңбектерін ерекше атап өткен жөн.
Абай шығармаларындағы психологиялық құбылыстардың жарқын көрінісін мына үзінділерден танимыз. Тіпті сол дәуірдің өзінде адамның психологиялық өмірінің қыры мен сырына жаратылыстық ғылыми тұрғыда мынадай түсініктеме береді: «Адам баласы көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады». «Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар – тәннің құмарлығы. Екіншісі – білсем екен деу- жан құмарлығы» [2,44].
Шындығында да, Абай шығармаларының бойынан адами келбеттің сан түрлі үлгілерін табамыз. Олай дейтініміз, ақын өз заманы, қоршаған ортасы арқылы адам болудың, адамша өмір сүрудің жолдары мен бағытын көрсетеді. Әр өлеңінде адами болмыстың сыры әр қырынан танылады. Ол адамдықтың басты қасиеті -адамгершілік екенін баса жырлайды, оның дүниетанымында адамгершiлiк мәселесi негiзгi орын да алады. Абай - адамның өзiн-өзi танып бiлуiн, ашылып түсiнуiн, өмiрдегi орны мен деңгейiн дұрыс бағалайтын, әрекет-қимылдарын сын тұрғысынан саралай алатын қабiлетiн адамгершiлiктiң түпнұсқасына балайды. Оған дәлел ретінде «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңін келтіруге болады. "Интернатта оқып жүр” деген өлеңінде қазақ жастарының шенеунік болуды дәреже көретінін, жан байыту қаперіне кірмейтінін ашына сынайды. Ақынның жандүниесінің тілегі бүгінгі жас дүниеқоңыздылыққа салынбаса екен, білім алып еліне тура жолда қызмет етсе деген ақ арманынмен ұштасады.
Оған мына өлең жолдары куә:
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге,
Военный қызмет іздеме,
Оқалы киім киюге,
Аз ақшаға алданып,
Қызмет қылма оязға,
Адал жүріп, адал тұр,
Жалқауланба еруге - дейді.
Байыптай қарасақ, адам мінезінің жақсыға да жаманға да тез үйір болатынын ақын ерекше ескерте келе, келешектің қадамы ең алдымен, арды, намысты ойлаудан басталады деген ойға жетелейді. Осы оймен тұстас, ол үш – ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп, толық адамның қасиеттерін санамалап береді. Адам бойындағы үлкен қасиеттің бірі – мейірімділік екенін атай келе, адамды сүю туралы: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» көрсетеді, «адамзатты сүю – хақтың жолы, ғаділеттің жолы» деген анықтама береді.
Ақын туған халқының әлеуметтік жағдайымен, оның әртүрлі топтарының мінез-құлықтарына да ерекше зейін қояды. Ол өз заманында халқының мінез-құлқын, көңіл-күйін, іс-әрекеттерін, күйініш-сүйінішін, талап-талғамын, салт-санасын жақсы білді. Оған мінездегі қайнап жатқан бұлқынысты көрсететін: "Қайғы шығар ілімнен, ыза шығар білімнен, қайғы мен ыза шыққан соң зар шығады тілімнен”, "Ақылсыз би болмас, сәулесіз үй болмас, жүректе оты жоқ адамда ми болмас” деген жыр жолдары дәлел. Оның шығармаларынан сан алуан мінезді сипаттағы адамдардың психологиялық бейнесін жолықтыруға болады.
Кей жігіт мақтан үшін қылық қылмай,
Бойына майдалықпен сыр сақтаған,
Кей жігіт арсыздықпен ұятсынбай
Қолы жетпес нәрсеге тыртақтаған...
немесе:
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
әр нәрсеге өзіндей баға бермек.
Таразы да, қазы да өз бойында,
Наданның сүйенгені көп пен дүрмек, - депөмірдің жақсы жаманы ақыл мен надандықтың ортасында жүретінін ескертеді.
Ақын өлеңдерінен сан қырлы мінезде сипатталатын басқа да образдарды танимыз. Ақын жаманның жауы — тiлi мен пиғылында, икемсiз қылығында. Iске ебi жоқ, бос сөзi көп, терiс пиғылды, жақсы көрсе оны көре алмай сынайды, өз пиғылына тоқ, жақсылыққа жоқ.
Осындай жан төзгісіз мінездерді көргенде мынадай тоқтамға келіп жырлайды:
Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсеқызар жалмауыз.
Сорлы қазақ сол үшін,
Алты бақан алауыз...
Абай шығармаларында адамның жақсы-жаман болуы, ақылды-ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты деп түсіндіріледі. Ақсүйек тұқымынан шыққандар ақылды, батыр, алғыр болады деген нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы ой айтылады.
Тіпті халық арасында жігітке жар таңдауда ақыл мен парасаттың адам бойындағы ерекше биік қасиет екенін ескеріп, оны былайша түсіндіреді:
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма...
Ақын сол дәуірдің өзінде –ақ, адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін мойындады. Өзінің отыз жетінші қара сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»,-деп көрсетеді [2,22].
Жоғарыда келтірген деректерді негізге ала отырып, Абай шығармаларындағы адам мінезінің сан қырлы сипатын былайша өрбітуге болады:
Абай шығармашылығынан психология мәселелеріне байланысты құбылыстарды көптеп келтіруге болады. Ал, шынтуайтына келгенде, арада қанша уақыт өтсе де, Абай заманындағы қазақтан бүгінгі қазақты көп өзгере қойды деп айту қиын. Ол өз заманының бейнесін келтірген «алауыздық, пасықтық, көрсеқызарлық, арсыздық, қиянатшылдық, дүниеқорлық, жалпақтық, менсінбеушілік, жайдақтық, билікке, мансапқа құмарлық, сатқындық, надандық, бейшаралық» сияқты мінездер әлі де бүгінгі қазақтың да бойынан арылмай келеді.
Қорыта келгенде, ақынның бай мұрасы арқылы өткен дәуірдегі тұтастай бір ұлттың болмысындағы мінез-құлқын тануға болады, бұл деректердің өзі түптеп келгенде көшпенділердің психологиялық әлемі туралы сарқылмас қазынаның қайнар көзі екені даусыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Әуезов М. Абай Құнанбаев. Алматы: Санат 1995ж.
2. Абай. Екі томдық өлеңдер жинағы. І том. Алматы, 1986
Абайдың «толық адам» ілімі бізді аласапыран дүниеде адастырмай, тура жолға бастайды - абайтанушы М.Мырзахметұлы
АЛМАТЫ. Тамыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ __ - Тамыздың 10-ы – ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Биыл Ұлтымыздың ұлы перзенті – хакім Абайға 165 жыл толады. Өз заманынан оза туған ойшыл да, шыншыл, данагөй акынның терең ойлары мен асыл сөздері, өлеңдері мен қара сөздеріқай заман да болмасын гауһардай жаркырап, көзі ашык, көкіректерге нұр болып кұйыла берері хақ. Оның мұрасы жаңа ұрпақпен бірге жасай беретініне сенемін деп санайды ширек ғасыр ғұмырын абайтану ғылымына арнап, “абайтану” ілімінің қазіргі көш басында жүрген абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы. Бүгінде 80-нің сеңгіріне келіп отырған әйгілі абайтанушы тұлғаның қазақ елi, түркi дүниесi, жалпы адамзат баласының ақыл-ойы мен дiлiн, кiсiлiк келбетiн Абай iлiмi негiзiнде дамыту жолындағы қызметi көпке мәлiм. Біз бүгін Абайтану ғылымындағы бүгінгі мәселелер төңірегінде және 50 жылдан аса уақытын Ұлы Абайды зерттеуге арнаған қызметі жайында профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мекемтас Мырзахметұлымен әңгімелескен едік.
- Аға, Абайтанумен қай уақыттан бері айналыса бастадыңыз және бұған келуге не себеп болды?
- Абайтанушы болу менің ойымда болған емес. Мектепте мен Абайды нашар біліп шықтым. Институтқа келіп Абайды енді білеміз дегенде, ұстазымыз академик Қ. Жұмалиевті “халық жауы” деп айдауға жіберді де, кафедраны таратып үлгерді. Одан кейін, сырттан оқитын аспиранттар сабақ берді. Түк білім алмай шықтық. Содан мен Абайдан құр алақан шыққан адамдардың бірімін. Ал Абайға келуіме Бауыржан Момышұлы себепкер болды. 1953 жылы институтты бітіріп, Өзбекстан елінде жүрген едім. Мені көрген Бауыржан аға, менен “Өзбек елінде не істеп жүрсің?”, деп сұрап, екеуміз бір-бірімізбен жақсы таныстық. Мен елімде аспирантурада оқиын десем оқытпады, сосын Өзбекстанға келдім дедім. Ол кезде Қазақстанда аспирантураға түсу өте қиын болатын. Бауыржан Момышұлы бірден ол кездегі Абай атындағы университеттің ректоры академик Мәлік Ғабдуллинге телефон соғып, «Менің осындай бір інім бар, ол биыл аспирантураға түсуі керек», деп телефонды қоя салды. Содан Алматыға келіп, бізге таудай көрінетін Мәлік ағаның қабылдауында болдым. Мені жылы қабылдады. Мен ол кезде кандидаттық минимумнан екі емтиханды тапсырып қойған едім. Үшінші пәндік емтиханды 5-ке тапсырып, оқуға түскен сон, мен үшін тақырып таңдау қиын болды. Кеңес әдебиетін алғым келіп еді. Ол тақырып та, басқа да менің ойымдағы тақырыптардың барлығы бөлініп қойылған екен. Қажекең маған: “Оқимын десең, Абайды аласың, оқығың келмесе, жол ашық, үш күннен кейін жауабын бер”, деді. Содан, жағдайымды айтып, Бауыржан Момышұлы үйіндегі жеңгемнен сұрадым. Ол кісі: «неден қорқасың үш жыл біліміңді ал да, өз таңдауыңмен кете бер», деді. «Қажеке, ұсынысыңыз дұрыс екен», деп, осылайша Абайтануға келдім. Ол кісі маған «Абай мұрасының зерттелу жайы» деген тақырыпты берді, бұл менің Абайды зерттеуімдегі алғашқы тақырыбым болды. Осылайша, 1961 жылы мен аспирантураға оқуға түсіп, «зорлықпен» Абайтанушы болдым.
- Абайды зерттеуге кіріскенде қандай да бір қиыншылықтар болды ма?
- Иә, болды. Өйткені зерттеуге кірісерде қарасам, Абай шығармалары 30-шы жылдарға дейін арабша төте жазумен, 40-шы жылға дейін латынша қаріппен шыққан. Мен ол әріптерді білмейтінмін. Үйренуге мәжбүр болып күніне бір әріптен жаттап меңгеріп шықтым. Қазір жарты ғасыр ғұмырымды ұлы адамды зерттеуге арнағаныма өкінбеймін. Кейіннен, тіпті, сол үшін Қажекеңе алғысымды айттым.
- Абайды ашуда өзіңіз үшін қандай рухани байлық алдыңыз?
- Мен, біріншіден, адамшылық жолына түстім. Мен Абайтанушы болмасам, парақорлардың бірі, не бай адамдардың бірі болып жүрер ме едім. Турашылдығымнан – арым таза, жүзім жарық. Сол үшін де жанымды күйттеп, жақсы өмір сүруге дағдыланбай, ағысқа қарсы келе беремін. Тұрмыс жағынан кедей болғаныммен, рухани жағынан бай адаммын, мен сол үшін өміріме ризамын. Абайдың мені сақтап қалғаны сол. Ол кісі «Пайда ойлама, ар ойла» деді.
- Сіздің пікіріңізше, Абайдың қарасөздері мен өлеңдері әрбір шенеунік пен қазақстандықтың үстелінде жатуы тиіс пе? Мүмкін сонда белең алған жемқорлық пен басқа да кемшіліктеріміз азаяр ма еді?!
- Иә, әрине, жатуы тиіс деп санаймын, тек, Абайды жүрегіне сіңіре алса...Ойлы көзбен оқи алса, онда ол өзін өзі тазалайды. Тазаланған адам жаман іске бара алмайды. Себебі, жүректе, кеудеде тұрған Абайдың ілімі оған жібермейді. Абайдың үлкен ілімі бар «толық адам» деген. Бірақ, біз оны аша алмадық. Ал Әуезов білді оны, ол Абайды толық адам деп айтуға сескенді. Өйткені ол дінге байланысты болды. Кеңес дәуірінде дінге деген көзқарастың қалай болғандығын білесіздер. Мұхтар Әуезовтың жаулары да болды, ұстай алатын. Сондықтан ол Абайдың толық адамын «нравственный, гармонический» тұлға деді. Кейіннен «толық адам» ілімін ғылыми айналымға бірінші рет мен түсірген едім. Әуезовке сүйене отырып бұл ілімді аштым. Негіздерін жасадым, сөйтіп барып, Абайтануда Абайдың «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» деген сөзінде, оның жұмбағы жатыр екен.
- Мұхтар Әуезов Абайдың дүниетанымы үш рухани бұлақтан құралған деп көрсеткен еді. Олар – «туған халқының қазынасы, рухани әлемі», «Шығыстың рухани қазыналары», «орыс арқылы Батыстың қазыналары, Батыстың әдеби әлемі». Бүгінгі таңда осы үш саланың барлығы зерттелді ме? Жалпы, қазіргі уақытта Абайтану ғылымы толығымен зерттеліп, ашылды ма?
- Кеңес дәуірінде Әуезов көрсеткен бұл концепция бұзылды. Еуропа, орысқа бар күшімізді салдық. Абайтанудағы барлық зерттеулер орысқа қарай айналып кетті де, қалған екі сала зерттелмей қалып қойды. Абайдың Шығысына мүлдем барғызбай тастады. Өйткені 1949 жылы Мәскеудегі орталық партия комитетінің “космополитизм” туралы қаулысы шықты. Сол қаулыда мұндай ұстаным болды. «Батысқа, шығысқа бас игендерді қиратамыз» деген. Шығыс туралы зерттегендерді атты, қамады, жұмыстан қуды. Тіпті, батысқа бас иген еврейлерді де аямады. Сол жылдардан бастап, орысқа бас иіп, орысшылдықты мадақтау белең алып, бүкіл ғылым соған қарай бұрылды. Сол кезеңдерде Абайдың орыс әдебиетіне қатысы қатты зерттелді. Ал Тәуелсіздік алған жылдан бастап, Абай қайта қаралып жатыр. Академик Қасым Жұмалиев бірінші рет «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» деген тақырыпта таза қазақи рухани қазынамен алып шығып, докторлық диссертацияны қорғады. Содан кейін мұндай терең жұмыстар болған жоқ. Бүгінгі таңда Абайтанудағы бірінші мәселе Абайдың Шығысқа қатысын айқындау болып отыр. Мен 1984 жылы «Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары» деген тақырып бойынша докторлық диссертация қорғадым. Оның 4-ші тарауы «Абайдың Шығысқа қатысы Әуезовтың зерттеуінде» деп аталған болатын. Қорғау кезінде әдебиетші академиктер Абайдың Шығысын алып тастау керек деп қарсы болды. Оның себебін саясатқа қарсылық деп түсіндірді. Дегенмен, бұл кітаптың шығуына менің ұстазым, Мұхтар Әуезовтың қызы Ләйлә Мұхтарқызы мен сол кездегі қоғамдық ғылымдар бөлімінің бастығы, академик, ғалым, абайтанушы Заки Ахметовтың көмектесуімен тұңғыш рет ғылымда Абайдың Шығысқа қатысы өз көрінісін берді. Бүгінгі таңда Абайтанудың негізгі зерттеу нысанасы Абайдың Шығысы болып отыр.
- Абайдың Шығысына бара алмай отырғандарыңызға бір себептер бар ма?
- Иә, бар. Біз біріншіден, араб, парсы, шағатай (ортағасырлық түркі) тілдерін білмейміз. Екіншіден исламиаттың тарихын білмейміз. Сондықтан біз Абайдың Шығысына кіре алмай отырмыз. Оның Шығысына кіру үшін ұлттық, шығыстық модель арқылы кіру керек. Сонда ғана Абай ашылады. Еуропалық моделмен кіруге болмайды. Осы күнге дейін біздің философтар Абайдың дүниетанымын ашып бере алмай отыр. Оларда жазық жоқ, өйткені олар өз моделіне, Еуропалық моделге салады, сондықтан ашылмай отыр. Кейбірі тіпті, Абайдың дүниетанымын үндінің веда ілімімен ашып әуреленуде, оның бұған ешқандай қатысы болса да. Абай будданы қартайған уақытында ғана оқыған. Оның өзінде “Жас кезімде қолыма түспеген кітап, оқитын кітап екен”, деген еді. Ол кезде Абайдың барлық шығармалары жазылып қойған болатын. Абайды тек ұлттық шығыстық модельмен барып ашу керек, оны исламиатты терең танып білген адам, араб, парсы, шағатай тілдерінен хабары бар адам кіргенде ғана аша алмақ. Бүгінгі таңда Абайтанудың басты міндеті осында. Абайтанудың дүниетанымы ашылмайынша, біз Абайға кіре алмаймыз. Бізде осындай мәселелер бар. Бұл мәселемен айналысып жатқан ғалымдар да баршылық, бірақ, қолдарынан келмей жатыр. Сондықтан, толығымен ашылған жоқ, ашылу үстінде деп айта аламын. Бірақ, үлкен үмітіміз де бар. Өйткені, бүгінде көптеген мамандар даярлануда. Олар қазір ағылшын, француз, араб, парсы тілдерінен тікелей аударма жасау арқылы шетелдік ақын-жазушылардың шығармаларын түпнұсқадан аударуда. Сондықтан Абайтануға осы адамдар келген кезде ашыла бастайды. Бұрын біздер не нәрсе болса да бірінші орысшаға аударып, содан аударатынбыз. Бұл мәселеде болашақтан үміт үлкен. Сондықтан түбінде ашылатынына сенемін.
- Елімізде Абайтанумен айналысатын қанша ғалым бар?
- Бүгінде елімізде Абайды зерттеп жүрген 10-нан аса ғылым докторлары, 40-қа жуық ғылым кандидаттары бар. Бұлардың көпшілігі Абайды орыс, Еуропа әдебиеті арқылы жасаған зерттеулері арқылы қорғағандар. Әдебиетшілер де, философтар да осы жағынан қорғады. Мен жаңа жоғарыда айтып кеткендей, Шығысы жөнінен ешкім қорғаған жоқ. Менің қазіргі таңда бір-екі шәкіртім Абайдың Шығысын ашуға ұмтылуда. Алғашқы нәтижелер де бар.
- Шәкәрім Құдайбердіұлы толық ашылса, Абайдың жаңа бейнесі ашылады, сонымен қатар, ол толық ашылмайынша, Абай толық ашылмайды деген пікірге не дейсіз? Бүгінгі күні, Шәкәрім Құдайбердіұлы толық ашылды ма?
- Абайдың ой танымындағы бірегей шәкіртті Шәкәрім. Ол Абайды ең терең түсінген, сөзін тыңдап, өнегесін алған, данагөй сөзін жаттаған. Абай толық адам ілімін айтып, ар ғылымы оқылса, деп армандады. Ар ғылымы оқылса, адамдарды тәрбиелеп, дұрыс жолға түсіре алар еді, деді және дін туралы қатты ізденді. Шәкәрімнің дүниетанымы мүлде тереңде жатыр. Біздер оны әлі аша алғанымыз жоқ. Мысалға “Жаралыс басы қозғалыс, Қозғауға керек қолғабыс, Жан де мейлі бір мәнде, Сол қуатпен бол таныс, Дүниені сол жаратқан”, деп кім жайында айтып отыр, оны қалай түсінеміз, оны ешкім ашып берген жоқ әлі. Оның бір жаман жері, шығармаларының текстологиясы адамды адастырады. Егер, Шәкәрім Құдайбердіұлы толық ашылса, Абайдың жаңа бейнесі ашылады. Екеуінің суфизмге қатысы терең ашылады және олардың дүниетанымы да терең ашыла түспек. Шәкәрімнің бір жақсы жері ол оқыған кітаптарының бәрін жазып отырған. Оның ақындық кітапханасы даяр, ал, Абай жазып қалдырмаған. Абайды екі жолмен – бірі Абайдың өзі атап өтетін деректермен және Абайдың дүниетаным жүйесіне сәйкес келетін еңбектерімен салыстыра отырып табудамыз.
- Абайтану қай жылдан бастап зерттеле бастады?
- Абай 1889 жылдан бастап зерттеле бастады. Сол кезде Абай туралы жап-жақсы пікірлер айтылды. Кейін Кеңес одағы келген кезде оған деген көзқарас таптық тұрғыда болып, Абайды аша алмай қалдық. Абайтану дәрісі 1942 жылдан бастап Мұхтар Әуезов арнаулы курс оқи бастаған жылдан бастап жүрді. Уақыт өзгерді, сондықтан бүгінгі таңда Абай барлық жағынан қайта қаралып жатыр.
- Абайды алғаш таныған кімдер, Алаш зиялылары деп жүрміз ғой, осы қаншалықты ақиқат?
- Иә, Абайды алғаш таныған Алаш зиялылары. Олар: Әлихан Бөкейхан, Мыржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабай. Абайдың қолжазбалары туралы Ахмет Байтұрсынұлы “Қазақтың бас ақыны” деп аталатын мақаласында “Мен Абайдың шығармаларын әрең оқыдым, кідіріп, түсіне алмадым, ол басқа ақындардай емес екен. Оның кейбір сөздерін білетін адам түсіндіріп бермесе, мың рет оқысаң да түсінбейсің” делінген. Біз қазір осыған орай, “Абай ұлағаты” деп аталатын Абайдың түсіндірме сөздігін жасап жатырмыз.
- Абай өлеңдерін алғаш жинап, әзірлеген кім? Кәкітай Ысқақұлы мен Әлихан Бөкейхан деп оқыған едік, соны өз аузыңыздан естісем.
- Алғаш жинаған Кәкітай Ысқақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл. Оны біз көпке шейін айта алмай келдік, халық жауы болғандықтан. Ал, Әлихан Бөкейхан жинауға көмектесіп, басы-қасында өзі жүріп, басылымға даярлауға тікелей араласқан болатын.
- Қазіргі уақытта Абайтану пәні қанша жоғары оқу орындарында оқытылуда?
- Абайды оқуды ең алдымен Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет бастады. Оның ішінде біздің Абай орталығы жұмыс істеуде. Орталық бұл пәннің оқулығын жазды, бағдарламасын жасады. Бүгінгі таңда осы ордада Абайтану пәнін барлық орыс, қазақ факультеттері түгел оқып жатыр. Енгізгенімізге бір жыл болды. Енді Шымкент қаласындағы Әуезов атындағы университет қабылдап, оқыту үстінде. Семей мен Өскемен қалаларындағы университеттерге ұсындық. Негізінен біз емес, Абайдың туған жерлері бірінші бастауы керек еді. Менің ойымша, болашақта саналы, ұлтжанды ректорлары бар жоғары оқу орындары түбінде қабылдайтын шығар.
- Абайтануға байланысты елімізде қандай шаралар атқарылуда және бұл тұрғыда Абайтану орталығы қандай жұмыстар атқаруда. Ұлы Абайдың 165 жылдығына орай қандай да бір шараларды өткізуді жоспарлап жатырсыздар ма?
- Біз биыл Ұлы Абайдың 165 жылдығына орай, “Абай мұрасының өзекті мәселелері” деп аталатын монографияны бердік. Абай туралы қазір мен 10 томдық шығармаларымды бастырып жатырмын. Ол “Абайтану” деп аталады. Биыл менің 80 жылдығыма орай, 5 кітапты шығарудамын. Оның біріншісі “Өмір-өзен ағысында” деп аталатын кітап, содан кейінгі “Абай термесі” және “Насихат қазақия“ деп аталатын кітаптар қазір басылып шықты. Менің 75-пен 80 жас аралығындағы мақалалар жиынтығым жинақталып кітап болып басылуда. Ол кітап “Сеңгірінде сексеннің ой түлеткен” деп аталады. Сонымен қатар, “Абайтану” оқулығы дайындалуда. Сондай-ақ “Абайтанудың өзекті мәселелері және абайтанушы М.Мырзахметұлының 80 жылдығы” деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конференция өтілмек.
- Елімізде Абайдың туған күнінің аталып өтілуіне көңіліңіз тола ма? «Абайдай ұлы, дана тұлғаны дүркіретіп, ат шаптырып, үлкен той жасап өткізу керек» деген пікірлерге қалай қарайсыз?
- Дүркіретіп, ат шаптырудың керегі жоқ. Абайдың рухани қазынасын терең түсіндіріп, халықтың қолына беру керек. Тойдың үлкені осы. Одан кейін басқасын жасауға болады. Той жасау дәстүрлі шара, ондай шаралар еске алу сияқты болып қалады. Ең алдымен Абайды ғылыми негізде насихаттау керек. Мектептегі оқытып жатқан Абай туралы мәліметтер ескірді, сондықтан енді біз жаңа дүниені алып, оны жаңартуымыз керек. Жаңа танымдағы дүниені алып келуіміз үшін Абайдың Шығысына, өзінің туған ел қазынасына мықтап кірісу керек. Сонда ғана бұл мәселе жөніне түседі. Біз Абайдың өлеңдерін жаттап өскенімізбенен, оның түп мағынасын түсіне бермейміз. Жылда “Абай оқуларын” өткізгенде, оның мәнін терең ашып барып түсіну орынды болмақ.
- Аға, 2002 жылдан бері Абайтану пәнін мектепке ұсыну жөнінде пікір айтылып келеді. Бұл жайында көзқарасыңыз қалай?
- Абайтану пәнін баяғыдан ұсыну керек еді. Жақында біздің орталықтың қызметкері Нұрқанат Керімбеков, менің идеям бойынша оқулық жасап шығарды. Ол “Абайтану әліппесі” деп аталатын электрондық әліппе. Ол қазір соның 750 данасын Жапон елінен жасатып, бітіріп алып келе жатыр. Оны Білім және ғылым министрлігі қолдаса, мектептерге даярланатын болады. Ол әліппеге ресейліктер көңіл аударып, жапондар да қызығуда. Нүктелерін басып қалсаң болғаны, сөйлеп жөнеледі. Абайдың өмірі керек пе, өлеңі керек пе, бәрі даяр. Бұйырса, биыл көпшілікке ұсынып, оның тұсаукесерін жасаймыз. Бұл әліппенің ерекшелігі сол, ол Абай туралы жаңа танымды насихаттайды. Жаңа таным деп отырғаным, Абайдың шығысқа қатысы. Әліппе ғылыми тілмен, қарапайым сөзбен оқушыларға түсінікті етіп айтып береді. Бұл Абайдың ілімін жас ұрпақ санасына сіңірудің бір жолы деп те айтуға болар. Ол әліппенің жас өскінге “рухани жол” табуына көмектесері сөзсіз. Бүгінде батыстың әсері біздің жастардың мінез-құлқына әсер етіп жатқаны өтірік емес, шындық. Осы кері құбылыстан құтылудың рухани жолы Абайдың әдеби мұрасы деп білемін. Өйткені қазақ халқының ой-санасының, дүниетанымының шыңы Абайдың әдеби мұрасында жатыр.
- Неміс халқы әлемге өзінің мәдениетін, әдебиетін, дәстүрін «Гете институты» арқылы танытса, Қытай елі «Конфуций институты» арқылы танытып отыр. Біздің елде де қазақ ұлтының мәдениетін, әдебиеті мен дәстүрін әлемге танытатын «Абай институтын» ашудың уақыты жеткен жоқ па?!
- Оған Үкімет қаражат бөліп, көңіл бөлсе, біздің алып кете алатын жағдайымыз бар. Құр сөзбен «Абай, Абай» дей бергеннен ештеңе болмайды. Абайды түсіндіру үшін теориялық ғылыми негіз болу керек. Қытайлар мен немістер сан ғасырлар бұрын ғылыми тұрғыда жүйесін жасап алған. Біз де жасай аламыз. Бізге жағдай жасаса, біздің де қолымыздан келеді. Оны жасай алатын толық негіз де бар. Қазір біз сол институтты құруға талпынудамыз, оның тәжірибесін осы неміс пен қытай институттарынан алудамыз. Біз қазір ғылыми-зерттеу орталығы болсақ, келешекте Абайтану ғылыми институты болсақ деп армандап, соған іс жүзінде әрекет етудеміз. Абайдың “толық адам ілімін” бүкіл қазақ пен түркі халқының санасына сіңдіре алсақ, рухани жағынан мүлде жаңа жолға түсеміз. Тазарамыз. Пайданың емес, ардың жолына түсеміз.
- Бүгінгі замандастарыңыздың Абайды қаншалықты терең біліп, оқитындарына көңіліңіз тола ма? ** – Мен олар тұрмақ, абайтанушыларды терең біліп оқиды деп айта алмаймын. Абайдың 38-ші сөзіне жай адам емес, ғалымдардың тісі бата бермейді. Оны түсіндіру керек. - Абайдың сөзі өмірдің барлық саласында өзекті. Абайдың кереметтілігі неде...?
- Әрбір қазақ Абайды білуі керек. Абайды білсе, күйбең пенделік жолдан қайтады. Қазір пенде болып жатырмыз ғой, тек қарын тойдыру, киім киіну одан басқа ойымыз жоқ. Ал ол тояды, бірақ оның рухани қазынасы болмаса, қуыс кеуде адам болып қалады. Біздің қаупіміз сонда, жастарымыз қуыс кеуде болып қалмауы қажет. Мысалға, кімді көрдің, дүниені өмір бойы жинап ана дүниеге алып кеткенін. Оның бәрі қалады, сондықтан бәрін рухани қазына жағына жұмсау керек. Абайда 176 өлең, 3 поэма, 45 қарасөз бар. Ал оқысаң таусылмайды. Абай бұл шығармаларын ақша үшін жазған жоқ, ол өз жандүниесін жазды. Оның жандүниесі қайырлы. Өзі айтады ғой, “Ыза шығар білімнен, қайғы шығар ілімнен. Ыза мен қайғы қысқан соң, Зар шығады тілімнен”. Ол сол кездің шындығын, зарын, өкпесін жазған. Соны поэзиямен жеткізіп, қағазға түсірген. Сондықтан да ол өте терең, өте мәнді. Қазақтар үшін одан өтер дүние жоқ. Сондықтан тағы айтамын, әрбір қазақ Абайды білуі керек. Біз Абайды неге төбемізге көтереміз. Ол біздің рухани қазынамыз және ол бізді аласапыран дүниеде адастырмай, дұрыс, тура жолға бастайтын, бірегей ілімі бар адам. Мұндай ілімі бар адам көп халықта жоқ, Еуропада да жоқ. Абай салған “толық адам” ілімі Тұран жерінде пайда болған. Оның арғы төркінінде “Жәуан мәртілік” жатыр, одан кейін Қожа Ахметтің “Хаг ілімі” жатыр, содан кейін Абай жасаған “Толық адам” ілімі бар. Қазақ руханиятының паспорты саналатын Абайдың бұл ілімі келешек Қазақстанның моральдық кодексінің іргетасын қалайтын ілім болып табылма
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде студенттердің дәстүрлі «Абай әлемі» республикалық фестивалі өтті. – Бүгінгі таңдағы басты міндет – Абайды шынайы әрі терең тану. Қазіргі Абай туралы ғылыми ізденістер бұрынғыдан көбейген. Әйтсе де Абай дүниетанымының өзегін тану әлі де көп тер төгуді қажет етеді. Абайдың «Толық адам» ілімі Елбасы Н.Назарбаевтың «Интеллектуалды ұлт – 2020» идеясымен өзектесіп отырса, мұның өзі жастардан осы ілімді тереңдетіп оқып, онан тағылым алуды талап етеді. – Біз бүгін өткізіп отырған фестиваліміз де студенттерді Абай әлеміне тәрбиелеу мақсатынан туындап отырғаны шындық. Немістер Гетені, қытайлар Конфуцийді қалай асқақтатса, біз де Абайымызды солардай биік деңгейге көтеруіміз керек. Осы мақсатпен біз университетімізде «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығын ашып, оқу үдерісіне «Абайтану» пәнін енгізгенімізге де 5 жылдан асып қалды. Студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту, ғұлама Абай ғибратындағы адамдық, азаматтық, имандылық идеяларын түсіндіру мақсатымен «Абай мектебін» аштық, ақынның сөз маржандары мен ой жауһарларын насихаттау мақсатында «Абай айтады» акциясын өткізіп келеміз.
«Мен өзі кім едім?» деген сұрақты өзіне қойып көрмеген тыраштардың әрекеттеріне 20 жыл бойы әбден қанық болдық. «Жоғары адам» болуға «ауырдың асты, жеңілдің үстімен» жүріп те жетуге болады деп адасқандар бәрін ақшамен, парамен сатып алмаққа ұмтылып, қатты шатасып жатыр. Кешегі күндері «ғылым докторы», «ғылым кандидаты» дәрежесін, «профессор», «академик» атақтарын лауазымның буымен, тамыр-таныстықтың ықпалымен жаулап келсе, олар енді «PhD, магистр» дәрежесін сол тәсілмен игеруге көшті. Олардың арасынан бір кітапты түп нұсқасынан толықтай оқып шыққандарын кездестірудің өзі мұң.
Совет Одағы құлағаннан кейін елдегі азын-аулақ өндіріс орындарын, колхоз-совхоздарды таратып, жекешелендіріп «ішіп-жеп» алған ат төбеліндей топ олигархтарға айналды да, бұрын алатын жалақысы мен тәп-тәуір тіршілігі барлар кедейлердің қатарын толықтырды. Барын сатып, үлкен қалаларға жеткендері екінші деңгейдегі банктердің жеміне айналды. Несиесін төлей алмағандары басындағы жалғыз баспанасынан айырылғандарына төзе алмай, өздерін өртеп немесе биіктен секіріп, жарық дүниемен мезгілсіз қош айтысып жатыр.
Жемқорлықтың арқасында байып алғандары қаңырап бос тұрған бірнеше тұрғын үй кешендерін ретін тауып үкіметке еселеп сатып, шетелдерден қымбат вилла алмаққа ұмтылып, жемтіктестерін жағалап жүр. Қоғамдағы екі тап та осылай жанталас пен қарбалас үстінде. Алайда әйтеуір жанталасып-қарбаласып жүргендігіне сырттай қарап, бізде әлеуметтік теңдік пен демократия бар екен деп, адасып жүрмесек болғаны.
Мың мәрте мылжыңдап, тыңдаған жұртты әбден мезі етсек те, мемлекеттік тілге бізден жиналған салықтың арқасында шалқып өмір сүріп жүрген шенеуніктер пысқырып та қарамай қойды. Ол аз болғандай, отаршы империяның өктем тілін өрге сүйреп, төрге шығарып қойдық. Айнала әлеммен солардың тілінде қатынасып, дүниеге көршінің көзімен қарайтын болдық. Өркениетті әлемнің озық ойларын, үздік теориялық тұжырымдарын солардың теріс-бұрыс аудармасымен, дүмбілез жартыкеш пайымдарына сүйеніп қате түсініп, адасқан үстіне шатасып жүрміз. Бірақ соны түпнұсқамен қайта салыстырып, тікелей қазақшаға аударып, қателіктерді түзеудің орнына жалған ақпармен жылмағай есеп тапсырып, «Мәдени мұра» арқылы бөлінген қаржыны рәсуа еттік.
«Жоғары адам» немесе көсемдікке жету үшін, көптеген мүмкіндіктерден бас тарту қажет болмақ. Тәуелсіздік жылдарында демократия үшін биік лауазымнан бас тартқан неше лауазым иесін көрдік?
Керісінше, біздің қазіргі биліктегілер лауазымын сақтап қалу үшін, ар-ұятты жинап қойып, бәріне баруы мүмкін. Кейбірі плагиаттықпен ұсталып жатса да міз бақпайтын болып алды. Өркениетті жұрттың министрлері жазған монографиясы мен диссертациясынан болмашы ілік табылған күні кешірім сұрап, қызметін тастап кетіп жатыр.
Ал біздің жиырма жылда қалыптастырған үрдістеріміздің өзі қорқынышты. Әрбір ұжымда аверзиондық яғни, бір-біріне деген өшпенділік пен жауыздық белең алған. «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос» деген Абайдың өсиеті ұмытылған. Орталарынан озып шыққан бірін қолдаудың орнына жүндей түтіп, жүйкесіне тиіп, реті келсе қаңғытып жіберуге бар. Осылайша парасаттың төмендігі талай парықсыздыққа итермелеп, парақорлардың айын оңынан тудырып тұр.
Айналаға көз салсаңыз, көретініңіз ештеңені зерттемеген «ғалымдар», оқымай-білмей, ақыл айтатын «данышпандар». Көшелі ой қозғап, пәтуалы сөз айтудың орнына эфир атаулыдан көріп, еститініміз – жағымпазданған, мүләйімсіп, көлгірсіген, мән-мағынасыз көпіріп-лепірген көк мылжыңдар ғана. Мұның бәрі айналып келгенде қазақ санасына зор сілкініс жасайтын шын мәніндегі ұлт көсемінің қажет екендігін аңғартады.