Абадилова А.Қ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шәкәрім атындағы облыстықдарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп ШҚО, Семей қаласы |
Пән мұғалімі Абадилова А.Қ. Қазақ әдебиеті 10 «Б» сыныбы |
Сабақтыңтақырыбы
| Абай шығармаларыныңөміршеңдігі (А. Құнанбаевшығармашылығынқайталау, қорытынды сабақ) |
Сабақтыңмақсаты | Абай шығармашылығытуралыоқығандарынпысықтайды,ойларынортағасалып, білімдерін алмастыра толықтырады. Туғанжерлеріненшыққанұлыадамдар есімін ардақтап,шығармаларынбағалайды. |
Күтілетін нәтиже | Абай шығармашылығы туралы оқығандарын қайталай отырып, ойларын ортаға салды, қарсы пікірлерін білдіре отырып, ортақ шешімге келді, білімдерін толықтырды. Диалогтік оқыту арқылы сыни көзқарастары қалыптасты. |
Модульдер, оқыту әдістері | Жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, АКТ, ОүБ , ОБ, басқару және көшбасшылық |
Қолданылған материалдар | Интерактивті тақта, түрлі түсті маркерлер, А3 форматы |
Дереккөздер | Ғаламтор материалдары, Б.Байғалиев «Сенде бір кірпіш дүниеге» Алматы,1994., Қ. Мұхамедханов зерттеу мақалалары |
Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
1.Жағымды психологиялық орта қалыптастыру «Сиқырлы қобдиша» (2 мин) 2.Топқа бөлу (2 мин) Мозаика арқылы | 1.Адамның жақсы қасиеті жазылған стикерді сол сөзге лайық адамға сыйға тартады. 2. Қаламыздың көрікті жерлері бейнеленген қиындыларды құрастыру |
Ойқозғау | А.Құнанбаев жайындағы ғалым зерттеушілердің пікірі туралы слайд (2 мин) | Жазылған пікірлердің авторын анықтайды. |
Сабақ барысы | Кіріспе. Абай лебі - заманының тынысы, Абай үні –ғасырлардың өрісі. Шынында да, Абай – ұлы ақын. Абай шығармалары бала тәрбиесінен бастап, тұтас халықтың санасына ықпал ету мақсатындағы ойларын ортаға салды. Абай шығармашылығын еске түсіріп, жоғарыдағы ғалымдар пікіріне сүйене отырып, санаға түйген ойларымызды ортаға салып ой өрбітсек. |
Мағынаны тану | 1.«ТВ шоу» стратегиясы бойынша жүргізіледі.Сабақтың тақырыбына сай проблема төңірегінде ой қозғайды. Жүргізуші үнемі қарсы отырған топтың көзқарасы арасындағы қақтығысқа апаруына жол ашады. Қатысушылар өз ойларын айтып дәлелдеуге тырысады.Соңында жүргізуші талқыны қорытындылап,ортақ шешім табуға тырысады. Сұрақтар: (20 мин) 1.Абайдың ғылым,білім, тіпті, дінді де уағыздаған өлеңдері не үшін жазылған? 2. Абайдың аудармалары, мысал өлеңдері жөніндегі ойларың қандай? 3. Абай философиялық ойларын қалай түйіндейді? 4. Абай шығармаларының өміршеңдігін алдағы ғасырларда да жалғасын табарына сенімдісіңдер ме? 2.Топтық тапсырма І.Шығармашылық жұмыс сөзжұмбақ құрастыру. (5 мин) ІІ.Абай-сазгер (4 мин) | Бірінші топ оқушылары сабақ тақырыбы төңірегінде ой қозғайды, екінші топ қарсылық білдіріп, өз ойларын дәлелдеуге тырысады. І.Сөзжұмбақ құрастырып, қарсы топтан шешімін сұрайды. ІІ. Абай әндерін ойнатып,әннің атын анықтау және оған сипаттама береді. |
Бекіту | «Өрмекшінің торы» стратегиясы. (5 мин) Шеңбер құрып тұрып, бірінші оқушы шумақ жіптің ұшын өзі ұстап тұрады да, көңіліндегі сұрақты қойып, екінші оқушыға лақтырады, сөйтіп ойын жалғасады , нәтижесінде жаңғырған материалдар көбірек есте сақталады. | Шеңбер бойындағы оқушылар тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды, жауап қайтарылады да қолындағы жіпті саусағына орап алып сұрақ қоя отырып шумақ жіпті келесі оқушыға лақтырады. |
Үйге тапсырма | Абай шығармаларын қайталау. «Мен Абайды қаншалықты білдім?»ой толғау |
Бағалау | Формативті, (бағдаршам) жиынтық бағалау. |
Рефлексия | Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? |