kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Абай ??нанбай?лы поэмаларын о?ытуда сын т?р?ысынан ойлау технологиясын ?олдану"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абай ??нанбай?лы поэмаларын о?ытуда сын т?р?ысынан ойлау технологиясын ?олдану. О?ушылар А.??нанбай?лы поэмаларын талдайды. Абайды? ?ле?дерін м?нерлеп о?ып талдайды. М??алімні? ?ой?ан с?ра?тарына жауап береді.Абай поэмаларында?ы т?рбиелік ойды сипаттап т?р?ан ?зінділерді о?ушылар?а барынша жеткізу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Абай ??нанбай?лы поэмаларын о?ытуда сын т?р?ысынан ойлау технологиясын ?олдану"»

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалы

Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты





Жоба жұмысының тақырыбы: «Абай Құнанбайұлы поэмаларын оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану »




Жоба жұмысын дайындаған оқытушы:


Алматы облысы, Текелі қаласы №1 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақадырова Жанна Жеңісбайқызы





















Жоба жұмысының мақсаты:

Абай Құнанбайұлы поэмаларын оқытуда оқушылардың мазмұн,түсінікке сыни тұрғыдан қарап,пікір жасап сапалы әрі саналы шешім қабылдауды үйрету





Жоба жұмысының міндеті :

- Оқушылардың білім деңгейін көтеріп шығармашылыққа баулу;

- ойларын еркін айтуға жетелейді;

- тәуелсіз шешім қабылдай алуды;

- Сыни ойлау дағдысын қалыптастырады;

- Қызығушылығын оятады.





Күтілетін нәтиже:


- Оқушы Абай Құнанбайұлы поэмаларымен толыққанды танысады ;

- Ақын поэмалары арқылы адам бойындағы жақсы және жаман қажеттіліктердің ара-жігін ажырата алады ;

- Салыстырып ,дәлелдеп нәтиже шығара алады;

- Мәтінмен жұмыс жасауда интерпретациялай алады;

- Өзіндік ойы ,пікірі қалыптасады;

- Бала қиялдайды,болжам жасай алады, сыни көзқарасын қалыптастырады.
















Ұйымдастыру кезеңі:

Тілек айту (оқушылардың назарын сабаққа аударту, көңілдерін көтеру мақсатында бір-біріне жақсы сөздер айтады)

Топқа бөлу

1.Жыл мезгілдерінің суретін жинау арқылы топқа бөлінеді

I топ «Жаз»

II топ «Күз»

III топ «Қыс»

2. Әр топ өздері таңдаған мезгілдері бойынша Абай Құнанбайұлының өлеңдерін еске түсіріп, жатқа айтады.




Ой қозғау:


  1. Абай Құнанбайұлы кім?

  2. А.Құнанбайұлының қанша қара сөзі бар?

  3. А.Құнанбайұлының шын аты кім?

  4. Абай деп атап кеткен кім?

  5. Абай қай медреседе оқыды?

  6. Абай Құнанбайұлы кімнің шығармаларын аударды ?

  7. Абай Құнанбайұлының қандай поэмалары бар?









Мағынаны тану (20 минут)

Мозайкалық оқу



1 - тапсырма

Поэманың интерпретацияланған нұсқасынан үш топқа үзінділер беріледі.



І топ


Македония шаһарының патшасы Филипп қайтыс болғаннан кейін, оның орнына таққа баласы Ескендір отырады.Ол атаққұмар, мақтан сүйгіш, іші тар 21 жастағы жігіт болатын .

Ол патша болғаннан соң,әлемді жаулау мақсатымен ,қол жинап, елді аяусыз қырып жояды.

Бір күні осындай жорықтардың бірінде сусыз шөл далаға тап болады. Су таппаған олар әбден әлсіреп шөлдейді. Сөйтіп ат үстінде Ескендір жарқыраған бір жарықты көріп қалады. Жақындап барса шөл даланың ортасында тұп-тұнық таза бұлақ екен. Олар таң қалады, шөлдерін қандырады.



ІІ топ

Енді Ескендір патша әскерлеріне осы бұлақтың бастауын табуға бұйрық береді. Бұлақ бойлай жүріп келе жатқан әскер алтын қақпаға жақындайды. Патша әскеріне алтын қақпаны бұзып,шаһарды басып алуға бұйрық берді. Бірақ қанша тырысқанмен қақпаны аша алмады. Мұндай кедергіге кезікпеген Ескендір қатты ашуланып, долданады. Қақпаның ар жағынан күзетшісі қақпаның құдайға бастар жол екендігін ескертеді.Ескендір өзінің әлемді мойындатқан патша екендігін айтып мақтанды.

Ар жақтағы дауыс мақтаншақ әрі көзі тоймас, нәпсісіне ие болмайтын адамға бұл жерде орын жоқ дегенді ескертеді.Ескендір ең болмаса сый беруін сұрайды. Сол кезде қақпаның ар жағынан орамалға түйілген бір зат лақтырады.



ІІІ топ


Орамалды ашып қараса ішінде сүйек жатады.Ашуланған патша сүйекті лақтырып жібереді.

Сол кезде Аристотель сүйекті алып, онда бір қасиеттің бар екенін айтады. Аристотель таразыны алдыртып,сүйек пен алтын тастарды салдырады.Алтын тастар жағы басымырақ түседі,енді сүйек үстіне топырақ шашады. Енді сүйек тұрған жақ басымырақ болады. Бұл құпияның сырын Аристотель ашып береді.Адамның көзінің бұл дүниеде тойымсыз болатындығын патша осы кезде түсінеді.



«Мозайкалық оқу» бойынша тапсырма





  • Өзіңізге берілген мәтін бөлігін оқып шығыңыз;

  • Орныңызға келіп рет бойынша тыңдаушыға әңгімелеп беріңіз;

  • Тыңдаушының сұрағына жауап беріңіз;

  • Тыңдаушы мәтінді әңгімелеп берсін.




2- Тапсырма


Джиксо” әдісі бойынша жұпта, топта талқылау


3 тапсырма


« Ыстық орындық» әдісі бойынша әр топтан оқушылар поэманың қысқаша мазмұнын кезекпен әңгімелейді, қарсы топтан ол оқушыға сұрақтар беріледі:

1.Ескендір қай шаһарда өмір сүрген?

2. Ол қай кезде, қалай патша болды?

3. Шөлде олар қандай жағдайға тап болды?

4. Қақпаның күзетшісі не айтты?

5 . Ескендірге сыйға не берілді?

6. Аристотельдің ақылы, Ескендірге қалай әсер етті?





Кластер құру (топтық жұмыс)




5 – тапсырма

Жеке жұмыс

“Буриме” әдісі бойынша ұйқас құрастыру

_______ болыпты _______ кетіпті

______ көріпті. ________жетіпті.

______ құтқарып ________ тарқап

_______ беріпті. _______бітіпті.

_______ішіпті

_______ жүріпті.

_______ болып

______ күліпті.



















Ой толғау” 1 – тапсырма



Инсерт” әдісімен кестені толтыру:

V

-

+

?

Бұрыннан не білемін

Мен үшін жаңа ақпарат

Мен үшін түсініксіз ақпарат

Білгім келеді

Абай өлеңдерін бұрыннан білемін

Ескендірдің А.Македонский және тарихта болғаны маған ақпарат

Ескендірге сүйекті бегені түсініксіз болды

Абайды әлі танығым келеді




2-тапсырма


Сенемін, сенбеймін


  1. Ескендір әкесі өлгеннен кейін патша болды

...

  1. Ескендір әділетті жақтайтын жақсы адам еді

...

  1. Оның мақсаты бүкіл әлемді жаулап алу болды

...

  1. Шөл далада үлкен теңізге тап болды

...

  1. Күзетші қақпаның тек жақсы адамдарға

ашылатындығын айтты

...

  1. Ескендірге бір қап алтын сыйға тартылды

...

  1. Аристотель Ескендірді дұрыс жолға бағыттады

...



«Алты қалпақ» әдісі

Ақ қалпақ- поэмадағы фактілер

Қара қалпақ- оқиғаның жағымсыз жақтарын баяндайды

Сары қалпақ- поэмадағы оқиғаның жағымды жақтарын баяндайды

Қызыл қалпақ- поэмадағы жарқын эмоция

Жасыл қалпақ- шығармашылыққа бағытталуы

Көк қалпақ- поэма кейіпкерлерінен сабақ алу




Ақ қалпақ- Филипп патша өлгеннен кейін,МАкедония шаһарына баласы Ескендір патша болады. Ескендір мен А.Македонский бір адам

Қара қалпақ- Ескендірдің қатігездігі,халықты жазықсыз қыруы

Сары қалпақ- Қақпа күзетшісінің патшаға бағыт беруі, Аристотель Ескендірді дұрыс жолға салды,

Қызыл қалпақ- Ескендірдің мақтануы, долдануы, сүйекті лақтырып жіберуі

Жасыл қалпақ- Ескендірдің орнында мен патша болсам, халықты ақылмен бағындырар едім, сабыр сақтап, ақылмен шешер едім

Көк қалпақ- Адам дүниеге қалай келсе солай кетеді, байлық,мансап уақытша




Үйге тапсырма :

«Мен не түйдім?» эссе жазу


Рефлексия

Сабақ ұнады ма? Ұнамаса неге ұнамады?
























































































Жоспар бойынша «Ескендір» поэмасының мазмұнын сұрау.


А) Патшаның жорығы
Ә) Бұлаққа кездесу
Б) Ескендірдің бұйрығы
В) Қақпаға кездесу
Г) Күзетшінің сөзі мен сыйы
Ғ) Өсиет(ақыл сөз)
Өсиет – көпшілікке айтылатын уағыз, келелі кеңес түріндегі өлең.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
"Абай ??нанбай?лы поэмаларын о?ытуда сын т?р?ысынан ойлау технологиясын ?олдану"

Автор: Ба?адырова Жанна Же?ісбай?ызы

Дата: 25.11.2015

Номер свидетельства: 258327


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства