kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абай ??нанбай?лы. «Ескендір» дастаны.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Абай ??нанбай?лы. «Ескендір» дастаны.

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: К?ркем туындыны т?сініп, м?нерлеп о?у?а ж?не идеялы?-та?ырыпты? негізін, ой астарын т?сінуге ?йрету, поэманы? тере?іне бойлату, а?ынны? образ жасау шеберлігін ??ындыру;

Т?рбиелік: Поэманы талдай білуге  т?селдіру, сын т?р?ысынан ойландыру ар?ылы ?з ойларын айта білуге, ?зіндік пікір ?алыптастыру?а да?дыландыру, ?з ойын т?жырымдау?а, топтастарыны? ой- пікірлерін ты?дау?а, тияна?ты, ж?йелі с?йлеуге ?йрету;

Дамытушылы?:. О?ушыларды? даралы? м?мкіндіктерін шы?армашылы? тапсырмалар ар?ылы к?рсету, с?йлеу  м?дениетін  жетілдіру, шешендікке баулу.

Саба?ты? т?рі:аралас

Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап, талдау, іздендіру,сыни т?р?ыдан ойлау стратегиялары.

Саба?ты? уа?ыты:2 са?ат

Саба?ты ?ткізу орны: 207 аудиториясы.

П?нішілік байланыс: ХІХ  ?асырды? екінші жартысында?ы  ?аза? ?дебиеті.

П?наралы? байланыс:?аза?стан тарихы, орыс ?дебиеті.

Саба?ты? жабды?талуы: интербелсенді та?та, кестелер, слайд,?лестірмелі пара?тар, ба?алау пара?ы,бейнеролик.

Пайдаланыл?ан ?дебиеттер:

           негізгі:10-сынып «?аза? ?дебиеті» С.?ирабаев,?.Асыл,Г.??рманбай,С.Д?йсебаев,

 Б.?рінова.

?осымша:?аза? ?дебиет энциклопедиялы? аны?тамалы?.

О?ушы білуі тиіс:Абай ??нанбай?лы. «Сегіз ая?», «К??іл ??сы ??й?ылжыр шартарап?а»,«?лсем орным ?ара жер сыз болмай ма?» ?ле?дерін жат?а білу, «Ескендір» дастаныны? мазм?нын айта алу.

Саба? барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абай ??нанбай?лы. «Ескендір» дастаны.»

Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы. «Ескендір» дастаны.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға және идеялық-тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйрету, поэманың тереңіне бойлату, ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру;

Тәрбиелік: Поэманы талдай білуге төселдіру, сын тұрғысынан ойландыру арқылы өз ойларын айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, өз ойын тұжырымдауға, топтастарының ой- пікірлерін тыңдауға, тиянақты, жүйелі сөйлеуге үйрету;

Дамытушылық:. Оқушылардың даралық мүмкіндіктерін шығармашылық тапсырмалар арқылы көрсету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шешендікке баулу.

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру,сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.

Сабақтың уақыты:2 сағат

Сабақты өткізу орны: 207 аудиториясы.

Пәнішілік байланыс: ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті.

Пәнаралық байланыс:Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті.

Сабақтың жабдықталуы: интербелсенді тақта, кестелер, слайд,үлестірмелі парақтар, бағалау парағы,бейнеролик.

Пайдаланылған әдебиеттер:

негізгі:10-сынып «Қазақ әдебиеті» С.Қирабаев,Ұ.Асыл,Г.Құрманбай,С.Дүйсебаев,

Б.Әрінова .

қосымша:Қазақ әдебиет энциклопедиялық анықтамалық.

Оқушы білуі тиіс: Абай Құнанбайұлы. «Сегіз аяқ», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»,«Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңдерін жатқа білу, «Ескендір» дастанының мазмұнын айта алу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып,тізім бойынша сабақта жоқ оқушыларды белгілеу,сабаққа назарларын аудару.Топқа бөлу.

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне-өзі орнатып ескерткішті,

Мұра қып кейінгіге қадырған кім?

Ерте оянып, ойланып , ер жеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жон, құбақан құм, құла қырды,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын аттандырып келешекке,

Бізбенен осы күнге тілдескен кім?


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Кім» сұрағына жауап алу.

Оқытушы: Қазақтың ұлы ақыны - Абай Құнанбаевқа арналған өлең жолдары. Осы ойларыңызға қандай дәлел айтар едіңіздер?

Балалар, үйге қандай тапсырмалар берілді?

Оқушы:Үйге Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы оқу, «Ескендір» поэмасымен танысу, «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Өлсем орным қара жер сыз болай ма» өлеңдерін жаттауға берілді. «Ортада қаламсап» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын сұрау.






«Блиц турнир» сұрақтары.


Ибраһим тобына


1.Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда)

2.Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы,қай жерде басылып шықты? (1909ж. Петербург)

3.Абайдың қоңыраулы балуан атанған атасы. (Ырғызбай)

4.Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы.(Ғабитхан)

5.Абайдың жеті атасын атаңыз. (құнанбай - Өскенбай – Ырғызбай – Айдос – Томан – Тобықты – Арғын)

6.Абайдың үш поэмасы. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».

7.Абайдың атақты ертекшісі. (Баймағанбет)


Абай тобына.


  1. Абайдың ең момын,жуас атасы (Айдос)

  2. Абайдың руы. (Тобықты)

  3. Абайдың қандай әндерін білесің? ( «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас»)

  4. Абайдың атақты әншісі.(Әлмағанбет)

  5. «Медғат-Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (Мағауия)

  6. Табиғат лирикасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.(«Жаз», 1886 ж.)

  7. Құнанбай қайда мешіт салдырды? (Қарқаралы)


Телғара тобына


1.Абайдың талантты скрипкашысы кім болған? (Мұқа)

2.Абайдың «Қараша,желтоқсан мен сол бір-екі ай» атты өлеңі кімге арналған? (Тәкежанның әйелі қаражанға)

3.Абайдың алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)

4.Абайдың «Ей сорлы заман,менен аяған қай қастығың қалды... Мен ішпеген у бар ма! ...» деген тарихи сөзі қандай оқиғаға байланысты айтылған? (Мағауияның өлімі)

5.Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? (13 жасынан)

6.Абайдың баласы Әбдірахманның қайтыс болған жылы. (1895 ж.)

7.Абайдың орыс досы. (Михаэлис)


ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:


1.Бейнеролик көрсету.

Оқытушы:Абай Құнанбаев-қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Ол-қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.

Ақын шығармалары осы күнгі бай, ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қадады. Ақын шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала -поэмалары.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы -Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы. Мақсаты: шығарманың идеялық-тақырыптық негізін, ой астарын түсіну,ақынның образ жасау шеберлігін ұғыну, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдылану.

Екі топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз. Топ мүшелерін топбасылары бағалап отырады. Поэма мәтінін үйде оқып келген болатынсыздар.

«Ескендір» поэмасы -Абай поэмасының ішіндегі ең елеулісі, ақынның гуманистік ой-пікірлерін тереңірек танытатын шығармасы. Поэманың басты кейіпкері Ескендір – Шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараса, Еуропаға Александр Македонский деген атпен тараған, белгілі қолбасшы жайлы аңыздар негізіне, жырларға кейіпкер болған патша. Ескендір жайында Шығыс ақындарының көбі жырлаған. Ә.Фирдауси «Шахнамасында», Низами -«Ескедір-нама» дастанында, Жәми -«Ескендірдің даналық кітабында» жазып, Ескендір образын ақылды, батыр деп ардақтап көрсеткен. Ал, Абай «Ескендір» дастанына ұстазы Аристотельді, Ескендірдің әкесі мен тұрған жерін, патшалығын қосып, өзінше жырлайды. Абайдың бұл шығармасы неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ақыны болған Альберт Фон Шамиссодан 1844 жылы аударған В.А. Жуковский түпнұсқасына ұқсас болып келеді.



IV. Бекіту кезеңі:

1-тапсырма.«Ой шақыру» стратегиясы бойынша төмендегі сұрақтарға жауап берейік.

  • Поэма дегеніміз не?

Поэма (грек. – «туынды») – орта көлемді эпикалық түрге жататын, өмірде болған не болуға тиісті күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттейтін жанр.

  • Абайдың қандай поэмалары бар? (Ескендір, Масғұт, Әзім әңгімесі)


2-тапсырма. «Кубизм» стратегиясы бойынша топтық жұмыс жүргіземіз. Үш топқа үш тапсырмадан беріледі.

1-қыры: «Ойланыңыз». Шығарма мазмұнына жоспар құрыңыздар.

1. Ескендірдің тегі, патшалығы, жорықтары.

2. Жорықтағы Ескендірдің бұлақпен кездесуі.

3. Ескендірдің бұйрығы.

4. Күзетшімен тілдесуі, оның сыйы.

5. Аристотельдің сүйекті өлшеуі.

6. Ақынның өсиет сөзі.

2-қыры: «Зерттеңіз». Зерттеу сұрақтары:

1. «Абай «Ескендір» поэмасын шығыс поэзиясына сүйеніп жазды» - деген пікірді қалай түсіндіресіздер?

2. «Ескендір» дастаны тек шығыс поэзиясына ғана сүйеніп жазылған ба?

Абай Құнанбаев медреседе оқығанда білім нәрін шығыс поэзиясынан алды. Шығыс классиктері: Фирдауси, Науаи, Низами өз дастандарында, шығармаларында атақты грек қолбасшысы Александр Македонский туралы аңыздарды арқау еткен, мадақтаған. Ендеше, Абай шығыс поэзиясымен терең сусындағандықтан, өз поэмасының өзегін одан алған да болар.

Жоқ. Мен олай ойламаймын.Белгілі ақын 60 жылдары батыстың ақындары мен философтарының еңбектеріне ден қойып, оқыған. Оған дәлел сөз – өз сөзі. Яғни, «Шығысым – батыс боп кетті» - деуі. Ақын өз шығармасында тарихи деректерді батыс философы Дрэпердің «История умственного развития Европы» атты еңбегінен алған шығар. Өйткені, Дрэпер: «Александр Македонский – это искатель приключении, осуществляя намерения отца своего, Филиппа начал свое выступление с крайне ничтожными средствами»,- деп жазады. Дрэпер әйгілі философ Аристотельді мақтаса, Абай Аристотель даналығына, ақыл сөзіне сүйсінеді. Олай болса, Абай поэмасы Ескендір қасиетін ашуда батыс ғалымдарының идеясымен үндес.

3-қыры:«Қолданыңыз». «Ескендір» поэмасының мазмұны бойынша шағын көрініс көрсетіңіздер.

4-қыры: «Суреттеңіз». Поэмадағы Ескендір бейнесін суреттеңіздер.

5-қыры:«Салыстырыңыз». Абайдың «Ескендір» поэмасы мен қарасөзін венн диаграммасы бойынша салыстыру.

6- қыры «Талдаңыз». «Ескендір» поэмасына талдау жасау.

Авторы: Абай Құнанбаев

Шығарманың аты: «Ескендір» поэмасы

Тақырыбы: Адамгершілік, қанағат тұту, даналық.

Идеясы: Қанағат пен жауыздықты әшкерелеу, әділет пен даналықты дәріптеу.

Жанры: эпикалық (поэма)

Ұйқас:қара өлең (ааба)

Шумақ: 42

Тармақ:4

Буын:11, 12

Бунақ:3

Түйінді ой: Абай бұл шығармасында адам бойындағы жаман қасиеттерді әшкерелейді. Ол өз өлеңінде де өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ бес дұшпаның деп атап көрсеткен болатын.

  • 3-тапсырма. «Автор орындығы» стратегиясы.

  • Ибраһим тобына.Асыл сөздердің жалғасын тап.

  • Жұмысы жоқтық

  • Тамағы тоқтық

  • ---------------------- (Аздырар адам баласын)

  • Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті

  • ------------------------------------- (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек)

  • Ғылымды іздеп,

  • Дүниені көздеп

  • --------------------- (Екі жаққа үңілдім)

  • Қайратсыз ашу – тұл

  • Тұрлаусыз ғашық – тұл

  • ------------------------------- (Шәкіртсіз ғалым - тұл)

  • Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек

  • ------------------------------------------- (Жылатқан тұла бойды ыстық жүрек)

  • Досы жоқпен сырлас

  • -------------------------- (Досы көппен сыйлас)

  • Өмірдің алды – ыстық,арты – суық,

  • --------------------------------------- (Алда – ойын,артқы жағы мұңға жуық)

  • Ақылмен ойлап білген сөз

  • Бойыңа жұқпай сырғанар. (Ынталы жүрек сезген сөз------------------------ Бір тамырды қуалар)

  • Абай тобына.Поэмадан өсиет өлеңді тауып, автор орындығына отырып, мәнеріне келтіріп оқыңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз.

  • Аз-ақ сөз айттым,бітті бұл әңгіме,

  • Мұны бір өзге сөздің бірі деме.

  • Қарның тойса,қайғырма мақтан үшін,

  • Тоймас көзің толар деп қайғы жеме.

  • Қу өмір,жолдас болмас,әлі-ақ кетер,

  • Өз күлкіңе өзің қарқ болма бекер.

  • Ұятың мен арыңды малға сатып,

  • Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер.

  • Мақтанасың біреуге мақтасын деп,

  • Шаужайымнан еш адам қақпасын деп,

  • Сен кеткен соң артыңнан күліп қалар,

  • Ант ұрғаннан құдайым сақтасын деп.

  • Ақылсыз өзін мақтап былжырайды,

  • Ойыңа өлшеп сөйлесең нең құрайды?

  • Жақсы болсаң,жарықты кім көрмейді,

  • Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?

  • Телғара тобына. Абай өлеңдерінің жалғасын тап. (Ойдан өзі шығару керек)

  • -------------------------- Пайда ойлама,ар ойла,

  • -------------------------- Талап қыл артық білуге.

  • Ұстаздық еткен жалықпас, --------------------------

  • Үйретуден балаға.

  • 4-тапсырма. «Екі түрлі түсіндірме күнделігі» стратегиясы.

    • Мәтіннен үзінді

    • Үзінді жайлы пікір

    • Ой-тұжырым мазмұнға сәйкес

    • мақал- мәтел

    • Долдықпен хан Ескендір ашуланды,

    • Ашуланып қақпаға жетіп барды.

    • Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос

    • Қанша алтынды күміспен салсадағы,

    • Бір кішкентай сүйекті аудармады

    • Арпа -бидай ас екен,

    • Алтын –күміс тас екен

    • Жақсы болсаң жарықты кім көрмейді ,

    • Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?

    • Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын! Жақсы ай мен күндей, Баршаға бірдей.

    • Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,

    • Толмас көзің толар деп қайғы жеме

    • Қанағат – қарын тойғызады,

    • Қанағатсыздық – жалғыз атын сойғызады.

    • Өзі тойғанымен , көзі тоймас.

  • 5-тапсырма. Шрифтограммамен жұмыс.1. «Шахмат атының жүрісімен»

    • н

    • қ.

    • І

    • ң.

    • с

    • р

    • е

    • з

    • я

    • ы

    • с

    • о

    • а

    • а

    • г

    • ы

    • л

    • д

    • с

    • а

    • а

    • л

    • н

    • ы

    • м.

    • й

    • б

    • з

    • д

    • а.

    • а

    • ұ

    • т

    • ә

    • ғ

    • л

    • о

    • т

    • ұ

    • ғ

    • ы

    • а

    • б

    • ы

    • з

    • р

    • б

    • ЗД

    • а.

    • о

  • Берілген тор көздерді шахмат атының жүрісі бойынша асып өту керек.Бір басқан тор көзді қайталауға болмайды.Дұрыс шешкенде Абай өлеңдерінің атын оқуға болады.

  • («Қансонарда», «Жазғытұрым», «Дүтбайға», «Сегіз аяқ», «мәз болады болысың», «Қыс»).

  • V.Қорытындылау: Кері байланыс парағын толтыру.

  • Сабақтан қандай әсер алыңыз?

  • Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?

  • Қай тапсырма орындауда қызықты болды?

  • Біліміңізді қай тапсырманы орындағанда толық жеткізе алдыңыз?

  • Абай “Ескендір”поэмасы арқылы әлемдік әдебиетке үлес қосса,біз осы поэмамен танысып,талдау барысында бойымызға қандай асыл қасиеттерді жинадық?Пендешіліктен арылуға

  • Иманды болуға

  • Арлы болуға

  • Қанағат етуге

  • Ашкөзділіктен сақтануға

  • Ойланып іс жасауға

  • Күлкіге қалмауға

  • Яғни, бай рухани өнеге,тәлімі мол тәрбие алдық деп есептейміз.

  • VI. Үй тапсырмасы:

  • Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов : «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен.Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын.Сол себепті оқудан, білімге құштарлықтан, ізденуден жалықпайық дей отырып, үй тапсырмасын ұсынамын:

  • 1.Поэмадан үзінді жаттау (міндетті).

  • 2.Мазмұнын тезистеп жазу(міндетті).

  • 3. “Ұлыдан-ұлағат” Абай шығармашылығы бойынша ізденіп,ой толғау жазу (мүмкіндік деңгей)

  • VIІ.Білімді бағалау:

  • Бағалау парағы

    • Топ мүшелері

    • Үй тапсыр-масы

    • 20б.

    • Блиц турнир

    • 7 б

    • «Ой шақыру»

    • 10б.

    • «Кубизм»

    • «Автор орындығы»

    • 20б

    • «Екі түрлі түсіндірме күнделігі»

    • 20 б

    • Шрифтограмма-мен

    • жұмыс

    • 20б

    • 1

    • 5б.

    • 2

    • 5б.

  • Бағалау критерийлері: 81-100 – «5»; 61-80 – «4»; 41-60 – «3»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Абай ??нанбай?лы. «Ескендір» дастаны.

Автор: Ибрагимова Ардак Токановна

Дата: 30.03.2016

Номер свидетельства: 312212


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства